Мезентериалды қанайналымның жедел бұзылыстары 3 страница

| Жараны біріншілік хирургиялық өндеу

| Сол жақтық торакотомия

| Сол плевра қуысының пункциясы

| Диагностикалық торакоскопия

| Сол плевра қуысын дренаждау

~ Науқас сол жақ кеуде торының тесіп өткен оқ жарақатын (тапаншадан) алған. Торакоабдоминальді жарақат алғаны анықталды.Плевра қуысының пункциясы кезінде 1,5 л сұйық қан алынды.Қандай манипуляция өте керек:

| Плевра қуысының дренаждауынан бастау

| Орта-ортаңғы лапаротомиядан бастау

| Диагностикалық торакоскопиядан бастау

| Диагностикалық торакоцентезден бастау

| Оң жақты торакотомиядан бастау

~ Науқас Л. 34 жаста іштегі қатты ауру сезімімен жедел түрде түсті. Анамнезінен: сол бүйіріне құлаған. Қарап тексергенде жатық орындарда тұйық дыбыс анықталады. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісі анағұрлым мәліметті

| Құрсақ қуысының ультрадыбыстық зерттеуі

| Экскреторлы урография

| Эндоскопиялық зерттеу

| Құрсақ қуысының рентгенографиясы

| Құрсақ қуысының рентгеноскопиясы

~ Іштің жабық жарақаты себебінен болған операция кезінде асқазан денесінің 3,0х,01 см өлшемде жыртылуы және бауырдың оң бөлігінің 5-сегментінің 2 см дейін жыртылуы анықталды. Төмендегілердің қайсысы осы жағдайда көрсетілген:

| Бауыр жыртылуын тігу және асқазанға 2 қатар тігіс салу

| Гастрэктомия және бауыр жыртылуын тігу

| Асқазан резекциясы және гемигепатэктомия

| Гастроэнтероанастомоз және бауыр жыртылуын тігу

| Жаралар шеттерін жаңартып 1 қатар тігіс салу

~ Іштің жабық жарақаты себебінен болған операция кезінде жіңішке ішектің серозды қабатының 0,5х1,0 см көлемінде зақымы анықталды. Осы жағдайда хирургтың тактикасы қандай болуы тиіс:

| Ішек қабырғасын кесіп алу

| Серо-серозды тігіс салу

| Зақымдалған аймақты резекциялап, анастомоз салу

| Зақымдалған аймақты резекциялап, стома шығару

| Шажырқай түбіріне новокаинды блокада

~ Науқаста іштің жабық жарақатын алғаннан 5 тәуліктен кейін сол қабырға астында қатты ауру сезімі пайда болды, артериялық қысым түсіп кетті. Анағұрлым ықтимал диагноз қандай:

| Көкбауырдың 2 кезеңді жыртылуы

| Жуан ішектің жыртылуы

| Сигма тәрізді ішектің жыртылуы

| Ұйқы безінің жыртылуы

| Бүйректің жыртылуы, құрсақ арты гематома

~ Жауырын және артқы қолтық сызық бойымен екі жақты қабырға сынуы бар (оң жақтан 4 қабырға, сол жақтан – 3 қабырға) ауыр жағдайда жеткізілген науқаста айқын теріасты эмфизема бар. Төмендегілердің қайсысы осы жағдайда анағұрлым дұрыс:

| Кеуде торының теріасты шелмайына инелер енгізу

| Динамикалық бақылау

| Екі плевра қуысын дренаждау

| Сол жақ плевра қуысын дренаждау

| Кеуде торы мен мойын терісінде кең тіліктер жасау

~ Науқас әйел көлік апатына ұшырады. Ауыр жағдайда жеткізілді: қан түкіру, ентігу, кеуде торының оң бөлігінің парадоксальді қозғалысы. Гемопневмоторакс.Осы жағдайда қандай емдік тактика анағұрлым бірінші кезекте орындалуы тиіс:

| Торакотомия

| Торакоцентез

| Торакоскопия

| Плевра қуысын дренаждау

| Қайталанбалы плевра қуысының пункциясы

~ Науқас 3 сағат бұрын кеуде клеткасының сол бөлігінің пышақталған жарақатын алды. Ес-түсі бұлыңғыр, тері жамылғысы боз, ерін цианозы. АҚ – 80/20 мм.рт.ст. Осы жағдайда қандай емдік тактика анағұрлым бірінші кезекте орындалуы тиіс:

| Торакотомиядан бастау

| Реанимациялық шаралардан бастау

| Плевра қуысының пункциясынан бастау

| Перикард пункциясынан бастау

| Қан құюдан бастау

~ Науқас 4 сағат бұрын кеуде торының көптеген пышақталған жарақатын алған. Пульс 92 соғу минутына, толуы мен кернеулігі қанағаттанарлық. АҚ – 100/70 мм.рт.ст. Осы жағдайда қандай емдік тактика анағұрлым бірінші кезекте орындалуы тиіс:

| Жараны біріншілік хирургиялық өндеу

| Сол жақтық торакотомия

| Сол плевра қуысының пункциясы

| Диагностикалық торакоскопия

| Сол плевра қуысын дренаждау

~ Науқас сол жақ кеуде торының тесіп өткен оқ жарақатын (тапаншадан) алған. Торакоабдоминальді жарақат алғаны анықталды.Плевра қуысының пункциясы кезінде 1,5 л сұйық қан алынды.Қандай манипуляция өте керек:

| Плевра қуысының дренаждауынан бастау

| Орта-ортаңғы лапаротомиядан бастау

| Диагностикалық торакоскопиядан бастау

| Диагностикалық торакоцентезден бастау

| Оң жақты торакотомиядан бастау

~ Ауыр жағдайда түскен науқаста қабрығалардың сынуы (сол жақтан – 5, оң жақтан – 4), айқын теріасты эмфизема, екі жақты пневмоторакс анықталды. Осы жағдайда қандай емдік тактика бірінші кезекте орындалуы тиіс:

| Екі плевра қуысын дренаждау

| Теріасты шелмай қабатына ине енгізу

| Оксигенация жасау

| Трахеостома салу

| Торакоскопия жасау

~ Науқас құлап оң жақ кеуде торының жарақатын алған. 3 қабырғаның сынуы, оң жақты гемопневмоторакс анықталды.Рентгенографиясында диафрагма үстінде кең горизонтальді сұйықтық деңгейі қалып тұр. Қандай хирургиялық тактика дұрыс болады

| Плевра қуысын 7-қабырғааралықта дренаждау

| Оң жақты торакотомия

| 2 дренаж бойынша белсенді аспирация

| Қан мен ауаны сору үшін плевра қуысының пункциясы

| 2 дренажды пассивті жүйеде қалдыру

~ Науқас кеуде торының енген жарақатымен түсті. Зерттеп тексергеннен кейін диагноз қойылды: Оң жақтан кеуде торының енген жарақаты, оң жақтық ұйып қалған гемоторакс. Осы жағдайда қандай емдік тактика анағұрлым дұрыс болып табылады

| Торакотомия

| Плевра қуысының пункциясы

| Плевра қуысын дренаждау

| Антибактериальді терапия

| Ферменттерді плевра ішіне енгізу

 

~ Науқас 1 тәулік бұрын оң жақ кеуде торының пышақталған жарақатын алған.Кеуде торының рентгенографиясы кезінде 7 қабырғааралыққа жететін сұйықтық деңгейі анықталады. Бақылау пункциясы кезінде сұйық қан алынды.Қандай емдік тактикаболады

| Плевра қуысын дренаждау

| Дереу торакотомия

| Торакоцентез жасау

| Интенсивті терапия өткізу

| Қайталанбалы плевра қуысының пункциясы

 

~ Пневмотораксы бар науқасқа Бюлау бойынша дренаждау жасалған.Рентгенограммада өкпе жазылған 4-тәулікте - сұйықтық бағаны жөк. Осы жағдайда қандай шара анағұрлым тиімді

| Дренажды алып тастау

| Торакотомия жасау

| Герметикалық тігіс салу

| Дренажды жуу немесе қайта қою

| Плевра қуысының пункциясын жасау

 

~ Науқас үйдің 7-қабатынан құлаған, ауыр жағдайда жеткізілді. Сол басты бронхтың жыртылуы анықталды. Науқасқа операция жасап, бронхқа біріншілік тігіс салу керек деген шешім қабылданды. Қандай хирургиялық тілік анағұрлым оңтайлы

| Артқы бүйір торакотомия

| Стернотомия

| Медиастинотомия

| Алдыңғы бүйір торакотомия

| Бүйір торакотомия

 

~ Науқас П., 25 жаста жедел түрде іштегі аур сезіміне, әлсіздікке шағымданып түсті. Түскеннен 3 сағат бұрын ішінен соққы алған. Іштегі ауру сезімі динамикада күшейген. Құрсақ қуысында қуысыты мүшенің зақымдануы анықталды. Қандай асқыну болды

| Перитонит

| Жүрек-қантамыр жетіспеушілігі

| Инфекция-токсикалық шок

| Жарақаттық шок

| Қан кету

 

~ Науқас 2 сағат бұрын оң жақ кеуде торының енген пышақталған жарақатын алған. Кеуде торының рентгенографиясы кезінде жауырын бұрышына дейін жететін кең сұйықтық деңгейі анықталады. Пункция қан алынды.Қандай емдік тактика болады?

| Дереу торакотомия

| Плевра қуысын дренаждау

| Қайталанбалы плевра қуысының пункциясы

| Интенсивті терапия өткізу

| Торакоцентез жасау

 

~ Науқас Ж. 20 жаста іштің жабық жарақатын алғаннан 1 сағаттан кейін.Соққы іштің сол бүйір бетінен болған. Науқаста коллапс. АҚ – 80\60 мм рт.ст. Пульс – 100 рет 1 минутта. Іші жұмсақ, жатық жерлерде перкуторлы дыбыс тұйықталған. Диагнозы?

| Көкбауыр жыртылуымен

| Диафрагманың жыртылуымен

| Өт қабының жыртылуымен

| Бауыр жыртылуымен

| Қуысты мүшенің жыртылуымен

 

~ Қабылдау бөліміне 18 жасар науқас Б. іш жарақатын алғаннан 1,5 сағаттан кейін жеткізілді. Лапаротомия кезінде бауыр асты аймақта және оң бүйір өзегінде, кіші жамбас астауында өттің анықталды. Осы жағдайда өт ағудың анағұрлым ықтимал себебі неде?

| Өт қабының жыртылуы

| Бауырдың жыртылуы

| Асқазан жыртылуы

| 12 елі ішектің жыртылуы.

| Ұйқы бездің жыртылуы

 

~ Іштің жабық жарақаты себебінен болған операция кезінде асқазан денесінің 3,0х,01 см өлшемде жыртылуы және бауырдың оң бөлігінің 5-сегментінің 2 см дейін жыртылуы анықталды. Төмендегілердің қайсысы осы жағдайда көрсетілген?

| Бауыр жыртылуын тігу және асқазанға 2 қатар тігіс салу

| Гастрэктомия және бауыр жыртылуын тігу

| Асқазан резекциясы және гемигепатэктомия

| Гастроэнтероанастомоз және бауыр жыртылуын тігу

| Жаралар шеттерін жаңартып 1 қатар тігіс салу

 

~ Іштің жабық жарақаты себебінен болған операция кезінде жіңішке ішектің серозды қабатының 0,5х1,0 см көлемінде зақымы анықталды. Осы жағдайда хирургтың тактикасы қандай болуы тиіс?

| Серо-серозды тігіс салу

| Ішек қабырғасын кесіп алу

| Зақымдалған аймақты резекциялап, анастомоз салу

| Зақымдалған аймақты резекциялап, стома шығару

| Шажырқай түбіріне новокаинды блокада

 

~ Науқаста іштің жабық жарақатын алғаннан 5 тәуліктен кейін сол қабырға астында қатты ауру сезімі пайда болды, артериялық қысым түсіп кетті. Анағұрлым ықтимал диагноз қандай?

| Көкбауырдың 2 кезеңді жыртылуы

| Жуан ішектің жыртылуы

| Сигма тәрізді ішектің жыртылуы

| Ұйқы безінің жыртылуы

| Бүйректің жыртылуы, құрсақ арты гематома

 

~ Іштің оқ жарақаты себебінен болған операция кезінде жуан ішектің тесіп өткен жарақаты анықталды. Хирургтың тактикасы қандай болуы тиіс?

| Зақымдалған аймақты резекциялап, стома шығару

| Гемиколэктомия

| Жара шеттерін жаңартып 2 қатар тігіс салу

| Жара шеттерін жаңартып 1 қатар тігіс салу

| Зақымдалған аймақты резекциялап, 1 кезеңді анастомоз салу

 

~ Науқас К. 44 жаста қабылдау бөліміне іштің жабық жарақатын алғаннан 10 сағаттан кейін түсті. Қандай рентгенологиялық белгі бойынша диафрагманың жыртылуына күмән туады?

| Плевра қуысына асқазан түбінің ығысуы

| «Клойбер табақшаларының» болуы

| Ішектің қампиған ілмектері

| Асқазанда газ көпіршігінің болмауы

| Диафрагманың оң жақ күмбезінің астында бос газдың болуы

 

~ Іштің жабық жарақаты себебінен болған операция кезінде асқазан денесінің 3,0х,01 см өлшемде жыртылуы анықталды. Төмендегілердің қайсысы осы жағдайда анағұрлым дұрыс болады?

| Жара шеттерін жаңартып 2 қатар тігіс салу

| Гастрэктомия

| Асқазан резекциясы

| Гастроэнтероанастомоз

| Жара шеттерін жаңартып 1 қатар тігіс салу

 

~ Науқас Ф., 17 жаста оң жақ кеуде торындағы ауру сезіміне, ентігуге, әлсіздікке шағымданып түсті.Ортопное байқалады, тері жамылғысының цианозы.ТЖ 28 рет минутына. Кеуде торының рентгенографиясында оң өкпе коллапсы. Не жасайсыз?

| Бұғана ортаңғы сызық бойынша 2-қабырғаралықта

| Ортаңғы қолтық сызығы бойынша 6-қабырғааралықта

| Артқы қолтық сызығы бойынша 7-қабырғааралықта

| Артқы қолтық сызығы бойынша 8-қабырғааралықта

| Қолтық сызығы бойынша 2- және 8-қабырғааралықта

 

~ Ректороманоскопия кезінде анустан 20 см қашықтықта ішек қабырғасы зақымдалған, зақымдану тереңдігі туралы мәліметтер жоқ. Осы жағдайда қандай тактика анағұрлым дұрыс?

| Лапаротомия орындау

| Колоноскопия орындау

| Лапароскопия орындау

| Ирригоскопия орындау

|Антибиотиктер тағайындау

 

~ «Ванька-встанька» симптомы қандай зақымдануға тән

| Көкбауыр

| Бүйрек

| Асқазан

| Жіңішке ішек

| Жуан ішек

 

~ Екі немесе одан да көп анатомиялық зонаның зақымдануы қандай жарақат түріне жатады?

| Қосарланған

| Үйлескен

| Оқшауланған

| Ашық

| Жабық

 

~ Қосарланған жарақат кезінде жалған абдоминальді синдром себебі неде?

| Орта-төменгі аймақта кеуде жарақаты қабырғалардың сынуымен

| Жамбас-сан буынының шығуы

| Ортан жіліктің ұршық арқылы сынуы

| Омыртқа бағанасының мойын-кеуде бөлігін жаралау

| Төс сүйегінің сынуы мен кеудеаралықтың жарақаты

 

~ Диафрагма күмбезінің жыртылуының анық белгісі қандай?

| Құрсақ қуысы мүшелерінің кеуде қуысына ығысуы

| Оң және сол қабырға астында ауру сезімі

| Кеуде торында иыққа берілетін ауру сезімі

| Жарақат жағында әлсіз тыныс

| Диафрагма күмбезінің жоғары тұруы

 

~ Плевраішілік қан кетудің тоқтағанын немесе жалғасып жатқанын қандай сынама дәлелдейді?

| Рувиула-Грегуар сынамасы

| Петров сынамасы

| Эфендиев сынамасы

| Зельдович сынамасы

| Пратта II сынамасы

 

~ Науқас Д., 42 жаста, іштің жабық жарақатынан 12 сағаттан кейін.Операцияда құрсақ қуысында аздаған көлемде өт, көлденең тоқ ішек шажырқайының түбірінің.Осы жағдайда қандай мүшенің зақыдануы анағұрлым ықтимал?

| 12 елі ішек зақымы

| Бауырдың жыртылуы

| Асқазан зақымы

| Ұйқы без зақымы

| Көлденең тоқ ішек зақымы

 

~ Науқас С., 19 жаста жедел көмек көрсету ауруханасына іштің жабық жарақатынан 40 минуттан кейін түсті. Құрсақ қуысының УДЗ-де бос сұйықтық анықталды. Куленкампф симптомы оң. Осы жағдайда қандай диагностикалық шара анағұрлым дұрыс?

| Лапароцентез

| Компьютерлі томография

| Эндоскопиялық зерттеу

| УДЗ бақылауымен құрсақ қуысының пункциясын

| Құрсақ қуысы мүшелерінің рентгенографиясы

 

~ Науқас К., 21 жаста, іштің жабық жарақатынан 2 сағаттан кейін жеткізілді. Түскен кезде жағдайы ауыр: АҚ – 100\70 мм рт.ст., пульс 90 рет 1 мин., боз, Щеткин-Блюмберг симптомы күмәнді. Науқасқа қосымша қандай зерттеу әдісін өткізу керек?

| Құрсақ қуысының ультрадыбыстық зерттеуі

| Кеуде торының рентгенографиясы

| Жедел компьютерлі томография

| Асқазан-ішек жолының рентгеноскопиясы

| Құрсақ қуысыныңядролы-магнит томографиясы

 

~ Науқас М., 38 жаста, қабылдау бөліміне іштің пышақталған жарақатымен түсті. Мезогастрий аймағында 3,5,0х2,0 см жара бар. Жарада үлкен шарбымай бөлігі бар. Щёткин-Блюмберг симптомы теріс.Төмендегілердің қайсысы анағұрлым дұрыс?

| Шұғыл лапаротомия

| Лапароцентез

| Жараның хирургиялық өндеуін жасау

| Шарбымайды орнына салу және дренаж қою

| Шарбымайды орнына салу және жараға тігіс салу

 

~ Қабылдау бөліміне 27 жасар науқас А. ішіне пышақталған жарақат алғаннан 2 сағаттан кейін түсті. Науқас белсенді, іші жұмсақ, кіндіктен солға қарай ауру сезімді, онда 1,0х0,5өлшемде тесіліп-кесілген жара бар. Әрі қарайғы тактика қандай болуы тиіс?

| Жараны хирургиялық өңдеу

| Өндеу және таңғыш салу

| Өңдеу және бір тігіс салу

| Шұғыл лапаротомия

| Лапароскопия, дренаж қалдыру

 

~ Науқас С., 28 жаста жарақат алғаннан 6 сағаттан кейін түсті.Сол жақтан кеуде торындағы және қабыр астындағы ауру сезіміне шағымданады.Іштің сол жақ бөлігіндегі ауру сезімнің күшеюгенін.Құрсақ қуысының УДЗ-де бос сұйықтық анықталады. Емдік.

| Шұғыл лапаротомия жасау

| Шокқа қарсы терапия жүргізу

| Жансыздандыру және динамикада бақылау

| Лапароцентез жасау және дренаж қалдыру

| Интенсивті терапия бөлімшесіне ауыстыру

 

~ Науқас С., 28 жаста жарақат алғаннан 6 сағаттан кейін түсті.Сол жақтан кеуде торындағы және қабыр астындағы ауру сезіміне шағымданады.Іштің сол жақ бөлігіндегі ауру сезімнің күшеюгенін.Құрсақ қуысының УДЗ-де бос сұйықтық анықталады. Диагноз.

| Көкбауырдың капсула асты гематомасының жыртылуы

| Сол жақтан диафрагманың жыртылуы

| Өкпе, трахея және бронхтардың жыртылуы

| Плевраның жыртылуы, плевропульмональді шок

| Бүйректін жыртылуы, құрсақ арты гематома

 

~ Кеуде торының жарақаты бар науқасқа клиникалық зерттеу жүргізіп жатқанда бетіне, мойнына, кеуде торына кең таралған теріасты эмфизема, цианоз, даусының мыңғырлауы байқалды. Науқаста болжам диагноз қандай?

| Кеудеаралық эмфиземасы

| Теріасты эмфизема

| Гемоторакс

| Пневмоторакс

| Гемоперикард

 

~ Кеуде торының жарақаты бар науқаста қан түкіру байқалады, бұл ненің белгісі.

| Өкпенің соғылуы

| Гемоторакс

| Гемоперикард

| Пневмоторакс

| Диафрагманың жыртылуы

 

~ 35 жастағы ер адам қөлік апатынан кейін жеткізілді.Науқаста цианоз, ентігу, мойын веналарының ісінуі байқалады.Пульс жіп тәрізді, АҚ 80/40 мм.рт.ст.Аускультация кезінде кеуденің төменгі бөліктерінде тынсы біршама әлсіреген, жүрек тондары тұйық.Диагноз .

| Жүрек тампонадасы

| Гемоторакс

| Пневмоторакс

| Гемопневмоторакс

| Ұйыған гемоторакс

 

~ Ер адам 40 жаста, кеуде торының сол бөлігінің пышақталған жарақатымен түсті.Жара алдыңғы қолтық сызығы бойымен 4-қабырғаралықта 1 смдейін,АҚ 90/70 мм.рт.ст.,пульс 110 рет.ТЖ 28 рет 1 мин.Цианоз байқалады, гипотензия сақталып тұр.Диагноз.

| Жүрек жарақаты

| Өкпе жарақаты

| Плевра жарақаты

| Кеудеаралық жарақаты

| Қабырғаралық артерия жарақаты

 

~ Науқас 1 апта бұрын жарақат алған.1 тәулік бұрын оң жақтан кеуде торындағы ауру сезімнің күшеюі,ентігу,температураның38оС дейін жоғарлауы мазалай бастаған.Қарап тексергенде айқын ентігу, тахикардия,Тыныс алу төменгі бөліктерде қатты әлсіреген, қораптық дыбс қысқарған.Науқаста қандай асқыну анағұрлым ықтимал.

| Ұйыған гемоторакс

| Гемоторакс

| Пневмоторакс

| Плевра эмпиемасы

| Жарақаттан кейінгі пневмония

 

~ Науқас көлік-жол апат орнынан ауыр жағдайда жеткізілді.Зерттеп тексергенде жамбас сүйектері сынған.Айқын ентігу (ТЖ 28 рет 1 мин),тахикардия (ЖСЖ 100 рет 1 мин) байқалады.Перкуссиялағанда тимпанит,сол өкпе үстіндегі тыныс айқын әлсіреген, перистальтикалық шуылдар естіледі.Диагноз.

| Диафрагма зақымы

| Өкпе зақымы

| Плевра зақымы

| Кеудеаралық зақымы

| Трахея мен бронхтар зақымы

 

~ Науқас В. 28 жаста,қабылдау бөліміне іштің жабық жарақатынан 3 сағаттан кейін түсті.Науқас мәжбүрлі қалыпта (тізесін ішіне қарай тартқан),іші кернелген,тыныс алуға қатыспайды,бауыр тұйықтығы анықталмайды. Диагноз.

| Бауырдың жыртылуымен

| Көкбауырдың жыртылуымен

| Қуысты мүшенің жыртылуымен

| Диафрагманың жыртылуымен

| Құрсақ қуысына қан кетумен

 

~ 25 жасар науқас П. жарақат - ішіне соққы алғаннан 3 сағаттан кейін жеткізілді. Қарап тексергенде бауыр тұйықтығының жоғалуы анықталады. Бауыр тұйықтығының жоғалуы ненің белгісі болып табылады?

| Диафрагма күмбезі астында бос газ болуының

| Асқазандағы газ көпіршігінің болмауының

| Құрсақ қуысында сұйықтықтың

| Ішектің айқынауаға толуының

| Диафрагма күмбезінің жоғары тұруының

 

~ Ер адам 19 жаста пышақталған жарақат алғаннан 1 сағаттан кейін жетңізілді. Қарап тексергенде: алдыңғы құрсақ қабырғасында 1,0х1,5 см өлшемде кесілген жара бар, жара айналасы ауру сезімді. Осы жағдайда анағұрлым дұрыс әрі қарайғы тактика қандай?

| Жараның біріншілік хирургиялық өңдеуінен бастау

| Шұғыл кең лапаротомия жасау

| Жараға тігіс салып, емханаға жіберу

| Таңғыш салу және сіреспеге қарсы сарысу салу

| Қан анализін алу және бақылау үшін госпитализациялау

 

~ Төмендегілердің қайсысы құрсақ қуысының енген жарақатының абсолютті белгісіне жатады?

| Жарадан шарбымайдың немесе ішек ілмегінің түсуі

| Науқастың мазасыз болуы

| Жара шеттерінен белсенді қан кету

| Жара аймағында айқын ауру сезімі

| Алдыңғы құрсақ қабырғасында жараның үлкен өлшемдері

 

~ Іштегі жараны біріншілік хирургиялық өңдегенде оның құрсақ қуысына енетіні анықталды. Осы жағдайда араласудың қай түрі анағұрлым дұрыс болады?

| Шұғыл лапаротомия және мүшелерді ревизиялау

| Шұғыл лапароскопия жасау

| Бар жараны кеңйту және ревизия жасау

| Жараны тігу және динамикалық бақылау

| Жара арқылы құрсақ қуысына дренажды түтік орнату

 

~ Ер адам 29 жаста сол жақтан кеуде торының пышақталған жарақатымен жеткізілді. Жара төс маңы сызығының бойымен3-қабырғааралықта,өлшемдері1,0х1,0см,шеттері қанамайды.Өкпе үстінде тыныс әлсіреген,жүрек тондары тұйық,АҚ90/60,пульс100.Қай мүшенің зақымдалуы анағұрлым ықтимал бұл науқаста?