Негізгі режимді факторларды таңдау
Кесу режимін алдын ала анықтау кезінде режимдік параметрлердің мәндерінің аралықтарын белгілейді. Бұл аралықта аспапқа берілген тұрақтылық және өңделетін тетіктің сапасы мен дәлдігіне қойылатын талаптар қанағаттандырылады. Келесі кезеңде негізгі режимдік параметрлердің нақтылық жұмыс мәндерін таңдау болып саналады. Жұмыстық кесу тереңдігі, ереже бойынша операцияның әдіптік мөлшеріне тең. Жұмыстың берілісті білдектің берілістер қорабында бар сандардан таңдайды, сонымен бірге бұл мән алдынала алынған беріс мәндерінің аралығында болуы керек. Айналдырықтың айналу жиілігі, білдектің жылдамдық қорабында бар сандардан алынады, сонымен бірге, таңдалған айналдырықтың айналу жиілігі алдын ала кезеңде белгіленген кіші және үлкен жылдамдықтың жиілігінің аралығында болу керек. Білдектің кинематикалық мүмкіндіктеріне байланысты алдын ала кезеңде белгіленген беріс және айналдырықтың айналу жиілігінің аралық мәндері бір мәндер ғана емес, бірнеше нақты мәндермен белгіленуі мүмкін болса, олардың таңдалуы өңдеу өнімділігі мен өңделген тетіктердің сапасына қойылған талаптарды ескере, логикалық түсінікке бағыну керек.
Негізгі режимдік параметрлерінің белгіленген жұмыстың мәндеріне байланысты қалған жұмыстың режимдерінің параметрлері және оларға сәйкес технико-экономикалық көрсеткіштерін есептеу жалғастырылады.
Бастапқы жұмыс параметрлерін есептеу
Негізгі режимдік параметрлерді ( және ) белгілеп басқа режимдік параметрлерді келесі тәртіппен есептейді.
Жұмыстың кесу жылдамдығы , егер айналдырықтың таңдалған айналу жиілігі , айн/мин белгілі болса, (1) теңдеуімен есептелінеді:
Кескіштің жұмыс тұрақтылық мерзімі Т, мин (1) теңестірудің көмегімен есептелінеді:
,
тұрақтылыққа қатынасты есептелген, яғни
(3)
сонымен бірге бұл мән таңдалған 30...45 мин аралықта болу керек.
Егер де, кесу жылдамдығынан басқа, барлық кесу режимі тұрақты болса, онда
(4)
және тұрақтылық мәні келесі түрде алынуы мүмкін:
(5)
Кесу күші. Кесу тереңдігі t, беріс S және өңделетін дайындаманың қаттылығы НВ белгілі болса, кесу процесінде пайда болатын күш келесі теңестірумен есептелінеді:
(6)
Жонып өңдеу
Жону – айналу денелерін кесіп өңдеуде кең таралған тәсіл. Дайындаманың (цилиндрлік, конустық, фасондық) сыртқы, ішкі және бүйіржақ беттерінің қабаттарын алуға пайдаланылады. Келесі жону түрлері қарастырылады:
1) Қаралтым жону (сыдыру)- дайындаамның ақау қабатын алу (жону), тілу, кесіп алу және дайындаманың бүйір жағын тіліктеу. Қабыршық бет және өңдеуге берілген әдіптің негізгі бөлігі жонылады.
2) Жартылай таза жону - әдіптің 20-25% алынуы кедір-бұдырлықты және 10...11-ші квалитетті дәлдікті алуға мүмкіндік береді. Дайындамадан тетіктің пішінінен сәйкес пішінін алады.
3) Таза жону – 7...9-шы квалитеттік дәлдікті және беттің кедір-бұдырлығын алуға қамтамасыз етеді.
4) Жұқалай жону -өте жұқа жоңқаларды кесіп алуға, тетіктің беттерінде кедір-бұдырлықты және 5...7-ші квалитеттік дәлдікті алуға мүмкіндік туғызады.
Жону процесі жонғыш кескіштермен әртүрлі жонғыш білдектерде жүзеге асырылады. Тетік білдектің айналдырығына бекітіледі және айналады (негізгі қозғалыс), ал құрал күймешектің кескіш тұтқасына бекітілген кескіш бойлық және көлденең ілгерілмелі беріс қозғалысын орындайды. Жонып өңдеудің негізгі операциялары: жону, кесіп алу, бүйіржақты тіліктеу, сыртқы бунақты жону, фасонды жону, ішкі беттерді және бунақтарды кеулей жону, қиықжиекті алу, кескішпен сыртқы және ішкі бұрандаларды ою (қию) және басқа операциялар.
Жонуда ең үлкен күш, кескіштің негізгі жиегін құру, жүздің бөлігіне келеді. Ол бөлік үздіксіз жұмыс істеу барлық мерзімінің созылуында үлкен динамикалық және жылулық нүктелерді әртүрлі құрылымдық материалдарды әртүрлі режимдермен жону процесінде әр типті жоңқалар пайда болуы мүмкін (орама, буынды, элементті, опырмалы, жарықшақ жоңқалар).
Өңделген бетте кедір-бұдыр пайда болады, тетіктің беткі қабатында қақталма және қалдық кернеулер пайда болады. Кесу аймағына майлау суыту сұйықтары берілсе, кесу процесінің жылукернеулігін төмендетеді және өңдеудің тиімділігін арттырады. Айналу денелердің ішкі беттерін өңдеу үлкен қиыншылықтарды тудырады.
Күрделі пішінді және жоғарғы дәлдікті айналу денелерді жасағанда токарлық өңдеу кең пайдаланылады.