Дәріс тақырыбы: Электр қозғалтқыштарды монтаждау

Дәрістің мақсаты: Электр қозғалтқыштарды монтаждау. Электр козғалтқыштарды тасымалдау және түсіру. Электр қозғалтқыштарды ірге тастарға орнату. Электр қозғалтқыштарды ғимараттардың бөлімдеріне орнату. Электр қозғалтқыштарды монтаждау кезіндегі қауіпсіздік техника ережелері.

5.1 Бірынғай сериалы электр қозғалтқыштар.
Ауыл шаруышылығында негізгі тоқ қабылдағыш болып асинхронды қозғалтқыштар қолданылады, олар әр түрлі жұмыс машиналарды қозғалысқа әкеледі. Тұрақты тоқты элект қозғалтқыштарды жылдамдықты реттеу үшін қолданылады, басқа жерде айнымалы тоқты қозғалтқыштарды.
Электр қозғалтқыштарды дұрыс пайдалануды ұйымдастыру үшін электрик, зауыта машинаның сырттында орналасқан негізгі мәліметтерді білу кереқ: қозғалтқыштың түрі, зауытың нөмері,тоқтың түрі, фазаның қосу сұлбасы мен мәні, қуаттың номиналды мәні, кернеу, тоқ, айналу жылдамдығы, пайдалы әсер коэффициенті, қуаттың коэффициентің , шығару жылы, машинаның салмағы, оқшаулау классы, жұмыстың тәртібі.
Ауыл шаруашылығында қөбінесе А, АО, А2, АО2, 4А бірынғай сериалы электр қозғалтқыштар пайдаланылады. Бірынғай сериалы электр қозғалтқыштардың әріпті белгілерің келесі түрде ажыратуға болады: А, А2, 4АН –қозғалтқыштың сыртты шойыннаң жасалған, қолдануылы қорғалған; АО, АО2, 4А - қозғалтқыштың сыртты шойыннаң жасалған, қолдануылы жабылған; АОЛ, АОЛ2, 4АХ - қозғалтқыштың сыртты алюминең жасалған, қолдануылы жабылған.

5. 2Қозғалтқыштардыалдын ала тексеру тәртібі.
Тапсырма берушіден қабылдап алған қозғалтқышы тексеру кезінде, біріншіден, оның роторының еркін және бір қалыпты айналуына көңіл аударылады. Кіші және орташа қуатты электр қозғалтқыштың роторлары қолмен жеңіл айналуы керек, ал қуатты 10 кВт-тан асатын қозғалтқыштардың роторлары рычаг арқылы айналуға тиіс. Қозғалтқыштарды сыртқы қарау кезінде оның бөлшектерінің толықтығын тексереді: сыртқы ұштық тақташаның зақымсыздығын және оның қалпақшасының барлығын; бекітетін болттар мен гайкалардың түгелділігін. Қажетті жағдайларда қозғалтқышқа ревизия жүргізеді, оны шаң-тозаңнан, ластан тазартады, айналмалы тіректерінің майын ауыстырады, клеммалық жалғауларын тартып бекітеді, фазааралық және фазалар мен қозғалтқыш тұрқы арасындағы орамдар изоляциясының кедергісін өлшейді. Электр машиналары изоляциясының кедергісі жұмыстық температурада 0,5 МОм-нан кем болмауы керек. Әдетте, қозғалтқыштың изоляциясының кедергісі 200С температурада 5 МОм-нан 100 МОм-ға дейінгі мөлшерде.

5.3Қозғалтқыштардыңтіреуіш негіздері.
Қозғалтқыштардың тіреуіш негіздері ретінде кірпіштен, бетоннан не темір бетоннан жасалған ірге тастар қолданылады. Ірге тастардың қалану тереңдіктері жердің сапасына және оның тоңазу мөлшеріне орай анықталады, әдетте ол 0,5 ... 1,5 м мөлшерінде болады. Ірге тасты ешқандай төсенімсіз тікелей жерге қалаған жөн. Ірге тастың массасы орнатылатын қозғалтқыш массасынан он есе артық болуы керек. Ал, егер қозғалтқыш жиі іске қосылатын және тежемеленетін жағдайларда, кривошипті-шатунды механизмдерді қозғалысқа келтіргенде немесе ұрмалы-соқпалы жүктелгенде ірге тастың массасы қозғалтқыш массасынан 20 есе артық болуға тиіс. Ірге тас еденнен 100...150 мм биік болуы, ал қозғалтқыш шанасынан не тақтайшасынан 150... 200 мм артылып шығып тұруы керек.
Жеке қозғалтқыштың және көршілес машиналардың ірге тастарын өзара байланыстыруға болмайды. Механизмдерді күтіп қарау үшін, ірге тастар арасынан ені 1 м-ден кем емес өткін жол қалдырылады. Қозғалтқыш мен ғимарат қабырғасының не колоннасының ең кіші ара қашықтығы 0,3 м-ден кем болмауы керек.
Кірпіш ірге тастар қозғалтқыштарды монтаждауға дейін 5 ... 7 күн, ал бетон ірге тастар – 10 ... 15 күндей бұрын қалануға тиіс. Ірге таста анкерлік болттарды орнатуға арналған шұңқырлар қалдырылады. Шұңқырларға болттар қозғалтқыш шанасына не тақтайшасы тесіктерінің шамаларынша орналастырылады. Шананы не тақтайшаны астарына реттеуші шайбалар салып, ірге тасқа деңгей өлшеуіш қолданып дәлдеумен орналастырылады. Шананы дәлдеп орналастырғаннан соң, анкерлік болттарды бір бөлім цементтен және бір бөлім жуылған құмнан дайындалған ерітінді құйып бекітеді.
Әдетте ірге тасқа орта және үлкен қуатты қозғалтқыштар орнатылады. Қуаты аз қозғалтқыштар машиналардың станиналарына, ағаш не бетон едендерде тіреуіштерге, сол сияқты ғимараттың қабырғасы мен төбесіне қойылады. Массасы 60 кг-ға дейінгі қозғалтқыштарды қабырғаға винт-шегелермен, ал массасы 120 кг-ға дейінгі қозғалтқыштарды қабырғада не еденнен тік өтетін және қарсы бетіне шайба қойылатын болттар бекітеді. Қабырға беріктігі қозғалтқышты бекітуге жеткіліксіз болса, қозғалтқышты бекіту үшін қажетті ұзындығы бар тік рамалар не тақтайшалар қолданылады. Егер қозғалтқышты қабырғаға бекіту орынсыз болса, оны горизонталь тіреуіштердің үстіне орналастырады. Дірілдеуді және шуды бәсеңсіту үшін тіреуіштердің үстіне берік ағаш тақтай төсейді.

5.4. Электрқозғалтқыштардыңбіліктерін дәлдеу.
Қозғалтқыштарды ірге тастарға не тіреуіштерге орнату дәлдігі олардың қуатына, роторының айналу жиілігіне, берілістің түріне байланысты келеді. Қозғалтқыш білігін жұмыс машинасының білігімен дәлдеу жауапты және көп еңбекті керек ететін де операция. Дұрыс орындалған дәлдеу электр жетегінің жұмысының сенімділігін және ұзақтығын қамтамасыз етеді. Ал дәлдіктің бұзылуы дірілдеуге, тарсылдауға, қозғалтқыш мен жұмыс машинасының айналмалы бөлшектерінің шағылуына, муфтаның сынуына, түйіспелік жалғаулардың, іске қосатын аппараттардың және қозғалтқыштың істен шығуына әкеліп соғады. Айналмалы моментті шынжыр не белдіктің тартылуын және жұлдызша мен шкивтің орта сызықтарының қабысуын қамтамасыз ету керек.
Беріліс белдіктері мен шынжырларының тартылуын қамтамасыз ету үшін қозғалтқыштың не жұмыс машинасының астына шана қойылады. Кей жағдайларда қозғалтқышты сопақша тесіктері бар тіреуіштерге орнатып жетекші белдіктің тартылуын қамтамасыз етеді. Монтаждау кезінде шкивтердің орта сызықтарын қабыстыру шкивтерге параллель тартылған ішекпен дәлдеп бақылау арқылы орындалады. Осы кезде көзге білінетін ауытқу болмауы керек.
Қозғалтқыш мен жұмыс машинаны не редукторды муфта арқылы жалғағанда жарты муфталардың шеткі жазықтары параллель, ал қосылатын біліктердің осьтері бір түзу ойында орналасуы тиіс. Осьтердің ауытқу дәрежесі муфталардың түрлеріне тәуелді тағайындалады. Қатаң муфталар (көлденең жиналмалы) үшін саңылаудағы ауытқу муфта диаметрінің әрбір 100 мм-не 0,01 мм шамасында белгіленеді. Серпінді муфталар (төлкелі саусақты) үшін саңылауда ауытқу муфта диаметрінің әрбір 100 мм-не 0,08 ... 0,12 мм шамасында тағайындалады.
Біліктерді дәлелдеу 2 дүркін орындалады. Алдымен муфталардың жасаушыларына сызғыш қойып, олардың ауытқуын тексереді. Сызғыш пен жасаушылардың арасындағы саңылау барлығы 4 жерден: үстіңгі, астыңғы және екі ортаңғы нүктелерде тексеріледі. Саңылауды жою үшін қозғалтқыш табанының астына қалыңдығ 0,5 ... 0,8 мм аралық төсемдер салады. Аралық төсемдер саны 4-тен аспауы керек. Жұқа төсемдер саны көп болса оларды қалыңырақ төсемдермен ауыстырады. Соңғы дәлдеуді көмекші дәлдегіш тұтқалар арқылы орындайды. Тұтқаларды жарты муфталарға бекітеді, дәлдеу кезінде сүңгімен, микрометрмен не индикатормен осьтік және раиальдық саңылауларды өлшейді. Қозғалтқыш білігнін жұмысшы машина бірлігімен бірге 00С, 900С және 2700С-қа айналдырып, белгілеген 4 нүктеде осьтік саңылауларды тексереді. Сондай-ақ радиальдық саңылауларды тексереді. Біліктердің дәлдігін өте дәл орындайтын жағдайларда қозғалтқыш табаны мен шананың арасында өтпелік төсемелер салып, қозғалтқыштың орналасуын реттейді. Саңылаулардың ауытқуы муфталардың түрлеріне байланысты анықталған шамадан артпауы керек.
Дұрыстап орнатылған қозғалтқышты болттармен сенімді етіп бекітеді де, біліктердің дәлдігін қайта тексереді, себебі болттарды тартқан кезде дәлдік бұзылып кетуі мүмкін.

5.5 Қорек беретін нольге және жерге жалғайтын сымдарды қосу.
А, АО, АОЛ сериялы қозғалтқыштар орамдарының ұштық сымдары механикалық зақымдалудан қалпақша арқылы қорғалған (К – 1 түрлі қорапша). Ал, А2, АО2, АОЛ2 және 4А сериялы қозғалтқыштар орамдарының ұштары оған қарағанда сенімдірек және жан-жақты құрылғымен қорғалған
А, АО, АОЛ сериялы қозғалтқыштар орамдарының ұштық сымдары механикалық зақымдалудан қалпақша арқылы қорғалған (К – 1 түрлі қорапша). Ал, А2, АО2, АОЛ2 және 4А сериялы қозғалтқыштар орамдарының ұштары оған қарағанда сенімдірек және жан-жақты құрылғымен қорғалған (К – 2 және К – 3 қорапшалары). Қорапшалар сымдарды кез келген жақтан енгізуге, кабель не иілгіш металл шлангтерді клеммниктің ішіне кіргізуге мүмкіндік береді. К – 3 түрлі қорапшаның ұштықтары қозғалтқыш орамдарының жалғану схемасын үшбұрыштан жұлдызшаға ауыстырып қосуға, ұстатқыштарды тік не көлбеу қою арқылы жұмысшы кернеуді 220 В және 380 В-ке ауыстыруға мүмкіндік береді. Барлық жағдайларда да сымдар мен кабельдер тарамдарын қозғалтқыштың статорлық ұштықтарына (С1, С2 және С3 не С4, С5 және С6) айырылмалы қыспақтар арқылы қосады. Әдетте қыспақ ретінде гайкалы винттер, тежеуші және серппелі шайбалар қолданылады. К3 түрлі қорапшаларда бос орналасқан ұштықтардың сымдарымен жалғанған жерлеріне 2 – 3 қабат изоляциялық лента орап, қосымша оқшаулайды.
Адамдар мен жануарлардың электр тоғына ұрыну қаупін жою үшін, электр қозғалтқыштың тұрқын және ол қойылған металл құрылмаларды жермен қосады. Бейтарабы жермен берік қосылған 4 сымды желілерде тоқ жүрмейтін барлық металл бөлімдерді нөлдік сыммен қосады. Бұл жағдайда электр қозғалтқышы орамдарының изоляциясы зақымданғанда оның тұрқына электр тогының тікелей өтуі болады да “фаза – 0” тізбегінде қысқаша тұйықталу жүзеге асады. Зақымданған қозғалтқыш арнайы қорғаныш арқылы автоматты түрде электр желісінен ажыратылады. 0-ге не жеге қосатын сымдарды электр қозғалтқыштың тұрқына арнайы ескерілген болтқа жалғайды. Сымның түйіспелік жазықтығы және электр қозғалтқышы тұрқының сым қосылатын жері жылтырағанша тазаланып техникалық вазелинмен майлануы керек.
Ревизия не жөндеу кезінде жерге қосатын сымдардың жалғанған жерлерін сырлауға болмайды. Тербеліс жерінде болатын жабдықтарды жермен қосуға пісіріп бекітілген ұштықтары бар болат арқандар қолданылады.