ПӘННІҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
АЗАҚ ЭКОНОМИКА, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА УНИВЕРСИТЕТІ
«БЕКІТЕМІН»
ОӘК төрайымы,
Академиялық мәселелер жөніндегі проректор
_________Е.Әмірбекұлы «____»__________ 2016 ж.
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
(ПОӘК)
«Менеджмент»
6М050700 – «Менеджмент», 6М051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 6М050600 «Экономика», 6М050900 «Қаржы», 6М050800 «Есеп және аудит»
Оқу нысаны: күндізгі
Факультет«Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру»
Кафедра «Менеджмент»
АСТАНА
Оқу әдістемелік кешен «Менеджмент» пәні бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, типтік бағдарлама және осы пәннің оқу жоспары негізінде 6М050700 – «Менеджмент», 6М051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 6М050600 «Экономика», 6М050900 «Қаржы», 6М050800 «Есеп және аудит» мамандықтарының магистранттары үшін Нүркенова Мақпал Жаңбыршықызымен құрастырылған.
Пәннің оқу әдістемелік кешені «Менеджмент» кафедрасының мәжілісінде қарастырылған және талқыланған
«____» тамыз 2016ж. Хаттама № 1
«Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі
э.ғ.д., профессор Турекулова Д.М.
Пәннің оқу әдістемелік кешені Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеттің әдістемелік кеңесінде бекітілген
«____» _____________ 2016ж. Хаттама № ____
МАЗМҰНЫ
Пәннің типтік бағдарламасы | ||
Пәннің жұмыстық оқу бағдарламасы | ||
Силлабус | ||
Пәнді қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік карта | ||
Лекциялық кешен | ||
Семинарлық сабақ жоспары | ||
Пәнді оқуға арналған әдістемелік нұсқау | ||
СӨЖ өткізуге әдістемелік нұсқау | ||
СОӨЖ ұйымдастыруға әдістемелік нұсқау | ||
Емтихан сұрақтары | ||
Пәнді оқуға арналған программалық және мультимедиялық бағыт | ||
Мамандандырылған аудиториялар тізімі |
Азақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
ПӘННІҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
«МЕНЕДЖМЕНТ»
АЛҒЫ СӨЗ
Бұл пән басқарудың мазмұнын жан-жақты ашады; басқару туралы білімдер кешенін құрайды; әртүрлі басқару қызметін жүзеге асыру, басқару жүйелерін талдау және оларды жобалауда нақтылы дағдыларды тудырады.
Бұл бағдарлама басқару теориясының дамуының тарихи жағдайлары; менеджменттің теориялық аспектілері, оның технологиясы; менеджмент әдістері мен функциялары; персоналды басқару логикаға сәйкестілік түрде қарастырылған. Менеджмент рыноктық қарым-қатынастарындағы экономикалық тәуелсіз өндіріс буынына қажетті, басқарудың ерекше түрі ретінде қарастырылады және ол рынок конъюнктурасы мен бәсеке-күрес жағдайларын сергек сезінуге қабілетті, икемді талапты экономикалық басқару жүйесі болып табылады.
“Менеджмент” пәнінің бағдарламасы жоғары оқу орындарының экономикалық мамандықтарына арналған.
Бағдарлама жоғары оқу орындарында пәннің жұмыс бағдарламасын құрастыруға негіз болуы тиіс. Басқа оқу пәндерінің көлемі мен мазмұнына және жоғары оқу орнының бағдарламасына байланысты кейбір тақырыптар және оларды оқуға бөлінетін сағаттарының көлемі өзгеруі мүмкін.
Пәннің бағдарламасы
1-бөлім. Менеджменттің теориялық және методологиялық негіздері
1 тақырып. Басқару ғылымының мәні мен әдісі
Экономикалық ғылымдар жүйесінде басқару ғылымының пәні.
Менеджменттің теориялық және методологиялық негіздері. Теория мен практика бірлігі, менеджментті зерттеудегі тарихи және логикалық тәсілдер.
Басқару әдістерінің жиынтығы.
Курстың мазмұны мен мәселелері. “Менеджмент” оқу пәнінің басқа пәндерімен байланысы. Оның мамандар дайындаудағы мақсаттары мен мәселелері.
Басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі.
2 тақырып. Менеджменттің мәні мен қағидалары
Менеджмент туралы түсінік. Менеджмент мәселесі. Менеджмент түрлері: өндіріс менеджменті, қаржы менеджменті, инновация менеджменті, инвестиция менеджменті, дағдарысқа қарсы менеджменті, халықаралық менеджмент және басқалар.
Басқарушы және басқарылушы кіші жүйелер, олардың бірлігі мен әрекеттестігі. Менеджер және оның функциялары.
Рыноқтық экономикадағы басқару объектілері. Басқару қарым-қатынастары. Қоғам жүйесіндегі басқару қарым-қатынастарының түрлері. Өндірісті басқару қарым-қатынастарының классификациясы.
Басқару мен кәсіпкерліктің өзара байланысы.
Басқару дың мәні мен қағидаларына негізгі теориялық көзқарастар. Америкалық және Жапон менеджменті: ерекшеліктері мен өзгешіліктері. Басқару ғылым және өнер ретінде.
3 тақырып. Басқарудағы жүйелік тәсілдің негіздері
Жүйелер туралы түсінік және олардың қасиеттері. Басқарудың жүйе, құрылым және процесс араларындағы қатынасы. Жүйенің жұмыс істеу шарттары. Экономикалық жүйелердің ерекшеліктері.
Басқару жүйесі ретіндегі өндіріс туралы түсінік. Өндірісті басқарудағы жүйелік тәсіл. Өндірісті басқару жүйесінің жұмыс істеуі және оны құрастыру қағидалары.
Өндірісті басқару жүйесіндегі басқарудың объектісі мен субъектісінің ара қатынасы. Өндірісті басқару жүйесіндегі басқару субъектісінің активтік (белсенді) ролі.
Экономикалық жүйелердегі басқаруды жүзеге асыру үшін кері байланыстардың маңызы.
Үлкен жүйелердің қасиеттері.
4 тақырып. Менеджмент эволюциясы
Тарихи жағдайлары және менеджменттің дамуын дәуірге бөлу. Басқаруды ғылым және зерттеудің дербес саласы ретінде тану. Ф.У. Тейлор және оның “Ғылыми менеджмент қағидалары” кітабы. Басқаруды ғылыми пәнге айналдырудың алғы шарттары. Ірі салалар мен кәсіпорындар, оларды басқарудағы формаланған тәсілдер.
Басқару ғылымының дамуына маңызды үлес қосқан негізгі тәсілдер. Басқарудағы әртүрлі мектептерді бөлу позициясының тәсілі: ғылыми мектебі, әкімшілік мактебі, адамдар арасындағы қарым-қатынастар мектебі, тәртіптілік мектебі, басқару ғылыми мектебі немесе сандық әдістер мектебі.
Ғылыми басқару мектебінің құрылуы мен дамуы, оның негізін салушылар. Басқарудың классикалық немесе әкімшілік мектебінің өкілдері. Адамдар арасындағы қарым-қатынастар мектебі, оның өкілдері. Тәртіптілік мектебінің негізгі мақсаты, оның өкілдері. Басқару ғылыми мектебінің сипаттамасы. Жағдайлық тәсіл, оның өкілдері және басқару теориясына қосқан үлесі. Процестік тәсіл, оның сипаттамасы және өкілдері. М. Мескон бойынша басқару тәсілдерінің эволюциясы.
5 тақырып. Қазақстандағы менеджментің методологиялық негіздері
Қазақстанда менеджменттің қалыптасуы мен дамуының саяси және экономикалық алғы шарттары, оның қазіргі заманғы өндірісінің дамуындағы рөлі.
Қазақстанда рыноктық қарым-қатынастарға өтудің негізгі бағыттары. Реформаларды тездету мен терендетудің мақсаттары мен мәселелері. Менеджменттің орны мен рөлі. Экономика, саяси және басқарудың әрекеттестігі.
Қазақстандағы кәсіпкерлік пен бизнестің мазмұны мен негізгі ерекшеліктері. Олардың дамуына ішкі және сыртқы ортаның әсері. Менеджмент және кәсіпкерлік.
Менеджмент бірігіп құрастырылған еңбектің құрама бөлігі және Қазақстандағы меншіктің жаңа қарым-қатынастарын жүзеге асыру құралы ретінде.
Өзін-өзі басқару концепциясы реттелінетін рыноктық экономикаға өтудің ғылыми негізі ретінде.
Қазақстан Республикасының қалыптасуы және дамуының стратегиясы. Экономикалық даму стратегиясының кезендері.
Реформаларды терендету бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің орта мерзімдік бағдарламалары.
2 бөлім. Басқаруды ұйымдастыру
6 тақырып. Ұйым туралы түсінік және оның түрлері
Ұйым туралы түсінік. Ұйымның жалпы сипаттамалары. Ұйымның негізгі ерекшеліктері мен түрлері. Формальды (ресми) және формальды емес (бейресми) ұйымдар.
Еңбекті көлденең және тік бағытта бөлу. Ұйымдағы басқару процесі. Басқарудың негізгі деңгейлері. Басқарудың объектісі мен субъектісі.
Менеджмент жүйесіндегі кәсіпкерлік. Кәсіпкерлер басқарушылар ретінде. Жетістікке бағытталған басқару. Қазіргі заманғы менеджер моделі.
7 тақырып. Ұйым мақсаттары және олардың классификациясы
Мақсат басқарудың қажетті элементі ретінде. Менеджменттегі мақсаттық тәсіл. Мақсатты жасау мен тұжырымдаудың методологиялық және ұйымдастырушылық факторлары. Мақсаттар классификациясы. Мақсат декомпозициясы және мақсат бұтағы. Мақсат және мәселелер: біріктіру, үйлестіру, тиімділік. Менеджментте шешілетін мәселелер, олардың түрлері. Реттеу, ұйымдастыру, үйлестіру мен тексеру жәніндегі менеджмент мәселелері. Белгіленген мақсатқа жету.
8 тақырып. Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы
Ұйымның ішкі ортасы туралы түсінік. Ішкі айнымалылар: мақсаттар, құрылым, міндеттер, технология және адамдар. Мақсаттар туралы түсінік және олардың әртүрлілігі. Бөлімшелердің мақсаттары. Ұйым құрылымы. Еңбекті арнайы бағытқа бөлу. Басқару көлемі. Міндеттер сипаттамасы. Технология түсінігі. Технологияның классификациясы. Фирма табысына технологияның әсер етуі. Басқаруға жағдайлық көзқарастағы адам айнымалысының негізгі аспектілері. Ішкі айнымалылардың өзара байланысы.
Сыртқы орта туралы түсінік. Сыртқы ортаның маңызы және оның ұйым жұмысына әсері.
Сыртқы орта сипаттамалары: факторлардың өзара байланыстығы, ортаның күрделілігі, ортаның қозғалмалылығы, ортаның белгісіздігі.
Тура әсер ететін орта: жабдықтаушылар, материалдар, капитал, еңбек ресурстары, тұтынушылар, бәсекелестер.
Жанама әсер ететін орта: экономика жағдайы, әлеуметтік-мәдени факторлар, саяси факторлар, жергілікті халықпен қарым-қатынас. “Технология” факторының сыртқы аспектілері.
9 тақырып. Басқарудың ұйымдастыру құрылымы мен басқару нормасы (мөлшері)
Басқарудың ұйымдастыру құрылымы туралы түсінік. Басқарудың ұйымдастыру құрылымының түрлері: сызықтық, функциональдық сызықтық-функциональдық (штабтық), матрицалық. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері.
Басқарудың ұйымдастыру құрылымын жобалау. Жобалау кезеңдерінің сипаттамасы.
Ұйымдастыру құрылымға қойылатын негізгі талаптар. Ұйымдастыру құрылымның тиімділігінің параметрлері. Ұйымдастыру құрылымда бөлімшелерді үйлестіру мен интеграциялау (біріктіру) механизмі. Басқару нормасы (мөлшері). Басқарудың қазіргі заманғы ұйымдастыру құрылымы.
10 тақырып. Басқарудың ұйымдастыру-құқықтық формалары (түрлері)
Рыноқтық қарым-қатынас жағдайында шаруашылық қызметінің қазіргі заманғы түрлері. Кәсіпорындарды әртүрлі ұйымдастыру-құқықтық белгілері бойынша классификациялау. Қазақстан Республикасы азаматтық кодексі және ұйымдастыру-құқықтық түрлері: мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер.
Шаруашылық серіктестіктер сипаттамалары және олардың түрлері: толық серіктестіқ, қосымша жауапкершілікті серіктестік, коммандитты серіктестік, жауапкершілігі шектелген серіктестік.
Акционерлік қоғамдар: ашық және жабық. Еншілес және тәуелді шаруашылық серіктестіктері.
- Ұйым бірлестіктері (ассоциациялар, одақтар). Ассоциациялардың ұйымдастыру-құқықтық түрлері: жолдинг компаниялары мен қаржы-өнеркәсіп топтары, концерндер, консорциумдар, трестер, синдикаттар, картельдер.
Фирмаларды басқарудағы ерекшеліктер:
- меншік сипаттамасы бойынша (жеке-картель, синдикат, пулдар, трест, концерн, өнеркәсіп холдингтері, қаржы тобы, мемлекеттік және кооперативтік одақтар);
- бақылау және капиталдың тиістілігіне байланысты (ұлттық, шетелдік, аралас);
- әрекет саласы (сферасы) бойынша (филиалдар, бағынышты компаниялар, трансұлттық корпорациялар).
11 тақырып. Әрекеттестікті ұйымдастыру және өкілеттіліктер
Делегирлеу, өкілеттіліктер және жауапкершілік. Өкілеттілікті делегирлеу және менеджмент жүйесінде жауапкершілікті бөлу. Ұйымдық өкілеттіліктер. Өкілеттілік шектері. Басқарудың деңгейлері мен функциялары бойынша өкілеттілік пен жауапкершілікті бөлу. Сызықты және аппаратты (штабты) өкілеттіліктер. Өкілеттіліктер және билік.
Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған өкілеттіліктер. Орталықтандырылмаудың дәрежесін анықтайтын факторлар.
Өкілеттілікті беру концепциясының сипаттамасы: классикалық концепция мен ұйымдық, өкілеттілікті қабылдау концепциясы.
Өкілеттілікті бөліп беруді тиімді ұйымдастыру. Өкілеттілікті тиімді делегирлеуге кедергілер.
3 бөлім. Менеджменттегі интеграциялық процестер
12 тақырып. Менеджментті информациямен қамтамасыз ету
Информация туралы түсінік. Информация басқару қызметінің пәні ретінде. Информацияның басқару тиімділігіне әсері. Информацияның анықтамасы, қасиеттері, классификациясы. Информацияға қойылатын талаптар.
Фирма ішіндегі информация жүйесінің негізгі қағидалары, мәселелері мен функциялары.
Информация сапасына әсер ететін факторлар. Информация құрылымы. Информациялық жүйелер. Информациялық ағымдарды ұйымдастыру, информацияны жинау мен өндеу әдістері. Менеджмент жүйесіндегі информацияны жіктеу (бөлу). Менеджменттің информациялық икемділігі.
Қазақстан экономикасын басқарудың информациямен қамтамасыз етілуі.
13 тақырып. Менеджменттегі коммуникация
Басқарудағы коммуникацияның ролі. Менеджменттегі көлденең және тік коммуникациялар. Коммуникациялық процесс, оның кезендері мен элементтері. Жеке адам арасындағы және топтық коммуникациялар. Қарым-қатынас түрлері мен ұйымдастыру түрлері. Іскерлік қарым-қатынастың дамуы. Қарым-қатынастың жеке адамдық және кәсіпшілік факторлары.
Құжат айналымын жобалау. Коммуникациялық кедергілер мен оларды жеңіп шығу әдістері.
14 тақырып. Менеджменттегі басқару шешімдері
Менеджмент процесіндегі шешімнің ролі. Басқару шешімдері туралы түсінік және олардың классификациясы. Шешім жасаудың логикалық схемасы. Басқару шешімдерін жасау әдістері. Басқару – шешімдер сапасының көрсеткіштері. Шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру кезендері.
Белгісіздік жағдайда шешім қабылдау. Шешім салдары: бағалау мен болжау. Шешімді оптимальдаудың (үйлесімді жасаудың) негізгі факторлары. Күрделілігі әртүрлі проблемаларды шешудегі басқару шешімдері. Бағдарламалы-мақсаттық және проблемалы-бейімделген басқару.
4 бөлім. Рыноктық экономикадағы басқару әдістерінің жүйесі
15 тақырып. Экономикалық басқару әдістері
Экономикалық әдістердің басқару әдістер жүйесіндегі орны. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын тездету үшін көбінесе халық шаруашылығының барлық деңгейлеріндегі басқарудың экономикалық әдістеріне көшудің маңызы.
Басқарудың экономикалық әдістерінің классификациясы.
Рыноқтық қарым\қатынастарын құру кезеңінде басқарудың әртүрлі деңгейлеріндегі экономикалық әдістерді қолдану ерекшеліктері.
16 тақырып. Басқарудың әлеуметтік\психологиялық әдістері
Басқарудағы әлеуметтік\психологиялық әсердің орны мен ролі. Әлеуметтік-психологиялық басқару әдістерінің классификациясы мен сипаттамасы.
Өндірістік ұжымды құрастыру әдістері, ұжымдағы топтық қарым-қатынастарды реттеу.
Әлеуметтік-экономикалық дамуды басқарудағы әлнуметтік факторлардың ролін арттыру.
Қайта құру тұжырымдамасындағы адам факторы. Шаруашылық ісінің әлеуметтік бағытын күшейту.
Елдің әлеуметтік\экономикалық дамуын арттыру басқарудың шаруашылық механизмінің тиімділігінің жоғарғы критерийі ретінде.
17 тақырып. Басқарудың ұйымдастыру - өкімдік әдістері
Әкімшіл-өкімдік әдістердің басқару әдістері жүйесіндегі орны, олардың басқа басқарушылық әсер ету тәсілдерімен түбегейлі өзара байланысы. Әкімшіл-өкімдік әдістердің мәні және олардың сипаттамасы. Жедел (оперативтік) басқарудағы пайдаланылатын ұйымдастырушы әдістері.
Басқару әсері, оның мақсаттары және басқару жүйелерінің әртүрлі деңгейіне жүзеге асырылу формалары (түрлері).
Экономиканы басқарудың құқықтық әдістерінің ролі. Өндірісті басқарудағы құқықтық реттеу механизмі.
18 тақырып. Рыноқтық экономикадағы басқарудың қазіргі кездегі тәсілдері
Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдау концепциясы. Шаруашылық ісінің еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту. Қазақстандағы кәсіпкерлік формалары (түрлері). Жаңа экономикалық құрылымдарды құру мен дамытуды қолдау.
Кәсіпкерлікті қолдаудың ұйымдастырушылық механизмі. Биржа әрекетін басқару әдістері.
5 бөлім. Менеджмент функциялары
19 тақырып. Ұйымдастыру менеджмент функциясы ретінде
Ұйымдастыру функциясының мазмұны. Ұйымдастыру функциясын орындау процесіндегі негізгі қағидалар. Басқару қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері мен түрлері. Функцияларды, өкілеттіліктерді, жауапкершілікті бөлу. Басқару қызметін тәртіптеу (ережелеу) және нормалау (мөлшерлеу). Басқарушы қызметшілер (персонал) түрлері бойынша басқару қызметін ұйымдастыру формасын дифференциациялау.
20 тақырып. Менеджменттегі жоспарлау
Жоспарлаудың мазмұны, мақсаттары мен міндеттері. Жоспар түрлері, жоспарлау формалары. Жоспарлау қағидалары: графиктер, байланыс, деңгейлер,күнтізбеге байлау.
Ұйымның жұмысын стратегиялық жоспарлау. Стратегиялық жоспарды жасаудың әдістері, процедуралары мен ережелері. Стратегиялық жоспарды бағалаудың сандық және сапалық критерийлері. Стратегияны жүзеге асыру процесін басқару.
Тактикалық жоспарлау. Тактикалық жоспарды жасау сипаты мен процедурасы.
Фирма ішіндегі жоспарлауды ұйымдастыру формалары. Ұйымды басқарудағы бизнес-жоспар. Міндеттер, бизнес-жоспар бөлімдері.
Жұмыс таңдау, бәсекелестік артықшылықтарының түрлері. Өткізу рыногын бағалау. Рынокты зерттеу процесінің кезеңдері. Бәсекелес мүмкіндігін бағалау. Маркетинг жоспары, өндіріс жоспары, қаржы жоспарының негізгі элементтері. Шет елдерде жоспарлауды ұйымдастыру және оның ерекшеліктері.
21 тақырып. Менеджменттегі мотивация
Мотивация туралы түсінік, оның маңызы мен эволюциясы.
Қазіргі замандағы мотивация теориялары. Мотивация, ынталандыру және белсендіру. Мотивацияның бастарқы және қосымша факторлары.
Қажеттіліктер және мотивациялық тәртіп. Бірінші және екінші қажеттіліктер. Мотивацияның мазмұндылық теориясы: А.Маслоу бойынша қажеттіліктер иерархиясы; Ф.Герцбергтің қос факторлы теориясы; Мак Клелландтың қажеттіліктер теориясы.
Мотивациялық процессуалдық (іс-жүргізушілік) теориясы: күту теориясы, әділеттілік теориясы, Портер-Лоулердің мотивация моделі (үлгісі).
22 тақырып. Менеджмент жүйесіндегі бақылау
Басқарудағы бақылаудың объективті қажеттілігі. Басқарудағы бақылаудың функциялары мен түрлері. Бақылау технологиясы: бақылау концепциясын таңдау, бақылау мақсатын анықтау, бақылау нормасын (мөлшерін) сақтау, бақылау әдістері, бақылау көлемі мен саласы.
Бақылау процесі. Бақылау процесінің кезеңдері. Нормативтер мен стандарттарды жасау. Бақылау жүйесіндегі экономикалық талдау. Өзгерістерді бақылау, нәтижелерді страндарттар мәліметтерімен салыстыру, түзетулер жасау. Ұйымның экономикалық потенциалын анықтау.
Бақылаудың ұйымдастыру формалары. Тәуелді, тәуелсіз бақылау. Фирма ішіндегі бақылау. Аудиторлық тексеру. Ұйым тәртібінің ерекше аспектерін бақылау. Бақылауға кедергілер мен қарсыласу.
Бақылаудың талаптары-критерийлері. Бақылаудың дер кезінде болуы мен икемділігі. Бақылаудың қарапайымдылығы мен тиімділігі.
Контроллинг негіздерінің түсіні. Жоспарлау жүйесі және контроллинг. Контроллинг аспаптары. Бақылаудың техникалық тәсілдері және қазіргі заманғы басқару техникасын пайдалану.
6 бөлім. Топтық динамика және басқару персоналы
23 тақырып. Адам қызметін басқару және топты басқару
Адамды басқару және топты басқару. Топтар және олардың маңыздылығы. Формалды (ресми) және формалды емес (бейресми) топтар. Хоторн эксперименттері. Формалды емес (бейресми) ұйымдарды құрастыру және дамыту механизмі. Олардың сипаттамасы. Формалды емес ұйымдарды басқару. Хоманс моделі. Формалды емес ұйымдармен байланысты қиындықтар және пайдалар.
Топтың жұмысының тиімділігіне әсерін тигізетін факторлар. Өкілеттіліктер мен комитеттер. Комитеттердің негізгі түрлері. Комитеттер арқылы басқару.
24 тақырып. Басшылық: билік, ықпал ету және серіктестік
Ұйымдағы басқару. Өкілеттілік, жеке ықпал ету және билік. Билік баоансы. Ықпал ету және билік формалары. Мәжбүр етуге негізделген билік. Қорқыту арқылы ықпал ету. Марапаттауға негізделген билік. Жағымды нығайту арқылы ықпал ету. Заңды билік. Дәстүр арқылы әсер ету. Эталондық билік (үлгі билігі). Харизма арқылы ықпал ету. Сараптау билігі. Парасатты сенім арқылы ықпал ету.
Сендіру мен қатысу. Сендіру арқылы ықпал ету. Еңбекшілерді басқаруға қатыстыру арқылы ықпал ету. Ықпал етуді тәжірибе жүзінде пайдалану.
25 тақырып. Лидерлік: басқару стилі мен менеджер имиджі
Лидерлік теориясын шолу. Жеке адамның қасиеті мен көзқарасы жағынан қарағандағы тәсілі. Тәртіптілік тәсіл. Жағдайлық тәсіл.
Лидер-әлеуметтік архитектор ретінде. Құрылым және бюрократия. Лидер және белгісіздік. Кадлар жүйелерінің компоненттері. Формалды емес лидер. Басшылық стилі туралы түсінік және олардың түрлері, оны құрастыру факторлары. Басшылықтың автократтық, демократтық және либералдық стилі Лайкерттің адамға бағытталған басшылықтың төрт стильдері. Жұмысқа және адамға негізделген екі өлшемді басшылық стилінің баян етілуі. Блэйк және Моутонның басқару кестесіне сәйкес басшылық стильдерін сипаттау.
Стиль, қанағаттанушылық және өнімділік. Тиімді басшылықтың жағдайлық әдісі. Фидлердің жағдайлық басшылық моделі. Митчел мен Хаустың “жол-нысана” деп аталған әдісі. Херси мен Бланшардың “өмірлік цикл” теориясы. Врум-Йеттонның басшымен шешімдер қабылдау моделі.
Байімделген басшылық. Басшының жеке басы мен орындаушының жеке басы. Ерекше қасиеттер. Рыноктық қарым-қатынас жағдайында менеджер имиджі.
26 тақырып. Қайшылықтарды, күйзелістерді және өзгерістерді басқару
Ұйымдық қайшылықтың табиғаты мен мазмұны. Қайшылық себептері. Қайшылық функциялары. Қайшылық процесінің моделі. Қайшылық нәтижесі. Ұйымдық қайшылықтардың негізгі түрлері. Қайшылық жағдайды басқару. Жеке адамдар арасындағы қайшылықтарды шешу әдістері.
Күйзеліс (стресс) табиғаты. Күйзеліс себептері. Күйзеліс туғызатын ұйымдық және жеке адамдар факторлары. Күйзелістерді басқару. Қайшылық пен күйзеліс арасындағы өзара байланыс.
Ұйымдық өзгерістер табиғаты. Мақсаттар, құрылым, технология мен міндеттер, адамдар. Өзгерістерді басқару. Ұйымда өзгерістерді табысты өткізудің шаралары. Өзгерістерді жасау үшін басқаруда қызметкерлердің қатысуын пайдалану. Өзгерістерге қарсылықтарды жою. Ұйымдық даму. Ұйымдық дамудың алғы шарттары мен құндылығы.
27 тақырып. Фирманың кадр саясаты
Кадр саясаты туралы түсінік.
Фирмада кадр саясатын жасау және жүргізу.
Басқару кадрларын даярлау. Персоналды іріктеп алу және орналастыру. Персоналды басқару. Басқару кадрларын бағалау. Персоналды пайдалану.
АҚШ мен Жапония фирмаларында персоналды басқару ерекшеліктері.
Еңбек ақы төлеу және оны ынталандыру. Еңбекке ақы төлеу деңгейі және оның формалары.
7 бөлім. Басқару қызметінің этикасы мен мәдениеті
28 тақырып. Басқару қызметінің мәдениеті
Басқару мәдениетінің мәні мен түсінігі. Басқару мәдениеті өндіріс тиімділігін арттыру факторы ретінде. Басқару мәдениеті адамзат мәдениетінің бөлігі ретінде.
Басқару мәдениетінің элементтері: басқару қызметкерлерінің мәдениеті, басқару процесінің мәдениеті, еңбек шарттарының мәдениеті, құжаттау мәдениеті. Дамыған елдердегі экономикалық мәдениет ерекшеліктері. Ұйымдық мәдениет түрлері: күшті және нашар; формаланған және формаланбаған; функциональды және функциональды емес; айқындалған және жасырын; реттелінетін және реттелінбейтін т.б.
29 тақырып. Басқарудың корпоративтік мәдениеті
Басқарудың корпоративті мәдениеті туралы түсінік. Корпорация мәдениетіне әсер етуші факторлар. Корпорация мәдениеті-ұйымдастырушылық құрылым мен кадр жөніндегі саясаттағы құндылықтарды көрсету ретінде іске асырылады. Ұйымның мәдени аспектілерінің классификациясының сипаттамасы. Корпоративтік мәдениеттің негізгі құндылықтары.
Кәсіпкерліктің салалық мәдениеті. Сауда мәдениеті. Әкімшілік мәдениеті. Инновациялық мәдениет.
30 тақырып. Менеджердің іскерлік этикеті
Этикет – адам тәртібін реттеудің бір формасы (түрі). Іскерлік этикет ережелері. Іскерлік этикеттің ерекшеліктері. Кәсіби этикет.
Іскер адам киімі (костюмі). Сөйлеу мәдениеті. Адамның сөйлеу мәдениетінің жалпы белгілері. Іскерлік қарым-қатынастар. Келіссөз стилі. Келіссөзге дайындық. Кеңсені (офисті) безендіру. Еңбек өмірінің сапа концепциясының қағидалары.
8 бөлім. Менеджмент тиімділігі
31 тақырып. Менеджмент тиімділігі
Менеджмент тиімділігі: ішкі және сыртқы параметрлері. Тиімділіктің экономикалық және әлеуметтік аспектілері. Фирманың менеджмент мүдделерін, меншігін және еңбек ресурстарын үйлестіру (байланыстыру). Менеджмент және еңбекақы төлеу. Менеджмент және фирма табыстығы. Менеджмент тиімділігін сандық бағалаудың методологиялық қағидалары.
Тиімділікті арттыруға бағытталған стратегия: тенденцияларды таңдау және оларды практикалық жүзеге асыру. Менеджмент тиімділігінің өзгеруін анықтайтын факторлар. Менеджмент болашағы.
32 тақырып. Өнімділікті басқарудағы кешендік тәсіл
Еңбек өнімділігі ұйым жұмысының тиімділігін қамтамасыз ететін көрсеткіш ретінде. Өнімділік мәселелеріне кешендік тәсіл. Өнімділікке жүйелік көзқарас. Сапа және өнімділік. Құндылық, сапа және өнімділік. “Кіру-шығу” циклі. Өнімділік және сыртқы орта. Өнімділік және ішкі орта.
Өнімділік критерийі бойынша басқару. Жоспарлау және өнімділік. Ұйымдастыру және өнімділік. Мотивациялау және өнімділік.
Өнімдіоікті қамтамасыз етуде коммуникациялар, шешім қабылдау және басшылық. Ұйымның барлық деңгейлеріндегі өнімділік.
Семинар және практикалық сабақтар жоспары
1 тақырып. Менеджменттің мәні мен қағидалары
2 тақырып. Менеджмент эволюциясы
3 тақырып. Ұйым туралы түсінік және оның түрлері
4 тақырып. Ұйым мақсаттары және олардың классификациясы
5 тақырып. Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы
6 тақырып. Менеджменттегі коммуникация
7 тақырып. Менеджменттегі басқару шешімдері
8 тақырып. Рыноқтық экономикадағы басқарудың қазіргі кездегі тәсілдері
9 тақырып. Ұйымдастыру менеджмент функциясы ретінде
10 тақырып. Менеджменттегі жоспарлау
11 тақырып. Менеджменттегі мотивация
12 тақырып. Адам қызметін басқару және топты басқару
13 тақырып. Басшылық: билік, ықпал ету және серіктестік
14 тақырып. Лидерлік: басқару стилі мен менеджер имиджі
15 тақырып. Қайшылықтарды, күйзелістерді және өзгерістерді басқару
16 тақырып. Басқарудың корпоративтік мәдениеті
17 тақырып. Менеджердің іскерлік этикеті
18 тақырып. Менеджмент тиімділігі
Ұсынылған әдебиеттер
1. Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент. – М.: Гардарина, 1996.
2. Герчикова И.Н. Менеджмент. – М.: Банки-Биржи, 1994.
3. Бердалиев К.Б. и др. Основы менеджмента. – Алматы: КазГАУ, 1995.
4. Бердалиев К.Б. Основы управления экономикой Казахстана. – Алматы: КазГАУ, 1998.
5. Кохно П.А., Микрюков В.А., Комаров С.Е. Менеджмент. – М.: Финансы и статистика, 1993.
6. Кубаев К.Е. Теория построения систем управления. /Ж. «Транзитная экономика». – Алматы, 1998, №2, с.37-52.
7. Кэмпбелл Р. Макконнелл, Стэнли Л. Брю. Экономикс: принципы, проблемы и политика. – М.: Республика, 1992, т.1, гл.21; т.2, гл.5, 32.
8. Менеджмент организации /Под ред. З.П.Румянцевой, И.А.Соломатина. – М.: Инфра – М, 1995.
9. Мескон М.Х. и др. Основы менеджмента /Пер.с англ. – М.: Дело, 1992.
10. Сульповар Л.Б., Маннапов Р.Г. Менеджмент: Наука и исскуство управления бизнесом. – Тольятти: Современник, 1992.
11. Менеджмент: теория и практика в России. Учебник /Под ред А.Г.Поршнева, М.Л. Разу –М, 2003
Қосымша әдебиеттер
12. Ассонов Г.Ф., Хуторненко О.А., Шаблий Е.И. Особенности экономической культуры в США, Японии, странах Западной Европы. – Киев, 1992.
13. Бенгт Карлоф. Деловая стратегия. – М., 1993, с. 229-232, с. 317-318.
14. Браим Иван. Этика делового общения. – Минск: Экоперспектива, 1996.
15. Вудкок М., Френсис Д. Раскрепощенный менеджер /Пер с англ. –М.: Дело, 1991.
16. Глушенко В.В. Менеджмент: системные основы /Ж.: «Крылья», 1996.
17. Грейсон Дж. (мл.), О.Дели К. Американский менеджмент на пороге ХХI века/ Пер. с англ. М.: Экономика, 1991.
18. Гончаров В.В. Руководство для высшего управленческого персонала /Опыт лучших промышленных фирм США, Японии и стран Западной Европы. – М.: «Сувенир», 1993.
19. Комаров С. Культура современных действий в менеджменте /Ж. «Проблемы теории и практики управления», 1991, №5-6.
20. Модульная программа для менеджеров /Под ред. А.М.Зобова, Н.Б.Филинова и др. – М., 1999.
21. Рюттингер Рольф. Культура предпринимательства / Пер. с нем. – М.: Экономика, 1992.
22. Поршнев А.Г. и др. Управление организацией – М. 1998
23. Кабушкин Н.И. Основы менеджмента, Финансы, учет, аудит – М; 1997