Сұрақ. Құжаттарды тексеру және визалау және жүктің бағасын анықтау

ЖЖ-сі жүкті станцияға әкелмей тұрып, жүкті станцияға кіргізу туралы рұқсатнаманы (виза) алу үшін, жылжымалы құрамды өзінің атына бекітіп қою үшін және тексеру үшін тасымалдау құжаттарын тапсырады. «№ визы» графасында накладная құжатын тексеру кезінде тасымалдаушы берген нөмір жазылады да, тасымалдаушының (ДС) қолымен кепілденеді. Тасымалдау құжаттарын тауарлық контораға тапсырылады, визалауды станция бастығы немесе станция бастығы жұмсаған қызметкер жүргізеді.

Визалау (визирование) – берілген құжатпен таныстым және ондағы жазылғанмен келістім деп ресми түрде құжатты кепілдеу.

Визалаудан бұрын құжатты толығымен тексеру қажет.

Жүктің бағасын анықтау (объевление ценности груза)

ЖЖ-сі тасымалдауға тапсырған жүгін бағалау құқығын қолдана алады. бағалау Жүкті тасымалдау Ережесіне (Правила перевозок грузов) сай жүргізілуі тиіс.

Бағалауға мынадай жүктер жатады: қымбат металлдар, тастар, бұйымдар; мұражайлық және антикварлық бұйымдар, өнер және сурет туындылары, жеке, отбасы және т.б. саудалық тұрғыда қарастырылмайтын дүниелер.

ЖЖ-мен бағаланған жүк теміржол үшін берілген жүкке мұқият көңіл аударуды талап етіп, қосымша ұйымдастыру-техникалық операцияларын орындауды мәжбүр етеді. Жүктің бағалануы үшін ЖЖ-ден тарифтік басқарылымға сәйкес алым алынады. Алым шамасы бағаланған мөлшерге және тасымалдау қашықтығына сай жоғарылайды. Бағаланған жүкті станцияға тапсыру кезінде тасымалдау берілген жүкті бағалау туралы сипаттама (опись на перевозку грузов с объявленной ценностью) 3 данада тапсырылуы тиіс.

 

Сұрақ. Жүкті тасымалдауға қабылдау

Жүкті қабылдаумен және құжаттарды толтырумен айналысатын теміржол қызметкерлерін тасымалдаушы арнайы тағайындайды.

Жүкті станцияға кіргізу күні тасымалдаушының белгіленген күндеріне сәйкес болуы тиіс. Жүк қабылдау кезінде, ЖҚЖ-сі ЖЖ-ден жүкті кіргізу мен тиеу туралы рұқсатнама (виза) мен накладная құжатын сұрауға міндетті.

Жүкті станция қоймасына қабылдау алдында ЖҚЖ-сі тексереді:

- накладная бойынша жүк түрлерін, орын санын, массасынғ қаптама түрін;

- жүктің дұрыстығын, қаптаманың стандартқа сай келуін, жүктің сақталуын мен өрт қауіптілігін тудырмайтындығын;

- көліктік маркировкалық жазбалардың барлығын және станцдартқа сәйкестігін;

- жеке, отбасы және т.б. саудалық тұрғыда қарастырылмайтын дүниелердің бағалауы бар екендігін және тауарлық таразыда салмағын.

Қаптаманың стандартқа сай келмеуі, жүктің қаптамасыз берілуі немесе бүтін емес қаптамада беруі, маркировканың жоқтығы және анық еместігі ЖҚЖ-сімен жүкті қабылдаумауға негіз ретінде қарастырылады. Жүкті қабылдауы туралы ЖҚЖ-сі Жүкті тасымалдауға қабылдау Кітабында (Книга приема груза к отправлению (форма ГУ-34)) жазып отырады.

 

Сұрақ. Жөнелту станциясында тауарлық конторада операциялар орындалуының технологиясы және жүк және жүк-багажды тасымалдау бойынша ақыны төлеу

Тауарлық конторада накладная құжатының дұрыс тексерілуін ЖҚЖ-сі тексереді. ЖҚЖ-сі накладная құжатының толық және дұрыс толтырылуын, қол қойылуын тексереді.

Тауарлық конторада АРМ ТВК жүйелік бағдарламасы орнатылған болса, тасымалдау құжаттарымен байланысты барлық операциялар, яғни, визалау, таксировкалау, жеткізу мерзімін анықтау автоматтандырылғыан тұрғыда орындалады.

Таксировкалау дегеніміз – шаруашылық (тиеу, жуу, тазалау және т.б. техникалық операциялар ) операциялар үшін төлемақыны есептеу.

Жүк және жүк-багажды тасымалдау бойынша ақыны төлеу

Жүк тасымалдау Ережесіне (Правила перевозок грузов) сай жүк жөнелтушісі жүкті станцияға қабылдамай тұрып, тасымал үшін ақыны төлеуі қажет. Егер белгісіз себептермен ЖЖ тасымал үшін ақыны төлемесе, онда вагон немесе контейнер тиеуге берілмейді.

Төлеу банкке барып төленеді, немесе тауарлық контораға ақшалай төленіп, әр түрлі теміржол қызметтер үшін РС-97 формалы квитанциясы беріледі.

Тасымал үшін және басқа да қосымша операциялар үшін соңғы төлемдер ЖҚ-мен қабылдау станциясында есептелініп, төленеді. Уақытылы төленбеген жағдайда, тасымалдаушы ЖЖ және ЖҚ үшін айыппұл төлеткізеді.