Мал шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау

Кіріспе

 

Мен өндірістік машықтануды ҚР АШМ «Ветеринарлық бақылау және Қадағалау комитетінің СҚО бойынша аумақтық инспекциясы» ММ, Петропавл қаласындағы «Дария», «Тайга», «Привокзальный», «Океан» «Коммунальный» базарларында, «Қалалық ветеринариялық клиника», «ЗООВЕТСНАБ» ветеринариялық дәріхана, СҚО РМҚ «Республикалық Ветеринариялық зертхана» орталық филиалы, Есіл ауданы Булак ауылдық округ мал шаруашылығында Бұлақ ауылы СПК «Меруерт» мал сою пунктінде машықтануды өттім.

Машықтануды өту барысында әр мекеменің гегиеналық жағдайы, құрлымы. штаты. қаржыландыру, құжаттарымен таныстым. Ауруларды балап, емдеу, алдын алу жұмыстарын жүргізіп көрдім.

 

 

Мал шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау

 

Мен бұл пән бойынша петропавл қаласындағы Дария, Привокзальный, Коммунальный, Тайга және Океан базарларындағы ветеринариялық санитариялық зертханада және СПК «Меруерт» мал сою пунктінде тәжірбие өттім.

Ең алғаш базарға келіп түскен ұшаларды қабылдап ветеринариялық анықтама құжатына қарап тіркеу журналына тіркейміз. тіркеп болғаннан кейін ұшаны зертеуге кірісеміз ең алдымен сезімдік зертеу жүргіземіз: басты жарақаттақа, ұрылмағандығына ауыз қуысына көңіл бөлеміз. ұшаның қанталауларын патологиялық-анатомиялық өзгерістеріне қараймыз . Жылқы басын маңқаға, Ірі қара мал мен шошқа басын цистицеркозға ( финоз), лимфа бездерін жұтқыншақ, жақ асты, құлақ маңы бездердерін тексердім.

Бауырды сырттай қарап, ұстап тексереді және эхинококкозға, өкпе-диктиокаулезге көкбауыр мен жүректе кездесетін балаңқұртарға тексердім. Жүректің сыртқы сірі қабығы және жүрек қабының жағдайын тексереді. Содан кейін жүректің оң және сол бөлігін үлкен кривизина арқылы тіледі, бір мезетте жүрек қапшығы мен қабығын ашады. Жүректің бұлшық ет қабатын, жүректің ішкі қабығы, жүрек қан тамыры және қалқанын қарайды. Жүрек бұлшық еттерін тесіп алмай ұзына бойына және көлденеңінен бірнеше тіліктер жүргізеді. Жүректі цистицеркозға тексереді

.Ұшада жауырын мен тізе асты лимфа бездері тексердім. Ұшадан 200 гр сыныама алып иісне және ет сорпасының мөлдірлігіне тексердім. еттің иісі өзіне тән , ет сорпасы мөлдір болды. Шошқа етінен алынған сынаммадан компресориумға 24 ұяшыққа кесінді жасап триеннелезге микроскоп немесе трихенолоскопияда қарадым. Зертханалық зертеулер: пероксидаза реакциясы және күкірт- қышқыл мыс реакциясымен балаусалығын тексердім. Базарға келіп түскен ұша балауса, ешқандай аурумен ауырмағандығын зертеп көрдім.

Ішек-қарынды зерттегенде,оның сірі қабығы жағынан қарайды. Бірнеше асқазан және лимфа түйіндерін кесіп көреді. Керек болған жағдайда ішек-қарынның кілегейлі қабығын ашып қарайды.

Ауыл шаруашылық малдары мен жабайы кәсіпшілік малдарының ұшалары базарға салқындатылған, тоңазытылған және мұздатқан түрінде жеткізілді. Ет негізінен Петропавл қаласына жақын орналасқан Есіл, Мағжан Жұмабаев, Мамлют, Қызылжар аудандарынан келіп түседі. Ұша мен ағзаларын сатуға әкелгенде міндетті түрде сояр алдында тексерілгендігі, ветеринариялық –санитариялық сараптаудан өткендігі және аса қауіпті жұқпалы ауру жоқ жерден шыққану туралы №2 формалы анықтамасымен қабылданды. Ұшалар ветеринариялық тексеруден өткендігі туралы таңбаланған.

Базарларда мал өнімдері мен олардан өндірілетін шикізаттарды ветеринарлық-санитарлық сараптау жүргізу үшін керекті құрал жабдықтар: дистилятор, таңазытқыш, иономерт, рН- трихенеллоскоп, компрессорий, микроскоп биологиялық, бактериологиялық шам, лабораториялық центрифуга, су моншасы, рефрактрометр, редуктазник, ореометр, овоскоп, сору шкафы, таразылар, спиртовка, термометрлер, құм сағаты, электроплита, радиологиялық өлшем құралы: дозиметр ДРГ-01Т1 немесе Радиометр-спектрометр, темір шпательдер, колбаларскальпельдер өлшейтін цилиндрлер, лабороториялық стакандар, пипеткалар болу керек.

Базарға келіп түскен сүт және сүт өнімдерін тексердім. Сүтті ең алғаш сақына реакциясын қоя отырып бруцеллезге тексердім. Лактан 1-4 аппаратымен сүттің тығыздығын майлылығын және сомосын тексердім. Рекорд аспабымен сүттің тазалық дәрежесін анықтадым. Сақина реакциясын сүтте бруцеллез қоздырғышы жоқтығын көрсетті. тығыздығы Майлылығы қалыпты деңгейде болды.

Сүт өнәмдерәнен ірімшік, қаймақ және сары май келіп түсті. Ірімшіктің жалғандылығын анықтадым. Егер сода қосылған болса су беті көпіршіктенеді. Мен тексерген ірімшік таза ешқандай қоспа қосылмағандығын көрдім.

Қаймақтын сезімдік зерттеу жүргіздім иісін дәмін түсіне көңіл бөліп қарадым. Содан кейін қаймақтың жалғандыығын анықтадым. Мен тексерген қаймақ қоспасыз болды.

Сары май ең алғаш сезімдік зертеу жүргіздім: иісін түсін дәміне көңіл аудардым. Бөтен иіс, дәм болмауы тиіс. Майдың: майлылығы 78 %, ылғалдылығы 20 пайыз және тұздылығы 1,5 пайыздан аспау қажет. Сары майдың иісі,дәмі өзіне тән, тұздылығы, майлылығы, ылғалдылығы қалыпты болды.

СПК «Меруерт» сою пунктінде де болдым. Сою пунктінде Ірі қара малды сою барысына қатыстым, көмектестім. Жануарлы сояр алдын 18 сағат бойы аштықта устап барып бірақ сояды. Қанын ағызып, басын алғаннан кейін алдын ала тексеруге көштім. Ең алғаш сырт жағдайына көңіл аударып, тілдің тығыздылығын қарап тіліп көреміз. Лимфа бездерін тіліп қарадым. терісін сыдырып, жеке мүшелегеннен кейін, олардың жағдайына қарадым. Бүйректі майынан, жүректі қалташасынан ажыратып, қолмен қысып көріп, ісінулердің бар – жоғына қарап, оларды кесіп көріп ішкі жағдайы мен балаңқұрттарға қарадым. нітижесінде ұша таза болды. Еттен сынамма алып ет қайнатып иісін нықтадым. иісі қалыпты өзіне тән. Диафрагдадан алынған сынамадан трихеннелезге қарап тексердім.

Осы пән бойынша өткен теориялық білім деңгейімді тәжірбие жүзінде көріп, үйрендім, білімім толықтырылды.