ижреттің қоғамдық және мәдені маңызы

Пайғамбарымыздың және мұсылмандардың Меккеден Мәдинаға қоныс аударуының ислам тарихында ерекше орны бар. Меккедегі мушриктердің дұшпандығынан көшуге мәжбүр болған пайғамбарымыз, Мәдинаға қоныс аударып ол жерде ислам қоғамының ірге тасын қалады. Мұсылмандар бар мал мүлкін Меккеге тастап келген болатын. Сол себептен муһажирлердің жағдайы алғаш кезде нашар болды. Бірақ ансарлардың қолдауымен қысқа уақыт ішінде өздеріне келіп алды. Ансарлардың муһажирлерге көрсеткен көмегі құранда да келеді. «Иман келтіргендер, һижрет еткендер, Алла жолында соғысқандар, мұһажірлерді орналастырып, көмек еткендер, міне бұлар; нағыз мүміндер. Оларға жарылқау және көркем несібе бар. (74)»[54]. Пайғамбарымыз мәдинаға келіп, жергілікті басқа дін өкілдерімен әділ де тату тәтті өмір сүретін бір қоғамның ірге тасын қалады. Басқа дін өкілдеріде исламның аясында бейбіт өмір сүре білді. Исламға дейін соғысып келген неше түрлі тайпа аралық кикілжіңдерде тоқтады. Бұл мәселе құран кәрімде былай келеді. «Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер. Сондай-ақ өздеріңе Алланың берген нығметін еске алыңдар. Өйткені: Бір-біріңе дұшпан едіңдер, жүректеріңнің арасын жарастырды, Оның игілігімен туысқа айналдыңдар. Оттан бір шұңқырдың ернеуінде едіңдер, сендерді одан құтқарды. Осылайша Алла сендерге аяттарын тура жолға түсулерің үшін баян етеді»[55].

Мұсылмандар Мәдина қаласында яһуди және хрестиан дінінің өкілдерімен бір арада өмір сүре бастады. Әр дін өкілі өздерінің сал дәстүрлерін еркін орындап, ешқандай кедергісіз күн көре бастады. Осылайша әлем халықтарына бір қоғамда бір неше дін өкілінің бейбіт өмір сүру моделін көрсетті. Һижрет- араб түбегінде ұлтаралық қарым қатынастың көпірі болды десек артық болмайды. Соның аясында Ислам діні жан жаққа тарады. Мәдинаға жасалған һижреттің берген оң нәтижелері, ислам тарихында үнемі есте қалуымен маңызды. Сондықтан хәзіреті Омар өзінің Халифалық кезеңінде мұсылманша жыл санағын һижретке негіздеді.

 

МЕККЕ КЕЗЕҢІНІҢ ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ КЕСТЕСІ

Хира ,үнгіріндегі алғашқы уахи . Алақ сүресінің бес аятының түсуі.  
Исламға жария дағуат. Туыстарының дінге шақыруы.  
Мушриктердің әлсіз мұсылмандарға жасаған шабуылдары.  
Эфиопияға алғаш Һижрет.  
Эфиопияға екінші Һижрет. Хамзаның мұсылман болуы. Омардың мұсылман болуы. Пайғамбарымыз және мұсылмандардың Даруларқамнан шығуы. Мұсылмандарға жасалған экономикалық бойкоттың басталуы.
Бойкоттың тоқтатылуы.  
Әбу Талиб пен Хадиша анамыздың қайтыс болуы(Қайғы жылы). Пайғамбарымыздың Зайд ибн Харисә мен Таифқа сапары және Мутғим бин Адидің қорғауында Меккеге қайтуы. Қажылық кезінде Мәдиналық Хазраж тайпасынан келген бір топтың Ақабада мұсылман болуы.    
Исра және Миғраж оқиғасы. Бес уақыт намаздың парыз етілуі. Бірінші Ақаба келісімі және Мусғаб бин Умайрдың Мәдинаға муғалім ретінде жіберілуі.  
Екінші Ақаба келісімі. Мұсылмандардың Мәдинаға Һижрет ете батауы. Мушриктердің Даруннадуада пайғамбарымызды өлтіруге шешім қабылдауы. Пайғамбарымыздың Әбубәкірмен Сәуір үнгіріне паналауы. Сәуірден шығып Құбаға келуі. Құба мешітінің құрылысы. Рануна алқабындағы алғаш жұма намазын оқып сол күні Мәдинаға кіріп келуі.  

 

 


[1]Ахзаб 21

[2]Хайбардың айналасында орналасқан ойпат

[3]Ибраһим 37

[4]Бақара 127-129

[5]Әбу Дауд «әдеб»

[6]Фиқһ ас Сира 5.2 Мухаммад Ғаззали

 

[7]Филипп К. Хитти . Ислам тарихы 1- том 97-98 бет

[8]Шәді төре Назым сияр шариф

[9]Фил сүресі

[10]Нахл 57* 59

[11]Такуир 8-14

[12]Анкабут 67

[13]Құрайш сүресі

[14]Нәжм сүресі 9-20

[15]Нух 23

[16]Хасан Ибраһим Хасан. Ислам тарихы. 92- 93 бет

[17]Зумәр 3

[18]Әнғам 161

[19]Әли имран 96

[20]Бақара 125

[21]Бақара 217

[22]Ахмад бин Ханбал. 1 кітап 317 б

[23]Шәді төре Жәнгірұлы 33 бет

[24]Шәді Төре 37 бет

[25] Шәді Төре 45 бет

[26]Табақат әл- Кубра 1 том 116 бет

[27]Хижр 76

[28]Терең ой

[29]Духа

[30]Анғам 124

[31]Алақ сүресі 1-5 аят

[32]Хижр94

[33]Шағара 214

[34]Анбия 98. 99

[35]Ибн Һишам Сиратуннаби 1 том 315-316 б

[36]Кафирун сүресі

[37]Бақара 170

[38]Зухруф Зухруф 31- 32

[39]Ибн Сағд Китабуттабақат 1. 204-205

[40]Ниса 171

[41]Мұстафа Асим Көксал, ІІ том. 116 б.

[42]Тарих Табари. ІІІ том 105 б.

[43] Фиқһуссира Рамазан Бути

[44] Тарихи Табари 3. Том 109 бет

[45] Исра 1

[46] Ибн Һишам сирату н – Нәби 2 том 93 бет

[47] Ибн Һишам сияруннәби том2, 103 б

[48] Ибн Һишам сияруннәби том2, 103 б

[49] İbn Sa’d, Kitabü’t-Tabakat, том 1, б. 226.

[50] Ибн Һишам Сияр нәби 2 том 147 бет

[51] Тәубе сүресі 40, аят

[52] Бухари Тәжрид Сарих 10 т, 119 б

 

[53] Тәуба 108

[54] Әнфал 74

[55] Али имран 103