Оқытушы туралы мәлімет: Толегенова Аида Досмуханбетқызы
Есеп және аудит кафедрасының аға оқытушысы
Е-mail:ad.tolegenova@gmail.com 87013042148 моб.
Пәннің пререквезиттері: «Экономикалық теория»
Пәннің постреквезиттері: «Бизнесті бағалау»
Пәнге қысқаша сипаттама
Қазақстан Республикасында халықаралық тәжірибені ескере отырып, бухгалтерлік есепте, қаржылық талдауда және аудитте реформа жүргізілуде.
Олардың маңызды түрлері: қаржылық есеп және қаржылық талдау және басқару шешімдерін қабылдау үшін пайдаланушыларын қажетті анық ақпараттармен қамтамасыз етуі керек.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қаржылық-экономикалық қызметінің маңызды сипаты, оның төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін, оның жағдайын қаржылық-экономикалық жағынан талдау қажет.
Қаржылық және басқарудағы талдаудың мақсаты, тек кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау және құрастыру ғана емес, сонымен қатар әрдайым кәсіпорынның жағдайын жақсарту жұмыстарын жүргізіп отыру.
Талдаудың нәтижелеріне байланысты кәсіпорынның қаржылық жағдайын, қызметін жақсартып отырудың негізгі әдістерінің қайсысы қолданылатыны туралы жауап береді
Пән үш модульден құралған:
Модуль 1 «Қаржылық талдау негіздері»
Модуль 2 «Қаржылық талдау»
Модуль 3 «Басқарудағы талдау».
Қаржылық талдау субъект қызметін қаржы-шаруашылық жағын талдауға мүмкіндік береді, сондай-ақ, оның кәсіпкерлік қызметін жақсартуға бағытталған тиімді басқарушылық шешімдер қабылдау мақсатында жорамалдау жасай алады.
Курстың негізгі мақсаты-
Қаржылық және басқарудағы талдау пәнінің мақсаты: студенттерге кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы, пайдасы мен шығындары туралы, активтері мен пассивтерінің құрамындағы өзгерістері туралы, дебиторлармен және кредиторлармен есептесудің жағдайы туралы шынайы және дәл мәлімет беретін ақпараттық сыйымдылығы жоғары аздаған көрсеткіштердің жиынтығын анықтауды үйрету.
Курстың міндеттері болып:
- кәсіпорынның қаржылық экономикалық талдау жүргізетін мамандарға қажетті теориялық білім мен тәжірибелік дағдылардың жиынтығын беру;
- Студенттердің қаржылық есеп берудің мәліметтерін жалпылау және талдау көмегімен әртурлі шаруашылық жағдайларда бейімделуге үйрену;
- Студенттерді қаржылық есеп беруді талдаудың халықаралық тәжірибеде жалпыға бірдей және ҚР-ғы нарықтық экономиканың арнайы жағдайларына сәйкес келетін әдістемелермен қамту, бухгалтерлік баланстың экспресс-талдауын оқу және жүргізуді үйрету, оның құрылымын ашу және осының негізінде кәсіпорнының қаржылық жағдайына объективті баға беретін бірқатар негізгі параметрлерді айқындау, оның қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілетігін болжамдау, қаржылық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін анықтау.
Осы курсты аяқтағаннан соң студенттерде қалыптасатын білім, біліктілік және дағдысы.
Бұл курсты оқу кәсіби білімге қойылатын жоғары талаптарға сай болатын және басқару шешімдерін қабылдап, талдай алатын, ішкі бақылаудың тиімді жүйесін ұйымдастыра алатын және бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес қаржылық есептілікті құрастырып, оны талдап және ұсыныла алатын бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы жоғары білікті мамандары болады.
Курстың аяғында қаржы-бюджеттік мекемелердегі, қаржы институттарындағы, фирмалардағы және шағын кәсіпкерліктегі қаржылық және басқарушылық әдістерін терең зерделеп, кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есептің заңды-құқықтық негізін, есеп стандарттарын және талдаушылық дағдыларын игереді.
Қалыптасу компетенттілігі.Бұлкурстың қалыптасу компетентлігі – студенттерді аналитикалық ойлау, статистикалық талдау, әрбір қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, қаржылық есепті дұрыс жүргізу және талдау арқылы басқаруды тиімді жүргізу артықшылығына немесе құзыреттілігіне әкеледі.
Бағалау саясаты
Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі