Параграф. Ағаш материалдары қоймаларындағы өрттердi сөндiру

 

298. Ағаш материалдары қоймаларындағы өрттердi сөндiру кезiнде:

оттың тақтай үйiндiлерiмен тез таралуы;

ұшқын мен шоқтың нәтижесiнде қойма аймағында және одан сырт жерлерде жаңа өрт ошақтарының тууы;

үйiлген тақтайлардың құлауы және бөренелердiң домалауы;

ағаш материалдарының және қалдықтарының үйiлген тақтайларға және су көздерiне баратын және өтетiн жолдарды басып қалуы;

қатты жел кезiнде жанып жатқан үйiлген тақтайлардың ықтасында жоғарғы жылу сәулеленуінің, қуатты конвективтi ағындардың тууынан құйындардың пайда болуы;

суды көп шығындау қажеттілігі болуы мүмкiн.

299. Ағаш материалдары қоймаларындағы өрттердi сөндiру кезiнде ӨСЖ:

өрттiң көлемiн, оның жайылу жолын, оттың көршi учаскелерге және ағаш қоймаларының орамдарына, елдi мекендерге және басқа объектiлерге өту қауiпiн анықтауға, бұл үшiн жүрiп-тұру құралдарын (iрi өрттерде - тiкұшақтарды) пайдалануға;

өрттi таратпаудың негiзгi шептерiн және оларда жұмыс iстейтiн оқпандардың шоғырлану мүмкiндiгiн (таратпау шептерi енi 25 метрден кем болмайтын өртке қарсы бөлiп тастау орны болуы мүмкiн) анықтауға;

су құбырының тұрақты лафеттi оқпандарын және өрт автокөлiктерiн қамтамасыз ету мүмкiндiгiн анықтауға;

өрт аймағынан көтеру-көлiк механизмдерiн басқа жаққа әкетудi ұйымдастыруға, ал қажет болғанда оларды өртке қарсы бөлiп тастау орындарын, үйiлген тақтайларды ашуға пайдалануға;

iс-әрекетке қуатты оқпандарды (лафеттi), ұштары алынған «А» оқпандарын тез енгiзумен бiрге көршi үйiлген тақтайларды, елдi мекендердi және басқа шаруашылық объектiлерiн қорғауға қосымша қол оқпандарын, бөлiп тастау орындарын ұйымдастыруға, үйiлген тақтайларды көбiкпен жабуға, өрт сөндiретiн алғашқы құралдары бар өртке қарсы құрылым мүшелерiнен бекетшiлер қоюға және құрылыстар мен үйiлген тақтайларды бөлiп тастауға;

ағаш материалдары қоймасы өзен жағасына орналасқан кезде өрттi сөндiру үшiн жүзу құралдарын (кемелер мен катерлердi) пайдалануға;

желдiң бағыты мен күшiн ескере отырып, шашыраған ұшқындар мен шоқтардан жаңа өрт ошақтары пайда болмас үшiн оның шекараларын белгiлеп, қажеттi мөлшерде күштер мен құралдар берiп өзiндiк жауынгерлiк учаске ұйымдастыруға;

от сөндiргiш зат ретiнде сөндiру тиiмдiлiгiн арттыратын (бишофит, ылғалдаушылар және т.б.) әртүрлi қосындылары бар суды қолдануға;

өрт болған жерге от сөндiргiш заттарды берудi қамтамасыз ететiн тыл тобын құруға;

ұшқындары мен шоқтардың мүмкiн болатын шашырау аймағында су көздерiне орнатылған өрт автокөлiктерiн қорғауды, қажет болған жағдайда қайтадан орналастыруды алдын ала белгiлеуге;

жеке құрамды жылу сәулесiнiң әсерiнен қорғау үшiн жылу тепкiш костюмдердi және жылудан қорғайтын экрандарды, ұштары бар оқпандардан шашыранды суларды қолдануға мiндеттi.

300. Жұмыр ағаш үйiндiлерiн және кесiлген материалдарды сөндiрудi үйiлген тақтайлардың жоғарғы жағынан, ал күштер мен құралдардың қосымша шоғырлануында үйiп жинаудың сипатын ескере отырып екi шетiнен бастау қажет.

301. Жанған ағаш ұнтақтарының үйiндiлерiн сөндiру кезiнде от сөндiргiш заттарды болжамды ошақтың үстiнен бередi. Жану ошақтарын анықтау үшін сонымен бiр мезгілде үйiндiлердiң жану ошағын грейдерлермен, крандарменаршу ұйымдастырылады.

Технологиялық жаңқаның жанған үйiндiлерiн сөндiру кезiнде от сөндiргiш заттар жанудың алдыңғы жағынан берiледi.

302. Өрт екi және одан да көп үйiлген тақтайларға өткен кезде, сөндiру өртке қарсы бөлулер жиектерiнде қамтамасыз етiледi, жауынгерлiк учаскелер жалынның таралу жылдамдығы аса үлкен бағыттарда, өрттiң даму жолы бойында ұйымдастырылады.

303. Өрт өршіген кезде от сөндiргiш заттарды негiзiнен жанбаған үйiлген тақтайларға, үйiндiлерге, объектiлерге беру қажет, оқпандардың бiр бөлiгi техникаларды суландыруға, оқпаншыларды қорғауға бөлiнедi.

Өртке қарсы бөлiп тастау орынының жиегiндегi өрттi басу кезiнде үйiлген тақтайлардың төбесi мен бетi тез қататын көбiктермен жабылады.

 

 

Параграф. Үйiлген және тақталанған мақталардағы

Рттердi сөндiру

 

304. Үйiлген және тақталанған мақталар жанған кезде:

оттың тақталар мен бумалар арасында тез таралуы;

бумаларды байлаған белбеулердiң үзiлуi, бықсыған мақта бөлiктерiнiң көршi тақталарға, құрылыстарға ұшуы;

үйiндiлерде қазылған желдеткiш тоннельдер арқылы оттың тез таралуы мүмкiн.

305.Үйiлген немесе тақталанған мақталардағы өрттердi сөндiру кезiнде ӨСЖ:

жанбаған тақталар мен үйiндiлерге от сөндiргiш заттар беруге және оларды кейiннен дымқылдай отырып, брезентпен жабуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ сөндiру құралдары бар бекетшiлер қоюға және бақылаушы жiберуге;

сөндiрумен бiрге механизация құралдарын пайдалана отырып, жанған тақталарды аршуды және мақта бумаларын қауiпсiз жерге әкетудi ұйымдастыруға, тақталарды аршу кезiнде әрбiр буманың сумен дымқылдануын, ал бықсыған шағын ошақтардың оның үстiнен алып тасталғандығын бақылауға;

сөндiрудi дымқылдағыш су ерiтiндiлерiн пайдаланып, ағынды тақтаның бетiне, сонан соң бумалар арасындағы тоннельдер мен саңылауларға бағыттай отырып «А» оқпандарымен жүргiзуге;

шиттi мақта жанған кезде, тек үйiндiлердiң үстiнен ғана оларды қолдағы бар материалдармен бiр мезгiлде жаба отырып, тоннельдердi оқпандармен қорғауды қамтамасыз етуге;

шиттi мақтаның жануын сөндiргеннен кейiн өртке қарсы құрылымдарының, жұмысшылардың және қызметшiлердiң көмегiмен, тоннель қазатын машиналарды, металл айырлар мен тырмауыштарды пайдалана отырып, үйiндiнiң үстiндегi жанғандарын тарақтау жөнiндегi жұмыстарды бiрден ұйымдастыруға мiндеттi.