Оғамның индустриалдық даму теориясы. Жаһандық даму

Социологияның негізгі мәселелерінің бірі әлеуметтік өзгерістер мәселесі, олардың механизмдері мен бағыттылығы. Әлеуметтік өзгеру – бұл әлеуметтік жүйелердің, ұйымдардың, институттардың және ұжымдардың бір қалыптан екінші қалыпқа көшуі. “Әлеуметтік өзгеру” түсінігі даму түсінігімен анықталады. Даму – бұл материалдық және идеалдық объектілердің қайталанбас, бағытталған өзгерісі. Даму қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға, т.б. ауысуды білдіреді.

Социологтар әлеуметтік өзгерістер мен дамудың эволюциялық және революциялық түрлерін бөледі, көбінесе, оларды қарама – қарсы процесс ретінде қарастырады. Эволюциялық процестер біртіндеп, баяу, жұмсақ, сандық өзгерістер, ал революциялық процестер жылдам, түбегейлі, сапалы өзгерістер.

Әлеуметтік эволюционизм тарихи процесті жалпы, шексіз әртүрлі және белсенді, Ғарыштың, планеталық жүйенің, Жердің, мәдениеттің эволюция процесінің бөлігі ретіндегі ғаламдық ойлауға ұмтылыс болып табылады.

Әлеуметтік эволюционизм, әсіресе ағылшын социологы Г. Спенсердің жүйесінде айқын көрсетілген. Оның социологиясында 19 ғасыр әлеуметтік эволюционизмнің негізгі идеясы іске асырылған - қарапайымнан жіктелгенге, дәстүрліден рационалдыға, надандықтан білімділікке қарай дамитын адамзат қоғамының тарихи кезеңдері болу идеясы.

Әлеуметтік эволюционизм идеясының дамуына француз социологы Э.Дюркейм зор үлесін қосты. Ол бірінші болып, еңбек бөлінісі қоғамның күрделенуіне әсер ететіндігін айтты.

Әлеуметтік эволюционизм шеңберінде индустриялды қоғам теориясы қалыптасты. Индустриялды қоғамға келесі тән:

- басқару мен өндірістің нақты салаларындағы қоғамның специализациясы жағдайындағы ондағы еңбек бөлінісінің дамыған және күрделі жүйесі;

- тауарларды кең рынокқа жаппай өндіру;

- басқару мен өндірісті механизациялау мен автоматизациялау;

- ғылыми-техникалық революция.

XX ғасырдың 60 – жылдары танымал болған индустриялы қоғам теориясы 70 – жылдарда «постиндустриялды қоғам» теориясында өз жалғасын табады. Аталған теорияға сәйкес, қоғам өзінің дамуында 3 негізгі кезеңнен өтеді: индустриалдыға дейінгі (аграрлық), индустриалды және постиндустриалды. Бірінші кезеңде экономикалық іс-әрекеттің алғашқы саласы - ауыл шараушылығы, екінші кезеңде - өндіріс, үшінші кезеңде – қызмет көрсету орын алады. Индустриялдыға дейінгі қоғамның көздеген мақсаты – билік, индустриялды кезеңде – ақша, постиндустриялдыда - білім. Аталған кезеңдердің әрбіреуіне әлеуметтік ұйымның ерекше формалары тән: аграрлы қоғамда – шіркеу мен әскер, индустриялдыда - корпорация, постиндустриялдыда - университет.

Әлеуметтік эволюционизм концепциясымен қатар қоғамның революциялық түрлену теориясы дамыды, оның негізін қалаушылар - К.Маркс пен Ф.Энгельс. Марксистік теория тарихты талдаудың формациялық тәсіліне сүйенеді және оған сәйкес адамзат өзінің дамуында бес кезеңнен өтуі керек: алғашқы қауымдық, құлиеленушілік, феодалды, капиталистік, коммунистік. Бір қоғамдық-саяси формациядан екінші формацияға өту әлеуметтік революция негізінде іске асады.

Эволюциялық және революциялық теориялармен қатар П.А.Сорокиннің мәдени – тарихи типтер теориясы бар. Бұл теорияда Сорокин бүкіл адамзатты біріктіретін жаңадан қалыптасып жатқан өркениеттің негізгі сипаттамаларын атайды. Бүгінгі күн бұл дүние жүзінде бырыңғай өркениетті қалыптастыру идеясы кең таралып, дамуда. Оның ғылым мен қоғамдық санада бекітілуі қазіргі әлемдегі әлеуметік және мәдени процестердің жаһандану үрдісіне әкеліп соқты. этимологиялық «жаһандану» термині «глобус», яғни Жер, жер шары деген латын сөзімен байланысты және белгілі бір процестердің жалпы планеталық сипатын білдіреді. Жаһандану дегеніміз бүкіл адамзаттың әлеуметтік – мәдени, экономикалық, саяси қатынастар мен өзара әрекеттің біртұтас жүйесіне енуін білдіреді. Сол себептен де социологтар түрлі мемлекеттердің, халықтардың әлеуметтік – мәдени, экономикалық және саяси сипатының әртүрлілігіне қарамастан, бырыңғай өркениет пайда болу керек деп есептейді.

Қоғамның ақпараттануына байланысты қазіргі технологиялық төңкерістің ерекшелігі – ол адамдар қарым-қатынасын әмбебаптандыру мен жаһандандыруға түбегейлі жаңа алғышарттар жасайды. Микроэлектрониканың, компьютерленудің кең таралуы, коммуникация құралдарының және ақпарат құралдарының дамуы, еңбек пен мамандандыралудың тереңдеуінің арқасында адамзат бырынғай әлеуметтік – мәдени бүтіндіке бірігеді. Техникалық өндіріс пен бүкіл адамзат қызметінің денгейі жоғарылаған сайын, адамның өзінің даму дәрежесі, оның қоршаған ортамен қарым – қатынасының денгейі жоғарылауы тиіс.

Алайда қазіргі әлемдегі әлеуметтік, мәдени, экономикалық және саяси процестерінің жаһандануының жағымды жағымен қоса «қазіргі заманның жаһандандық мәселері» аталатын бірқатар күрделі мәселер туғызып отыр: экологиялық, демографиялық, саяси, т.б. Бұл мәселелердің жиынтығы адамның алдына жаһандық «тіршілік үшін күрес» мәселесін қойды. А.Печчен адамазаттың қазіргі ғаламдық мәселелер арасындағы болашағын зерттейтін «Рим клубы» атты орталығын ашты.

Оның ұсынысымен және «Рим клубының» тапсырысымен кең ауқымды зерттеулер жасалып, қоғам мен оның тіршілік ету ортасы арасындағы өзара әрекеттің дағдарыстық тенденциясының дамуының ғаламдық моделі құрылды. (“Әлем – 2” Д. Форрестер (1971), “Әлем – 3” Д. Медоуз (1978) т.б.).

Жаһандану модельдерінде “әлем бүтіндей” алынады. Жүйелік динамика көмегімен бүкіл әлемге жалпы есептеу жүргізе отырып, Форрестер мен Медоуз жер ресурстарының шектеулілігі, әсіресе, ауыл шаруашылығына жарамды аудандардың шектеулілігі мен күрт өсіп отырған халықтың тұтынуының жоғарылауы арасындағы қарама-қайшылық бүкіл әлемді ХХІ ғасырдың ортасында ғаламдық апатқа әкелуі мүмкін деп болжайды: қоршаған ортаның апаттық ластануы, өлімнің күрт өсуі, пайдалы қазбалардың азаюы және өндірістің құлдырауы, т.б.

Форрестер мен Медоуз жасаған модель бүкіл адамзатты өзінің дамуының жолдарын ойлауға мәжбүр етті. Алайда осы модельдердегі кейбір методологиялық көрсеткіштердің кемшіліктері ондағы тұжырымдардың дұрыстығына күмәндануға алып келді. Атап айтқанда, модельді құрастырған кезде параметрлерді іріктеу математикалық өңдеуді мүмкін ететін таза нақты-ғылыми және қолданбалы критерийлер бойынша жүзеге асты, өндіру мен тұтыну орташа шамалары, қызметтер мен тамақтану халықтың 1адамға шаққандағы мөлшерімен есептелді делінеді. Бұл параметрлердің барлығы «өздерінің нақты әлеуметтік мазмұнынан арылды».

Месарович - Пестель моделі осы сынды белгілі бір дәрежеде есепке алуға тырысты. Алдындағы зерттеуден айырмашылығы олар өздерінің «Әлем-3» зерттеуінде дағдарыстардың дамуын шектей алатын, оларды жою мүмкіндігін зерттей алатын, олардың алдын алу мүмкіндіктерін іздеуге қабілетті факторлар санына талдау жасауға ұмтылды. Месарович - Пестель моделі әлемді тек біртекті бүтіндік ретінде емес, ал бір-бірі арасындағы байланыс халықтың экспорты мен импорты және миграциясы арқылы жүзеге асырылатын өзара байланысты 10 аймақтар жүйесі ретінде қарастырды. Аймақ - бұл әлеуметтік-мәдени параметр, ғаламдық қоғамдық жүйедегі шағын жүйе.

Қайталау үшін сұрақтар:

1. Қоғам: мәні мен типологиясы

2. Институционалдандыру-дегеніміз не?

3. Жаһандану жағдайындағы қоғам туралы не білесіз?

Негізгі әдебиеттер:

1. Социология (жауапты ред. Ә.Нысанбаев). – Алматы: 2002 ж

2. А.И.Кравченко Социология. Учебник для вузов. – М., 2003 г.

3. Социология: курс лекций. Ростов-на-Дону, 1999 г. - 132-153 б.

Қосымша әдебиеттер:

1. Осипов Г.В., Ю.П.Коваленко, Н.И.Щипанов Социология. – М., 1990 г.

2. Маркович Д. Общая социология. – Ростов-на-Дону, 1993 г.