Тұндырғышқа кететін судың есептік шығыны

. (23)

 

мұндағы L – айналма науа ұзындығы, м.,

 

6 сур. Көлденең тұндырғыштың бір секция бойынша қимасы 1-тесік d=30мм тұнбаны әкету жүйесін; 2-мөлдіреген суды әкету; 3-жапалақ пайда болу камерасы; 4-құбыр.

Тұндырғыштардың тұну мен тұнбаның нығыздау аймағы есептелмей, ғимараттар арнайы гидравликалық жүйе көмегінсіз сөндірілмей тұрып тұнба әкетіледі.

Ағынның тұндырғыштар бойынша біркелкі таралуы үшін тұндырғыштың басы мен соңғы жағына таратушы тесік қабырғалар орнатылады. Тесіктер қабырғаның бар тереңдігі бойынша орналасқан. Тұндырғыштар көлденең ылдилығы і=0,001 болады, ал тік орналасуы бойынша ылдилық болмайды. Тұндырғыштың бір секциясы бойынша қимасы 6 сур. көрсетілген.

Тұндырғыштың жақсы тиімділікті жұмыс істеуіне қиындықтар туғызатын жай, бұл тұндырғыштарда өзінше (жеке) секциялардың көптігінен жүктемелердің біркелкі болмауында. Тұндырғыштарды алдын-ала зерттеу жұмыстары көрсеткендей олардың жүктемесі шектен тыс дұрыс төселмеген. Секциялар бойынша айырмашылығы 50-70%-ға дейін.

Суды беруді реттеу үшін тұндырғыштардың кейбір секцияларына, тұндырғыштан судың деңгейін өлшейтін (құбыршалар) пьезометрлік бағыттаушылар қолданды. Реттеу принципі бойынша тұндырғыштан сүзгіге баратын су құбырында орналасқан ысырма сүзгідегі су деңгейі бірдей кезінде толық ашылып (сүзгіштікті алып кететін ысырма), әр тұндырғышқа өнімділік тек қана деңгейі бойынша анықталады.

Тұндырғыш соңында орналасқан көлденең қабырғада ғимараттың бар тереңдігі бойынша он қатар тесіктер орналасқан. Тарату қабырғаларының төменінде орналасқан қатардағы ашық тесіктердің болуы сүзгіге шламның сорылуына себеп болады. Тұндырғышты үрлегеннен кейін сорылу байқалмады, бірақ шламның жиналуына байланысты тұнған судың лайлылығы астыңғы үш қатар тесіктері жабылған сынама тұндырғыштарға қарағанда 15%-ға көбейді.

Тұнбаны жуу көрсеткендей төмендегі екі-үш қатар толық шламмен бітеліп негізінен жұмыс істемеген. Сонымен қатар, тұнбаны шығарғанда шлам сынамалы тұндырғыштағы шлам басқа тұндырғыштарға қарағанда 7-15%-ға көп. Осыған орай тұндырғыштардың барлық секцияларындағы төменгі үш қатар тесігі толық жабылды. Көлденең қабырғадағы ең көп қатар санын жапқан кезде тұндырғыштағы мөлдірлеу тиімділігі төмендеді, ал бұл судың таралудан кейін толық алынбағанын көрсетеді.

Ұсынылатын әдебиеттер :

3 осн. [7-17; 35-80; 245-279];

10 доп. [92-98];

11 доп. [8-9; 27-54; 151-183]

Бақылау сұрақтары:

1. Суды алдын-ала мөлдірету сүзу бекетінде өңдеудің қандай этапы болып саналады?

2.Тұндырғыштың жақсы істеу жұмысы қандай өлшемдерге байланысты?

3. Ақтөбе қаласының су тазарту ғимараттарының тұндырғышын қайта құру.

4. Тұндырғыштың жақсы істеу жұмыстарының нәтижесіне кандай бастапкы қиыншылықтар кедергі жасайды?

5.Тұндырғыштарың өлшемдерінің есебін қандай кезекпен анықтаймыз?