Кесу элементтері. Негізгі түсініктемелер мен анықтамалар

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе 4
Жалпы ережелер 5
1 Кесіп өңдеу 6
1.1 Кесу элементтері. Негізгі түсініктемелер мен анықтамалар 6
1.2 Кесу режимдерінің қызметтік тағайындалуы 8
1.2.1 Кесу режимдері туралы жалпы мағлұмат 8
1.2.2 Аспатың кесу бөлігінің материалын таңдау 9
1.2.3 Негізігі режимдік параметрлерді алдына ала таңдау 10
1.2.4 Негізгі режимдік факторлрады таңдау 11
1.2.5 Бастапқы жұмыс параметрлерін есептеу 12
2 Жонып өңдеу 13
2.1 Жонғыш кескіштердің түрлері. Олардың ерекшеліктері және
геометриялық параметрлері 13
2.2 Жонудағы кесу күштері мен қуат 17
2.3 Жонудағы кесу режимдерін белгілеу тәсілдері 19
2.4 Тесіктерді кеулейжону кескіштермен өңдеу 20
2.5 Кесу режимдерін белгілеу мен есептеуге арналған әдістер,

мысалдар,өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар 21
3 Металлдарды бұрғылап өңдеу 34
3.1 Бұрғылаудағы күштер, бұраушы момент және кесу қуаты 36
3.2 Бұрғылауда кесу режимін таңдау реті 37
3.3 Бұрғылауда кесу режимін белгілеу және өзіндік жұмыстарға
тапсырма 37
4 Жонғылау туралы жалпы мағлұматтар 45
4.1 Жонғылаудың түрлері және олардың геометриялары 46
4.2 Кесу жылдамдығы және кесу режимдерді белгілеу тәсілдері 48
4.3 Жонғылаудың кесу режимінбелгілеу тізбегі 48
4.4 Жонғылап өңдеудің кесу режимін есептеу және өзіндік жұмыс
тапсырмалары 49
5 Ажарлау туралы қысқаша мағұлматтар 57
5.1 Қажақтық аспаптардың түрлері мен ажарлау сұлбалары 57
5.2 Режимдік параметрлер, ажарлау динамикасы, техника-экономикалық
көрсеткіштер, ажарлау жылдамдығы 61
5.3 Аспапты таңдау және кесу режимін белгілеудің негізгі ережелері 63
5.3.1 Ажарлауда кесу режимін белгілеу тізбесі 65
5.4 Ажарлап кесу режимін белгілеу және өзіндік жұмыс тапсырмалары 64
А – тіркеме 81
Б – тіркеме 83
В – тіркеме 83
Әдебиеттер тізімі 85

 

КІРІСПЕ

 

Қазіргі заманның даму деңгейі болашақ инженер-механиктен әр түрлі функционалды тағайындалған тетіктерді өңдейтін технологиялық процестерді жобалап білуін талап етеді.

Машина тетіктерін жасаудың тиімділігі мен сапасы жалпы технологиялық процесінің әрбір операциясында дайындаманы рационал өңдеуіне тәуелді. Өңдеудің рационалдығына келесі жағдайда жетуге болады, егер:

а) аспаптың кескіш бөлігінің материалы, геометриялық параметрлері оптималды және кесу жүздерінің қайралуы сапалы болса;

б) дайындаманы өңдеудің техникалық және экономикалық көрсеткіштері беріс және кесу жылдамдығымен негізделсе;

в) білдектің беріс және жылдамдық қораптары механизмдерінің кинематикалық және динамикалық көрсеткіштері кесудің беріс пен жылдамдықтың негізделген мағыналарын орындауға мүмкіндік берсе.

Тетіктерді өңдеу кезінде пайда болатын физикалық және басқа құбылыстарды және осы құбылыстарының кесу режимінің элементтерімен байланыс заңдылықтарын түсінбей, кесу режимінің элементтерін дұрыс таңдау және тағайындау мүмкін емес. Жоғары айтылған құбылыстары мен заңдылықтары туралы мәліметтерді студенттерге жеткізу «Кесу теориясы» пәнінің мақсаты. Ал кесу режимінің элементтерін тағайындау және есептеу әдістерін студенттер тәжірибелік сабақтарда меңгере алады.

Тәсілдік нұсқауда кесу режимінің элементтерін тағайындау және есептеу жонғыш, бұрғылау, жонғылау және ажарлау операцияларының мысалдарымен келтірілген және өзіндік жұмысқа осы операциялардың кесу режимін анықтауға 20 варианттан тұратын тапсырмалар берілген.

Келтірілген мысалдардың, өзіндік тапсырмалардың тақырыптары оқу графигі бойынша дәріс тақырыбының мерзімімен сәйкес келмейді. Сондықтан кесу режимінің элементтерін тағайындау және есптеу алдында мысалдарды ұғу және өзіндік тапсырмаларды уақытында тапсыру үшін студенттерге көмек ретінде көрсетілген өңдеулер, қолданатын аспаптар, олардың геометриялық, құрылымық параметрлері, олардың ерекшеліктері туралы қысқаша мағлұматтар берілген.

Бір ескере кететін жайт – қолдануға берілген әдебиет тізіміне баспадан бұрын шыққан әдебиеттер кірген. Бірақ берілген әдебиеттер университеттің, машинажасау зауыттарының кітапханаларында немесе оқытушының жеке кітапханасынан табуға болады. Жаңадан шыққан әдебиеттерді, мөлшерліктерді, анықтамалықтарды пайдалану мақсатқа алынады.


ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

Бүгінгі күнде машиналардан жоғары техника-экономикалық және пайдалану сипаттамалары талап етіледі. Бұл үшін конструкторлар мен технологтар әрдайым өндіріс технологияларын кемелдендіру, тетіктерді өңдеу мен машиналарды құрастыру сапаларын жоғарылату керек, сол сияқты жаңа құрамалық материалдарды және оларды өңдеуде алдыңғы қатардағы әдістерді қолдану қажет.

Машинажасау саласының қарастыратын басты мәселелерінің бірі – машина тетіктерін жасау, дайындамаларды өңдеудің жаңа әдістерін әрі қарай дамыту, жетілдіру және зерттеу немесе машина тетіктерін жасаудың мәні - әр түрлі технологиялық тәсілдерді бірізділікпен пайдалана отырып, өңделетін тетіктерге техника конструктор берген пішін мен өлшемдерді көрсетілген дәлдікпен қамтамасыз ету.

Дайындамаларды механикалық өңдеуде осы әдістердің тиімдісі болып – кесу әдісі табылады.Бұл әдіс металл кесу білдектері мен металл кесу аспаптарында жүзеге асырылады. Кесіп өңдеу - өңделетін бетке геометриялық пішін мен өлшемдерді көрсетілген дәлдік пен кедір-бұдырлықты беру үшін дайындамадан кесу аспапен өңдеуге арнайы қалдырылған біршама металл қабатын жону процесі. Әдіп – дайындаманың бір мезгілде бірнеше беттен немесе әрбір өңделетін беттен тізбектен бірінен кейін бірі алынуы мүмкін, сондықтан оны бірден жонуға келмегендіктен, әдіпті бірнеше өтпемен алуға болады. Дайындамадан өңдеуге қолтырылған әдіп толық жонылғаннан соң, дайындама тетікке айналады. Кесу процесінде дайындамадан алынатын қабат пластикалық деформацияға ұшырайды. Нәтижесінде, өңделген дайындамадан айырылып алынған әдіптің материалы белгілі бір пішінге ие болады, осы түрде оны жоңқа деп атайды. Жоңқа – металды кесіп өңдегеннен кейінгі қалдығы.

Жонуда әдіп материалының жоңқаға айналу процесі пластикалық деформациясы мен қиратылуы сипаттылық шарттың өтуіне байланысты. Бұл процесс сипаттылық заңдылықты анықтап, функционалды тәуелділіктермен бейнеленеді. Сонымен, металды кесіп өңдеудің сипаттама белгісі – жоңқа болады. Әдіпті жонуға және оны жоңқаға айналуына негізделген әдістері мен металды өңдеу түрлері бірлесіп, «метал кесу» терминімен анықталады.


Кесіп өңдеу

Кесу элементтері. Негізгі түсініктемелер мен анықтамалар

Өңделудегі дайындаманың беттері. Машина тетіктерін жасау кезінде өңделіп жатқан дайындамада беттер пайда болады. Кесіп өңдеу процесінде дайындамадан қабат-қабатымен өңдеуге қалдырылған әдіп алынады. Аспаптың бірінші өтуінде дайындамадан беттік қабатпен бірге оның алғашқы беттері де кесіледі. Осының нәтижесінде дайындамада жаңа беттер пайда болады. сурет 1-де жону және жонып өңдеудегі беттер көрсетілген.

Бұрғының көмегімен тұтас дайындамада тесік пайда болады. Бұрғылауда дайындаманың алғашқы бетінен ауданы бұрғыланған тесіктің көлденең қимасының ауданына тең қабат кесіледі. Бұрғының металға тереңдеумен дайындамада жаңа цилиндрлік бет пайда болады.

Аспаптың кезекті өтуінде кесілетін дайындамадағы беттер - өңделетін беттері деп аталады ( 1 суретте көрсетілген.). Аспаптың кезекті өту уақытында дайындамада жаңадан пайда болатын беттер өңделген беттер (2) деп атайды. Өңделетін және өңделген беттердің арасындағы, кесу процесі кезіндегі, уақытша бетті кесу беті (3) деп атайды.


а – жону б – жонып өңдеу

1- сурет. Өңделудегі дайындамалардың беттері мен кесудегі қозғалыстар

 

Кесу қозғалыстары. Кесу процесі кезінде өңделетін дайындама мен аспап жүздері бір-біріне қатысты қозғалады. Өңделетін дайындама мен кесу аспаптарының өзара қозғалыстары металкескіш білдек механизмдерінің кинематикалық тізбектер көмегімен ретке келтіріледі.

Қозғалыс дайындама мен аспапқа бір уақытта, кезектесіп, сонымен бірге біреуіне ғана, дайындамаға немесе аспапқа берілуі мүмкін.

Білдектің жұмыс істеуі екі жай қозғалысқа – айналмалы және ілгерілмелі қозғалысқа – негізделген. Осы екі қозғалыстың қабысуы немесе мөлшерлік қатынасы металл кесу түрлерін анықтайды. Білдектің қозғалысы – негізгі кесу қозғалысы, ол дайындаманың қозғалысы – айналмалы немесе ілгерілмелі қозғалыс болады. Білдектің бір өтеу органының ілгерілмелі немесе айналмалы қозғалысы кесу процесінде дайындамаға немесе аспапқа негізгі кесу қозғалысын береді. Бұл қозғалыстың жылдамдығы білдектің басқа мәрімдерінің жылдамдығынан жоғары болады (1- суретті қараңыз).

Негізгі кесу қозғалысы дайындама өңделетін бетін алынатын қабатты жоңқаға айналдыратын аспаптың немесе дайындаманың айналмалы немесе ілгерілмелі қозғалысы. Білдектің басқа органдарының ілгерілмелі немесе айналмалы қозғалыстары көмекші болады немесе беріс қозғалысын анықтайды. Беріс қозғалысы негізгі кесу қозғалыс жүзеге асырылуында аспаптың жүзі дайындамаға кіре кесуіне және кесу қабатын өңделетін беттен жоңқа түрінде бөлінуіне керек.

Беріс қозғалысы алынатын қабатты жоңқаға айналдыру процесін өңделетін беттің керекті ұзындығына, ауданына немесе көлеміне таратылатын қозғалыс.

Кесу мен беріс қозғалыстары көп жағдайда бір-біріне қатысты тік жазықтықтарда өтеді, бірақ кейбір жағдайларда олар бір жазықтықта жүзеге асуы мүмкін. Қозғалыстың екі түрі де үзілісті немесе үзіліссіз болады. Кейбір жағдайда беріс қозғалысы аспаптың конструкциялық пішініне тиісті орындалады.

 

Кесу тереңдігі, кесу жылдамдығы және беріс.Дайындамада өңделу әдібі сияқты қалдырылған метал қабатын кесу үшін аспаптың жүзі металға қалдырылған әдіпке тең тереңдікке кіру керек. Осы жайда бар әдіп аспаптың бір өтуінде кесіледі, Кейде, әдіп үлкен болса, екі немесе көбірек өтуінде кесіледі. Әр өтпелі уақытта аспап жүзінің металға кіру шамасын кесу тереңдігі деп атайды. Кесу тереңдігін әрпімен белгілейді және миллиметрмен көрсетеді ( , мм).

Металдарды кесіп өңдеудің көп жағдайларында кесу тереңдігі өңделген бетке тік бағытпен өлшенген, өңделетін және өңделген беттердің ара қашықтығы болып анықталады. Тесіктің тұтас бұрғылауда кесу тереңдігі бұрғының радиуысына тең. Сыртқы бетті жонуда, кеулейжонуда, кеулейбұрғылауда, тесікті ұңғылауда кесу тереңдігі теңдеуімен көрсетіледі. Сыртқы өңдеуде өңделетін беттің, өңделген беттің диаметрлері, ал ішкі өңдеуде керісінше өңделген беттің, өңделетін беттің диаметрлері.

Білдектің орындау мәрімдерімен негізгі және беріс қозғалысын іске асыруда, олардың сандық бағалары керек.

Ең үлкен жылдамдығы бар, негізгі қозғалыс алынатын қабат материалындағы деформацияның бағыты мен жылдамдығын, жоңқаның жүріс бағытын, сонымен бірге оның пішінін анықтайды. Сондықтан негізгі қозғалыстың жылдамдығы кесу жылдамдығы болып саналады. Кесу жылдамдығы аспапқа да, дайындамаға да берілуі мүмкін. Кесу жылдамдығын әрпімен белгілейді және жүздік өңдеуге м/мин көрсетіледі. Егер де негізгі қозғалыс айналмалы болса, онда кесу жылдамдығы аспап пен дайындаманың әсерлесу нүктесіндегі сызықтық жылдамдыққа тең және теңдеуімен анықталады. Мұндағы дайындаманың өңделетін бетінің немесе аспаптың жұмыс бетінің диаметрі, мм; - дайындаманың немесе аспаптың айналу жиілігі, айн/мин.

Беріс қозғалысын санды бағалағанда кесу жүзінің нүктелерінің беріс қозғалысының бағытымен жүрген ара қашықтығының негізгі қозғалысының циклдерінің немесе олардың бөліктерінің санына сәйкес қатынаста пайдаланылады. Бұл қатынас санды беріспен көрсетіледі.

Негізгі қозғалыстың өлшем бірлігі қатынасына байланысты: а) миллиметр айналымға (мм/айн), егер де жылжу беріс қозғалысының бағытымен белгіленсе; б) миллиметр тіске (мм/тіс), беріс қозғалысының бағытымен жылжытудың аспап тістерінің бір бұрышты қадамына сәйкес бұрылудың қатынасы; в) миллиметр екі жүріске (мм/е.ж.) егер де жылжу дайындаманың немесе аспаптың екі жүрісіне сәйкес болса, кейбір операцияларды орындағанда берісті милиметр минутына (мм/мин), яғни аспаптың немесе дайындаманың беріс қозғалысының бағытымен бір минутта жылжуы, көрсеткен ыңғайлы. Берісті әрпімен белгілейді және қолданатын бірлікке сәйкес әртүрлі индексацияланады: .