Сұрақ. Жүктің сапасын анықтау тәсілдері

Жүк - бұл тұтынушыға пайдалануға жеткізілетін тауар. Сондықтан жүктің сапасының сақталуы теміржолдың басты міндеттерінің бірі.

Жүкті қабылдау станциясына келгенде, жүктің сапасы берілген құжаттарға сәйкес тексеру жүргізіледі. Жүктің сапасы техникалық ережелермен және стандартпен бекітілген. Теміржолда жүктердің сапасы мен қасиетін анықтау үшін үш тәсіл қолданылады: тәжірибелік, табиғи, органолептикалық.

Органолептикалық тәсіл адамның есептеу, көру, иісін сезіну арқылы анықталады. Осылайша тара мен жүктің сыртқы түрі, гранулометриялық құрамы, түсі, қаттылығы, майысқақтығы, кірленгіштігі басқа да көрсеткіштері анықталынады.Бұл тәсілдің артықшылығы: қолдануы қиындықсыз, тез орындалуы, ешқандай құралдың көмегінсіз, көп шығын жұмсамауы. Кемшілігі: субьективті бағалану, жүкке сапалы баға берілмеуі.

Тәжірибелік іздестіру үшін әр жүктің партиясынан арнайы құрылғымен, аппаратпен, реактивпен үлгі алынады. Алынатын үлгі МЕСТ стандарттарына сәйкес алынуы тиіс. Жүктің тәжірибелік іздестіруде келесі түрлері қолданылады:

Механикалық - олардың майысқақтығы, созылғыштығы, қимылға қарсы тұра алуы, оралуы, үзілуі.

Физикалық - тығыздығы, ылғалдығы, ұштану температурасы, қату температурасы.

Оптикалық - табиғи және ішкі құрылыстарын оптикалық приборлар арқылы тексеру (микроскоп, лазер т.б.).

Химиялық - заттың құрамы, оның әртүрлі ортада активтілігі.

Биологиялық - оның тірі организмде болуы және жойылуы.

Рентгенскопиялық – жүктің ішкі бүлінун, дейектісін анықтау үшін рентген сәулесімен жабдықталған құрылғылар қолданылады.

Табиғи тәсілде әртүрлі өлшеуіш құрылғылары (рулетка, таразы, термометр, бұрыш өлшегіш, барометр және т.б.) қолданады. Практикада жүктің сапасын бағалауда көбінесе кешенді әдіс қолданылады, яғни ол органолептиканың, лабораториялық және табиғи әдістің элементтері біріккен түрінде болады.

Сұрақ. Жүктердің сусымалылығы, кеуектілігі, морт сынғыштығы, шаң жұтқыштығы, бөлшектердің өткір болуы

Сусымалылығы- ол төгілмелі және тиейтін жүктің ауырлық күштің немесе сыртқы динамикалық ықпалдың әсерінен жылжуға қабілеттілігін айтамыз. Сусымалылығы табиғи ауытқу бұрышы мен ығысу кедергілерімен сипатталады.

Кеуектік - оның ішкі бос тесік және капиллярларының мөлшерін және бар екендігін көрсетеді және де кеуектік коэффициенттерімен бағаланады.

Морттық сынғыштық- кейбір жүктердің механикалық әсер кезінде елеулі пластикалық деформацияға қарамай күйреуі. Морттық жүктерге шыныдан жасалған бұйымдар, керамикадан, шифер, маргановалы кен, радио, видео телеаппаратуралар жатады. Ал кейбір заттар төмен температурада морттық күйге түсуі мүмкін. Мысалы, калайы -15С температурасынан төмен жағдайда, ал резина -45,…50С температура кезінде мортты болады.

Шаңжұтқыштық - жүктердің қоршаған атмосферадан шаңдарды жеңіл жұту қабілеттілігі. Шаңжұтқыштық материалдардың бұзылуына әкелуі мүмкін немесе өнімді өндірісте қолданар алдын шаңнан тазалау қажеттілігі туындауы мүмкін. Бұлар талшықты материалдар, маталар, теріден жасалған заттар.

Бөлшектерінің өткір болуы – жүктің бөлшегінің сыртқы күштердің әсерінен қайралуы, үшкірленуі. Бұл қасиет таспалы конвейерге жүкті бункерде түсіру кезінде өте маңызды. Өйткені өткір материал конвейер таспасын кесіп жіберуі мүмкін.

 

Сұрақ. Жүктердің шашыратқыштығы, абразивтілігі, кептелуі, дымқылдығы, гигроскопиялығы, тұтқырлығы, қызуы

Шашыратқыштық -жүктердің ұсақ бөлшектерінің ауада қалықтап тұруы және елеулі бір қашықтыққа ауа ағындарымен тасымалдануы. Осыған бір айқын мысал, цемент, көмірді тасымалдау процесінде шаңдануы. Шаңның қоршаған ортадан газды, парды және радиоактивті заттарды өзіне сіңіріп алу қабілеті жоғары. Жүктердің шаңдануын алдын алу үшін жылжымалы құрамды, тараны және орауышты жетілдіру қажет, жүктердің үстін пленкамен жабу керек және қоймада фильтр орнату қажет.

Абразивтілік - жүктердің жылжымалы құрамның, тиеп-түсіру құрылғыларының, қоймалардың тиіп тұрған бетін қажауы. Мұндай жүктерге цемент, құрылыс материалдары, апатиттер, бокситтер, кремний қышқылы.

Кептелу – бункер, силостың, жылжымалы құрамның шығатын тесіктеріне жиынтықтың кептелу процесі.

Дымқылдығы –жүктің құрамында судың көп болуы.

Гигроскопиялығы– жүктің ауаның құрамындағы суды сіңіріп алу қабілеті. Оларға мысал ретінде, сөндірілмеген әктасты, кальций карбиді, тұз, қант, мақта.

Тұтқырлығы – сұйық жүктің сыртқы күштердің әсерін бір-біріне қозғалуына кедергі көрсету қабілеті. Мыалы, мұнай және т.б.

Қызуы – сыртқы күштердің әсерінен (Күн сәулесі, дірілдер, қозғалулар, тербелістер) жүктің температурасының өсуі.