Саясаттанудың ғылыми категориялық аппаратына сипаттама беріңіз, ерекшеліктерін беріңіз
Саясаттану - [грек, politike - мемлекетті басқару өнері, logos - сөз, түсінік, ілім] - саясат, саяси үрдіс, саяси билік туралы ғылым. XX г. 50 жж. саясаттану дербес ғылым саласы және оқу пәні ретінде қалыптасты. 1948 ж. ЮНЕСКО бастауымен Саяси ғылымның халықаралық бірлестігі құрылды. Саяси ғылымның зерттеу объектілері:
саяси теория;
саяси институтгар;
саяси партиялар, топтар, қоғамдық пікір;
халықаралық қатынастар.
Саясаттану екі сипатта қарастырылады: ғылым және оқу пәні ретінде. Саясаттану ғылым ретінде қоғамның саяси саласын, саяси ойдың пайда болуы мен дамуын, саяси жүйе, саяси қатынастар мен үрдістер, саяси сана мен саяси мәдениет, халықаралық саяси үрдісті зерттейді.
Саясаттану пән ретінде оқушыларға саяси мәселелер бойынша нақты білім жүйесін береді, нақты саяси шындықтың мәні мен болашақта дамуын, негізгі саяси институттар, ұйымдар, қозғалыстар мен үрдістер, саяси қатынастар жүйесіндегі жеке тұлғаның құқықтық жағдайы мен оның саяси өмірге қатысу жолдарын жан-жақты ашып көрсетеді. Саясаттану пән ретінде посткеңестік кеңістікте XX ғ. 90 ж. бастап оқу бағдарламаларына енгізілді. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында саясаттану міндетті пән ретінде оқытылады. Саясаттанудың түсініктері мен категориялары - басқа ғылым салаларындағы сияқты саясаттанудың да өзіндік ұғымдары (категориялары) бар. Оған саяси құбылыстар мен процестердің мәнін білдіретін ғылыми терминдер, сөз тіркестері жатады. Мысалы: "саясат", "саяси билік", "саяси жүйе", "саяси тәртіп", "саяси партия", "саяси мәдениет", "саяси әлеуметтену", "саяси өмір", "саяси қатынастар", "қоғамдық үйымдар", "мемлекет", "демократия", "егемендік", "құқықтық мемлекет", "азаматтық қоғам", "ішкі саясат", "сыртқы саясат" және т.б.
Саяси мәдениет және оның демократиялық мемлекет құрудағы маңыздылығын анықтаңыз, өз ойыңызша демократияландыруды тиімді жетілдіруде саяси мәдениеттің рөлі қандай екенін негіздеңіз.
Саяси сананың ішінде саяси мәдениетке ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктері жатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, шешімдерді абылдау мен іске асыру, билік өкілеттігінің иелері, саяси өмірдегі өз орны, саяси қызметке қатысудың құдіреттілігі мен тиімділігі жөніндегі және т.с.с түсініктерді қамтиды. Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жүмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.Саяси мәдениет құрылымы - ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктер жатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, т.б. Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол "еркіндік", "тендік", "әділдік", т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруден байқалады. Келесі бөлігі - адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы. Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстау де кіреді. Ол субъектілердің саяси құбылыстарға қатынасын білдіреді. Ол саяси білімін көтеру немесе оған мән бермеу, саяси жұмысқа белсене қатынасу немесе қатынаспау және т.б. түрде көрініс табуы мүмкін. Саяси мәдениетте әдет-ғүрып, жүріс-түрыстың да орны зор. Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады. Әр халық өздерінің ғасырлар бойғы дәстүрлеріне сай ұлттық-мемлекеттік рәміздерін жасайды. Оған ең алдымен Жалау, Елтаңба, Әнүран, Ата Заң, үлттық валюта және т.б. енеді.Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйе мен оның институттарының қызмет етуі кіреді. Ол мемлекеттің, партиялардың және т.б. сайлауды ұйымдастыруын, әр түрлі деңгейде қабылданған саяси шешімдердің, саяси-әлеуметтік шиеленістерді ұғыну және зерттеудің мәдениеттілігін қамтиды.
Саяси мәдениет саяси өмірде еркін іс-әрекет жасауға көмектеседі. Сол арқылы адам даңғойлыққа ұрынбай, елдегі және әлемдегі саяси өмірдің алуан түрлі оқиғаларына өзінің жеке қатынасын анықтауына мүмкіндік туады. Саяси өмірге еркін араласып, оның белсенді атқарушысы, субъектісі бола алады.
Ш. Луи Монтескьенің "биліктің үш сатысы"концепциясын түсіндіріңіз. Демократиялы мемлекетке тән биліктің үш сатысы: Заң шығарушы, атқарушы және сот билігінің ерекшеліктеріне қатысты өз пікіріңізді дәйектеңіз.
Шарль Монтескье болды.
Ағылшын ғалымы Джон Локк саяси билік проблемасымен байланысты
“Мемлекет басқару туралы екі трактат” деген еңбегінде демократияшыл саяси
жүйе ойдағыдай қызмет атқаруы үшін мемлекеттік билікті екі тармаққа бөлуді
ұсынды: заң шығарушы және атқарушы билік. Ғалымның ойынша бұл жүйенің
негізгі қызметі бір-біріне бақылаушылық (теңгергіштік) міндетін атқарып,
зорлық-зомбылыққа, заңсыздыққа жол бермеу. Бірақ Локктың шешпеген бір
мәселесі – егер осы екі биліктің арасында шиеленіс пайда болса, қандай күш,
төреші (арбитр) міндетін атқару керек?
Осы сұраққа толық жауап берген және билікті бөлу теориясының негізін
қалаушы – француз ғалымы Шарль Луи Монтескье болды. Оның билік
проблемасына байланысты жазылған шығармалары: “Заңдардың рухы”,
“Парсылық хаттар”, “Римдіктердің ұлылығы мен құлауы туралы ойлар”.
Ш.Монтескье “Заңдардың рухы” еңбегінде зерттеудің өзегі етіп
демократияны ұсынып демократиялық әділеттік арқылы мемлекеттік билік
қалыптастырудың жолын көрсетті. Ол өмір сүрген кезеңде дүние жүзінде
мемлекет басқарудың бір ғана түрі-- монархия болды. Бұндай саяси режимде
халық өкілдерінің билікке келуі, әрине, мүмкін болған жоқ. Сол себептен ғалым
биліктің бұл түрін болашақсыз деп тұжырымдайды. Ш.Монтескьенің қазіргі
кезеңде бүкіл әлемге әйгілі болған осы еңбегін оқығанда ғалым өз ойларын
бүгінгі күні айтып отырған адамға ұқсайды. Яғни, демократиялық қоғамның
болашағын бірнеше ғасыр бұрын болжағаны байқалады. Ғалым мемлекет басшысын халық сайлауы керек деген ойға келеді. Бірақ
ондай елбасы жалғыз-ақ адам болатын болса, оның билігін кім бақылайды, кім
шектейді? Ол шексіз билікті өз қолына түсіріп халыққа зорлық-зомбылық
жасап, жауыздыққа баруы да мүмкін ғой.
Ал «билікке бақылау жүргізуді халыққа тапсырса, мемлекетте
тәртіпсіздік басталып, ереуілдер, көтерілістер көбейіп кетуі мүмкін» деп
қорытындылайды «Заңдардың рухының» авторы. Сөйтіп, француз ғалымы
билікке бақылау қажет, бірақ ол міндеттен халықты босату керек деген
шешімге тоқтайды. «Бұдан мемлекеттік билікке қалайша бақылау орнатуға
болады?» - деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа Ш.Монтескьенің берген
жауабы – саяси билікті үш тармаққа бөлу принципі мен биліктің үш
тармағының бір-біріне тежемелік, тепе-теңдік жүйені пайдалану арқылы
бақылау жасауы болды.
Ұлы ғалымның билікті бөлу теориясы бойынша алдымен билікке
халықтың қатысуы және көпшіліктің қолдауымен Конституцияның қабылдануы
керек. Конституцияда биліктің тармақтарының ара қатынасы бекітіледі.
Мемлекет билігі - заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарына
бөлініп, олардың бір-біріне тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану
арқылы, өзара іс-қимыл жасау ұстанымына сәйкес жүзеге асырылады.
Монтескьенің бұл қағидасы бойынша, егер биліктің үш тармағының бірі
үстемдік жасап, заңсыздық жолға түсіп бара жатса, биліктің басқа бір тармағы
оған тойтарыс беру мүмкіншілігі бар (Конституция бойынша дауысқа салу
арқылы). Ш.Монтескье билікті бөлу теориясын аяқтап болғаннан кейін саяхатқа
шығып Еуропа елдерін аралайды. Мақсаты: өз ілімін басқа да мемлекеттерге
ұсыну болатын. Бірақ ешбір жерде оны ешкім дұрыс түсінбеді. Әрине, бұл
таңғаларлық жай емес болатын. Себебі, бүкіл әлемде монархия шарықтап
тұрған кезеңде Монтескьенің ойлап шығарғанындай мемлекеттік биліктің жаңа,
күрделі түрін бірден қабылдау оңай емес болатын. Нәтижесінде өз ілімін «іске
аспайтын теория болды» деген өкінішті оймен ғалым дүние салады.
Бірақ кейін іс жүзінде Ш.Монтескье ілімінің тағдыры басқаша шешілді.
Бір топ ғалымдар сол уақыттың өзінде ғалымның осы теориясымен танысып
жатыпты. Олар сол уақытта «дүниежүзінің шекарасынан тыс мекендеушілер»
деп саналатын американдықтар еді. Ш.Монтескье қайтыс болғаннан кейін 32
жыл өткесін, яғни 1787 жылы Америка Құрама Штаттары өзінің
Конституциясын қабылдады. Француздың ұлы ғалымының саяси билікті бөлу
теориясы осы Конституцияға толығымен енгізілді. Содан кейін саяси биліктің
осы жүйесі басқа елдерге де кеңінен тарай бастады.
Ш.Монтескьенің бұл теориясының жүзеге асырылуы Қазақстан
Республикасы Конституциясында да өзіне тән орын алды. Ол Қазақстан
Конституциясындағы 3-бап, 4-бапша: «Республикада мемлекеттік билік
біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және
сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану
арқылы,өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады», Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекет басшысы, оның ең жоғары лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Президент халықтар бірлігінің нышаны болып табылады, көпұлтты Қазақстан Республикасының халқы сайлайды, оның халық атынан сөйлеуге құқығы бар, ел ішінде және халықаралық қатынастарда мемлекет атынан өкілдік етеді. Конституцияға сәйкес республикада мемлекеттік билік біртұтас, бірақ, сонымен қатар билік үш: заң шығарушы, атқарушы және com тармақтарына бөлінеді.
Заң шығарушы билікті — Парламент, атқарушы билікті — Үкімет, сот билігін — соттар жүзеге асырады. Әрқайсысы Конституция және заң арқылы белгіленген міндеттерін атқаруға тиісті. Мемлекеттік биліктің үш тармағы күнделікті қызметінде өзара тығыз және келісімді байланыста болуы керек. Президент мемлекет билігінің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Сондықтан Президент мемлекеттік биліктің кепілі болып табылады.
Президент мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Ол, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, лауазымды және тағы баска тұлғалардың Конституция мен заңдардың талаптарын бұлжытпай сақтауын камтамасыз етеді. Президент адам мен азаматтардың құқығы мен бостандықтарының кепілі болып табылады. Президентті Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайлайды. Қазақстан Республикасының Президенті болып, тумысынан республика азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген және Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұрған республика азаматы сайлана алады.