Параграф. Өрт сөндiру

 

71. Өрттi сөндiру кезiнде:

көмектi қажет ететiн адамдардың көп болуы және олардың арасында үрейдiң тууы;

бөлмелердің күрделi жобалануы;

құрылымдардың қуыстары, арналары, пневмотранспорт жүйелерi және желдеткіш бойымен, терезе қуыстары, лоджиялар, балкондар арқылы, жанатын материалдар бойымен, тiк, сондай-ақ көлбеу бағыттағы технологиялық құралдар арқылы оттың таралуы;

температураның тез өсуi және ашық саңылаулар бағытымен жылу ағыстарының ауысуы;

заттар мен материалдың ыстықтан бұзылуы нәтижесiнде газды және булы ауаның пайда болуы;

түтiннiң, улы өнiмдердiң бөлiнуi және олардың тез таралуы;

электр кернеуiнде тұрған жабдықтардың болуы;

Күшті әсер ететін улы заттардың (бұдан әрі - КӘУЗ), жарылғыш, радиоактивтік заттар мен материалдардың, бактериологиялық жұқтыру болуы;

қысымда тұрған баллондардың, ыдыстардың, аппараттардың қопарылыстары;

ғимараттардың, құрылыстың, технологиялық жабдықтардың құрылымдық элементтерiнiң деформациясы және құлауы;

ғимараттарда материалдық, ғылыми және басқа да құндылықтардың көп мөлшерде болуы мүмкін.

72. Өрттегi жануды тоқтатудың негiзгi тәсiлдерi:

от сөндiргiш заттармен жаныш материалдарды немесе тотықтырғышты (ауаны) суыту;

жану аймағын от сөндiргiш заттармен салқындату немесе жанғыш заттарды араластыру;

жанғыш материалдарды жану аймағына немесе тотықтырғыштан от сөндiргiш заттармен және (немесе) басқа құралдармен аулақтау;

от сөндiргiш заттармен жану реакциясын химиялық тежеу болып табылады.

73. Берiлетiн от сөндiргiш заттарды таңдау жанғыштың физика-химиялық қасиетiне, қойылған жауынгерлiк тапсырмаға, қолданылатын жануды тоқтатудың тәсiлiмен және басқа да жағдайлармен анықталады.

74. Жауынгерлiк тапсырманы орындау үшiн берiлетiн керектi от сөндiргiш заттардың мөлшерi мен тұтынуына өрттiң өршуi мен оны сөндiрудi ұйымдастырудың ерекшелiгi, өртке қарсы қызмет бөлiмдерiнiң тактикалық мүмкiндiгi, қолданылатын өрт техникасының тактика-техникалық сипаттамасы және қазiргi белгiленген нормативтер мен ұсыныстардың анықталған оны берудiң қажеттi қарқыны, сондай-ақ өрттi сөндiрудiң практикалық тәжiрибесiнiң негiзi себебі болады.

Егерде жауынгерлiк тапсырманы табысты орындау үшiн от сөндiргiш заттар жеткiлiксiз болса, онда оны өрт орнына жеткiзу ұйымдастырылады, оның iшiнде су айдау арқылы, өрт автомобилдерімен және өрт сөндiруге бейiмделген техникамен тасу, өрт сөндiргiш заттарды тасымалдаудың басқа да тәсiлi мен амалы пайдалынады.

75. Өрттi сөндiру екi:

жануды тоқтату;

жануды жою сатысынан тұрады.

76. Өртте жануды тоқтатуға:

күштер мен құралдардың керектi санын iс-қимылға дер кезiнде жұмылдыру және енгiзу;

оқпаншылардың шебіне тез енуi және олардың табысты әрекетi;

өртке қарсы ажырауды жасау;

от сөндiру заттарын үздiксiз беру жатады.

77. Өртте жануды жоюға:

жануды тоқтату кезеңiнде еңгiзiлген күштер мен құралдардың отқа шешушi шабуылы;

оқпанмен ептi маневрлеу;

өрт көлемiнiң iшiне оны жою арқылы ену;

от сөндiргiш заттардың жануын тоқтатуға берiлген мөлшер көлемiнде беру жатады.

78. Жауынгерлiк iс-қимылдың шешушi бағыты адамдарға қауiп төнген, жарылыс қаупi бар, оттың ең қарқынды таралу бағыты және осы мезгiлде ондағы жұмыс өрттi табысты сөндiрудi қамтамасыз ету болып табылады. Күштер мен құралдарды шешушi бағытта жұмылдырғаннан кейiн күштер мен құралдар басқа бағыттарда да iске қосылады.

79. Өрттегi жауынгерлiк iс-қимылдың шешушi бағыты:

ӨҚФ-ң адам өмiрiне қауiп төндiрген және оқпандарды енгiзбейiнше оларды құтқару мүмкiн емес кезде - күштер мен құралдар құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету үшiн шоғырландыру;

жарылу қаупi туындағанда – бөлiм әрекетi жарылысты болдырмауды қамтамасыз ететiн жерлерге күштер мен құралдар шоғырландыру мен енгiзу;

жану объектiнiң бiр бөлiгiн қамтыған және ол оның басқа бөлiктерiне немесе көршi құрылысқа тарағанда - оттың одан әрi тарауы айрықша зиян келтiруi мүмкiн учаскелерге күштер мен құралдар шоғырландыру мен енгiзу;

жану оқшау тұрған ғимаратты (құрылысты) қамтыған және оттың көршi объектiлерге таралу қаупi жоқ кезде - негiзгi күштер мен құралдар ең қарқынды жанып жатқан жерлерге шоғырландыру мен енгiзу;

жану айтарлықтай құндылығы жоқ ғимаратты қамтып, жақын тұрған объектiге қауiп төндiргенде - негiзгi күштер мен құралдар жанбаған ғимарат (құрылыс) жағынан шоғырландыру мен енгiзу принциптерімен анықталады:

80. Өрттi шектеуге келген күштер мен құралдар жетiспеген кезде, жауынгерлiк тапсырманы қысқа уақытта орындау үшiн қосымша жеткiлiктi көлемдеөртке қарсы қызметінің күштері мен құралдарын, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді, халықты, әскери бөлiмдердi және iшкi iстер органдары бөлiмдерiн шақыру қажет. Бұл жағдайда қосымша күштер мен құралдар келгенше бiрiншi өрт бөлiмдерi өрттiң дамуын тоқтатудың шаралар қолдануға тиiсті.

81. Жанып жатқан және онымен көршiлес бөлмелерде түтiннiң, жоғары температураның, газдың болуы өрттi шектеу және жою жөнiндегi жұмыстарының қарқынын бәсеңдетпеуге тиiсті, ол үшiн өртті сөндіру бойынша жұмыстарды бір мезгілде жүргізу қажет және көбiктi немесе шашыранды ағысты беру арқылы түтінді шығару шараларын қолдану керек.

82. Тыныс алуға жарамсыз ортада өрт сөндіру бойынша жұмыстар ТОЖҚҚ жүргізіледі, түтінсорғыштар мен жарықтандыру құралдары пайдаланылады.

83. Қарауыл (бөлiмше) өзi тұрған жауынгерлiк учаскеден тек өрт сөндіру жетекшісінің (бұдан әрі - ӨСЖ) немесе жауынгерлiк учаске бастығының (ЖУБ) рұқсатымен ғана, сондай-ақ ӨСЖ,, өрттегі жедел штаб бастығымен (бұдан әрі –ШБ) немесе ЖУБ байланысу мүмкін болмаса, жеке құрамға айқын қауіп төнген жвағдайда бұл жөнінде кейін ӨСЖ, ШБ немесе ЖУБ хабарлап, сол жерден өздігінен кете алады.

84. Өрт сөндiру үшiн тиiмдi от сөндiрушi заттарды (көбiктi, ұнтақтарды, ерiтiндi суларды және басқаларды) пайдалану керек және бiрiншi кезекте iшкi өртке қарсы су жүйелерiн, өрт сөндiрудiң тұрақты қондырғыларын iске қосу қажет.

85. Бiрiншi автоцистерна, қағида бойынша өрт орнына жақын қойылып, оқпаны шешушi бағыттарға берiледi, ал келесi автоцистерналар (автосорғыштар) жақын су көздерiне орнатылып, өрт орнына магистралдық желiлер тартылады.

Автоцистернадағы су таусылғаннан кейiн, оқпан су көзiне орнатылған өрт автокөлiгiнен тартылған магистралдық желiнiң тарамына жалғанады.

86. Өршiген өрттi сөндiруге «А» оқпаны және лафеттi оқпандар берiледi, өрттiң басылуына қарай кiшi көлемдi оқпандарға ауыстырылады.

87. Ғимараттардың құрылымдарындағы қуыстар мен желдеткiш арналардағы жануға «А» су оқпандары және көбiк оқпандары берiледi, жайдың жанғыш құрылымын бөлшектеу ұйымдастырылады.

88. Жанған жерлерге су төгу үшiн «Б» оқпаны берiледi, iшкi өрт крандары пайдаланылады.

89. Құю арқылы су берген кезде қажеттi өрт автомобилдерінің санын, жең желiлерiн тартудың тәсiлдерi мен жолдары анықталады.

Жең желiлерiн тарту үшiн бiрiншi кезекте жең өрт автокөлiктерi мен жең катушкалары пайдаланылады.

Тым барынша қуатты сорғышы бар өрт автомобилі су көзiне орнатылады да одан өрт орнына магистральдық жең желiлерi тартылады, ал қуаты аз насосы бар өрт автокөлiгi өрт орнына жақын орналастырылып, одан бiр мезгiлде су көзiне және өрт орнына жең желiлерi тартылады.

90. Жанған жайды көбiкпен толтыру кезiнде ӨСЖ:

көбiкпен толтырылуға тиiстi бөлменің көлемiн;

көбiктiң ағуына кедергi келтiретiн ұстағышты орнатудың орнын;

қажеттi көбiктендiргiштiң, көбiк оқпандарының санын және олардың орнатылатын орындарын;

белгiленген бағытта көбiктiң ағуына жағдай жасайтын өрт түтiн сорғыштардың орындарын анықтауы қажет.

91.Бөлмеге көбiк берген кезде:

көбiк оқпандарын жану деңгейiнен жоғары орнату;

түтiн сорғыштарды және басқа желдеткiш агрегаттарды көбiк оқпандары орнатылған жерден қарсы жаққа орналастыру және жану өнiмдерiнен қашық жерде жұмыс iстеу;

бөлмені көбiкпен толтырғаннан кейiн жағдайды анықтауға және қалған жану ошақтарын жою үшiн газ-түтiннен қорғаушылардың буынын (бөлiмшесiн) дер кезінде жiберу қажет.

92. Судың шамадан тыс төгiлуiн болдырмау үшiн:

оқпан жапқыштарды, шашу оқпандарын қолдану;

резеңкiленген өрт жеңдерiн;

көбiктi, ұнтақтарды, ерiтiндiлi суларды қолдану;

оқпандардың жұмысын дер кезiнде тоқтату немесе оларды сыртқа шығару қажет.

93. Адамдарға және малдарға қауiп төнбегенде, өрттiң өршуi шектелгенде және өртті жоюды қолда бар күштермен және құралдармен қамтамасыз ету мүмкiн болғанда өрт шектелінді деп есептелiнедi.

94. Жану тоқтағанда және қайта жануды болдырмау шаралары қолданылғанда өрт жойылды деп есептелiнедi.

95. Жанудың қайта дамуының алдын алу шаралары жануды жойған орынды қадағалау кезінде жүргізіледі және жанған құрылымдарды бақылау ретінде талдау, сондай-ақ қажет болған жағдайда, өртті жою ошағын салқындату мақсатында жанған орынға су құю жұмыстарын жүргізуді қамтиды.