Хира үнгіріндегі күндер

Пайғамбарымыз қырық жасына толған кезінде, қоғамның бүліктерінен алыс болу үшін жалғыз қалуды жақсы көретін. Атасы Абдул Мутталиб және басқада ханифтер секілді рамазан айында Меккенің қасындағы «нур» тауының үнгіріне барып хәлуетте болатын еді. Сол жерде құлшылықтарын жасап, тафаккурге[28] берілетін. Арасында қалаға түсіп азық түлігін алып хира үнгіріне қайтып оралатын еді. Қоғамның діннен алшақ болу пайғамбарымызды қатты қайғыға дұшар ететін. Өйткені балалық шағынан «ханиф» болып өмір кешірген. Елдің болашағы жайлы көп ойланып, бірақ бұл жаман мінез қылықтардан елді қалай құтқару жолын таппай тығырыққа тірелген еді.Бұл жағдайды ескерте Құранда: « Ол сені нестеріңді білмей дал болған кезіңде тауып, тура жолға салмадыма?»[29], деп келген. Пайғамбарымыздың бұл тафаккур хәлі уахи келгенше жалғасты. Уахи келгенше кейбір түрлі түстер көрді. Бұл пайғамбарлыққа дайындық болатын. Алла тағала адамдар арасынан қалағанын пайғамбар етіп таңдайды. Құранда

«اللهُ أَعْلَمُ حَيْثُ يَجْعَلُ رِسَالَتَهُ», « Алла тағала пайғамрлықты кімге беруді жақсы біледі»[30], деп бұйырды. Осылайша соңғы пайғамбарды жіберілді.

Алғашқы уахи

Пайғамбарымыздың өмір сүрген кезінде жалпы әлемде діни, саяси және мәдени ахуал тығырыққа тірелген еді. Сол уақыттың екі алпауыт мемлекетінің бірі, Византия қиын кезеңін бастан кешіріп жатқан болатын. Таққа талас, жай халық пен әскери әкімшілікте тәртіпсіздік, ағымдар арасындағы қарама қайшылық қоғамдаңы тұрақсыздыққа себеп болып еді. Араб түбегіне көрші болған Ирандағы Сасани мемлекеті де Византиямен талас тартыс халінде өмір кешіретін. Отқа табынып, оны қасиетті санап, құлдық етек алып, әйел затының құқықтарын аяқ астына етуден ерінбейтін. Араб түбегіде мәз емес, надандық пен ахлақи күйзеліске белшесінен батып, Алла тағаланың шариғатынан мүлдем алшақтаған бір қоғам өмір кешіретін. Нәпсілеріне бой алдырып, Жаратушыны ұмытып, орнына пұттарға табынатын. Бірін бірі аямай, зұлымдық әдетке айналып еді. Әділдік, туралық, мейрімділік секілді адами қасиеттер жоғалып, елдің діни ұстанымдары пайғамбарымыздың қабырғасына батып еді. Мұндай бұзылған қоғамнан пайғамбарымыз алыстау тұруға тырысатын. Жылдың белгілі бір уақыттарымен рамазан айында, меккенің солтүстігінде орналасқан Хира үнгіріне халуетке кіріп, терең ойларға бататын еді. Бұл тыныш жерде, елдің қателіктерін түзеудің жолдарын іздеп, түрлі күтілмеген ғажайып хәлдерге куә болып, ұйықтап кеткенде түрлі түстер көретін. Көрген түстеріде өңінде кездесіп жататын. Пайғамбарымыз 610жылдың рамазан айында, дуйсенбіге қараған түн хирада халуетте отыратын. Таңға жақын бұрын соңды көрмеген бір жаратылыс оған «Оқы», деді. Сасқалақтаған пайғамбарымыз, «мен оқи алмаймын», деп жауап берді. Бейтаныс махлұқ тағы келіп «Оқы», деді, Пайғамбарымызда , «мен оқи алмаймын», деді. Жабраил үшінші кез, «Оқы!», дегенде, «не оқимын», деді, сонда «Алақ» сүресінің алғашқы бес аятын оқыды: «Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы! (1) Ол, адам баласын ұйыған қаннан жаратқан. (2) Оқы! Ол Раббың аса ардақты. (3) Сондай қаламмен үйреткен. (4 Ол, адамзатқа білмеген нәрселерін үйреткен. (5)[31] Жабраил бұл аяттарды оқығасын, көзден ғайып болады. Пайғамбарымыз уахи етілген аяттарды қайталап, қорқа дірілдеп үйге қайтады. Хадиша анамызға келіп үстін жабуын айтып, оранып жатып алады.Өзіне келген соң Хадиша анамызға бастан аяқ айтып береді. Хадиша анамыз сонда мынадай сөздермен көңілін жай тапқызады. “Сен арқашан жақсылық жасаушы, жомарт адамсың, кедей кепшікпен мұң мұхтаждың қасынан табыласың. Осындай кісіні Алла тағала тастап қояма? “, деп жуатады. Содан Уарақа бин Науфальға апарып, жақдайды баяндайды. Ол кісі инжіл мен тауратқа сауатты,еврей тілін білетін ханиф бір кісі еді.Уарақа: « Көргенің Мұсаға уахи келтірген Жабраил екен, сені қаумың Меккеден қуады. Құрайшта өзін беделді санап жүрген пайғамбарымыз, «сонда бұл қалай болғаны», деп таңырқанады. Сонда Уарақа: "иә солай, уахи келген әр кісі дұшпандыққа дұшар болған, егер өмірім жетсе мен саған көмектесемін ", дейді. бірақ көп ұзамай қайтыс болады. 2. Уахидің үзіліп қалуы және қайта бастамасы.“ Пайғамбарымызға түскен «Алақ» сүресінің бес айтынан кейін уахи үзіледі. Одан кейінде бір шама уақыт тоқтап қалады. Қайта сол үнгірге барып, жабраилді тосады. Күндер мен апталап өтеді, бірақ уахидан хабар жоқ. Уахидің тоқтап қалған кезеңін «Фатрат”ул– Уахи» деп аталады. Пайғамбарымыз уахи келмеген соң, сары уайымға беріледі. Сонда мені тәрк еттіма деген жаман ойменғ, үнгірге қайта барады. Үнгірге барып қайтар кезінде баяқы қанатты махлұқты тағы көреді. Қорыққан пайғамбарымыз үйіне келіп оранып жатқан кезінде, Жабраил: «Әй жамылушы! (1) Тұр енді! Адамдарға ескерт! (2) Раббыңды ұлықта! (3) Киіміңді тазала! (4 Әр түрлі лас істерден аулақ бол! (5) (Қылған ісіңді) көп міндет қылма. (6) Раббың үшін сабыр ет. (7)» , деп бұйырады. Осылайша пайғамбарымыздың іс жүзіндегі дағуаты басталады. 3. Алғашқы дағуаты және бірінші мұсылмандар. Баста дағуат әмірін алған пайғамбарымыз дінге шақыруды жасырын бастайды . Отбасы және жақындарына, сөзіне иланатын кісілерден бастайды. . Алғашқы иман келтірген кісі Хадиша анамыз болып есептеледі. Меккелік мүшріктердің мазақ етуіне қарсы жұбайына жубаныш айтқан кісіде сол Хадиша анамыз болатын. одан кейінгі иман келтірген кісі Әбу Талибтің ұлы әзіреті Али. Әбу Талибтің отбасы жағдайы нашар болғандықтан Али пайғамбарымыздың қамқорлығында болатын. Бір күні Хадиша анамыз бен Пайғамбардың намаз оқып жатқанын Али байқап қалып нестеп жатқанын сұрайды. Пайғамбарымыз оған ислам жайлы айтып берген соң, әкесінем ақылдасуға рұхсат сұрайды. Ол ертесіне келіп иман келтіреді.Сол кезде Али он жасында болатын. Зайд ибн Харисте Исламды алғаш қабылдаған кісілерден. Зайд Пайғамбарымыздың азат етілген құлы болатын. Осылайша пайғамбарымыздың қыздары да иман келтіріп, отбасы түгелімен мұсылман болады. Әбу Бәкірде алғаш мұсылмандардан. Бай бәдәулет болған Әбу Бәкір пайғамбарымыздың бала кезден досы еді. Сол себептен еш күмән келтірмей иманға келеді.   Осма бин Афуан, Зубайр бин Ауам, Сағд бин Әби Уаққас,Абдуррахман ибн Ауф,Талха бин Убайдулла секілді кісілер Әбу Бәкірдің себебімен пайғамбарымыздың хұзырына келіп мұсылман болған кісілер. Бұл сахабалар Ислам тарихындағы алғаш мұсылман болған кісілер деп аталады. Есебі отызға жеткен мұсылмандардың дені, жастар, құлдар мен әйел кісілер болатын. Құлшылықтарын жасыра жасайтын еді. Текқ пайғамбарымызғана кағбаға барып мүшриктердің мазағына қарамай намаз оқитын еді. 5. Дағуаттың жайылуы және нәтижлері Пайғамбарымыздың жасырын дінге үгіттеуі (610-613) үш жыл жалғасын тапты. Саған берілген бұйрықты ашық ұқтыр да серік қатушылардан бет бұр. [32] Жақын ағайындарыңа ескерт! [33] Аяттары түскен соң жария дағуат басталды. Пайғамбарымыз туыстарын дінге шақыру мақсатында ас береді. Асқа пайғамбарымыздың көкелері, апайлары және басқада туысқандары қатысады. Астан соң пайғамбарымыз сөйлемей тұрып, Әбу Ләһәб: “өз туыстарына жамандық алып келген сендей кісіне көрмеппін “, деп орнынан тұра жөнеледі. Артынан қалған кісілерде таралып кетеді. Пайғамбарымыз біраз уақыт өте қайта туыстарын тамаққа шақырады. Тамақтан соң пайғамбарымыз: “Өз қаумына менен артық хайырлы бір нірсе алып келген кісіні көрмедім“. Мен сіздерді екі кәлимаға дағуат етем, ол Алладан басқа Иләһ жоқ, мені сол Алланың Құлы және елшісі екеніме иман келтіріңіздер”, дейді. Мен сіздерге және барша адамзатқа жіберілген пайғамбармын, маған кім иман келтіріп жаннатқа кіргісі келеді?, дейді. отырыстағылардың біразы қолдап, Әбу Ләһәб:“Бұл бір бәле, жамандық, кім бұған ерсе, абыройдан айрылады, егер қолдайтын болсаңыз өлтіреміз”, дейді. Артынан тағы таралып, пайғамбарымыздың туыстарын дінге шақыруы нәтижесіз аяқталды. Біраз уақыт өткеннен кейін пайғамбарымыз Меккеліктерді жалпы дінге шақыру мақматында сафа тауына шығып: “Ей қаум! Егер осы таудың артқы жағында шапқалы дұшпан тұр десем иланасыздарма? “, дейді. Сонда олар, «иә, сен еш уақыр өтірік айрпаған кісі едің», дейді. Олай болатын болса, « Алла мені, сіздерді құтқару үшін, жаман істерді қайтару үшін келдім. Сол жерде болған Абу-Ләһаб пайғамбарымызды тоқтатып былай деді: «осы мағынасыз сөздер үшін бізді жинадың ба?»- деді. Сөйтіп сонда жиналғандар Абу-Ләһабтің соңынан еріп кетті. Сонымен Пайғамбарымыздың осы жолға жария дағуаты нәтижесіз болды. Иә, Алла, пәк есімің Хаййу Дана, Халқ еттiң махлұқаттың бәрiн және. Досыңа уахи келген оқиғасын, Айтуды айлағайсың асан маған. Расулдың жас шәрифi қырыққа келдi, Көрiнген тас, ағаштар сәлем бердi. Ғайыптан неше түрлi сөз есiтiп, Түсiнде алты айғаша әр не көрдi. Мұнымен алты ай һәм тамам болды, Бiр күнi ғар Хираға Расул барды. Сол жерде жалғыз өзi отырғанда, Көздерiн ғалаба қып , ұйқы алды. Жәбірейіл сол мезгiлде келдi жетiп, Оятты пайғамбарды бiр тербетiп. Қараса атырабында еш адам жоқ, Көздерiн және кеттi ұйқы елтiп. Жәбірейіл Пайғамбарға және келдi, «Тұрғын деп иә, Мұхаммед» дауыс бердi. Оянып атырабына назар салып, Кейпiнде адамзаттың бiреу көрдi. Ол адам тысқарыға кеттi жүрiп, Орнынан Мұхаммед һәм барды тұрып. Сапа мен Маруа таудың арасында, Бiр мәрте бойын жазды пәруаз қылып. Көтермей аяқтарын жерде еттi, Аспанға өз аяғынан басы жеттi. Күншығыс, күнбатыстың баршасын һәм, Жазғанда қанаттары алып кеттi. Пайғамбар назар салып көрдi оны, Бар едi алты жүз мың қанаттары. Төрт бұрышын бұл дүниенiң басар едi, Егер де жерге түссе жалғыз фәри . Бар едi шұғылаланған жүзiнде нұр, Мунаққаш ағзасында бiрнеше түр. Перiште, мәләкуттың iшiнде һәм, Көрмекке сұлулықта артықша-дүр. Мұхаммед назар салып мұны көрдi, Көңiлiне ұзындығы тахсин келдi. «Көрмеген қандай түрлi адамсыз?» – деп, Пайғамбар әдеп бiрлән дауыс қылды. Ол айтты: «Мен Жәбірейіл сөзiм тыңда, Алланың пәрменiмен келдiм мұнда. фазлымен Алла сiзге мейірім етiп, Пайғамбар мабғус еттi инс-у жинға ». Мұны деп қанатынан хат шығарып, Расулға оқығыл деп бердi алып. Жәннаттың хариріне жазып едi, Деп айтты: «Оқымаймын хатты танып». Жәбірейіл Мұхаммедке келдi жетiп, Бiр сықты қанатымен берік етiп. Алдына Пайғамбарды отырғызып, «Харирді оқы» дедi және көрсетiп. Деп айтты: «Оқымаймын хатты танып, Жасымнан көргенiм жоқ мектеп барып. Iшiнде бұл харирдың жазуы жоқ, Қолға алып қарағанмен назар салып». Жәбірейіл тәбәссум қып және барды, Расулды қанатымен қысып алды. «Бұл хатты ия, Мұхаммед, оқығын» – деп, Алдына ол харирды әкеп салды. Пайғамбар бiлмеймiн деп аузын ашты, Үшiншi қолтығына және басты. Бұл сапар сыққанында Мұхаммедтiң, Сынуға қабырғасы жақын қалды. Харирды оқығыл деп және бердi, Қолына Расул Һуда алып көрдi. «Иқраның» Құрандағы сүрелерi, Өзiнiң тәртiбiмен жазған едi. Жәбірейіл бiр аяғын жерге ұрды, Бiр бұлақ жари болып шығып тұрды. Үйреткен тәлiмiмен дәрет алып, Жәбірейіл имам болып, намаз қылды. Осындай неше түрлi жол көрсетiп, Өзiнiң мекенiне қалды кетiп. «Көзiме бұл көрiнген жын ба екен?» – деп, Пайғамбар ойлар едi пiкiр етiп. Меккеге Расул Һуда қайтып барып, Жығылды бихуш болып естен танып. «Тонымды ия, Хадиша, бүрке» – дедi, Бұл көрген iстерiне қайран қалып. Деп айтты: «Ия, Хадиша, тыңда сөзiм, Ғажайып бiр нәрсенi көрдi көзiм. Жәбірейіл мәләкпiн деп хабар бердi, Сескенiп ойланамын жын деп өзiм». Хадиша пайғамбардан мұны бiлiп, Бiлдiрдi осы сөздi изһар қылып. «Көңiлiңiз ия, Мұхаммед, ренжiмесiн, Жын, перi бола ма деп, қиял көрiп. Екiншi, ол махлұқат көрiнгенде, Сол заман бiлдiрiңiз айтып маған. Алдына өз басымды жалаңаштап, Шығарып көрсетемiн шашымды оған. Шаш көрсе перiштелер қарап тұрмас, Ол жерге екiншi рет қадам ұрмас. Әйелдiң әурет жерi ашылғанмен, Сескенiп жын, перiлер пәруа қылмас ». Көңiлiне бұл сөздi айтып қуат бердi, Ол ғарға Хадишамен Расул келдi. Екеуi қарар алып отырғанда, Жәбірейіл Хақ әмiрiмен көктен ендi. Расулдың қатарына тұрды келiп, Бiлдiрдi Хадишаға хабар берiп. Пердесiн басындағы ашып едi, Жәбірейіл ғайып болды, шашын көрiп. Расулдан көрдiң бе деп, жауап сұрады, Пайғамбар кеткендiгiн мәлiм қылды. Хадиша сүйiнгеннен нағра тартып , Фәрияд қып Мұхаммедке өзiн ұрды. Дер едi дауыс қылып «Ия, Мұхаммед, Расулдық құтты болсын, болыңыз шад. Ақырдың пайғамбары сiз болдыңыз, Айлаңыз көңiлiңiздi ғамнан азат». Шаттанып әртүрлi сөз айтар едi, Тәуратта көргендерiн хабар бердi. Кәпiрдi дағуат етiп, дiнге салып, Алладан уахи бiрлән аят ендi. Әуелi Хадишаны дағуат еттi, Кәлима таухид айтып дiнге кiрдi. Айтылған ол бұлақтан дәрет алып, Тәлiммен намазды да оқып бiлдi. Екiншi, Ислам дiнiн тапты Әлі, Хақ жолға үгiттедi Расул оны. Әлінің қалай дiнге кiргенiнiң, Айтылар осылайша тәфсілдерi . Ол уақытта жарлы болып Әбу Тәлiп, Әліні сақтар едi Расул алып. Бiр күнi намаз оқып тұрғанында, Үстiне әзiр болды Әлі барып. Әлі айтты: «Ия, Мұхаммед, бүзрукуарым , Қылғаның қандай iс еткiн мәлiм». Әліге Расул айтты: «Хабардар бол, Алланың бұйрығы деп бұл қылғаным. Сен-дағы мұсылман бол, дiнге кiрiп, Хақты бiр, менi Расул бiр Хақ бiлiп. Алланың әмiр мағрұф iсiн iсте, От, бұтқа табынбағын алыс болып». Әлі айтты: «Көрмеп едiм бұрын мұны, Бұл емес ата-бабам тұтқан дiнi. Одан соң рұқсат берсе дiнге енейiн, Атаммен ақылдасып осы түнi». Әліге тағайындап айтты Расул, «Кiрмесең Хақ жолына қылмай қабыл, Дiнге ен деп менiң айтқан бұл сөзiмдi, Ешкiмге тiс жармай, жасырын қыл». Расулдан рұқсат алып, Әлі кеттi, Әртүрлi қиял етiп ол түн өттi. Көңiлiне Қадыр Һуда нұрын төгiп, Кiрмекке дiн жолына мейiл еттi. Және айтты: «Әуелiнде атам Тәлiп, Расулдың тұр деп едi тiлiн алып. Дiнге ен деп айтқан әмiрiн қабыл қылсам, Атам һәм мақұл көргей ризаланып». Мұны ойлап Расулға кеп, ерте бiрлән, Тоқталмай дiнге кiрдi етiп иман. Сәнәда сол уақытта Мұртазаның, Он жылға толып едi жасы ей, жан. Расулға дүйсенбi күн уахи келдi, «Хақ жолға дағуат ет» деп хабар бердi. Алланың бiрлiгiне кәлима айтып, Мұртаза сейсенбi күн дiнге ендi. Зәйд ибн Харис едi үшiншiсi, Деп айтар пайғамбардың азаттысы. Iлгерi перзентiм деп лақап қылған, Расулдың ұлы дейтiн көрген кiсi. Дiндерiн жүрер едi құб жасырып, Көрмейтiн хәлуәт жайда намаз қылып. Бұлардың мұндай қылған iстерiнен, Бiр күнi хабарланды Тәлiп бiлiп. Пайғамбар Әлі бiрлән тауға кетiп, Бiр жайда тұрар едi намаз етiп. «Ия, Расул бұл қылғаның қандай iс?» – деп Алдына Әбу Тәлiп келдi жетiп. Тәлiпке Расул айтты: «Бол хабардар, Атамыз Ибраһимның дiнi-дүрләр. Бiр Һуда менi Расулі бар хақ еттi, Дiнге енiп, Хақ жолына берiңiз жар». Расулға бұл сөздi айтты Әбу Тәлiп, «Сөзiңнiң растығы тұр мәлiмденiп. Сөйтсе де ата-баба дiнiн қойып, Хақ жолға кiре алмаймын, тiлiңдi алып. Құрайыштың адамдарын үгiт етiп, Дiнге сал, тiл алғанын жол көрсетiп. Тәнiмде жан барында иншаллаһ , Ешкiмнен ренжiмессiң зиян шегiп». Расулға бұл сөздi айтып қуат бердi, Меккеге баршасы һәм қайтып келдi. Төртiншi иман айтып дiнге кiрген, Әзірет Әбу Бәкiр Сыддық едi.
   

. Әбу Ләһәб әр кез пайғамбарымыздың Исламды таратуына, уағыздауына бар күшін салып қарсы шыққан кісі. Жұбайы Үмму Жәмил екеуі пайғамбарымыздың жүретін жолына тікенектер мен қоқыстарды тастайтын. Пайғамбарымызға жасаған бұл әрекеттерінің салдарынан Алла тағала аят түсірді : Peygamberimize karşı bu amansız düşmanlıkları sebebiyle onlar hakkında Leheb suresi nazil olmuştur: “ӘбуЛәһаптіңекіқолықұрысын! Құрыды да. (1)Оның малы да кәсібі де өзіне пайда бермеді. (2)Ол, жалындаған отқа кіреді. (3)Әйелі, отын көтеріп кіреді. (4)Оның мойнында есілген арқан болады. (5 Ләһәб сүресі, 1-5. аяттар