Леуметтенудің негізгі кезеңдері мен агенттері. Рөл және мәртебе ұғымдары
Қоғамда өмір сүріп жатқан кез-келген адам әртүрлі әлеуметтік топтарға, институттарға қатысады. Бұл топтардың әрқайсысында адам нақты бір әлеуметтік орынды иеленіп, жаңа мәртебені қалыптастырады.
Әлеуметтік мәртебе – топтағы индивидтің немесе топтың басқа да топтармен өзара қарым-қатынастарындағы рангы мен бағыты.
Бір адам көптеген ұйымдар мен топтарға қатысатындықтан бірнеше мәртебеге ие болады. Бір адамның иеленген барлық мәртебелерінің жиынтығын мәртебе жиыны деп атайды (Р.Мертон).
Мәртебенің түрлері:
а) басты мәртебе – адамның өмірлік стилі мен бейнесін анықтайтын қандай да бір адамға тән мәртебе;
ә) әлеуметтік мәртебе – топтағы индивидтің немесе топтың басқа да топтармен өзара қарым-қатынастарындағы рангы мен бағыты;
б) жеке мәртебе – қандай да бір кіші топ мүшелерінің индивидтің жеке басына тән қасиеттерін қабылдап және бағалауға негізделген, индивидтің сол топтағы алатын орны;
в) белгіленген мәртебе – индивидтер қабілеттерімен тырысуына қарамастан оларға қоғам мен топ алдына ала белгілеп қойған әлеуметтік бағыт;
г) қол жететін мәртебе – индивидтермен айналысып оларды жеке таңдауы, қажыр-қайраты және басқа да индивидтермен бәсекеде нығайа түсетін әлеуметтік бағыт;
д) аралас мәртебе – белгіленген және қол жететін мәртебелердің сипатындағы бағыт.
Әлеуметтік рөл – тұлғаның әлеуметтік мәртебесімен және сол қоғамдағы тиісті мәртебенің адамдар үшін әдеттегідей болуымен байланысты тұлғаның күткен мінез-құлқы.
Әлеуметтік нормалар – тәртіптің белгіленген ережесі – мәртебені емес, рөлді сипаттайды.
Бұдан нақты бір мәртебеге байланысты, топ мүшелерінің күткен талаптарына сай іс-әрекет, тәртіп түрі әлеуметтік рөл екенін көруімізге болады. Яғни, рөл – индивидтің өзінің мәртебесіне сай жекеше тәртібінің түрі болып табылады.
Біз жоғарыда Р.Мертон енгізген «мәртебе жиыны» түсінігімен таныстық. Р.Мертон осы түсінікпен тығыз байланысты «рөлдік жиын» түсінігін де қарастырды. Рөлдік жиын – белгілі бір мәртебемен ассоциацияланатын (байланыстырылатын) рөлдер жиынтығы.
Әрбір мәртебе әртүрлі рөлдерден тұрады. Рөлдік жиындағы әрбір рөл тәртіптің ерекше үлгісін талап етеді.
Әлеуметтік рольді екі аспектіде қарастырған жөн: рольдік күту және рольдік атқару. Осы екі аспектінің арасында толық дәлме-дәл келу ешқашан болмайды. Бірақ олардың әрқайсысы да адамның мінез-құлқында үлкен маңызға ие. Біздің рольдеріміз ең алдымен бізден басқалардың не күтетіндігімен анықталады. Бұл күтулер сол жеке тұлғаның иеленетін мәртебесімен ассоциацияланады. Егер кімде-кім біздің күткенімізге сәйкес роль атқармаса, онда қоғаммен белгілі бір қаққығысқа ұшырайды.
Рольдік талаптар (алдын ала жазылымдар, күтулер) әлеуметтік мәртебе төңірегінде топтасқан нақты әлеуметтік нормаларға айналады.
Рольдің нормативтік құрылымында 4 элементті бөліп қарайды:
· берілген рольге сәйкес келетін мінез-құлықтың түрін сипаттау;
· берілген мінез-құлықпен байланысты алдын ала жазылымдар (талаптар);
· алдын ала жазылып қойылған рольдің орындалу бағасы;
· санкция – әлеуметтік жүйе талаптары шеңберіндегі қандай да бір әрекеттің әлеуметтік салдарлары.
Айта кететін жайт, кез келген роль мінез-құлықтың таза моделі болып табылмайды. Жеке адамның мінезі рольдік күтулер мен рольдік мінез-құлықтар арасындағы басты байланыстырушы буын қызметін атқарады. Бұл нақты адамның мінез-құлқы таза схемаға сыймайды деген сөз. Ол бірегей, өзіне ғана тән рольдерді өзінше түсіну және түсіндіру әдістерінің өнімі болып табылады.
Әлеуметтік айнала адамдарды өз рольдерін дұрыс орындауға қалайша мәжбүр етеді? Бұған санкциялар механизмі қызмет етеді. Белгілі бір мәртебе ие қандай да бір адам өзін біз күткеннен бөлек алып жүретін болса, әрине, біз қандай да бір жолмен өзіміздің қанағаттанбайтынымызды, ашу-ызамызды көрсетеміз; және егер де керісінше адамдар өз рольдерін өз деңгейінде атқарса, онда біз оларға өзіміздің құптайтынымызды, ынталандыратынымызды білдіреміз. Сол арқылы социум адамдарды жалпы қоғам үшін, ең құрығанда әлеуметтік жақын айналаға қалаулы арнаға бағыттайды.
Әлеуметтік рольдерді олардың қоғамдағы сан алуан түрлілігі кезінде қандай да бір тиімді зерделеу олардың кем дегенде жалпы жіктелуін талап етеді. Мұндай әрекетті Т.Парсонс жасап көрген. Ол негізгі бес параметрлерді бөліп көрсеткен, олардың көмегімен кез келген рольді сипаттауға болады.
1. Эмоциональділік деңгейі. Барынша әділ (және алаламайтын) мінез-құлық күтілетін рольдер болады, мысалға құқыққорғау органдары қызметкерлерінің рольдері. Сонымен қатар, егер де әйелі өзін-өзі соншалықты эмоциональді сабырлы ұстаса, онда күйеуі оған дұрыс қарай қоймауы мүмкін.
2. Алу тәсілі. Роль дегеніміз белгілі бір мәртебе иесінен күтілетін мінез-құлық екенін ескере отырып, біз мәртебе сипатының рольдің сипатына да өзінің ықпалын тигізетіндігін күтуге құқылымыз. Іс жүзінде кейбір рольдердің бейнелері олардың мәртебелеріне қосып жазылған сипатымен негізделеді; басқа рольдер алынатын мәртебесімен қоса алынады (әрине, қандай да болмасын рольдерді дұрыс атқарушы үшін олардың иеленушілеріне "оқып-жаттығуға" тура келеді).
3. Масштаб. Рольдердің кейбіреулері өзара әрекеттестіктің белгілі бір аспектілерімен айтарлықтай қатаң шектелген. Мысалға, егер де жоғарғы оқу орынының оқытушысы емтиханда студент білімінің деңгейін бағалауда студенттің өткен материалды қалай меңгергеніне ғана қызығушылық танытып қана қоймай, оның діндарлық дәрежесін немесе саяси сенімін назарға алатын болса, онда бұл оның рольдің шеңберінен шыққандығын, демек оны дұрыс орындамайтындығын білдіреді. Сонымен қатар, мысалға, әке ролі мен бала ролі арасындағы қарым-қатынас шеңбері анағұрлым кең, өйткені әкесін балалары өмірінің әр алуан жақтары алаңдатуға тиіс.
4. Ресмилендіру деңгейі. Көптеген рольдердің атқарылуы ресмиленген, яғни әдейі тұлғасыз сипатқа ие. Практика жүзінде формальді ұйымдардың көпшілігінде – әсіресе бюрократиялық, әскери және жартылай әскери ұйымдарда рольдердің барлығы осындай. Бұл жерде мінез-құлық ережелері нақты шектелген және барынша тұлғасызданлырылған, ал импровизация диапозоны онша үлкен емес (ұйымдар теориясы көрсеткініндей толық алып тасталынбаған). Басқа бір шеті - әкенің немесе достың ролі сияқты әлсіз шектелген рольдер, мұнда жеке басқа тән сәттерді енгізуге диапазон ауқымы анағұрлым көп.
5. Уәждеу. Әртүрлі рольдерді атқару әртүрлі уәждермен негізделген. Біз бизнесменнен өзінің ақшасын, уақыты мен қажыр-қайратын өз қауымдастығының гүлденуі немесе өзі жалдайтын қызметкерлерінің баюы үшін жұмсауын күте қоймасымыз анық; оның негізгі мақсаты – барынша көп пайда табу (ең алдымен – одан да көп пайда табу үшін қаражатын іске салу және т.с.с.). Саясаткер өз әрекетінде жеке билігінің көлемін ұлғайтуды басшылыққа алады. Әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлері өздерінің алдарына клиенттерінің әл-аухатының жақсаруын мақсат етіп қояды. Бұл уәждердің барлығы, әрине, кей жерде өз бағыттылығы бойынша ішінара дәлме-дәл келіп жатса, кей жерде бір-біріна қайшы келе күрделі әлеуметтік өзара әрекеттестікпен керемет астарласып жатыр. Рольдерді жіктеудің барлық белгілерінің ішінде уәждеу белгісі тікелей есепке алу мен талдауға оңай беріле қоймайды.
Әрбір адам әртүрлі жағдайлар жиынында бірнеше рольдер атқаратын болғандықтан, рольдер арасында қаққығыс пайда болйы мүмкін.
Ең жалпы түрінде рольдік қаққығыстардың екі түрін бөліп қарауға болады: рольдер арасындағы және бір рольдің шегіндегі. Екі және одан да көп рольдер көбінесе өзіне жеке тұлғаның бір-біріне сәйкес келмейтін, қаққығысатын міндеттерін қамтиды. Мысалға, жұмыс істейтін әйел өзінің негізгі жұмысының талаптарын оның үй шаруасындағы міндеттерін орындаумен қаққығысқа келеді деп есептейді. Мұндай қақтығыс рольдер арасындағы қаққығысқа жатады.
Ішкі шиеленістер мен қаққығыстардан, мүдделер қаққығысы дейтіннен азат рольдер көп емес, мысалға жеке адам жағдайдың қысымымен оның мүддесіне не болмаса оның ішкі ұстанымдарына жауап бермейтін рольді атқарған кезде. Егер де қақтығыс насырға шапса, онда ол рольдік міндеттерді орындаудан бас тартуға, сол рольден кетуге, ішкі стреске әкеп соғуы мүмкін.
Рольдік шиеленістің төмендеуіне көмектесетін әрекеттердің бірнеше түрін бөліп қарауға болады. Рольдерді оңтайландыру – жеке тұлғаның қандай да бір жағдайды ауыр қабылдауына қарсы оған әлеуметтік жағынан және дербес басына дұрыс болатын ұғымның көмегімен қорғаныс тәсілдерінің бірі. Оңтайландыру рольдік қаққығыс шындығын көңіл қалайтын, бірақ қол жетпейтін рольдің жағымсыз жақтарын санадан тыс іздеу арқалы жасырады.
Рольдерді бөлу рольдік шиеленісті рольдердің бірін өмірден уақытша алып тастау және оны жеке адамның санасынан ажырату, бірақ сол рольге тән рольдік талаптар жүйесіне жауап әрекет етуін сақтап қалу жолымен төмендетеді.
Рольдерді реттеу – формальді процедура, оның көмегімен жеке адам қандай да бір рольді орындау салдары үшін жеке жауапкершіліктен босатылады. Бұл ұйым мен қоғамдық ассоциациялардың теріс қабылданатын немесе әлеуметтік мақұлданбайтын рольдер үшін жауапкершіліктің үлкен бөлігін өздеріне қабылдайтындығын білдіреді. Практикада бұл жеке адамның белгілі бір жолмен әрекет етуге ұйымның ықпал етуі мәжбүрлегеніне сілтеме жасағаны сияқты көрінеді.
Адам өзінің мәртебесіне және тиісті рольдеріне өзін әртүрлі дәрежеде теңестіреді. Ролімен ең көп үйлесуін рольдік сәйкестендіру, ал орташа немесе ең аз үйлесуін – рольден қашықтану деп атайды. Қоғам қандай да бір мәртебені қаншалықты жоғары бағаласа, онымен сәйкестену дәрежесі де соншалықты күшті болады.
Қорыта келгенде, кез-келген адамның өзіндік рөлдік жүйесі болады, және әрбір рөл басқалардың одан күткен талаптарына соған қатысты мәртебесіне сай болуы тиіс.