Нағыз гликопротеидтер, құрылысы, өкілдері

Нағыз гликопротеидтердің өкілдеріне: муциндер; иммуноглобулиндер; қанның тобын анықтайтын белоктар; гормондар; тасымалдаушы белоктар жатады.

Нағыз гликопротеидтерде белоктың мөлшері шамамен 80%, ал простетикалық топ – шамамен 20%. Простетикалық тобының құрамында түрлі полисахаридтер және олардың амин туындылары, нейраминдер, сиал қышқылдары әр түрлі мөлшерде болады, белгілі бір жүйелілік байқалмайды, яғни жүйесіз көмірсулардан тұрады. Нағыз гликопротеидтер ағзада кең таралып, алуан түрлі қызметтер атқарады:

Муциндер – шырышты белоктарға жатады. Жоғары тұтқырлық қасиеті бар, ол сілекей құрамында болып, тағамды шылауға қатысады. Простетикалық тобының құрамында моносахаридтер, гексозаминдер, сиал және нейрамин қышқылдары бар. Моносахаридтерден муциннің құрамында: глюкоза, галактоза, фрукоза және т.б. кездеседі. Муциннің тұтқырлығы оның құрамындағы сиал қышқылдарының санына байланысты. Муциндер: ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу жүйелерінің сілемейлі қабатында ішкі органдарды механикалық, химиялық әсерлерден, құрғап кетуден сақтайды, яғни қорғаныштық қызмет атқарады.

Қан тобын анықтайтын белоктар. Олар химиялық құрамы жағынан нағыз гликопротеидтерге жатады. Бірақ олардан өзгешелігі көмірсулардың мөлшері өте жоғары 85%, ал простетикалық тобының үлесі небәрі 15%. Бұл белоктар антигендік қасиетке ие.

Рецепторлар. Кейбір ферменттер мен гормондар құрамында көмірсулар болғандықтан, олар да гликопротеидтерге жатады. Ондай белоктарға транскортин, гаптоглобин және иммуноглобулиндерді атауға болады.

Протеогликандар, құрылысы, өкілдері, олардың маңызы.

Протеогликандар аздаған 2-2,3% белоктан ( 10%), ал қалғаны простетикалық тобы көмірсулардан – 90-98% тұрады. Протеогликандар құрамындағы көмірсулардың құрылысы жүйелі түрде болады.

Протеогликандар – күрделі белоктар. Олар үлкен теріс зарядты полианион болғандықтан катиондармен байланысып, олардың диффузиясын қамтамасыз етеді, фибриллярлы структура түзуге қатысады, базальды мембрананың құрамына кіре отырып, заттардың диффузиясын қамтамасыз етеді. Протеогликандар құрылымдық белоктармен байланысып, молекулалық елек түзеді, олар метаболиттердің, судың диффузиясын реттейді, катиондардың алмасуын қамтамасыз етеді. Протеогликандардың простетикалық топтары гликозамингликандар (ГАГтар). Олар үш топқа бөлінеді: гиалурон қышқылы, хондроитинсульфат, гепарин.

3.Протеогликандардың простетикалық тобы, құрылысы, маңызы.

Протеогликандар мөлшерінің небәрі 2-5% белоктық, ал қалған бөлігін простетикалық тобы- гликозамингликандар (ГАГтар) құрайды. Олардың құрылысы жүйелі түрде қайталанып отыратын дисахаридтерден тұрады. Дисахаридтің құрамына урон қынқылы және ацетилгексозаминдер (суреет. 7) кіреді. ГАГ-тардың 6 түрі болады: гиалурон қышқылы, хондроитинсульфаттар А, В, С, кератансульфаттар және гепарин. Олардың бір-бірінен айырмашылығы урон қышқылдарының, гексозаминдердің табиғатында, сульфаттану дәрежесінде, мономерлерді бір-бірімен байланыстыратын химиялық байланыстың түрінде және молекулалық массасы мен қасиеттерінде. Төмендегі кестеде адам организмінде кездесетін глюкозаминдердің негізгі өкілдері келтірілген:

 



php"; ?>