Электрондарды тасымалдайтын тізбекті реттеу. Тынысалуды бақылау
ТФ-ның өнімділігін этерификацияланған фосфаттың жұтылған оттекке қатынасына қарай таразылайды. Р/О коэффициенті- АТФ түзуге кеткен бейорганикалық фосфаттың моль санының соған сәйкес сіңірілген оттек атом санына қатынасы.
Қалыпты жағдайда жұмсалатын бейорганикалық фосфаттың бір атом оттекке қатынасы(3/1) тең болады,егер субстрат ПФ дегидролазалармен тотықса, ал егер субстрат ФП дегидролазалармен тотықса онда коэф-фициент (2/1) болады. Сондықтан қалыпты жағдайда тотығудан фос-форлану коэффициенті 3 ке немесе 2ге тең болады, Р/О- ТФ-ның қуат-тылығын көрсететін көрсеткіш.
БТ мен ТФ өте тығыз байланысты. ТФ БТ-ның жылдамдығын бақылап отырады, яғни тынысалуды бақылайды. Тотығатын субстраттардың, БТ тізбегіндегі барлық ферменттердің, оттектің және фосфор қышқы-лының бар болғанымен, егер АДФ жетіспесе БТ жылдамдығы күрт төмендейді, ал АДФ-ті қосса қалыпты жағдайға келеді.
АДФ + Н3РО4 + энергия АТФ + Н2О
Тынысалуды бақылау митохондриялардың бұзылмаған қасиеттерін тексеруге жатады.
Тіндердің тыныс алуы мен тотығудан фосфорланудың бір-бірінен ажырауы.
ТФ-ны ажыратушы заттар митохондриялардың оттекті фофорлануға керек АДФ ке тәуелсіз пайдалануын тудырады.
Тотығудан фосфорланудың түрлері.
А. 2,4-динитрофенол- тотығудан фосфорланудың классикалық ажыра-тушысы. Ол бір кезде семіздікке қарсы қолданылды,кейіннен улылы-ғына байланысты қолданылмайтын болды.
Б. Дикумарол- ажыратушы зат, клиникалық тәжірибелерде антикоагу-лянт ретінде қолданылады. Бұған құрылысы жағынан жақын уорфа-рин егеуқұйрықтарға қарсы у ретінде қолданылады.
В. Митохондрияларға кальций иондарын тасымалдау электрондарды тасымалдау мен тотығудан фосфорланудың арасын бұзады. Жануарлар митохондрияларына кальцийді тасымалдау концентрация градиентіне қарсы жүреді. Бұл үрдіс энергетикалық электрондарды тасымалдау-мен бірге ілесе жүреді. Митохондриялардың кальцийді ұстауы оған сәйкес мөлшердегі фосфор қышқылын да ұстауға мәжбүр етеді. Электрон тасымалдану тізбегіндегі НАДН-тан оттекке келетін әрбір жұп электронға митохондрияға енетін 6 атом кальций пара-пар керек екен. Егер ПФ-дегидрогеназалар 3 молекула АТФ-ты түзсе, бір молеку-ла АТФ-ке митохондрияға енетін 2 атом кальций қажет екендігін есеп-теп шығаруға болады. Кальцийдің митохондрияға енуі үшін энергия қажет, сондықтан АТФ-тың түзілуі тежеледі. Егер кальцийді митохон-дрия , субстрат, Н3РО4, Мg бар суспензияға қосса тынысалудың ТФ-ны ажыратуға дейінгі жылдамдығы артады. Бұл уақытта АДФ-ті қосу оттекті пайдалану жылдамдығының өзгерісін тудырмайды. Жүйеде Н3РО4 болмаған жағдайда кальцийді қосу оттекті пайдалану жылдам-дығын үдетпейді. Митохондрияға кальций мен фосфатты бірге тасы-малдау қажет жағдай, себебі кальций митохондрияларда сақталады.
Ферменттік ансамбль.
БТ тізбегіндегі мембранаға байланысқан ферменттер сызықты түрде орналаспайды, олар 4 комплекс түрінде біріккен: 1-комплекс ФП(ФМН)-ҒеS; 2-комплекс ФП(ФАД)-FeS; 3-комплекс Цхв - ЦхС1; 4-комплекс Цха мен Цх а3
14. Оксидаздық тотығу, маңызы, бұл процестерге қатысатын ферменттер, соңғы өнімдері.
Оксидаздық (биологиялық тотығу)- жоғарыда сипат-талған тип(екі электрондық). Оттектің 90% оксидаздық тотығуға жұмсалады. Биологиялық тотығу келесі тәртіппен орналасқан окси-доредуктазалардың қатысымен жүреді: пиридиндік ферменттер, фла-виндік ферменттер, убихинон, цитохромдар. Бұл ферменттер сутекті тасымалдайды, ал убихинонға келгенде сутек протондар мен электрондарға бөлінеді. Электрондар әртүрлі цитохромдармен тасымалданып,соңында оттек молекуласына беріледі де оны йондайды. Оттек ионы сутек протонымен әрекеттесіп эндогенді суды түзеді. БТ процесі кезінде энергия бөлінеді, ол АТФ(40-48 %) түзуге жұмсалады және (52-60%) жылу түрінде бөлінеді.
1/2О2 + 2Н+ → энергия + Н2О