Т – РНҚ, құрылысы, атқаратын рөлі
т-РНҚ цитоплазмада болады. Барлық клеткадағы РНҚ-ның шамамен 5% құрайды. Молекулалық массасы -20000 Д, 73-93 нуклеотидтерден тұрады {с. 16). т-РНК негізгі рөлі тасымалдау және мРНҚ-ның кодонына комплементарлы сәйкес түрде амин қышқылдарын орналастыру.
т-РНКның антикодоны, бұл нуклеотидтерінің орналасу реті мРНҚ-ның кодонына комплементарлы түрде болатын бөлім. .
Барлық т-РНК-ның біріншілік құрылымымен қатар, екіншілік құрылымы да болады. Екіншілік құрылымы барлық т-РНК үшін әмбебап екендігі көрсетілді. Денатурацияға ұшыраған т-РНК-ның молекуласының түрі жоңышқаның жапырағындай, үш жапырақты болып келеді. Активсіз күйде оралып домалақтанған. т-РНК-ның молекуласында акцепторлық сабақша аймағы бар, ол барлық т-РНКда бірдей ЦЦА (5′→3′) нуклеотидтерден тұрады. Бұл жерге амин қышқылдары жалғасады. Амин қышқылдарының т-РНК-мен қосылуының арнайылығын аминоацил-т-РНК-синтетаза ферменті қамтамасыз етеді. Оған байланысатын орыны акцепторлық сабақша аймағының жанында. т-РНК-да рибосомамен байланысатын және антикодон деп аталатын бөлімдері де бар. т-РНК-ның антикодоны, бұл нуклеотидтерінің орналасу реті м-РНК-ның кодонына комплементарлы түрде болатын бөлім.
16 сурет.т-РНҚ-ның екіншілік құрылымы
т-РНК-ның қызметі: ол өзінің антикодоны арқылы амин қышқылына таңба қояды, сондықтан амин қышқылдары полипептид тізбегіндегі өздерінің орнын тани біледі. Екіншіден, белок синтезделетін жерге амин қышқылдарын тасымалдайды.
Р – РНҚ, құрылысы, рөлі.
р-РНҚ барлық жасушалардағы РНҚ-ның 80%-дан көбін құрайды. Прокариоттар жасушалары мен эукариоттардың митохондриясында р-РНҚ-ның үш типі кездеседі. Эукариоттардың цитозольында р-РНҚ-ның төрт бар, олар бір-бірінен молекулалық массалары бойынша ажыратылады.
р-РНҚ рибосоманың құрамында кездеседі. Рибосома дегеніміз, 65% рРНҚ-дан, 35% жай белоктан тұратын рибонуклеопротеидтік комплекс. Бір р-РНҚ-ның молекуласы белоктың 30 молекуласымен байланысады. Әрбір рибосома үлкен және кіші суббірліктен тұрады. Үлкен бөлігі кіші бөліктен 2,5 есе үлкен (17-сурет).
Рибосомалар барлық клеткалардың төрттен бір бөлігін құрайды. Олардың массасының 60%-ы гидраттанған күйде болады. Сондықтан оларға еріткіштер молекуласына оңай енеді.
Р-РНҚ–ның поленуклеотид тізбегі оңай иіледі, белокпен бірге жинақталып, тығыз денешік түзеді. Р-РНҚ-ның бүтін болуы рибосомалардың функциясына міндетті түрде қажет. Р-РНҚтізбегінің бір жері үзілсе, рибосома өзінің активтігін түгелдей жояды. Рибосома м-РНҚ-мен біріге отырып, матрица түзеді. Бір рибосома әр түрлі белоктардың синтезіне қатыса алады, себебі, рибосома универсалды. Олар информацияны бөгде м-РНҚ-дан да оқи алады. Мысалы, өсімдік рибосомасы информацияны үй қоянының гемоглобинінің м-РНҚ-сын оқи алады.
Рибосоманың екі аймағы болады: А-аймағы, бұл аймаққа рибосомаға келген аминоацил –т-РНҚ орналасады және Р-аймағы, бұл пептид бекітілетін аймақ, онда өсіп келе жатқан полипептид тізбегі ілініп тұрады. Осы жерден амин қышқылының қалдығынан босаған т-РНҚ бөлініп шығады.