Ибраһим а.с нің отбасы мен Меккеге келуі және кағбаның құрылысы.

Мекке қаласы сол аймақтаға басқа қалалрға қарағанда ерекше маңызы бар қала.

Құранда бұл қаланы ‘ Үмм әл-Қура‘ (шаһарлардың анасы) деп айтқан. Әнғам сүресінің 92- аятында: «Бұл (Құран) кенттердің анасы Меккеліктерді, маңындағы адамдарды үгіттеуің үшін біз саған түсірген өзінен бұрынғыны растаушы құтты бір Кітап. Сондай ақыретке сенгендер, бұған сенеді де, олар намаздарына сақтық істейді».

Мекке қаласының айналасы түгел тау, қалаға кіретін жолдардың тар болуынан, шапқыншылардың басып келуі оңайға соқпайтын бір қала етін. Бұрыннан Йемен мен Шамға, керісінше Шамнан Йеменге аттанған керуендердің кездесіп айрылысатын орталығы еді.

Әзіреті Исмаилдың Меккеге келуі былайша болған:

Әкесі Ибраһимнің отқа тасталу оқиғасынан кейін, Ирақ жағынан Палестинаға келеді.

Жұбайлары Сара менен Ажардың арасындағы кикілжіңнен кейін, Ибраһим пайғамбар Ажарды ұлы Исмаилмен Меккеге алып, қазіргі кағбаның орнына жақын ыңғайлы бір жерге қояды. Азын аулақ азықтарын тастап Ибраһим пайғамбар кері қайтады. Артынан Ажар ана , «ей Ибраһим біздерді сусыз елсіз жерге қалайша тастап кетесің?», деді. Жауап болмағасын, «бұл Алланың бұйрығыма?», деп дауыстайды. Сонда Ибраһим пайғамбар, «иә», деп жауап қатады. Сонда Ажар ана олай болса, «бізді жоғалтпайды екенсің», деп жауап береді.

Сол кезде Ибраһим “Раббым! Осы Мекке қаласын бейбіт қыл! Мені және ұлдарымды пұттарға шоқынудан ұзақ қыл!” (Ибраһим 35)
Ибраһим пайғамбар ол екеуінен алыстағасын, «“Раббымыз! Ұрпақтарымның кейбірін егінсіз ойпатқа, құрметті үйің (Қағба)ның жанына орналастырдым. Раббымыз! Олар намазды оқитын болсын! Енді адамдардың көңілін оларға ауатын қыл! Сондай-ақ оларды, жемістермен ризықтандыр! Әрине олар шүкіршілік етер”»[3], деп дұға жасайды. Біршама уақыт өткенен кейін ана-баланың нан суы бітіп, Ажар ана жақынындағы «сафа» тауына шығып жан жаққа қарайды, ешкімді таппаған соң түсіп «маруа» деген тауға шығып атрапқа көз жүгіртеді. Осылайша су іздеп екі таудың арасында тез жүріспен жеті рет барып келеді. Баласының қасына қайта оралған кезде табанының астынан су атқылап шыққанын көріп қатты қуанады. Су бар жерде өмір бар демекші, суды тоқтатып,ары бері өткен керуендерден тамақ алып жеп жан сақтайды. Судың (замзам) айналасына ел қоныстанып, алғаш Журһум тайпасы орналасады. Уақыт өте өздерінен бұрын Меккені басқарған Амалика тайпасын ығыстырып Журһумдықтар билікті қолға алады.Исмаил Меккенің Журһүм тайпасының арасында өсті .Сол қаумнан арапша үйренді. Сол тайпаның көсемінің қызына үйленіп, бала шағасы журһүмдықтармен араласып кетті. Исмаилдің ұрпақтарын араптасқандар деп, солтүстік араптар солардан тарайды. Кейіннен Исмаил пайғамбардың ұрпағынан Аднан атты кісі тұылып, сол кісінің атымен Аднанилер деп аталып кетті.

Ибраһим а.с. Ажар анамен ұлы Исмаилді анда-санда келіп көріп тұратын. Бір келгенінде, Ибраһим а.с. ұлы Исмаилге,” Ей Исмаил, Алла тағала осында бір құлшылық орнын салуға әмір етті“, дейді. Сөйтіп сол жерде кағбының ескі ірге тастарының үстіне құрылыс жасайды. Бұл жайлы құранда мынадай аят бар: «Сол уақта ИбраҺим мен Исмаил (А.С.) үйдің (Қағбаның) ірге тасын көтере: «Бізден қабыл айла, күдіксіз Сен тілекті тым естуші, толық білушісің.» (127)

«Раббымыз, екеумізді де өзіңе бой ұсынушы қыл, ұрпақтарымыздан да өзіңе бой ұсынушы бір үммет қыла көр, әрі бізге хаж амалдарымызды көрсетіп, тәубелерімізді қабыл айла, әлбетте Сен өзің тәубені қабыл етуші, ерекше мейрімдісің!» (128)

«Раббымыз ұрпағымыздың ішіне өздерінен, оларға аяттарыңды оқитын, Кітапты әрі үкімдерін үйретіп, оларды тазартатын бір елші жібергейсің, күдіксіз Сен өзің ғана аса үстем, өте данасың» (деп жалбарынды. ИбраҺим А.С. ның тілегі бойынша Мұхаммед А.С. елші болып келді. (129)[4]

Кағбаның құрылысы аяқталғаннан кейін, Алла тағала Ибраһим пайғамбарға жұртты кағбаны тауаф етуге шақыр деген уахи жібереді. Ибраһим пайғамбардың заманында қажылық парыз болып, Мекке қауіпсіз қала атанып, осы уақытқа шейін әлемнің мұсылмандары қажылық міндеттерін орындап келуде. Ибраһим пайғамбар дүние салған соң байтулланың қызметін ұлы Исмаил жалғастырды.

 

3.2. Тайпалық өмір және әлеуметтік таптар.

 

Тайпа– қандас туыстардан тұратын әлеуметтік және этникалық бірлестік. Араб түбегінде исламнан бұрын ел тайпалық мәдениетпен өмір кешіретін. Тайпа -ұзақ және жақын туыстық және рушылдық қарым қатынастардан құралатын. Бұл рушылдықты арапта «асабия» деп атайды. «Асабия» - кінәлә болсада туысы, немесе руласы болғандықтан оған жақтасу, болысу деген мағнаны береді. Пайғамбарымыз: « бір кісі хақсыз болсада оған тайпаластарының көмектесуі»[5] деп мұндай рушылдықты исламға қайшы екенін ескерткен. Арабтар ата баба шежіресіне ерекше көңіл бөліп, ата жағының тізбегін жатқа білетін болған. Тайпа арасында бақталастықта орын алып тұратын.

Арабтарда тайпалар отырықшы және көшпелі болып екі түрлі бөлінетін. Мекке, Мәдина, Таиф тұрғындары отырықшы тайпалар санатына өткен болатын. Мәдина және Таиф қалаларының табиғатыжайлы болғандықтан, олар егінмен айналысып күн көретін. Ал Меккеліктер табиғаты егінге қолайсыз болғандықтан, олар саудамен айналысатын болған. Осылайша отырықшы арабтар ауыл шаруашылығымен, сауда және өнеркәсіппен айналысатын. Көшпенді арабтар шөлейт аймақтарда, таулы мекендерде өмір сүргендіктен, олар саятшылық және қарақшылыұ пен айналысатын еді. Көшпелі немесе отырықшы болсын түгелі тайпалық негізде өмір сүретін. Отырықшы және көшпелі тайпалардан басқа тағы жартылай көшпелі арабтарда бар еді. Олар сауда керуендерінің қонақтайтын аумағына жақын жерлерде орналасқан ауылдарда тұратын.

Қай тайпаның мүшесі болса да өзінің тайпасының мүддесін көздейтін еді. Бұл ұстаным тайпаның барлық мүшелерінің ауызьіршілігін оданда күшейте түсетін. Сол кездерде«қанға қан» және құн мәселесіде белең алған еді. Тайпадан бір кісі өлтірілсе, туыстарының барлығы өш алу мақсатында жұмыла харекет жасайтын болған. Арабтарисламнан бұрындазулқағда, зулхижжа, мухаррам және режеб айларын харам айлары есептегендіктен, сол айларда соғыспайтын болған.Сол айларда соғыса қалса ол соғысқа «фижар соғысы» деп айтатын болған. Фижар соғысы харам айларында майданда болатын соғыс. Пайғамбарымыз Мұхаммед с.а.у.алғашрет фижар соғысына пайғамбарлықтан бұрын қатысқан[6].Сол айларда соғысуды жалпы «жаман боладыға» жорыған.

Арабтарда тайпа мүшелері бірнеше тапқа бөлінген. Олар азат, құл және мәуали деп аталатын. Азаттарда шарифтер және ауамдар (бұқара халық) болып екіге бөлінді. Байлар, қолбасшылар,хатиб және балгерлер жоғары санатқа жатып, аларды «ашраф» деп атайтын болған. Ал қалғандар ауам болып есептелетін. Құлдар мен күңдер жәрменкелерде сатылып алынатын. Иелері қайтыс болған жағдайда құлдар мен күңдер мұра ретінде жақындарына қалып отырған. Оларды неше түрлі жұмыстарға пайдаланатын. Негізі құлдар соғыстарда тұтқынға түскен еріксіз кісілер болып саналып, базарда зат ретінде сатылатын.

 

 

Оларды бір бірімен үйлентіріп, олардан туғандарда құл болып қала беретін. Бір құл немесе күң өз құнын еңбегі арқылы өтеп азат болу құқығына ие болатын. Сондай құлдарды «мәуали» деп атайды. Демек « мәуали» азат кісілер мен құлдар арасындағы қоғамдағы орны бар кісілер. Оларды ешкім саудаға салмайтын.

Бірақ мұрагерлік мәселесінде олар азат кісілер секілді құқықтарға ие емес еді.

Тайпа ішінде түрлі жолдармен туыстық қарым қатынас жасалатын, сыртқада ашық болып,тайпадан кетсе немесе қуылса басқа тайпаға қосылуға мүмкіншілігі бар еді. Тайпа ішінде бір бірімен келісу, серттесуді «хилф» деп атайды. Соғыс кезінде тұтқынға түскен сатылса, немесе азат етілсе ол құлмен «уәла» туыстығы құрылатын. Ресми қорғауына алғанды «жәр» деп атаған. Ал азат етілген құл сол тайпаның «мәуласі» болып есептелген.

Тайпаның көсемін сайлар кезде, оның жомарттық, қаһармандық секілді қасиеттеріне қараған. Ол кісіні «сәййид», «шейх», «мәлік», «әмир» деп шақырған. Көсемдік атадан балаға мұра емес, бәлкім жоғарыда талап етілген қасиеттерге қарай сайланған. Сайланған көсемнің айналасында ақылдастар алқасы құрылып оларды «Мәлә» деп атаған. Бұл ақылдастар алқасы Қусайдың қарамағында болып, «даруннадуа» деген жерде жиналатын болған. Сол алқа жиналысында Меккенің барлық мәселелері шешілетін болған[7].

 

Піл оқиғасы

Йеменде милаттан бұрын 1400- 600 і жылдар арасында Мағиндіктер үкім сүрген.

Мағиндіктер патшалығынан кейін 750- 115 жылдар апасында «Сәбәғ» патшалығы құрылады. Пұл патшалықта Химярилер тарапынан құлатылады. Қаһтани арабтарына жататын Химярилер 115- милаттан кейін 525 жылдар арасында өмір сүреді. Химярилер Зуннуас қыралы заманында Яһуди дінінде болатын. Сол уақыттарда Йеменнің солтүстігінде Нажран аймағында хрестиандық жайыла бастайды. Бұл дін ол жерге Эфиопия тарапынан келген болатын. Эфиопияға қосылып кетуінен қорққан Зуннуас солтүстіктегі хрестиандарға, не Мұсанын дініне өтесіңдер , не болмаса көздерін жоятынын білдіреді. Нажрандықтар Мұсанын дінін қабылдағандарды аман алып, қалғандарын өртеп жібереді. Сол қырғыннан бір кісі құтылып Эфиопия патшасына барып мән жағдайды баяндайды. Патша Эряд атты қолбасшыны әскерлерімен Зуннуасқа жібереді. Сол әскердің қатарында Абраһада орын алған болатын. Сол шайқаста Зуннуастың аскері жеңіліп патша суға батып өледі. Осылайша Химяр патшалығы құлап Эряд Йеменді Эфиопияның қарамағына қосады.

Уақыт өте Эряддың көмекшісі болған Абраһа, орталарында шыққан бір келіспеушілік себебімен соғысып оны жеңіп басшылықты қолға алады. Сөйтіп Эфиопия патшасына хат жолдайды. Сол хатта, теңдесі жоқ бір құлшылық үйін соғатынын, арабтардың түгелін қажылық жасап келген кағбасынан бас тартып сол үйге келіп тауаф жасайтынын қамтамасыз ететін айтады. Эфиопия патшасы Йеменде тағы бір ішкі қақтағыстың алдын алу мақсатында, Абраһаның арызын қабылдап, оны Йеменге Үкімдар етіп жарлық шығарады. Абраһа Сананың қаласының қасынан «Қуллайс» атты құлшылық орнын салдыртады. Сөйтіп жаппай халықты сол үйге келіп тауаф жасауға бұйырады. Бұл жағдай көршілес араб елдерінің наразылығын тудырады. Кинана тайпасынан бір кісі Сана ға келіп әлгі үйдің ішіне кіріп дәрет сындырып, нәжісімен дуалдарын бұлғап кетеді. Мұны естіген Абраһа кағбаны қирату үшін эфиопиялық құлдарды алдына пілдерді қосып Меккеге жылжиды.

«Раббым оларға қарсы сенен басқа ешкімнен көмек сұрамаймын,бұл қасиетті орынды өзің сақтағайсың, кағбаның дұшпаны сеніңде дұшпаның» Абдулмутталибтің дұғасы.
Меккеге жақындап келіп қурайштын мал мүлкін талан тараж етіп, Абдулмутталибтің екі жүз шақты түйесін алып, бір жерге барып қоныстайды. Сөйтіп Абраһа Меккенің басшысы болған Абдулмутталибке хабар жолдап хұзырына шақырады. Абдулмутталиб келген соғ оған, “мен сендерменен соғысуға емес, кағбаны қиратуға келдім, қарсы шықсаңдарғана сендермен шайқасамын” дейді. Сонда Абдулмутталиб, “ біз сенімен соғысуға әліміз келмейді, менің түйелерімді қайтарып берсең болғаны “ дейді.

Сонда Абраһа “сенің айбатыңнан үркіп едім, бірақ сұрап тұрғаныңа қарап таң қалдым, кағбаны қойып, өз малыңдығана сұрадыңғой “ дейді.

Мутталиб патшаға айтты: «Ей, шаһрияр,