Дәріс №7. Төлем қабілеттілік пен қаржылық тұрақтылықты талдау
Дәрістің мақсаты:Төлем қабілеттілік пен қаржылық тұрақтылықты талдауды білімгерлерге кәсіпорын дамуына маңыздылығын жеткізу
Жоспар:
1. Қаржылық тұрақтылықтың абсолюттік көрсеткіштері
2. Қаржылық тұрақтылықтың түрлері
3. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің көрсеткіштерін бағалау
Негізгі ұғымдар:абсолюттік көрсеткіштер, қорлар, өтімді коэффициент
Иллюстрациялық материал:схема, кесте, слайд
1. Қаржылық тұрақтылық талдауда шешуші орында абсолюттік көрсеткіштер алады. Оларды анықтау ең алдымен баланстық модельмен байланысты, осыдан талдау шығады. Нарықтық экономика жағдайында бұл модель (үлгі) келесідей болады:
Меншікті капитал мен ұзақ мерзімді несиелер, заимдардың көбінесе негізгі құралдарды алуға және капитал салымдарына бағытталатынын есепке ала отырып, туынды баланстық форманы шығарамыз:
Бұдан мынадай қорытынды шығаруға болады: шектеуі кезінде кәсіпорынның төлем қабілеттік шарты орындалады, яғни ақша құралдары, қысқа мерзімді қаржы салымдары (бағалы қағаздар) мен есеп айырысулар кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерін жабады.
Қаржылық тұрақтылықтың ең жалпылаушы көрсеткіші – қорлар мен шығындарды құру үшін құралдар көздерінің артығы немесе жетіспеушілігі, олар құралдар көздерінің көлемі мен қорлар, шығындар көлемінің айырмасы түрінде алынады. Қорлар мен шығындарды құру көздерін сипаттау үшін әртүрлі көздерді қамтудың түрлі дәрежесін көрсететін келесі абсолюттік көрсеткіштер қолданылады.
1) меншікті айналым капиталының болуы, ол меншікті капитал (балансты міндеттемелерінің 1 бөлімі) мен ұзақ мерзімді активтер (баланстың активінің 1 бөлімі) арасындағы айырмаға тең:
2) Қорларды қалыптастырудың меншікті және ұзақмерзімді заимдық көздерінің болуы. Бұл көрсеткіш меншікті айналым капиталын ұзақмерзімді міндеттемелер сомасына ұлғайту жолымен анықталады:
3) Қорларды қалыптастырудың негізгі көздерінің жалпы шамасы, алдыңғы көрсеткіш қысқа мерзімді несиелер мен заимдар сомасына өсіру жолымен табылады:
Материалдыққорларды қалыптастыру көздерінің бар болуының үш көрсеткішіне қорларды қалыптастыру көздерімен қамтамасыз етуінің үш көрсеткіші сәйкес келеді:
1. меншікті айналымкапиталының артығы (+) не кемшілігі (-):
2. қорларды қалыптастырудың меншікті және ұзақ мерзімді көздерінің артығы (+) не жетіспеушілігі (-):
3. қорларды қалыптастырудың негізгі көздерінің жалпы шамасының артығы (+) не кемшілігі (-):
Қорлар мен шығындарды оларды қалыптастыру көздерімен қамтамасыз етілудің үш көрсеткішін есептеу қаржылық жағдайларды олардың тұрақтылық дәрежесі бойынша жіктеуге мүмкіндік береді.
2. Қаржылық тұрақтылықтың төрт түрі ажыратылуы мүмкін:
1. қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы;
2. қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы;
3. тұрақсыз қаржылық жағдай;
4. дағдарыстық қаржылық жағдай.
Қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы келесі теңсіздікпен сипатталады:
немесе Қорлар + шығындар
Қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы мына теңсіздікпен сипатталады:
Ол табысты әрекет етуші кәсіпорын қорлар мен шығындарды жабу үшін әртүрлі меншікті және тартылған, құралдардың көздерін пайдаланған жағдайда сәйкес келеді.
Тұрақсыз қаржылық жағдай келесі теңсіздікпен сипатталады:
Қ > НК не НК< Қ
Дағдарыстық қаржылық жағдай алдыңғы жағдайда қосымша, кәсіпорынның мерзімінде өтелмеген несиелер мен заимдар болғанда және ол өз кредиторларымен уақытысында төлем айырысаалмаған жағдайменсипатталады.
Нарықтық экономикада бұл жағдайдың әрқашан қайталанып тұруы жағдайында кәсіпорын банкроттық деп жариялануы керек.
Кәсіпорындардың қаржылық жағдайы бойынша басқа жіктелуі кездеседі:
- жақсы қаржылық жағдайы бар кәсіпорын;
- орташа қаржылық жағдайымен;
- нашар қаржылық жағдайымен;
- банкрот.
3. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің көрсеткіштерін бағалау үшін үш қатынасты өтімділік көрсеткіші қолданылады.
1) Абсолютті өтімді коэффициент. -ақшалай құралдар мен өткізілуі тез бағалы қарыздардың жәнемерзімділігі тез міндеттемелер арасындағы қатынас.
Бұл коэффициент төлем қабілеттілігі қатаң критерий болып табылады.
= ақшалай құралдар + бағалы қағаздар / мерзімділігі тез міндеттемелер
Немесе
= А1/О1
Абсолютті өтімді коэффициент мерзімді қарыздардың қай бөлігін кәсіпорын жақын арада өтетінін көрсетеді.
Коэффициенттің теориялық маңызын аралық жабуы .Қандай жағдай да бұл көрсеткіш 0,5 төмен болмау керек. Неғұрлым коэффициент аз, солғұрлым кәсіпорынның төлемқабілеттілігі төмен болады.
2) Егер де өтімділік құралдарының құрамына келешектегі қарызды алғандағы барлық ағымдағы актив кіреді, ал онда жұп жағына баланстағы «міндеттеме» 3 бөлім толық кіреді. Бұдан жалпы коэффициенттің жабылуы немесе ағымдағы өтімді коэффициент болады.
Бұл коэффициент кәсіпорынныңтөлеу мүмкіндігін көрсетеді.
Ағымдағы өтімділік коэффициент теориялық маңыздылығы болады.
Егер 1-ден асса, ондаол дегеніміз кәсіпорын көлемі жағынан көп бос ресурстар барын көрсетеді.