Ветеринариялық гигиена
Мен кәсіби машықтану барысында ветеринариялық гигиена пәні бойынша СКО РМК «Республикалық Ветеринарлық зертхана» «Дария», «Коммуналдық» «Тайга», «Привокзальный », «Океан» базарларынан, «Меруерт» мал сою пунктінен, қалалық малдәрігерлік емханаларынан өттім.
Әр ғимаратқа келгенде ең бірінші ветеринарлық-гигиеналық жағдайымен таныстым:
- Территориясы;
- Ғимараттар мен құрылыстардың орналасуы;
- Сумен қамтамассыз етілуін;
Барлық аталған мекемелерде сумен қамтамассыз етілуі орталықтандырылған
- Жарықтылығын;
Жарықтандыру ретінде терезе, күндізгі лампалар қолданылады.
- Желдетілуін;
Желдетілуі көбінде терезе арқылы, тек "Республикалық ветеринариялық зертхана" мен ондағы " Азық – түлік қауіпсіздігі" және " Жануарлар ауруларының диагностикасы " зертхана бөлімдерінде, " Меруерт" мал сою пункті кондиционерлер қойылған. Сонымен қоса барлық жерде арнайы тартқыштар қолданылады екен.
- Жылытылуымен;
Жылытылуы тек қысқы мерзімде жүргізіледі. Және де жылу беру де орталықтандырылған..
Әр мекеменің ғимаратын, құрал-жабдықтарды дезинфекциялау жүргізу жұмыстарын меңгердім. Негізінде барлық жерде әр түрлі жуғыш заттар, хлорлы әк және әр түрлі пайыздағы кальций гипохлоридтері қолданылады.
«Дария», « Привокзальный», « Океан » базарларында және «Тайга», коммуналдық базарында, "республикалық ветеринариялық зертхананың" "Азық түлік қауіпсіздігі" бөлімінде күн сайын дезинфекция жүргізіледі.
“Орталық Ветеринариялық Зертхана” РМҚ СҚО Филиалында ветеринариялық гигиена пәні бойынша тәжірбие өттім. Зертхананың ветеринариялық-санитариялық жағдайы жақсы, зертхана территориясы қоршалған, 2 қабатты ғимарат. Зертхана ғимараты табиғи және жасанды жарықпен жарықтандырылған. Зертхана жасанды іске қосылатын ішке сору-сыртқа шығару құрылғыларымен жабдықталады. Ауаның температурасы плюс 18-21 градус. Салқын сумен қалалық су құбырлары қамтамасыз етілген, ал ыстық су осы зертхананың өзіндік пештері арқылы қамтамасыз етілген. Едені кафельденген. Жұмысшыларға арнайы өту пункті бар. Кіреберісте дезинфекциялық төсеніштер төселген. Әр қабатта мамандарға арналған киімжай жайғастырған. Республикалық Ветеринариялық Зертханада дезинфекциялағыш зат ретінде “део-хлор” ерітіндісі қолданылды. “Део-хлор” салмағы 3,4 г таблетка түрінде шығарылады. Құрамында натри тұзы, дихлоризоцианур қышқылы және 44,20% белсенді хлор бар. Суда жақсы ериді, түссіз. Суда еріген кезде әлсіз хлордың иісі болады. Жумыс ерітінділерінің сақтау мерзімі 3 тәуліктен көп емес. Ал “ део-хлор ” таблеткаларының сақтау мерзімі шығарылған күннен бастап 3 жыл. “Део-хлор” ерітінділері бөлме ішін, санитариялық-техникалық жабдықтарды,ыдыстарды, құрал-жабдықтарды т.б. дезинфекциялағыш зат ретінде шығарылған. Жұмыс ерітінділерін шыны, пластмасса немесе эмальданған ыдыстарда таблеткаларды белгілі мөлшердегі сумен еріту арқылы дайындайды.
Зертханалық жағдайда халаттарды автоклавта стерильдеу жүргіздім, петри чашкаларын, пробиркаларды, колбаларды пергамент қағазына орап, кептіргіш шкафта стерильдеуге дайындап,уйрендім.
«Городская ветеринарная клиника» тұрғын уйде орналасқан. Ішіндегі қабырғалар мен едендер кафельденген. 3 бөлмеден тұрады: қабылдау қарау, операциялық, физиотерапия бөлімі. Қабылдау бөлмесінде едендері кафельден жасалған, боялған. Қарау бөлмесінде едені кафель, жарықтандырылуы жасанды, операциялық бөлмеде де кафельденген, жарықтандырылуы күндізгі және жасанды. Сумен жабдықтануы орталық. Еденді жуу күніне 2 рет жуғыш және дезинфекциялағыш заттармен іске асырылады.
Ветеринариялық ләріханаларда дәрілік заттар мен өнімдерді сақтау үшін тиімді санитарлық-гигиеналық және техникалық жағдайлармен қамтамасыз етілген, сонымен қатар, қызметкерлердің жұмысы үшін жағдай жасалуы қажет. Дәріхана 1қабатта орналасқан, бөлмелердің бойы 4 метр, жылы, құрғақ және жарық, жарықтың қатынасы 1:5. Бөлмелер эмальды бояумен боялған, едені кафельденген.Тоңазытқыш орнатылған. Заттар кең орналасқан, жәшіктер, заттар және т.б. бір орында үймелеп тұрмауы тиіс. Келушілер бөлмесінде көрмелік заттарға арналған витриналар, түрлі жаңалықтар, жарнамалық плакаттар, жарықтандырушы көрмелер орналастырылған.
керек. Жертөм температурасы +4-100C аспауы қажет.
Мал дәрігерлік дәріханасында жұмыс кезінде немесе емханада міндетті түрде тазалық сақталынуы тиіс.
Дәріханаларда өрт қауіпсіздігін қатаң сақталған. Противогаз, жәшіктер, керекті жабдықтар қол жететін жерде тұр. Дәріханаға жетекші иесі және мекеменің дәрігері жауапты. Дәріхананың ішіндегі тәртіп мал дәрігерлік қызметкерлерге ғана жүктеледі.
Осы пән бойынша мен ғимараттың тереториясы канша болу керек екенін теориялық білімімді ары қарай дамытым білмеген мәлеметтерді уйреніп, таныстым.