Сұрақ. Жүк вагондарын нөмірлеу жүйесі

Вагонның нөмірлеу жүйесі – жылжымалы құрамның қайталанбас 8 саннан тұратын инвентарьлық нөмірі. Осы нөмір арқылы вагон түрін, ось санын, вагон көлемін жыне вагон қандай жүкті тасымалдауға арналғанын, өтпе алаңшасы туралы ақпаратты біле аламыз.

1 сан – вагон түрін;

2 сан – техникалық көрсеткіші туралы ақпарат (ось саны, негізгі ақпарат);

3 сан – қосымша көрсеткіштер;

4,5,6 сандар – реттік нөмір;

7 сан – тежеу ауданының (тормозная площадка), қолмен тежеу, өтпелердің бар немесе жоқтығы туралы ақпарат береді.

8 сан– бақылау саны, оны арнайы тәсілмен анықтайды.

Егер бірінші санда төмендегідей сандар тұрса, олар білдіреді:

0 саны – жолаушы вагондары;

1 саны – локомотивтер, теміржолдық жүрістегі крандар және т.б. механиздер;

2 саны – жабық вагон (КВ);

3 саны – арнайыландырылған вагондар (СВ);

4 саны - платформа (ПЛ);

5 саны – жеке меншік вагондар;

6 саны – ашық вагондар (ПВ);

7 саны – цистерна(ЦС);

8 саны – изотермиялық вагондар (вагон рефрижиратор, вагон-термос, вагон-ледник) (ИВ);

9 саны – арнайыландырылған вагондар (СВ).

Егер жетінші санда төмендегідей сандар тұрса, олар білдіреді:

0,1,2 сандары – өтпелі тежеу алаңымен (тормозная площадка);

3 саны – өтпелі тежеу алаңысыз, бірақ қолмен тежеуі (ручной тормоз) бар;

4,5,6,7,8 сандары – қолмен тежеуі жоқ;

9 саны – жолаушы вагондарында вагон араларында өтпе алаңшаларымен (проходная площадка) жабдықталғандығын көрсетеді.

Тежеу ауданы (тормозная площадка) – қолмен тежеу құрылғысы мен тоқтату краны орналасатын вагонның бөлігі. Тежеу ауданында пойызды сұрыптау кезінде пойыздық бригада қызметкерлері орналасады.

8 сан бақылау саны,ақпаратты енгізу, беру кезінде қателік бар ма екенін анықтайды. Бақылау санын есептеудің әдістемесін көрсетеміз. Вагон нөмірі 70156476.

 

7 0 1 5 6 4 7

*

. 2 1 2 1 2 1 2

14 0 2 5 12 4 14

 

Шыққан мәндерді сызықтық тұрғыда қосамыз. 1+4+0+2+5+1+2+4+1+4=24. 24 санын ондық шамаға жуықтаймыз. Яғни 30. 30-24=6. Бақылау саны 6-ға тең.

Сұрақ. Теміржолда қолданылатын габариттер

Теміржол бойындағы барлық құрылыстар мен құрылымдар жылжымалы құрамның еркін, қауіпсіз, жоғары жылдамдықта қозғалуына мүмкіндік беретін арақашықтықта салынуы керек. Сонымен қатар, жылжымалы құрамда және жылжымалы құрамға тиелген жүктерде теміржол бойындағы құрылыстар мен құрылымдарға қауіпін тигізбейтін шекте болуы және тиелуі керек.

Габарит дегеніміз –пойыздың қауіпсіз қозғалысы үшін сақталу керек шекті көлемдік өлшемдер. Жалпы теміржолда тиеу, жылжымалы құрам, құрылысқа жақындау габариттері бар.

Тиеу габариті дегеніміз (сурет 1) – жылжымалы құрамға тиелген жүктің сыртқы шекті габариттік өлшемдері, яғни тиелген жүк берілген өлшемдерден аспайтын шамада және өлшем ішіне сиятындай орнасуы керек.

Жылжымалы құрам габариты(2 сурет) деп жүк тиелгенде немесе бос жылжымалы құрам түзу жолда тұрғанда ішкі аумағынан өлшемдерінен шықпайтын көлденең шектік өлшемін айтады.

Құрылысқа жақындау габариті дегеніміз – станцияда және станция аралығында (перегон) орналасқан барлық қызмет көрсетуші құрылғылар (бағдаршамдар, белгілер, бұрмалы бағыттаманың қорабы және т.б) мен құрылыстардың пойыздың қауіпсіз өтуі үшін сақталынатын өлшемдер. Берілген өлшем ішінде ешқандай құрылғы мен құрылыстың бөлігі орналаспауы тиіс.