В.Парето мен Г.Москаның саяси элиталар концепцияларының ерекшеліктерін түсіндіріңіз

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында капиталистік елдерде орасан зор өзгерістер болды. Мемлекеттік-монополистік капитализм монополиялар мен мен мемлекеттің күшін біріктірді. Бұл системада байлық пен билік тоғысып, ат төбеліндей байлардың құдіретін одан әрі арттыра түсті. Буржуазиялық – мемлекеттік, әскери-өндірістік кешеннің ықпалы күшейді. Әлеуметтік қарым-қатынастарды зерттеуде социологиялық тәсілге ерекше көңіл бөлінді.Г.Моска (1856-1941) «Саяси ілімнің негіздері» деген кітабында саясат қарама-қарсы екі таптың –үстемдік жүргізуші азшылықтың(элитаның) және оған бағынышты көпшіліктің (халық)-күресінің айналасында болатын жағдай деп түсіндіреді. Ол демократияға қарсы шықты. Демократияны көпіре сөйлеушілердің диктатураға жету жолында саясаттан хабары шамалы көпшілікті өз қулықтарына пайдаланатын утопия, сағым деп санады. В.Парето (1848-1923) «Жалпы социология жөніндегі трактат» деген еңбегінде элита деген атауды саяси ілімге бірінші боп енгізді. Оның ойынша, саяси өмір дегеннің өзі таңдаулылар(элиталар) арасындағы күрес пен олардың орын алмасуы. Қоғамды саясат, экономика және ойшылдық саласында тамаша табысқа жеткен таңдаулылар билейді. Бірақ олар билікті алған соң ерте ме, кеш пе қол жеткен таабыстарымен шектеліп, тынышталады. Өздерінің алғашқы сапасын, ізденімпаздығын, шығармашылық жігерін жоғалтады. Осындай кезде қоғамда билікке ұмтылған күш-қуаты жеткілікті жаңа элита пайда болады. Бірақ билеуші элита оңайлықпен берісе қоймайды. Сондықтан таңдаулылардың алмасуы күш, төңкеріс және революция арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Жалпы алғанда, бұл қоғам үшін пайдалы деп санады Парето. Олар қалай болғанда да қоғамның дамуы элиталардың алмасуы арқылы жүзеге асады деп қорытады.

 

Саяси мәдениеттің саясаттанудың ғылыми категориясы ретіндегі ерекшеліктерінің мән мазмұнын ашып түсіндіріп беріңіз.

Саясаттану ілімінде бұл тақырыптың маңызы зор. Ол нақтылы саяси саяси жүйенің сипатын, қазіргі саяси санасы мен іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін, саяси процестердің даму жолын және бағытын түсінуге мүмкіндік береді. Саяси мәдениет адамдардың жүріс-тұрысы мен әр түрлі ұйымдардың қызметнің, олардың ішкі жәнне сыртқы саясат құбылыстарын ұғынуға, саяси болжам жасауына тікелей әсер етеді. Саяси мәдениет тұжырымдамасын белгілеп, оның негізгі пікірлерін жасауға М.Вебер, Э.Дюркгейм, Т.Веблен, Т.Парсонс сияқты батыстың ірі саясатшылары мен әлеуметтанушылары да елеулі үлес қосты. Алл жалпы «саяси мәлениет» деген ұғымды бірінші қолданып, ғылыми әдебиетке енгізуші деп ХVIII ғасырда өмір сүрген немістің ағарушысы, философы Иоганн Гердерді санайды. Бірақ олардың қай-қайсысы болмасын «саяси мәдениетті» саяси өмірдің белгілі бір өрісін білдіретін саясаттанудың ұғымы ретінде қолданбады, мұны жасаған жоғарыда аттары аталған американдық ғалымдар болды. Саяси мәдениеттің мағынасын айқындау үшін ең алдымен оның құрылымын жақсы білген жөн. Америкалық саясатшылар Г.Алмонд пен С.Верба саяси мәдениетті адамдардың психологиялық бағдарларының жиынтығы деп түсінеді. Бірталай саясатшылар оны саяси қазыналардың , нанымдардың, нұсқаулардың жиынтығы деп санайды. Сонымен қатар басқа да көзқарастар бар. Мысалы, ағылшын саясатшылары Р.Карр мен М.Бернстейн саяси мәдениетке саяси идеялар мен әлеуметтік тәжірибе, адамдардың саяси өзін-өзі ұстауы да кіреді дейді. Олардың ойынша, саяси мәдениетке әлеуметтік топтардың саяси іс-әрекеттеріндегі тәсілдерді, саяси нанымның табиғаты және оның мүшелерінің қазыналараы жатады.

 

 

Саяси әлеуметтену үрдістеріне анықтама беріңіз. Саяси әлеуметтену үрдістерінің адам өміріндегі маңыздылығын, қажеттілігін дәйектеңіз.

«Әлеуметтену» деген ұғымды ХІХғ.аяғында Америка әлеуметтанушысы Ф.Гидденс және француз әлеуметтанушысы және психологы Г.Тар ғылыми айналымға енгізді. Олар әлеуметтену деп тұлғаың әлеуметтік ортаға байланысты қалыптасуын айтады. ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында осы ұғым негізінде Америка әлеуметтанушылары және саяаттанушылары «саяси әлеуметтену» деген ұғымды ойлап шығарды. Г.Алмонд, С.Верба, Д.Истон еңбектерінде бұл ұғым кеңінен пайдалынылады.Олар бұл ұғымға жеке адамдардың осы қоғамдағы саяси құндылықтарды, қалыптарды, ережелерді өз бойларына сіңіріп, іс-әрекетінде басшылыққа алуын жатқызды. Саяси әлеуметтену мәселесі ХХ ғасырдың 50-жылдары кеңіненн көтерілді. Оған себеп болған батыс саяси жүйесінің дәстүрлі институттарының дағдарысқа түсуі еді. Бұл кезде сыбайластық жемқорлық көбейді, нәсілдік кемсітушілік, әлі жойыла қоймаған, саяси билік адамдардыңқажеттіліктерін қанағаттандырмады. Сондықтан билік институттарына сенімсіздік көбейді, саяси абсинтеизм, билікке жаппай қарсы шығу және т.б көбейді. Саяси әлеуметтену процесі 3 негізгі мәселені шешуге бағытталады: -қоғамның жаңа мүшелеріне саяси мәдениеттің және саяси сананың негізгі элементтерін жеткізу; - қоғам мүшелеріне қажетті саяси тәжірибе алуға, саяси іс-әрекет етугежәне шығармашылық жасауына қолайлы жағдай жасау; - саяси мәдениеттің элементтерін өзгерту. Адамның саяси әлеуметтенуі үздіксіз өмір бойы жалғасады. Саяси әлеуметтену деп адамның саяси ілімдерді, ережелерді, құндылықтарды бойына сіңіріп, оларды өзінің саяси санасы мен мәдениетін қалыптастыру, саяси іс-әрекетке дайындалу процесін айтады. Саяси әлеуметтену барыында адам қоғамның толық қанды мүшесі боларлық саяси ережелерді, салт-дәстүрлерді, білімді меңгереді.