Ажақты аспаптардың түрлері мен ажарлау сұлбалары

Ажарлауға пайдаланатын тұтас және құрастырылған аспаптар пішіндеріне қарай ажарлайтын шарықтастарға, ажарлайтын бастиектерге, сегменттерге, қайрақшаларға және таспаларға бөлінеді. Көп типті өлшемді қажақ аспаптар шығарылады. 7-кестеде келтірілген қажақ пен алмасты аспаптардың пішіндері кең пайдаланылады.

Ажарлаудың түрлері. Ажарлау – қажақты өңдеудің кең таралған түрлерінің бірі. Ажарлау өңделген бұйымның кедір-бұдырлығын Ra=0,3...1,6 мкм және дәлдік дәрежесі 6...8 квалитетпен қамтамасыз етеді.

Ажарлаудағы негізгі қозғалыс-шарықтастың шеңберлі жылдамдығы, м/с;

7-кесте. Кең қолданатын қажақ пен алмасты аспаптардың пішіндері

Ажарлауда келесі ажарлаулар, олар кесу жылдамдығымен бөлінеді – жай жай ажарлау Vш≤35 м/с, жылдамдық ажарлау V=35...60 м/с, жоғары жылдамдық ажарлау V≥60 м/с. Беріс әртүрлі болуы мүмкін: бойлық Sб, көлденең Sк, вертикальды Sв және басқалар.

Шарықтаспен ажарлаудың негізгі түрлері (16-18 суреттерді қара): сыртқы және ішкі бетті шеңберлі ажарлау, центрсіз ажарлау, жазықты ажарлау және арнаулы ажарлау түрлері бар.


16-сурет. Центрде сырттай дөңгелекше ажарлау

 

Центрлік ажарлау сыртқы цилиндрлік, конустық және фасондық беттерді өңдеуде пайдаланылады. Центрлік ажарлаудың үш түрлері бар (16, а -сурет) бойлық берісті әдіс, (16, б-сурет) тереңді ажарлау және (16, в- сурет) түзусызықты немесе қисықсызықты бетті тетіктерді кіре ажарлайды.

Соңғы жағдайда шарықтастың ені өңдейтін беттің енінен артық болуы керек.

Ішкі бетті шеңберлі ажарлаудың екі түрі бар: қысқыда және планетарлы. Қысқыда ажарлау шағын дайындамаларды өңдеуде, ал планетарлық ажарлау – ауыр және үлкен дайындамаларды өңдеуде пайдаланылады.

Центрсіз сырттай ажарлауда (17,а-сурет) дайындама 1, ажарлау 3 және 4 жетекші дөңгелектердің арасында орналасады, ал төменде 2 таянышпен ұстатылады.

Дайындаманы бойлық қозғалыспен қамтамасыз ету үшін 4 жетекші дөңгелек 3 ажарлау дөңгелектің осіне қатынасты шамасы ν бұрышымен орналасады.

Центрсіз іштей ажарлауда (17, б-сурет) 1 дайындама, 2 жетекші, 3 таяныш және 4 қысу аунақша аралығында орналасады. Жетекші аунақша өзінің жетегімен айналады, және үйкеліс күштерімен дайындаманы айналдырады. Соңғы дайындама, өзінің кезегінде таяныш және қысу аунақшаларды айналдырады. Осьтік бағытта дайындама таяныш төлкемен қондырылады. Ажарлау ν шарықтаста 5 жеке жетек бар. Бұл ажарлау қысқа балдақтарды сыртқы беттері дәл кезде ғана пайдаланылады.


17-сурет. Центрсіз ажарлау

 

Жазық ажарлау, 2 үстелде қондырылған, тетіктердің жазық беттерін өңдеуде қолданылады. Бұл процесс шарықтастың шеттік немесе түпбеттермен орындалуы мүмкін (сурет 18). Шарықтастың шеттік бетімен ажарлау нақты операцияларда пайдаланылады.


18-сурет. Жазықша ажарлау