Жаңа және жаңаша дәуірдегі саяси ойлар. Жаңа және жаңаша дәуірдегі идеялар
1. ХVIII ғ. аяғы - XIX ғ. басындағы "Философиялық революция": И.Кант, И.Вихте, Ф.Шеллинг, Гегельдің саяси ілімі азаматтық қоғам, мемлекет, үш үкімет, тәуелсіздік, әлемдік Рух;
2. Сыншыл утопиялық-социализм - Сен-Симон, Ш. Фурье, Р.Оуэн; капитализмді күрт сынау, қоғамдық меншіктің пайдасына бола жекеменшікті жоққа шығару, еңбек басты тұтыным жеке адамның дамуы революцияны жокқа шығару.
3. Революциялық демократиялық утопиялық социализм-Н.Чернышевский, А.Герцен, В.Белинский, Н.Добролюбов. Қоғамды революцпялық жолмен жаңартуды қолдау, халықтың күшіне сену орыс шаруаларының қауымдастығы негізіндегі социализм.
4.Марксизм-ленинизм - К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин. Капитализмнің тарихи күйреуінің сөздігі және комунистік қоғам құру Әлеуметтік социалистік революция және социализм теориялары. Әлемдік революциялық процесс. Социализм құрылысының жолдары.
Жаңа заман XVII ғасырдағы Англиядағы буржуазиялық революция тұсында басталды.
Бұл дәуірдің көрнекті өкілдерінің бірі - ағылшын ойшылы Томас Гоббс (1588-1679). Оның ойынша мемлекет жалпыға бірдей бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін керек. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, барлық билікті мемлекетке береді.
Францияда буржуазиялық революцияның өкілі Шарль Луи Монтескье (1689-1775) әр халықтың адамгершілік бейнесін, оның заңдарының айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортамен байланыстырды. Мемлекет азаматтарды тіршілікке қажетті қаражатпен қамтамасыз етуге міндетті деген ұстанымда болды.
Францияның тағы бір ойшылы - Жан-Жак Руссо (1712-1778) ұсақ буржуазияның шаруалардың мүддесін қорғады. Ол еркіндік пен теңдікті ең жоғары игілік деп санады. Мемлекет шектен тыс байлық пен кедейлікке жібермей, адамдар арасында теңдікті сақтауы керек.
Американың ойшылы Томас Джефферсон (1743-1826). 0л Америка Құрама Штатының "Тәуелсіздік декларадиясын" жазды. Декларацияда адамдардың табиғи құқығы мемлекет белгілеген зандардан жоғары түруы керек. Жаратушы барлық адамдарды тең етіп жаратты және олардың өмірге, бостандыққа, бақытқа тырысуына құқығы бар делінген.
ҮІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген Қорқыт Ата – ежелгі түркілердің көрнекті ағартушысы, ойшылы, әрі ақын, сазгер, әрі күйші, тарихта ерекше рухани із қалдырған, халық даналығын жинаушы. Өзінің философиялық толғамдарында өмір мен өлім мәселелерін көтерді. Мәңгі өлмеудің жолын қиялымен іздестіреді. Аңыз бойынша, ол ақ түйені мініп, дүниенің төрт бұрышын кезеді. Бірақ қайда барса да, алдынан қазылып жатқан көр кездеседі. "Кімге қазып жатырсыздар?” деген сұрауына "Қорқыттың көрі” деген жауап алады. Содан кейін өлімнен қашып құтылуға болмайды екен деген қорытындыға келеді. Ол пікірді оған түрлі жан-жануарлар да, өсімдіктер де, бүкіл әлем ұқтырған көрінеді. Қорқыт ата поэма, күйлер шығарып, оны қобызда орындайтын болады. Сол себепті де "Қорқыт ата шығармаларын” "Қорқыт Ата кітабы” деп атайды. Себебі, Қорқыт Ата айтқан жырларды, дастандарды жинақтап, солай атапа шығарған көрінеді. 12 тараудан тұратын кітапта батырлық, елдік, адамгершілік туралы оқиғалар жырланады.
"Қорқыт Ата кітабы”- бүкіл түркі тілдес халықтарға ортақ аса көрнекті жазба ескерткіші. Бұл еңбекте тәлімдік мәні күшті афоризмдер, қанатты сөздер мен тағылымдық-танымдық идеяалар, өсиет сөздер көптеп кездеседі. Қорқыттың есімін көшпенді түркі тайпалары ежелден қастерлеген. Сондықтан да халық: "Жыраудың үлкен пірі – Қорқыт Ата, бата алған барлық ақын асқан ата, таңқалып жұрттың бәрі тұрады екен, қобызбен Қорқыт Ата күй тартқанда” – деп тегін жырламаған.
Қорқыт Ата кітабы. Алматы, 1994, 29-бет.
Бу Насыр әл-Фараби
Феодализм дәуірінде Батыс елдерінен Шығыс елдерінің едәуір ерекшеліктері болды. Мұнда қайта өрлеу (Ренессанс) Батыс елдерінен 5-6 ғасыр ерте, яғни ІХ-ХІІ ғасырларда басталды. Әсіресе, бұл Орта Азия мен Иран жеріне қатысты болды. Оның себебі, бұл жерлерді атақты Жібек жолы Шығыс пен Батыс елдері арасында сауда қатынасын күшейіп, экономикасын дамытуға әсерін итгізді. Орта Азия мен Таяу Шығыс елдерінен шыққан ірі
Қорқыт Ата кітабы, Алматы, 1994, 11-бет
Ғалымдардың ішінде Әбу Насыр әл-Фараби, Әл-Бируни, Ибн-Сина (Авицена) ерекше орын алды. Әл-Фараби ертедегі Қазақстан жерінен шыққан, қазақ топырағында дүниеге келген, ғұлама ғалым, Шығыстың ұлы ойшылы, әрі ағартушысы, әйгілі математик, философ, музыка зерттеушісі, тарихшы болған. Туған жері – Отырар (Фараб) қаласы. Отырар (Фараб) ойшылдарының ең атақтысы, ең ғұламасы – Аристотельден кейінгі "екінші ұстаз” , "Шығыстың Аристотелі” ұлы ғұлама.
Араб, парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда, әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб (Отырар) қаласында, отырарлық әскербасының жанұясында дүниеге келген. Ол туған жерінің атауымен "Әл-Фараби”, яғни "Фарабтық” деген атқа ие болған.
Әл-Фараби алғашқы білімін Отырар медреселерінің бірінде алған болатынды. Өмірін араб елдерінде өткізген. Ол Аристотель еңбектерін араб тіліне аударып, оған түсініктемелер жазған. Сол үшін оны "екінші ұстаз” (Аристотельден кейінгі) деп атаған. Мәселен, Аристотельдің "Жан туралы трактатын 200 рет қайталай оқыдым”, - деп жазып қалдырған.
Әл-Фараби логика, саз, астрономия және басқа ғылымдар бойынша көптеген еңбектер жазған. Араб ғалымдарының бір Ибн Халликан өз еңбегінің бір жерінде жерлесіміз жайлы былай дейді: "Ол-аса ірі мұсылман фәлсафашыларының бірі. Олардың ешқайсысы да оның деңгейіне жеткен жоқ. Әбу Әли ибн Сина да (980-1037) өзінің шығармаларын жазу үстінде оның еңектерін пайдаланғанын, сол арқылы мәшһүрлікке қолы жеткенін еске алады”.
Әл-Фараби жиһанкездікті ұнатқан. Арада біраз жылдар салып, Бағдаттан Серияға келеді, бірақ мұнда ұзақ аялдамастан, Мысырға сапар шегеді.
де күні бүгінге дейін терең зерттеле
Асан Қайғы, Жүсіп Баласағұн,
Қожа Ахмет Яссауи. (1094-1167 ж.ж)
Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық поэзиясының көрнекті өкілі, дуалы ауыз данышпан, кемеңгер ақын ағартушы АхметЯссауи 1093 жылы немесе 1094 жылы көне Исфидзат (Сайрам) қаласында дүниеге келген. Оның ата-анасы Ибраһим Ата мен Қарашаш Ана осында тұрып, осы жерде қайтыс болған.
Араб, парсы авторларының жазбаларына қарағанда Ахметтің әкесі өз заманының сауатты, көзі ашық адамы болған. Тіптен балауса, бүлдіршін Ахметке араб, парсы тілдерін Таяу Шығыстағы Исфахан, Бағдат қалаларынан ұстаздар жалдап үйретеді. Он алты жасында-ақ болашақ ақын, шығыс поэзиясын, әдебиетін, философиясын жетік меңгереді. Он жеті жасынан бастап, өзі де өлең жаза бастайды. Өз жырларын шығыс авторларынан бірінші болып, сол кездегі шойырлар секілді араб, парсы тілдерінде емес, өзінің ана тілі – түркі тілінде жазған. Иссауи шығармаларының құндылығы осында.
Алғаш рет білімді жергілікті ғұлама Арыстанбап бабадан алады, кейін Бұхара қаласында дәріс алуға барып, парсының белгілі ғалымы Жүсіп Хамаданиден білімін тереңдетеді. Соңынан туған жеріне қайта оралып, сопылық білімін жалғастырады. Сопы ретінде Яссы (қазіргі Түркістан) қаласына келіп, «Яссауишілік» атты діни ағымның негізін салады.
Ахмет – ел ішінде әділдігімен аты шыққан адам. Шешендігі мен ақылгөй даналығы оны жерлестері арасында сый-құрметке бөлейді. Ахмет айтып еді деген қанатты, ғибратты, діни өсиет-насихатқа толы сөздер елден-елге тарайды.
Қазақ жерінің ортағасырлық мәдениетінің дамуында Яссауи жазған «Диуани Хикмет» (Даналық кітабы). Қожа Ахмет Яссауи ислам дінінің қазақ арасында кең тарауына үлкен үлес қосқан, шығармасын елге түсінікті етіп, түркі тілінде жазған. Ол жергілікті халықтардың ескі дінін жоққа шығармаған, қайта оны ислам дінімен ұштастырған.
Яссауидің «Даналық кітабы» кезінде Орта Азиядан бастап, Еділ жағалауына дейінгі көшпенді түркі тайпаларының арасында кеңірек тараған.
Қожа Ахмет өзінің атақты «Даналық кітабы» аталатын циклді өлеңдерін жазған. Ақын өз өлеңдерінде:
Құл Қожа Ахмет, әрбір сөзің дертке дәрмен,
Тәліптерге (шәкірттерге) баян етсем қалмас арман.
Төрт мың төрт жүз хикмет айт хақ пәрменімен,
Пәрмен болса, өлгенше жырласам мен , - деп даналық сөздердің 4 мың 400 жол екендігін ескерткен.
Қожа Ахмет жырлары әділдік, шапағаттық, мейірімділік, тақуалық, шыншылдық, ойлылық, тазалық секілді игі істерге арналады:
Сөзімді айтам зейін қояр барша жанға,
Жан жылуын, жүрек отын аңсағанға.
Демеу болсын ғарып, пақыр, шаршағанға,
Кекірейген кердендерден қаштым міне.
«Диуани Хихмет» атты діни-сопылық қағидалармен қатар оқу, білім алу, адалдық, имандылық, ізгі қасиетті болу, ақыл-парасатқа жету, жақсылық, жамандық, төзімді болу, достық пен махабатты қастерлеу, әділетті болу, адал жолмен жүру сияқты адамгершілік құндылықтарды насихаттады.
қызықпа, оның бәрі өткінші, мәңгілік ештеңе жоқ деген адамгершілік құндылықтарды жоғары ұстай отырып, жағымсыз қасиеттерден адамдарды сақтандырады.
Шам айналып көбелектей түстім күйге,
Жалын атып, от боп жанып күйдім мен де.
Бұрынғыдан күрт өзгеріп бөгде болдым,
Алла түспес ауызымнан, пенде болдым.
Міне, осылай Аллаға деген сүйіспеншілігі арқылы адалдық пен ақиқат жолын таңдаған ақын ақыры сопылық жолға түсіп, өзі айтқандай «әділ сөйлеп, адал жүрер жолда болып, тазалық тұрағына енген. Ақын баба өз хикметтерінде, өзінен бұрын өткен даналар сөзіне зейін қойып, олардан үйренгендігін жасырмағ ан».
Ол дүние жинамаған. «Құдайдың құлымын. Мұхамедтің үмбетімін» деп санаған, басқаларды соған шақырған. 1993 жыл ЮНЕСКО шешімімен Қожа Ахмет жылы болып жарияланды. Ержиес университетінде (Түркия) Қожа Ахметке арналған халықаралық симпозиум өткізілді. Меккеге бара алмаған адамдар Түркістандағы кессінесіне келіп, дұға оқытса да, жеткілікті деген сөз де бар. Қазір Түркістан қаласында Қожа Ахмет Яссауи атындағы қазақ-түрік халықаралық университеті жұмыс істейді.
Шоқан, Абай, Ыбырай мұралары-қазақтың саяси ой-пікірлерінің кемел арналары.
Қазақ ойшылдығына қазіргі көзқарас. Ғылыми-техникалық прогрестің ой-санаға тигізер ықпалы. Қазақ ойшылдығының болашақ болмысына бағытталған болжам мен пайымдаулар.
Қазақ халқының рухани мұрасы да саяси ой-пікірлерге бай. Қазақтың алғашқы философы, әлеуметтанушысы. Математигі, физигі, астрономы, ботанигі, логика және тіл маманы, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Мұхаммед Ибн Тархан әл-Фараби 870-950 жылдары өмір сүрген. Ол екінші Аристотель атанған. Барлығы 160-тан астам трактат жазған. "Бақытқа жету жолдары", "Саясат туралы", "Азаматтық саясат" деген еңбектері бар.
Әл-Фараби басқару түрін екіге бөлген:
1. Қайырлы - халықты бақытқа апарады.
2. Қайырымсыз - мұнда теріс әрекеттер болады. Әл-Фарабидің айтуынша адам бақытты болуға лайықты, сондықтан сол ол бақытын табуға тиіс. Оған ол тынымсыз еңбек арқылы ғана жетуге болады дейді. Ұлы дана халықтар достығын қолдады.
Қазақ даласындағы ойшылдардың бірі — Жүсіп Хас-хаджиб Баласағұни (1021-1075). Ол - ақын, философ, қоғам қайраткері болған. "Құтадғу білік" (Құтты білік) деген дастаны бар. Ол түрік тілінде жазылған. Мұнда адамның тағдыры, қоғамдағы орны мен рөлі, халықтың санасы, әдет-ғұрпы, т.с.с берілген. Өмірден әділ заңды, еркіндікті аңсаған.
Қазақ халқының, тарихында өшпес із қалдырған хандар да бар. Олар Қасым, Есім, Тәукехандар, "Қасымханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы" деп халық олар жасаған заң, тәртіптерді көпке дейін ұмытпаған.
Ал Тәуке хан "Жеті жарғы" деп аталған қазақ әдеп-ғұрып заңдарының жиынтығын жасады. Мұнда құқықтық тәртіп деп мемлекеттік құрылымының негізгі принциптері айқындалды. Ол "халық кеңесі" мен "Билер кеңесін" тұрақты орган ретінде қалыптастырып, рөлін арттырады. Тәуке хан қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер әкелген ірі реформатор болды.
Қазақтың белгілі ойшысы-ШоқанУалиханов (1835-1865). Ол ғалым. ағартушы-демократ, саяхатшы, этнограф, зерттеуші. Халықты патша-шенеуліктері мен жергілікті байлардың зорлық-зомбылықтарынан қорғауды, қолынан келгенше оның рухани және мәдени өркендеуіне ықпал жасауды өзінің мақсат-мүдесі деп білді. Шоқанның ойынша, халықты қанаудан құтқару үшін билікті жою керек, сонда ғана халық бақытты болады. Қазақ еліндегі тәртіпті өзгертудің жолдарын іздеді. Қоғамдық құрылыстың жаңартудың жолы ретінде реформаны таңдады. "Сот реформасы жайындағы хат" деген еңбек жазды. Сол реформаны іске асыру үшін көп зерттеулер жүргізген.
Саясатқа ат салысқан тұңғыш ұстаз - Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) халықты дүниеге "дұрыс көзқараспен" қарауға тәрбиелеуді өзінің негізгі мақсаты етіп қойған.
Тек білім, ағартушылық қана бұқара халықты билеп-төстеушілердің қысым қыспағынан құтқара алады деп, барлық күш-жігерін олардың білімін көтеруге арнаған. 1887ж. Ырғызда 20 адамдық интернат және қазақ қыздарына арнайы мектеп ашқан.
Қазақ даласының ғұлама ойшылы - Абай Құнанбаев (1845-1904). Ол қазақ халқының мүддесі үшін күресте достық, татулық, бірлік- керектігіне назар аударды. Ол адамның "ақыл, ғылым, қайрат" арқылы жоғары дәрежеге көтеріліп, асқақтайтындай қоғамның прогрестік дамуын аңсады.
Қазақ жерінде саяси сананың дамуына XIX ғасырдың аяғы XX ғ. басында пайда болған алғашқы зиялылар қауымы да ықпал етті. Оларға: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Шоқай, М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Б.Қаратаев, Халел және Жаһанша Досмұхамедовтерді жатқызуға болады.
Әдебиет:
1. Кенжебаев М. Саясаттану негіздері. Алматы, 1995.
2. Мағзұмов М.Т.Саясаттану. - Өскемен, ШҚМУ, 2002.
3. Жамбылов Д.Ә. Саясаттану негіздері. – Алматы, Жеті жарғы, 2003.
4. Әлемдік саясаттану антологиясы. 10 томдық. Алматы (Мәдени мұра), 2005. 1-том. 502-бет.
5. Қуандық Е. Саясаттану негіздері. Астана, 2001.
6. Мұстафин Т.Т. Саясаттануға кіріспе. А., 1994.
Бақылау сұрақтары:
1. Анақарсы деген кім?
2. Қазақ ойшылдығына қазіргі көзқарас қандай еді?