Параграф. Жауынгерлiк учаскелер

136. Өрттегi жауынгерлiк учаске (бұдан әрі - ЖУ) - қойылған жауынгерлiк тапсырмалар мен бiрiктiрiлген басшылықтың бiрлескенiнiң, күштер мен құралдардың шоғырландырылған бөлiмi аумағының бөлігі.

137. ӨСЖ шешiмiне сәйкес жауынгерлiк учаскелер жауынгерлiк iс-қимылдарын жүргiзу орны (өрт периметрi, қабаттары, басқыш алаңдары, өртке қарсы тосқауыл) немесе түрлерi (құтқару, жануды жою және т.б.) бойынша құрылады.

138. Өртте бес және одан көп жауынгерлiк учаскелер құрылған кезде, бiрнеше жауынгерлiк учаскелердi бiрiктiретін сектор ұйымдастырылуы мүмкiн. Жауынгерлiк учаскедегi жауынгерлiк iс-қимылды оның бастығы, ал секторда - сектор бастығы басқарады. Жауынгерлiк учаскелер мен секторлар бастықтарын ӨСЖ тағайындайды.

 

4параграф. Өрт сөндiру жетекшісі

 

139. Өрт сөндiру жетекшісі:

барлау жүргiзуге және өрттегi жағдайды бағалауға;

адамдарды құтқаруды жедел ұйымдастырып, оны жеке өзi басқаруға, қолда бар күштер мен құралдарды пайдалана отырып, үрейдi болдырмауға;

шешушi бағытты, күштер мен құралдардың қажеттi санын, жауынгерлiк iс-қимылдың тәсiлдерi мен әдiстерiн анықтауға;

бөлiмдерге тапсырма беруге, олардың өзара iс-қимылын ұйымдастыруға және алға қойылған тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етуге;

өрттегi жағдайдың өзгеруiн үнемi бақылауға және тиiстi шешiм қабылдауға;

өрт болған жерге келiсiмен, оның сырт көрінiстерi бойынша ӨБОП (ББП) хабарлама беруге;

шешiм қабылдағаннан және бұйрық берілгеннен кейiн диспетчерге тікелей өзі немесе жедел өрт сөндіру штабы арқылы өрт объектісінің мекенжайы, оның жедел-тактикалық сипаттамасы, не жанып жатқандығы (немесе жанғандығы), өрттің ауданы, адамдардың өміріне қауіптің болуы мен өрттің өршу қаупі туралы, iс-қимылға қандай күштер мен құралдар енгiзiлгендiгi, қосымша күштер мен құралдардың қажеттiлiгiн хабарлауға;

бұдан әрi ӨБОП (ББП) тұрақты байланыс ұстап, қабылдаған шешiмдер және өрттегi жағдайдың жайын әлсiн-әлсiн хабарлауға;

қосымша күштер мен құралдарды бөлшектемей, бiр мезгiлде шақыруға және олардың кездесуін ұйымдастыруға;

өртке аға лауазымды тұлға келген соң жағдайды, өрт сөндiру жөнiнде қабылдаған шешiмдер туралы, өрт орнында қандай күштер мен құралдардың барын, iс-қимылға енгiзгендiгiн, қосымша шақырылғандығын баяндауға;

жағдайға байланысты өрттеге жедел штабты ұйымдастыруға және оның орналасу орнын анықтауға;

жедел өрт сөндіру штабына өрттегі жағдай, жұмылдырылған күштер мен құралдар, олардың орналасуы және бұрын қабылданған шешімдер туралы хабарлама беруге;

тікелей немесе жедел өрт сөндіру штабы арқылы өрттегі жауынгерлік іс-қимылдармен қамтамасыз етуге;

еңбекті қорғау ережелері мен техника қауіпсіздігінің талаптарын орындауға;

қамтамсыз ету, өрт сөндіруге қатысушылардың назарына олардың өмірі мен денсаулықтарына қауіп-қатердің болуы туралы жеткізуге;

басшы құрамның арасынан техника қауiпсiздiгi шараларын сақтауға жауапты тұлғаны тағайындауға;

қажет болған жағдайда медициналық көмек бекетiн ұйымдастыруға;

күштер мен құралдардың резервiн құруға, жұмыс iстеушiлердiң демалуына, жылынуына және құрғақ киiм ауыстырып киюiне мүмкiндiк берiп, әлсiн-әлсiн ауыстыруға;

өртке әртүрлi бағыттан күштер мен құралдар келген жағдайда, тыл бастығына жүрiп тұру және байланыс құралдары бар көмекшiлердi бөлуге;

өрт сөндіру барысында жұмыстың қарқынын тоқтатпай су қорын тауысқан өрт сөндіру автоцистерналарына су құю мүмкіндігін пайдалану;

өрттi сөндiруге тартылған қызметтермен (қоғамдық тәртiп сақтау, энергетикалық, су құбырының, газдың, медицинаның және басқа) өзара iс-әрекеттiн ұйымдастыруға, объектiдегi инженер-техник қызметкерлерiмен тұрақты байланыс ұстауға және объектiнiң нұсқамалары мен нұсқауларын ескере отырып, өрт сөндiрудiң тәсiлi мен құралдары туралы шешiм қабылдауға;

өрт туралы актіні толтыруға (5-қосымша) немесе оны толтыруды өрт болған шығу ауданындағы (объектідегі) бөлімнің бөлімшесін басқарушы аға бастыққа тапсыруға;

оның шыққан негiзгi орнын, артық бұзылудан сақтауға, өртке себеп болған заттарды анықтап сақтауға, шара қабылдауға, сондай-ақ өрт туралы акт жасауға қажеттi мәлiметтер жинауға, бұл үшiн сынау зертханасының анықтама қызметкерлерiн қатыстыруға;

өрттiң жойылғанына өзiнiң көзiн жеткiзуге, сөндiрiлген өрт орынына бақылаудың қажеттiлiгi және мерзiмiн анықтауға (оның ішінде жану орнынан су құюға);

көшiру, төгiлген судан сақтау шараларын iске асырып, құқық қорғау қызметкерлерi келгенге дейiн көшiрiлген материалдық құндылықтарды күзету шараларын қабылдауға;

құқық қорғау органдарының қызметкерлері келгенше төгілген судан көшірден, қорғау және құтқарылған материалдық құндылықтарды қорғау жөніндегі шараларын қабылдауға міндетті.

140. Өрттi сөндiру үшiн қажеттi қосымша күштер мен құралдарды анықтау кезiнде, ӨСЖ:

шақырылған күштер мен құралдар iс-қимылға енгiзiлгенше оттың таралу көлемiнiң мүмкiндiгiн;

оқпандарды беру үшiн қажеттi күштер мен құралдардың шамасын, адамдарды құтқару, ғимараттардың құрылымдарын ашу мен бөлшектеу және мүлiктердi көшiру үшiн қажеттi жұмыс аумағын;

арнайы қызметтердi қатыстырудың қажеттiлiгiн;

суды өрт автокөлiктерiмен, су таситын автокөлiктермен жеткiзудiң немесе суды айдау арқылы берудi ұйымдастырудың қажеттiлiгiн ескеру керек.

141. Өртте күштер мен құралдарды орналастыруда өзгерiстер енгiзiлген жағдайда, ӨСЖ қайта топтау туралы шешiм қабылдап, оны бөлiм басшыларына жеткiзiп, қайта топтасуды, кiмге, қайда және қалай жүргiзу керектiгiн көрсету керек.

142. Бұйрықтар қысқа, дәл және анық болуы керек. Бұйрықтардың мазмұнына сәйкес ӨСЖ оны орындаушыларға жеке өзi, жедел штаб немесе байланысшылар арқылы, сондай-ақ техникалық байланыс құралдарының көмегiмен бередi.

143. ӨСЖ өрттi сөндiру жөнiнде қабылданған шаралардың орындалуының дұрыстығын белгiлеуi және әрбiр учаскеде өрттi сөндiруге күштер мен құралдардың қажеттiлiгiн анықтау қажет.

144. ӨСЖ:

барлық тұрғын, өндірістік және басқа да ғимараттарға кедергісіз кіруге, адамдарды құтқаруға, оттың жайылуына жол бермеуге және өртті жоюға бағытталған кез-келген шараларды қабылдауға,лауазымды тұлғаларға және азаматтарға өрттi сөндiрудегi жауынгерлiк iс-қимылдардың iске асырылатын аумақ аралығында орындау үшiн мiндеттелген нұсқау беруге;

өртте лауазымды тұлғалардың мiндеттерiн орындаудан босатып бекiтуге;

өмiрлiк маңызы бар қызметтерден және мекеме әкiмшiлiгiнен өрттi сөндiрудi ұйымдастыру үшiн ақпарат алуға;

оперативтiк штаб, жауынгерлiк учаске мен секторлар құруға, өрттi сөндiру үшiн қосымша құралдар жұмылдыруға және де олардың орналасу орнын ауыстыру туралы шешiм қабылдауға;

өрт орынынан өртке қарсы қызметі бөлiмдерiнiң, қатыстырылған күштер мен құралдардың кету тәртiбiн анықтауға құқылы.