Дәріс тақырыбы: Қазіргі саяси жүйелер. Саяси режимдер.

1. Саяси жүйенің құрылымы мен элементтері.

2.Саяси режим түрлері:тоталитаризм, авторитаризм.

3. Демократияның негізгі формалары.

Дәріс тезисі:

Саяси жүйе ұғымы қоғам мен биліктің өзара әрекеті ретінде. Д.Истон, Г.Алмонд және К.Дойчтың саяси жүйе теориялары.

Саяси жүйенің құрылымы. Институционалдық, нормативтік, коммуникативтік, мәдени, функционалдық жүйешелер.

Саяси жүйе қызметтері: әлеуметтену, бейімделу, реттеу, керісінше жауап қайтару және коммуникация.

М. Вебердің, Г. Аптердің, Г. Алмондтың саяси жүйе теориялары.

Дәстүрлі және қазіргі саяси жүйелер. (өкілетті, модернистік және постмодернистік).

Саяси жүйе институттары: мемлекет, саяси партиялар, мүдделі топтар және үкіметтік емес ұйымдар. ҚР саяси жүйесін реформалаудың мәселелері оның дамуының тенденциялары. ҚР партиялық саяси және сайлау жүйелерін одан әрі дамыту проблемасы.

Саяси жүйе қоғам, мемлекет және тұлға арасындағы байланысты жүзеге асырады. Осы байланыстың әлеуметтік өмірдің басты субъектілерінің арасында қалай және қандай тәсілдердің, құралдардың, күштердің көмегімен қандай ұйымдасқан формада жүзеге асатыны - өте маңызды мәселе. Бұл жағдайда біз қоғамды, мемлекетті, тұлғаны өзара әрекеттесуші субъектілердің жүйесі ретінде көре аламыз. Мұндағы субъектілер дербес элементтер және олардың арасындағы өзара әрекеттесудің өзіндік тәсілі «саяси режим» ұғымымен белгіленеді.

Ерте кезден, яғни қоғамның пайда болу кезеңінен бастап адамдарды қауымдастыққа қалай біріктіруге болады, жеке адам мен қоғамды, яғни жеке адамдардың мүдделері мен тұтастай қоғамның мүдделерін қалай біріктіруге болады деген әлеуметтік проблемалар «мәңгілік» сұрақтар болып қала берді. Осы проблеманы шешудің шынайы тәжірибесі зерделенген саяси ойлар тарихында оларды біріктірудің авторитарлық және демократиялық деп аталатын екі тәсілі бар.

Бұл жағдайда, жеке немесе ортақ мүдденің қайсысы басым; тұлға өзінің мүдделерін сезінуде және жүзеге асыруда қаншалықты еркін; осы мүдделерді жүзеге асыру мен оларды түйістіру үшін биліктік іс-әрекеттің қандай ұйымдастыру құрылымдары мен әдістері қолданылады деген мәселелер әрқашан күн тәртібінде тұрды.

Қазіргі кезеңдегі демократия проблемалары саяси ғылымдар мен практиканың маңызды мәселелерінің бірі.

Саяси биліктің түрлері. Қоғам өзінің саяси жүйесінде әлеуметтік міндеттерді билік арқылы, құқықтық заң-жобалар, нанымдар және басқа шартты қалыптасқан дәстүрлер арқылы жүргізіп отырады. Бұл ретте саяси жүйенің өз ішінде саяси рөлдердің өз бөлініп отырады. Мемлекет саяси билікті жүргізудегі ең негізгі буын болып табылады. Мемлекет мынандай сипаттармен айқындалады:

1) Бұқаралық билікті жүзеге асыратын адамдардың ұйымы, ол үшін нормалық-құқықтық және ақпараттық-идеологиялық жағдайларды қалыптастырып отырады.

2) Елдің барлық территориясын қамтитын жағдайда салықтарды алып отыратын ұйым. Мемлекет саяси билікті жүргізетін құрылым екендігі белгілі. Әр түрлі қоғамда мемлекеттің билігі де өзгеріп отырады, қызметінің түрлері де көбейіп отырады. Соңғы уақытта мемлекет үстем таптардың мүддесіне орай езілуші таптардың мүддесіне орай езілуші таптардың қарсылығын басып отыратын аппарат деп келеді. Бұл дұрыс та. Тек бұл қырынан келіп қарау маркстік теорияны жете бағаламаумен бірдей. «Анти-Дюринг», «Л.Фейербах және неміс классикалық философиясының ақыры», «Семьяның, жекеменшіктің және мемлекеттің шығуы» деген еңбектерді талдай келіп, біз мынандай қорытындыларға келеміз:

1) Мемлекет адамзат қауымының немесе азаматтық қоғамның дамуына және еңбек бөлісіне қарай дамып жетілді.

2) Бұл процесс өз мүдделеріне сәйкес жаңа әлеуметтік топтардың шығуына әкелді.

3) Бұл бөлінудің өзі ортақ мүдделерді жүзеге асыру үшін қажетті функцияларды талап етеді.

4) Қарама-қайшы топтар арасындағы шиеленісті туғызып, олардың кейбіреуін басу қажеттігі туады.

5) Ортақ мүдделер мен функцияларды атқару қажеттігі шығады.

Осы аталғандардан келіп биліктің төмендгідей маңызды функциялары шығады:

1) Мемлекеттің жалпыға бірдей мүддесін қорғау және белгілі бір тәртіпті сақтап отыру. Бұл алдымен ортақ мүддеге қарсы немесе экономикалық үстем таптардың мүддесіне қарсы шығушы жеке адамдар мен жіктердің мүддесін басуға бағытталады, одан кейін ел тұрғыныдарының мүдделерін үйдестіру және келістіру, үшіншіден, сыртқы шабуылдан қорғау.

2) Басқару арқылы ортақ мүддені қанағаттандыру – бүкіл қоғамның міндеттерін әкімшілік жолымен орындау.

Бірінші міндет қоғамның ыдырауына жол бермейтін қажеттіліктен туады. Бірақ кей жағдайда қарсыласушы топтардың мүдделеріне тағы басқа топтардың қосылуы мүмкін. Онда олардың ортақ мүдделерін таба білу қажет. Мемлекеттегі таптар мен жіктердің ымыраға келу жағдайын қарастыру болып табылады.

Мемлекеттің сыртқы дұшпандардан қорғалуындағы биліктің рөлі ерекше.

Елдің халқын басқару саласында мәселе күрделі болып келеді. Бұл мәселеде әртүрлі бағыттар бар. Бірінші бағыт мемлекеттің барлық функциялары елдің қоғамын тұтасымен басқару деп қарастырылады. Екінші бағыт атқарушы өкіметтің мемлекеттік басқару қызметі деп қарастырылады, заң шығару мен соттық билікті ескермейді. Мұны «әкімшілік» деп атайды. АҚШ-та оны бұқаралық «әкімшілік» дейді.

Жалпы теория мен практикада биліктің функцияларын: заң шығарушы, соттық және атқарушы деп бөледі. Мемлекет басшысының функциясы тағы бар. Билікті жүзеге асыратын подфункциялар да бар. Америкалық саясаттанушы Л.Уайт мемлекеттік басқару органдарын үш топқа бөледі:

1) штабтар - өзі орындай алатын шешімдерді қабылдайтындар;

2) жедел қызметтер – штабтардың шешімдерін жүзеге асырушылар;

3) көмекші қызметтер – штабтар мен жедел қызметтердің қажеттегідей жұмысына жағдай туғызатындарды атайды.

Барлық мемлекеттік ұйымдар екі түрге бөлінеді: үкіметтің мемлекеттік органдары – жалпы мемлекеттік шешімдер қабылдайды; мемлекеттік басқару органдарының аппараты, олар мемлекеттік ұйымдар, мемлекеттік басқару, мемлекеттік аппарат деп аталады. Мемлекеттік ұйымдардың барлығын орталық және жергілікті деп екіге бөледі.

Бір сөзбен айтқанда, басқарушы, егеменді мемлекеттік органдар - саяси билік болып табылады. Ең бастысы «билікті бөлу» болып табылады. Социалистік мемлекетте билікті бөлісу жоқ, тек әртүрлі компетенциясы бар деген ұғым қалыптасқан. Ал компетенцияның өзі билікті бөлісу емес пе, марксизм-ленинизм классиктерінің өзі оны мойындайды. Қазіргі билікті бөлу мәселесінде Монтескьенің идеясы жатыр: заң шығару, орындаушы, сот билігі, оларға қоса мемлекет басшысының билігі бар. Билікті бөлу тұрғысынан саяси биліктің жұмыс істеуі: аралас билікте, билікті бөлісуде, биліктердің ынтымақтасып жұмыс істеу жағдайларында мүмкін болады. Аралас билікте мемлекет басшысы заң шығару, орындау, сот биліктерін аралас жүргізе алады.

Саясат ғылымында атқарушы билікке ерекше мән бріледі. Әкімшілік қызметтің барысы тұтасымен алғанда елдің жағдайын тікелей байланысты. Мемлекеттік басқару қашан болмасын саяси басқару болып келеді. Атқарушы биліктің функциялары:

1) Егемендікті жүзеге асыру функциялары: а) мемлекеттің сыртқы жағдайдағы егемендігі мен тұтастығын қорғау; б) ішкі қарым-қатынасты сақтау, тәртіпті, ішкі тұтастықты сақтау; в) мемлекеттік –саяси жүйенің қызметін ұйымдастыру – сайлау науқаны, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар және басқалары.

2) Экономикалық функциялары. Қазіргі уақытта бір де бір мемлекет елдің экономикасын мемлекет тарапынан реттеуге қарсы емес. Мұнда туатын проблеманың ең бастысы саясаттың экономикаға ықпал ету шегі мен оның берер нәтижелері. Экономикалық заңдылықтарды ескермей кету қатері бар. Сондықтан мемлекеттік билік экономиканың дамуына өте тиімді ыпал жасауы қажет. Социалистік мемлекеттердің тәжірибесі көрсеткендей саяси басшылық экономикалық басшылықты ауыстырмауы керек. Мемлекеттің функциясын бақылап отыру, дағдарысты жағдайларға жол бермеу. Экономикамен айналысқан мемлекеттік билік тұтыну, қажеттілік өндірісінің қуаты мен ақиқатты көлемін бақылап отыруы қажет.

Саясаттанушы Д.Кейнстің идеясы бойынша нарықтық экономикадағы елдерде жұмыс қолы түгел қамтылуы керек, тұтынушылардың тұтыну қабілеті өндіріс құралдарын өндіруге сәйкес дамуы тиіс. Ол үшін мемлекет салық, бюджет, инвестициялық және несие саясатын қолдануы қажет. АҚШ сияқты елдерде экономиканы реттеу сауда, мемлекеттік кәсіпорындар, транспорт, ғылыми-техникалық жұмыстар арқылы жүргізіледі.

1) Байланыс және коммуникациялық функциялары.

2) Әлеуметтік функциялары.

3) Мәдени-тәрбиелік функциялары.

Мемлекеттік аппараттың әкімшілік функциялары:

1) Жағдайды, терең әлеуметтік құрылымдардың жағдайын талдау.

2) Бағдарламалық шешімдерді жасау.

3) Заңдық қызмет – бағдарламаларды заңдарға сәйкестендіру арқылы талдау.

4) Финанстық қызмет – жеке бағдарламалардың бюджетін анықтау, мемлекеттің бюджетін әкімшілік жағынан дайындау.

Жеделдік (оперативтік) функцияларына:

1) Кадрлық қызмет.

2) Ұйымдастыру қызметі.

3) Ақпараттық-психологиялық жұмыс.

4) Бақылаушылық қызметі.

Ендігі бір маңызды мәселе мемлекеттік аппараттың жетекші партиямен байланысына қатысты. Бірпартиялық жүйеде ол белгілі. Ал көппартиялық жүйеде жетекші партия, үкіметтік партия басшы рөл атқарады.

Жергілікті өзін-өзі басқару мәселесін түсінуде азаматтық қоғам мен жергілікті мемлекеттік биліктің қарым-қатынасын талдап білу керек. Қазіргі кезеңде кейбір саясаткерлер жергілікті өзін-өзі басқаруды ұлтаралық шиеленісті өршіту үшін пайдалануды көздеуде.

Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметкерлердің мәртебесі туралы мәселе де маңызды орын алады. Қанша мемлекеттік қызметкерлер қажет? Парламентаризм және көппартиялық жағдайда билікке қабылеті жеткіліксіз адамдар келуі мүмкін. Сондықтан қазіргі жағдайда бұл барлық елдерді толғаныдырады. Оның өзі билік мәселесі бойынша технократиялық теорияларды туғызуда. Оның мәні: үкіметтің билігінде ғалымдар, мамандар отыруы қажет деген сөз. Басқаша айтқанда, техниктер, инженерлер және ғалымдар басқаруы қажет. Бұл технократ-мамандардың билігі деген сөз.

Қоғам дамуында әлеуметтік процестердің техникалық, экологиялық, экономикалық, саяси, құқықтық, рухани күрделене түсуіне байланысты аталмыш проблеманы мамандарды қатыстыру арқылы шешудің қажеттігі шығады. Кейбір нақты мемлекеттік басқару органдарына маманларды енгізу өзін-өзі ақтайтын практика: мәселен, консультанттар, кеңесшілер, сарапшылар, т.б. Практика көрсетіп отырғандай, маман мен саясаткерді үйлестіру мемлекеттік қызметке өте пайдалы адамды тартуға болатындығын дәлелдеп отыр. Батыс елдерінде мемлекеттік қызметкерлерді кеңінен дайындау және мамандандыру қолға алынған. Ол үшін социогуманитарлық университеттік білім үстем болуда. Сонымен қатар лауазым – шені, класность тобы, рейтингісі іскерлік қасиетіне берілген ұпайы ескеріледі.

Мемлекеттік құрылымның жүйесін айқындау екі түрлі жолмен белгіленеді: субординациялық-әкімшілік (командалық-бұйрықтық) және өкілділік-демократиялық (халықтың, өкілдердің қатысумен) жолмен.

Мемлекеттік жүйелердің бірнеше типі бар: құлиеленуші, феодалдық, буржуазиялық, пролетарлық мемлекеттер. Жоғарғы биліктің субъектісі бойынша мемлекеттер: автократиялық, олигархиялық, демократиялық болады да, биліктің және оның органдарының құрылымы жағынан: монархиялық, республикалық болып бөлінеді.

Олигархия - мемлекетті басқару тетігінің азғана топ адамның қолына көшуі. Оның мәні: өздерінше тіл табысқан, түсініскен, мақсат-мүддесі ортақ бір топ адамның ашықтан-ашық немесе құпия әрі астыртын айламен мемлекеттік аппаратты, негізгі өндіріс құралдарды, банкілерді, қаржылық және әскери-жазалаушы күштерді қолына алу арқылы үстемдігін орнатуы.

Охлократия - қара тобыр халықтың билігі. Саяси режимнің қолға сирек түсетін ерекше түрі – мұндай жағдайда мемлекеттік аппаратты басқару нормалық-құқықтық, моральдық құндылықтар мен дәстүрлер тәжірибесінде сыналған қатал негізде емес, саяси демагогтардың ықпалымен шапшаң өзгеріп отыратын қара тобырдың көңіл-күйі негізінде жүріп отырады.

Биліктің халық тобырының қолына өтуі қоғам мен мемлекеттің дамуының аласапыран, өтпелі кезеңінде мүмкін болады, яғни дәстүрлі биліктің нағыз дағдарысы кезінле қоғамның мұндай жағдайы барлық кезде тиянақсыз болады, елдің халқының басым көпшілігінің тез арада-ақ наразылығын қоздырады. Және ол басқарудың, не демократиялық немесе авторитарлық түріне ұласып кетеді. Мұндай жағдай тарихта көп кездеседі.

Плутократия – байлыққа кенелген алпауыттардың биілігі. Біріншіден, саяси құрылыстың биілігі қоғамның ең бай, ықпалды тобының қолында болуы. Екіншіден, биліктің үстем таптың ең ауқатты тобының жүргізуі. Аристотель мемлекеттің аталған үш түрін де қолайсыз мемлекеттер деп атаған.

Сонымен қатар қызмет жасауы (функционирование) жағынан субординациялық-әкімшілік және өкілділік-демократиялық болады, биліктің әрекет жасау сипаты жағынан: деспотиялық, диктаторлық, либералдық, бюрократиялық болып келеді, ал ұлттық-территориялық құрылымы жағынан: унитарлық, федералдық, конфедералдық болып та бөлінеді.

Әр түрлі елдердің домакратияға бейімделу жағдайларын талдап, қорыта келіп, ғалымдар бір жолда бір жүйелілік болуы керек дейді.

Теориалық жақтан алғанда бұл мәселеде екі түрлі: либералдық және консервативтік көзқарас бар.

Либералдар жаңа жағдайға көшуде ортақ тапқа, халықтың білім дәрежесіне баса назар аударады. Мұнда төбе топ (элита) және қатардағы азаматтардың бұл процеске тартылу деңгейі шешуші рөл атқарады. Себебі, олардың арқасында саяси реформалар атқарылады.

Консерваторлардың ойынша, демократиялық үрдісте тәрбиеленген, билік институттарын дұрыс пайдаланып, басқара білмейтін халықты билікке араластырудың керегі шамалы. Сондықтан дамып келе жатқан елдердің жаңа жағдайға бейімделуі үшін мықты саяси тәртіп, тұрақсыздықты тежей алатын заң, беделді саяси партия, автаритарлық тәртіп болуға тиіс дейді. Солар ғана билікке саяси басшы жасай алады, мемлекетте мықты бюракратия қалыптасады, реформаларды кезең-кезеңмен жүйелі түрде жүзеге асыруға болады деп түсіндіреді.

Әр елдің даму сатысына байланысты бейімделу әр қилы.

Экономика саласында:

Өндірістің тауар ақша арқылы реттелуі;

Мемлекеттер арасында экономикалық және сауда қатынастарының кеңеюі;

Ғылыми жетістіктермен алдыңғы қатарлы техналогияларды кеңінен тарату;

Білім мен ғылымды дамытуда қаражатты көбейту, т.с.с.

Әлеуметтік салада:

Сословиелік-касталық бөліністерді жою.

Бір жіктен екінші жікке кедергісіз өтуге болатындай ашық қоғам орнату, т.с.с.

Саяси салада:

Билікті алуан түрлілік тұрғыда ұйымдастыру.

Адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау.

Саяси қатынастарды кеңейту, жетілдіріп отыру.

Саяси шешімдерді, кикілжіңдерді шешкенде мәмілеге келу.

Бұрынғы социолистік елдер бірінен кейін бірі тотаритарлық жүйеден бас тартып, демократиалық жолға түсті. Капиталистік және социолистік жүйеге бөлінудің нышанындай көрінген Берлин қабырғасының күйреуі Шығыс және Орталық Еуропаның арасында жаңа жағдай туғызады. Ал бұрынғы КСРО еліндегітотаритарлық тәртіп күйреп, оның қарамағындағы республикалар көп жылдар бойы аңсаған егемендігін алып, терезелері тең елдер қатарына қосылды.

Польшаның әлеуметтанушысы, саясаттанушысы Ежи Вятордың ойынша, демократияға ревалюция арқылы келуге болмайды. Себебі, рефалюция кезінде зорлыққа жол ашылды, ол зорлық қарсы жақтан зорлықты тудырды. Сондықтан оған жетудің үш жолы бар:

Реформа жоғарыдан басталады. Мұнда автаритарлық басқарушылар жағдайды түсініп, ешкімнің зорлығынсыз, өз еріктерімен саяси жүені өзгертеді. Мысалы, Түркия президенті Ататүріктің басқаруы осылай болды.

Амалсыздықтан биліктен бас тарту. Мысалы, 1974 жылы Грекия басқарушысы полковниктері Кипрде әскери төңкеріс жасамақ болды. Оған жауап ретінде Түркия Кипрге әскер кіргізіп, нәтижесінде арал екіге бөлінеді. Грекия АҚШ-қа арқа сүйемек болып еді, бірақ олар қолдамады. Сондықтан билік басындағы грек полковниктері амалсыздан билікті азаматтық үкіметке берді.

Билік басындағылар оппозициядағылармен келісімге келу арқылы автаритарлық тәртіппен демократияға өтеді. Мысалы, Испания (Франко өлгеннен кейін) , Оңтүстік Корея, Польша, Венгрия және т.б.

Автаритарлық тәртіптің күйреуінің бірнеше себептері бар:

Ол тәртіпті өмірге әкелген мақсаттардың орындалуы;

Сол тәртіптің шеңберінде шешілмейтін қайшылықтардың көбюі;

Автаритарлық тәртіп дағдарысқа ұшыраған кезде өз елдеріндегідей демократиялық тәртіпті орнатқылары келген дамыған батыс елдерінің ықпалы мен қысымы.

Қазіргі кезеңдегі демократияға көшу ТМД елдерінің алдында да тұр. Біреулер Батыс үлгісіне, енді біреулер Шығыс үлгісіне жүгінеді.

Батыстан – жеке адманың еркіндігі мен бостандығын жоғары қою, оны мемлекеттің езгісінен босату, олармен сауда-саттықты өрістету, тәжірибелерінің жақсы жақтарын қабылдау, мәдениетін алу, т.с.с.

Ал Қазақстан Шығыс үлгісіне көбірек сүйенеді. Оған дәлел – діні, мәдениеті, бұрынғы жазуы. Мәдениет бізге ең алдымен сол жақтан келді. Шығыс мәдениетіне қазақтардағыдай қауымдастық, ұжымдастық, туыстық жақын. Ал Жапония басқа елдердің ең жақсы жақтарын қабылдай отырып, өзіндік ерекшеліктерін, төлтумалығын жоғалтпайды. Ұлттың бар күшін Батыстың ең жақсы жаңа техналогияларын меңгеруге жұмсап, жұмылдырып, әлемдегі, ең озық , дамыған елдердің біріне айналды.

Егер республикамыз өркениетті елдердің даму жолын, тәжірибесін терң саралап, орынды пайдалана білсе, олардың жіберген қаталіктерін қайталамай, реформаны жылдам жүргізуге болар еді. Батыс елдері реформаны жасағанда халықпен кеңесе отырып істейді. Халықтың келісуінсіз демократияны орнату қиын.

Біздің халықтың санасына автаритарлық тәртіп сіңіп қалған. Сондықтан халықтың саяси мәдениетін көтеру басты мақсаттардың бірі болуға тиіс. Олар өз құқықтарын, бостандықтарын қорғай білулері керк. Бұл жолда алдымен конститутцияда көрсетілген қағидалар: құқықтық мемлекеттің принциптері, оның демократиялы негіздері, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық екндігі, оның құқықтары мен бостандықтарының мүлтіксіз сақталуы, биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот билігіне тармақталуы және т.б. ережелердің қалтқысыз орындалғаны шарт.

Елде экономикалық саяси, құқықтық реформалар үздіксіз жүріп жатады. Ол - өмір талабы. Либералдық демократиялық жолға түсу - бүгінгі таңда дамудың ең басты мақсаты. Ол жалпы адамзаттық құндылыққа жатады. Біздің мақсатымыз – ата-бабамыздың дәстүр ерекшеліктерін сақтай отырып, алдыңғы қатарлы елдердің өркениетті тәжірибесін бойға сіңіріп, нағыз демократиялық жолға түсу.