БЕТ НЕРВІНІҢ ПАРЕЗІ МЕН ПАРАЛИЧІ

 

Клиникалық көрінісі.Бет нервінің зақымдану деңгейіне байланысты, өйткені ол сілекей безін, үзеңгі етін, беттің ымдау етін, жақасты және тіласты сілекей бездерін, тілдің 2/3 алдыңғы дәм сезу бөлігін нервтендіретін бірнеше бұтақтар береді. Жақасты мүшелерінің жағдайын анықтау бет нерві бағытының қысылу немесе үзілу деңгейін көрсетеді (бет нервінің өзегінде немесе біз-емізікше тесігінен шыққанда).

1. Ішкі есту жолында бүгілмелі түйінге (коленчатый узел) дейін бет нервінің зақымдануы (бас сүйегінің негізі сынғанда, есту нервінің невриномасында). Мынадай белгілері болады: 1) Бет нервінің үш тармағы бірдей паралич болғанда – езу төмен түсіп, мұрын-ерін қатпары көрінбейді, зақымданған жақтағы маңдай терісі жиырылмайды; 2) Жастың болмауына байланысты көздің құрғақтығы, өйткені жас безі жұмыс істемейді; 3) Тілдің 2/3 алдыңғы бөлімі тәттіні, ащыны, қышқылды ажырата алмайды; 4) Даустың жаңғырығуы (гиперакузия) – патологиялық процесс есту мүшесін зақымдамаған жағдайда, сау құлаққа қарағанда ауру құлақтың дыбысты қатты қабылдауы. Үзеңгі бұлшықетінің жұмысы тоқтағандықтан, ол ортаңғы құлақтың басқа бұлшықетіне (дабыл жарғағына кіретін) қарсы әрекет жасай алмайды, сондықтан дыбыс әсерінен үзеңгі кіреберіс терезесіне күрт еніп, перилимфаны әрі итереді де, нәтижесінде даустың жаңғырығуы пайда болады.

ІІ. Бүгілмелі түйіннен шығатын бет нерві өзегі мен оның көлденең бүгіндісінің зақымдануы (дабыл қуысының лабиринтті қабырғасы). Бұл нерв үзеңгі бұлшық етін және дабыл жарғағының емізікше қабырғасын нервтендіреді. Мұнда жоғарыда айтылған барлық белгілер байқалады ( зақымданған жақтағы көздің құрғауынан басқа). Керісінше ауру көзінің жасаурап тұратынына шағым шағым айтады: жас безінің нервтенуі бұзылмайды, ал көзді жұму мүмкіндігі болмағандықтан жас қабының сору қабілеті төмендеп жас мұрын-көз өзегіне барады.

ІІІ. Бет нервінің біз-емізікше тесігінен шыққаннан кейінгі зақымдануы (шықшыт безі деңгейі). Бет нервінің барлық немесе бір тармағының зақымдану белгілері байқалады. Бұл маңдай терісін жиыру, көзді жұму мүмкіндігін бұзады немесе езудің қатты салбырауына және мұрын-ерін қатпарының жазылуына әкеледі. Дәм сезу мен дауыстың жаңғырығуы байқалмайды.

ІV. Орталықтың зақымдануынан туатын бет нервінің параличі (салдануы). Бұның ерекшелігі – ауру жақтағы маңдайдың жиырылуы қабілеті сақталады. Бұл бет нервінің жоғарғы тармағының импульсті қабылдауына байланысты және ол өз жағындағы ядромен ғана емес, сонымен қатар қарсы жақтағы ядромен де байланысқан: ядро аймағындағы патология жан-жақты паралич құбылысын тудырады (зақымданған жақтағы маңдай терісінің жиырылуы қабілетінен басқа). Бет нервінің зақымдану деңгейіне байланысты оның болу себептерін жорамалдану деңгейіне байланысты оның болу себептерін жорамалдауға және емдеу әдәсән таңдауға болады.

 

Лекция

Тақырып: Сөйлеу мүшелердің анатомиясы:

Жоспар:

1.мұрын, жұтқыншақ, өңеш-құрылысы

2.көмей, дыбыс байланыстары-құрылысы

Кілт сөздер:мүрын, жұтқыншақ, көмей

Мұрын анатомиялық құрылысы жағынан сыртқы мұрынға және мұрын қуысына бөлінеді.

Сыртқы мұрын мұрын сүйектерінен, жоғарғы жақ сүйегінің маңдай өсіндісінен тұрады. Мұрын сүйектері сырт жағынан жоғарғы жақ сүйегінің маңдай өсіңдісімен қосылып мұрынның бүйір бетін құрайды, ал мұрын сүйектерінің өзара орталық байланысы мұрын қабырғасын құрайды. Мұрынның шеміршек бөлігі қос үшкіл үлкен және кіші қырлы қосымша шеміршектерден құралған. Мұрынның сыртын май бездері бар тері жауып тұрады. Сыртқы мұрын бет және көз артериясы арқылы қоректенеді.

Сыртқы мұрын венасы мұрын қуысы венасымсн жалғасып (анастомоз) бет венасына келіп құяды. Лимфа тамырлары лимфаны жақасты лимфа түйіндеріне әкеледі.

Мұрын қуысы жоғарғы жағынан алдыңғы бас сүйек ойығымен, төменгі жағынан ауыз қуысымен, ал сырт жағынан көз ұяларымен жалғанады және оны мұрынның қосалқы қуыстары қоршап тұрады.

Алдыңғы жағында ішке тыныс алатын —. танау (ноздри), артқы жағында сыртқа тыныс шығаратын — хоаналар бар. Бұлар мұрын қуысын мұрын-жұтқыншақ қуысымен жалғастырады. Мұрын пердесі мұрын қуысын екі жартыға бөліп, оның медиальды қабырғасын құрайды. Мұрын пердесі үстіңгі жағынан перпендикуляр пластикадан, артқы және төменгі жағынан желбезек (сошник) сүйекшесімен, ал алдыңғы жағынан мұрын пердесі шеміршегімен жалғасады. Мұрын пердесініқ алдыңғы үсті 4 бұрышты шеміршектен құралған.

Мұрын қуысының жоғарғы қабырғасы алдыңғы жағынан мұрын сүйектерінен, ортасында тұрса сүйектен (елек тәріздес) артқы жағынан — сына тәрізді қуыстың алдыңғы қабырғасынан құралған. Торлы пластиканың көптеген тесіктері арқылы иіс сезу нервінің тармақтары өтеді.

Мұрын қуысының түбі жоғарғы жақ сүйегінің таңдай өсінділерінен және артқы жағынан таңдай сүйегінің көлденең (горизонталь) пластинкасынан құралған.

Сыртқы қабырғаның құрылысы бұдан күрделірек. Ол мұрын сүйектерінің ішкі бетінен, жоғарғы жақ сүйегінің маңдай өсіндісінен, қаңырақ сүйектен торлы сүйектің клеткаларынан, таңдай сүйектің тік пластикасынан және артқы жағынан — сына сүйектің қырлы өсіндісінің ішкі пластинкасынан құралған. Сыртқы қабырғасында үш кеуілжір орналасқан — төменгі, ортаңғы және жоғарғы. Бұлардың астында үш мұрын жолы бар. Олардан басқа мұрынның жалпы жолы бар. Төменгі кеуілжір күмбезі ,(свод) астында жас-мұрын каналының тесігі орналасқан. Мұрынның ортаңғы жолының бүйір қабырғасында жарты ай тәрізді саңылау бар. Оны бірінші рет Н. И. Пирогов анықтаған. Мұрынның ортаңғы жолына қарай гаймор қуысы, торлы лабиринттің алдыңғы және ортаңғы клеткалары, маңдай қуысы ашылады. Мұрынның жоғарғы жолына қарай торлы лабиринттің артқы клеткалары мен сына тәрізді қуыс ашылады.

Мұрынның кіреберіс бөлігі май бездері мен түктері бар терімен жабылған. Ол онан кейін аралық белдеуге, одан әрі шырышты қабыққа айналады. Дем алу және иіс сезу зоналары мұрын қуысында орналасқан. Иіс сезу зонасы мұрын қуысының жоғарғы 3-ші бөлімінде, онда демеуші клеткалардан тұратын арнайы рецепторлық нейроэпителийлер орналасқан. Иіс сезу клеткаларының нейзінен (қатты) талшықтар — аксондар басталып, ол горизонтальды пластинка тесіктері арқылы бас сүйектің қуысына өтеді де, иіс сезу нерв буылтығын (луковипя) құрайды (I нейроном). Иіс сезу жолы онан әрі иіс сезу үшкілінің клеткалары мен алмұрт тәрізді бөлігіне жетеді (II нейроном). Одан әрі сүйелді дене мен аммон мүйізі шетіне жетеді (III нейроном). Бұл бөлім иіс сезу анализаторының қыртысты аймағы болып саналады. Ал кірпікшелі эпителий (шырышты қабық), біріңғай салалы ет ткані мен тамырлар жататын қалған бөлігі тыныс алу аймағы болып табылады.

Әртүрлі факторлардың әсерінен (механикалық, термиялық, химиялық тітіркендіргіштер, сонымен қатар психикалық әсірінен) шырышты қабаққа қан тамыры, немесе керісінше болуы мүмкін. Осыған байланысты мұрын қуысы саңлаулары не тарылып не кеңиді. Қан жүрісі сыртқы ұйқы артериясының тармақтары арқылы жүзеге асып отырады. Қанның қайтуы ішкі кез веналарына келіп құятын бет венасы арқылы жүзеге асады. Ал, лимфа жақасты және мойынның терең лимфа түйіндеріне құяды. Бас сүйек қуысына инфекция осы жолдар арқылы тарауы мүмкін. Үшкіл нервтің 1 және 2 тармақтары арқылы сезімталдық, ал видий нерві арқылы вегетативтік (секрециялық, рецепторлық, тамыры) нервтену жүзеге асады. Ауамен қамтамасыз ететін қосалқы қуыстар — жақ, маңдай, торлы және сына тәрізді сүйектердің қалың жерлеріне орналасқан. Барлық қуыстар жұп болып келеді және мұрын қуысынан сүйекті пластинкалар арқылы бөлініп тұрады. Тек жіңішке тесіктер арқылы ғана мұрын қуысымен жалғасады. Оларда шырышты бездері жоққа тән және тамырлармен өте аз жабдықталған. Қірпікшелі эпителийлері бар жұқа шырышты қабықпен қапталған.

Үстіңгі жақ қуысы (Гайморова) көлемі жағынан (10-нан 18 см дейін) ең үлкені. Оның алдыңғы беттік қабырғасын ұрттың жұмсақ тканьдері жауып тұрады. Қабырғаның шұңқырлау жері (ит шұңқыр) анағұрлым жұқа. Оның астында артерия, вена және нерв ететін көзасты тесігі бар.

Үстіңгі (көздік) қабырға жұқа сүйек пластинкадан тұрады. Оның артқы бөлімдері, көп жағдайда жарық. Көзасты нервісінің өзегі осы қабырғада орналасқан.

Тығыз сүйектен тұратын артқы қабырға қанат-таңдай шұңқырымен шектеседі.

Төменгі қабырға немесе түбі альвесла өскінінің екінші кіші азу тіс пен екі бірінші үлкен азу тіс орналасқан бөлігіне сәйкес келеді. Қуыс мұрынның ортаңғы жолына ашылады.

Сыйымдылығы 3—5 см3 маңдай қуысының формасы да көлемі де әртүрлі болады, кейде ол болмауы да мүмкін.

Алдыңғы беттік қабырға ең қалыңы, артқы (милық) қабырға мидың маңдай бөлігімен шектеседі.

Астыңғы (көздік) ең жұқа қабырға, ал ішкі (қуысаралық) қабырға кейде болмауы да мүмкін. Бұл қабырғаның алдыңғы астыңғы бұрышында маңдай — мұрын өзегіне (түтігіне) өтіп, одан әрі мұрынның ортаңғы жолына ашылады.

Жаңа туған сәбиде маңдай қуысы болмайды, ол оның өмірге келген алғашқы жылынан бастап дамып, 25 жасқа дейін толық қалыптасып болады.

Торлы қуыс (торлы лабиринт) маңдай және сына тәрізді қуыстар аралығында орналасқан. Ол 2—А ауа (әкелетін) жүретін клеткалардан құралған, формасы мен көлемі әртүрлі болып келеді. Торлы қуыстың үстіңгі қабырғасы бас сүйектің алдыңғы шұңқырымен (ойығымен) шектеседі. Сыртқы қабырғасы көз ұясынан жұқа қабырға арқылы бөлініп тұрады. Торлы қуыстың ішкі қабырғасы мұрын қуысының сыртқы қабырғасының бір-бөлігі болып табылады. Торлы қуыстың негізгі пластинкасының бос шеті ортаңғы кеуілжірді құрайды. Негізгі пластинка алдыңғы және ортаңғы клеткаларды артқыларынан бөліп тұрады. Бұл қуыстың алдыңғы және ортаңғы клеткалары ортаңғы жолымен, ал артқылары жоғарғы жолымен байланыста болады. Жаңа туған сәбиде торлы қуыс шырышты қабықты кішкене клеткалар-түрінде болады, тек 6 жасына қарай клеткалар қалыптаса бастайды да, 12—14 жасында толық дамып бітеді.

Сына тәрізді қуыс (негізгі) мұрын-жұтқыншақ күмбезі үстінде орналасқан. Қуыс перде арқылы көлемі бірдей емес екі жартыға бөлінген. Қуыс алдыңғы ең жұқа қабырға тесігі арқылы жоғарғы кеуілжірдің үстіңгі жағындағы мұрынның жоғарғы жолына жалғасады.

Сына тәрізді қуыстың жоғарғы (үстіңгі) қабырғасы алдыңғы бас сүйегі шұңқырымен, түрік ершігімен, гипофизбен және көру нервімен шектеседі. Аса жұқа бүйір қабырғада ішкі ұйқы артериясы, үңгір (пещеристая) қуысы, көз қимылдатқыш, бүйір және кері әкетуші нервілер, үшкіл нервтің бірінші тармағы жатады. Артқы .қабырға бас сүйектің артқы шұңқырымен шектеседі.

Жаңа туған сәбиде сына тәрізді қуыс саңылау сияқты болып келеді, дамуы тек 20 жаста аяқталады. Мұрын қуысының көз ұясы және бас сүйек шұңқырымен жақын орналасу — қабыну процесінің көз шарасы (орбита) мен бас сүйек қуысына таралуына ықпал етеді.

Мұрын қуысы тыныс алу, қорғау, иіс сезу және резог маторлық функция атқарады. Тыныс алу функциясы — ауа ағымы танау арқылы жоғары қарай одан төмен қарай хоаналарға, одан әрі мұрын-жұтқыншаққа барады. Мұндай жол ауаның мұрын қуысының шырышты қабығымен ұзағырақ қатынаста болуын қамтамасыз етеді. Ішке қарай тыныс алғанда кеуде қуысында теріс қысым пайда болып, ауа мұрынның екі бөліміне келеді. Сыртқа қарай ауаны шығарғанда ол мұрын-жұтқыншақ арқылы хоаналарға келіп, одан әрі мұрынның төменгі жолы арқылы қосалқы қуыстарға келеді.

Мұрынның қорғаныс функциясына ауаны жылыту, оны ылғалдау және тазалау жатады. Қан тамырларына аса бай мұрын қуысының шырышты қабығына жақындаса келе, сырттан келген ауа адам денесі температурасына дейін жылиды.

Ал ылғалдану шырышты қабықтың ылғалмен қанығуы арқылы жүзеге асады. Ол тәулігіне 500 мл дейін су бөліп шығара алады. Судың бұл мөлшері адам организмінің жағдайына қарай не көбейіп, не азайып отырады. Ауаның тазаруы шаң-тозаңның ірі бөлшектерін ұстап қалатын танаудағы түктер арқылы іске асады. Ауадағы әртүрлі бөлшектер мен микробтардың 40—60%-ке жуығы мұрын қуысындағы жалқықта ұсталып қалады да, түшкіру арқылы тазарып отырады. Дауыстың әртүрлі тондарының ұлғаюы мұрын мен қосалқы қуыстардың резонаторлық функциясы болып табылады.

Мысалы, ұзақ тұмауратқанда, мұрын қуысы ісіктерінде дауыс міңгірлеп, ал жұмсақ таңдай, тілшік және қатты таңдайдың болмай қалған жағдайында ол мыңқылдап шығады.

Егер де ауа иіс сезу және эссеңциаль (хош иісті сезінетін) аймақтарына келмесе, иіс сезу клеткаларының, иервінің рецепторлар функциясы бұзылса — распираторлық гипоксия (тканьдегі оттегінің жеткіліксіздігі) пайда болады.

Жұтқыншық(глотка)-бас сүйек (ми сауыты ) негізінен басталып VI мойын омыртқасына дейін жетеді. Жұтқыншақ төмен жағынан өңешке өтеді.Анатомиялық физиологиялық ерекшеліктеріне және клиникалық көзқарастарға байланысты мұрын, ауыз және көмей жұтқыншағы деп үш бөлікке бөледі. Бұл бөліктердің шартты шектеулері тілшіктің қатты таңдай сызығының артқы жалғасы және тіршіліктің жоғарғы шетінен өтетін сызық. Жұтқыншақтыңмұрын бөлігі хаонаның артқы жағындағы кішігірім қуыс. Оның күмбезі үстінде жұтқыншақтың бадамша безі орналасқан, бүйір қабырғаларынан есту түтігінің сіңір бңлңктерімен қоршалған сағалары көрінеді. Жұтқыншақтың мұрын бөлігі, төмен жағынан жақсы қорініп тұратын, ауыз бөлігі өтеді.Оның құрамына : жұмсақ таңдай мен тілдік, жұтқыншақтың көзге көрінетін артқы қабырғасы, тіл түбірі және екі аралығына бадамша без бен жұмсақ таңдай орналасқан таңдай доғаларымен қоршалған аран (зев )жатады. «Аран қанталаған», « аранда қоймалжын қабат көрініп тұр» деп айту дұрыс емес.

Жұтқыншақтың артқы қабырғасының шырышты қабығында кейде айқын «гранула» түзетін ткань элементтері бар, сонымен қатар, артқы доғалардың арғы жағында лимфоидті бөліктері орналасқан. Жұтқыншақтың ауыз бөлігінің артқы қабырғасының шырышты қабығы тегіс эпителиймен қапталған, біраз мөлшерде бездер де бар. Тіл-жұтқыншақ нервімен нервтенеді. Бұл нервінің талшықтары қан тамырларына жақын жерден өтеді. Сондықтан қабынған кезде тамырдың кеңеюіне байланысты ауыру, қырнап-ашу сезімін тудырады.

Жұтқыншақтың ауыз бөлігінде бадамша бездері орналасқан оынң потологиясымен осы уақытқа дейін, әр түрлі мамандықтағы дәрігер шұгылданады. Өйткені, жалпы аурулардың көпшілігі осы бездердің жағдайына байланысты.

Әрбір бадамша без жұтқыншақтың ауыз бөлігіндегі бүйір қабырғасында, яғни бадамша шұңқырындаболады. Бұл шұңқырша алдыңғы және артқы жақтарынан етті құрылым- кішігірім доғалармен қоршалған.Доғалар тканьдері аса жұқа шырышты қабықта көрініп тұратындықтан қызыл реңді болады. Мұны қабыну кезіндегі қанталаумен шатастыруға болмайды. Бадамша без шырышты қабық астында көп мөлшерде орналасқан лимфоцитті фоликулалардың ретикулярлық тканьдер жиынтығы болып табылады. Бадамша бездің бос сырт жағында (медияльді) имек бірнеше ойықшасы болады, бұл бадамша бездің қалың тереңіне кететіе иірімді жаолдармен шұңқырдың сағалары. Фолликулалар осы ойықшалар бойын орналасқанРетикулярлық ткань бадамша бездің сыртында жалған капсуласы (қабығы) және жұтқыншақ еттерімен тұтасып кеткен.

Лимфа бадамша безінен төс бұғана емізікше етінің алдыңғы шетінде орналасқан түйінге құяды.

Таңдайдың, жұтқыншақтың, тілдің бадамша бездері, есту түтігі аймағындағы лимфоидты жиынтығы Пирогов Вальдейер лимфалық жұтқыншақ сақинасын құрайды. Таңдай безінің ең басты функцияларының бірі имммунитет қалыптасуына қатысуы

Жұтқыншық жанындағы клетчакалы кеңістік бар, оған қабыну құбылысы тараған кезде ауыр асқынулар болуы мүмкін:

1. Бадамша без астындағы кеңістік – бадамша безін қаршап жатады және іші болбыр клетчакаларға ьолы болады.

2. Жұтқыншақ артындағы кеңістік- жұтқыншақтың артқы қабырғасының арт жағына орналасқан, яғни омыртқа фасцичясы аралығында болады. Клетчаканың қалың қабатында мұрын мен мұрын маңықуыстарынан және ортаңғы құлақтан қайтатын лимфаларды қабылдайтын лимфа түйіндері бар;

3. Жұтқыншақ маңы кеңістігі – тіс –жвқ жүйесі мүшелерісен тікелей қатынаста болады. Жұтқыншақ бұлшықеттерімен медиальды, мұрын маңы шырышты бездері капсуламен (қабығымен) латеральды, алдынан- астыңғы жақ сүйектің бұлшықет тармақтарымен , арт жағынан – екі мойын омыртқасы денесімен, жоғарғы жағынан- тамыр мен нервтің ірі бағандары өтетін тесігі бар бас сүйегі негізімен шектелген;

4. Жұтқыншақ маңы мен жұтқыншақ асты кеңістіктері төмен жағынан көкірек қуысымен (средостение) жалғасады. Жұтқыншақ қанмен сыртқы ұйқы артерия жүйесімен жабдықталады, бадамша бездерді өз алдына аттас артерия қанымен қамтамасыз етеді.

Жұтқыншақты зерттеу әдістері. Жұтқыншақтың мұрын бөлігін тексеріпқарау- артқы риноскопия- мұрын қуысын зерттеуде айтылып кетті Жұтқыншақтың мұрын бөлігін арнайы айнамен ғана емес, сонымен қатар саусақ (апльцевая) арқылы да зерттейді. Ол үшін оң қолдың сұқ саусағымен (ауыздағы саусақты тістеп қалмас үшін) аурудың ұртын сыртынан тіс аралығына басады. Саусақпен басу арқылы жұтқыншақтың мұрын бөлігіндегі жаңа өскіндер мен аденойдтар көлемін тканьдер консистенциясын анықтайды. Кейбір жағдайларда (ісік болғанда) жұтқыншақтың мұрын бөлігінің бүйір проекциясының рентгенографиясын жасайды.

Жұтқыншақтың ортаңғы бөлігін қарау- форингоскопия- шпатель көмегімен жүргізіледі. Солл қолдағы шпатель арқылы тілді басып, жұтқыншақтың ауыз бөлігінің шырышты қабығының реңіне, артқы қабырғасының, бадамша бездерінің доғаларының, тілдің жағдайына көңіл бөледі. Қарау кезінде алдыңғы риноскопияны жасаған кездегідей оң қол аурудың шүйдесінде жату керек. Крипталар (шырышты бездер ) мен шұңқырларда пайда болған сұйықтарды тексеру үшін, оң қолдағы шпательмен алдыңғы доға аймағын артқа қарай басады. Сол кезде шұңқырлардан не іріңді дендрит, не іріңді тығын шығады.

Қвжет болған жағдайда бадамша бездің шырышты қабығы үстінен, артқы қабырғадан және т.б жалқық (мазок) алуға тура келеді. Бұл үшін факингоскопия кезінде зарарсызданған таппонды жұтқыншақтың ауыз бөлігінің әр жерлеріне тигізіп, пробиркаға салып алады.

Жұтқыншықтың төменгі бөлігін қарау көмейді зерттеген кезде жүргізіледі. Жұту рефлексі жоғарылаған жағдайда жұтқыншақтың шырышты қабығын ксилокаин, тримекаин, кокаин дәрілерімен жуады.

ӨҢЕШТІҢ АНАТОМИЯСЫ МЕН ФИЗИОЛОГОИЯСЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

Жұтқыншақ 5-6-шы омыртқа деңгейінде ересек адамда ұзындығы 25 см болатын бұлшықетті түтікке, яғни өңешке (пищевод) айналады. Өңеш саңылауы шырышты қабықпен жабылған. Оның астында жақсы жетілген шырышасты қабат орналасқан. Бұл шырышты қабықтың ұзына бойына да, көлденең бағытта да оңай орын ауыстыруына мүмкіндік береді, мұның өзі ас (тағам) түйіндерінің асқазанға кедергісіз өтуі үшін өте қажет.

Шырышты қабық қатпаршақтарға жиналады, осыған орай өңеш саңылауы әр бөлігінде, әртүрлі көрінеді. Өңештің бастапқы бөлігінде «өңеш аузы» бар, ол жабық күйде тұрады, тек жұту қимылы кезінде шырыш немесе тағам өткен сәтте, бұлшықет жұмысы әсерінен ғана ашылады.

Өңештің қабырғалары бұлшықеттерден құралған. Оның жоғарғы 1/3 бөлігі көлденең жолақты талшықтар түрінде болса, ал ортаңғыда –көлденең жолақты және бірыңғай салалы талшықтар, төменгі 1/3 бөлігінде –тек бірыңғай салалы бұлшықет болады. Бұл өңеш қабырғаларының жиырылу сипатын анықтайды. Жоғарғы бөлікте өңеш саңылауына ас түйінін өткізіп жіберу үшін қатты қысып жиырылу, төмен жатқан бөліктерде тағамның төмен түсу қимылына сай толқынды (перистальтикалық) жиырылу болады.Өңеш қабырғасын құрайтын бұлшықет талшықтары ұзына бойы және айналмалы (циркулярлық) бағытта орналасқан. Бұлардың жиырылуы тағамның асқазанға жайлап түсуін қамтамасыз етеді.

Өңеш саңлауының үш «физиологиялық» таралуын ажыратады. Біріншісі –оның кіреберісінде, екіншісі -өңештің қолқамен жанасқан жерінде, үшіншісі -өңештің асқазанға өте беріс жерінде.

Бұл тарылулар өңеш саңылауынан өтетін бөтен денелерді сезінуін қамтамасыз етеді. Ыстық, қышқыл немесе сілтілі сұйықтарды жұтқанда өңеш қабырғаларының күю дәрежесін көрсетеді, өйткені тек осы жерде ғана бұл заттар өңеш қабырғаларына ұзағырақ әсер етуі мүмкін. Өңеш қабырғалары мен кеңірдек арасындағы науада (желобок) көмейдің қайталама (кері жүру) нервілері жоғары көтеріледі. Сондықтан да өңеш қабырғалары ісінген жағдайда көмей бұлшықеттері салға (параличке) ұшырауы мүмкін. Бұл көп жағдайда осы аурудың ертерек білінген белгісін немесе ондағы лимфа түйіндерінің метастазалық бұзылуды көрсетеді. Әдетте бұл дауыстың бұзылуымен байқалады да, ауру алдымен оториноларингологқа қаралады. Өңешті зерттеу оның кіреберіс жерін (өңеш аузын) жанама ларингоскопия жасау, саңылауға контрасты заттар жіберіп, рентгенмен тексеру, қатты және эластикалық эзофагоскоптармен көру арқылы жүргізіледі.

Негізінен өңештің шырышты қабығы рецепторларының адекватты тітіркендіргішіне тактильді (денеге тиген нәрсені қабылдайтын арнайы қабылдағыштардың) тітіркендіру жатады. Тағам түйірінің немесе бөгде зат қысымының әсерінен өңеш бұлшықеттері жиырылып, кейде түйілу пайда болады.

Бұл ағза қолқадан шығатын артериялар арқылы қоректеніп, кезегін нерв (блуждающий нерв) тармақтары арқылы нервтенеді. Көмейдің шырышты қабығын, өңеш аузын жергілікті сезімдендіру немесе жалпы сезімдендіру арқылы эзофогоскопия әдісімен өңештің барлық бөліктерін зерттейді.

Қатты эзофагоскоп арқылы эзофагоскопия жасау. Ауруды әртүрлі жағдайда: эзофагоскоп түтігін кіргізуге ыңғайлы жағдай тудыратын арнайы орындаққа отырғызып, аурудың кеудесін орындық арқасына тіреп немесе атқа салт отырғызғандай жағдайында, бір қырынан, арқасына жатқызып қарауға болады.

Өңеш бұлшықеттерін босаңсытатын дәрілерді (мыс: 2% промедол еретіндісі), артық сілекей ағуды (соливацияны) тоқтататын (0,1%атропи ерітіндісі) дәрілерді пайдалану қажет.

Өңешке кірердегі ең басты кедергі, оның кіреберісінен өткенде кездеседі, өйткені көп жағдайда ол тарылып тұоады. Эзофагоскоп түтігінің тұмсығын дәл ортадан (міндетті түрде) көмейдің артқы қабырғасы бойымен «өңеш аузына» қарай жүргізу керек те, түтік тұмсығын өңеш саңылауы кіреберісіне абайлап, әрі батыл бағыттай отырып, алдымен өңештің жоғары бөлігіне, сонан кейін біртіндеп төмен қарай жылжытып өңештің барлық бөлігін тексеру қажет.

Фиброэзофагоскопия ауруларға жеңілдеу түседі және өңеш қабырғасын қарап, тексеріп қана қоймай, сонымен қатар биопсия, бөгде затты алып тастауға мүмкіндік болады.

 

Лекция кешені

Тақырып:

Жоспар:

1.көмей,кеңірдек, бронх-құрылысы, қызметі

2. өкпе-құрылысы, қызметі

Көмейдің анатомиясы мен физиологиясы, зерттеу әдістері

Көмей(гортань)мойынның алдыңғы жағындағы қуыс ағза, тіласты сүйегі мен кеңірдектің бірінші жарты сақинасы арасына орналасқан.

Көмейдің негізгі – сыңары және жұп болып келетін екі топ шеміршекті қаңқадан тұрады. Оның бұлшықет терін де сыртқы және ішкі деп екі топқа бөліп қарау қажет.Көмейдің , сонымен қатар аталған шеміршектерді өзара жалғастыратын және тіласты сүйегі мен кеңірдекке түйістіретін бірқатар сіңір байламдары бар. Көмей жұтқыншақпен, қалқанша безбен, оның алқымымен, өңешпен тығыз анатомиялық байланыста болады.

Көмей қатынасы:1. Тақ шеміршектер – сақина тәрізді, қалқанша тәрізді, бөбешік (тілшік ).ІІ. Жұл шеміршектер –ожау тәрізді, сына тәрізді немесе Врисбергтік, мүйізді немесе Санториндік шеміршектер.

І.Тақ шеміршектер:

Сақина тәрізді шеміршек- көмейдің негізгі, фундаменті деп санайды. Аты сақинаға ұқсастығынан шыққан, алға қарай бағытталған сақина немесе доғасы бар және шеміршектің артқы бөлігі сақинаның көзіне ұқсас (печатка) болады.

Қалқанша тәрізді шеміршек- тақ шеміршектің ең ірісі сүйірленіп бірігетін төрт бұрышты екі шеміршек пластинадан тұрады. Бұны «кадык» немесе «адамның алмасы »дейді, өйткені бұл дөңес ер адамдарда анығырақ көрінеді. Кадык үстінде сипағанда жақсы байқаладытын жоғарғы қалқанша ойындысы бар.

Бұл бөлшектер көмей мен кеңірдек операциясы кезінде анықтауға жақсы көмек ететін дәлелдемелер.

Қалқанша шеміршектің әр қайсысының екі-екіден «қалқанша шеміршек мүйіздері »деп аталатын дөңестері бар. Жоғарғы мүйіздердің көлемі үлкен, қалқанша шеміршек сонымен қатар тіласты сүйегінің үлкен мүйіздерімен жалғасқан. Төменгі кіші мүйіздер, қалқанша шеміршектің бүйір бетімен жалғастырады. Қалқанша шеміршек құрылысының бұл элементтері (бөлшектері ) оның сақина тәріздес шеміршекке қарай жақсы қимылдауын қамтамасыз етеді, бұл көмейдің барлық функциясы үшін аса маңызды (дауыс шығаруға).

Көмей қақпасы- жалпақтау жағы жоғары қараған жапырақ немесе теннис ракетасы сияқты, ал сабы «кадыктың» ішкі жағына, қалқаншаның жоғарғы ойындысының тура астына бекітілген, Көмей қақпасы- қақпақ сияқты жұтқыншақ аузын жауып тұрады да тағам мен түкіріктің тыныссаңылауына түсіп кетпеуін қамтамасыз етеді.

ІІ. Жұп шеміршектер:

Ожау тәрізді шеміршек. Атына қарай пішіні (оң және сол) ожау тәріздес болады. Олардың әр қайсысының «түбі»және «ұшы» бар. Әрбір ожау тәріздес шеміршектің түбірінен екі өскін көруге болады. Оның біреуі алға қарай бағытталған, оған дауыс қатпары бекітіледі, сондықтан да ол дауыс өскіні деп аталады. Екінші өскін- шетке бағытталған, оған дауыс саңылауын ашып және қысып тұратын бұлшықеттер бекітіледі. Оны бұлшықетті өскін деп аталады.

Ожау тәрізді шеміршек нағыз буындар арқылы сақина тәрізді шеміршек «көзінің» жоғарғы шетімен жалғасады. Осыған байланысты бұлшықеттер жұмысы әсерінен ожау тәрізді шеміршектер фронтальды жазықтықта да (шеміршектердің жақындасуы мүмкін )және әрбір жеке шеміршектердің өз осін айналуы арқылы да орын ауыстырып отырады. Бұл фонация кезінде, жұтқыншақтың шырышты қабығының бөтен денелерден тітіркенуі кезінде дауыс саңылауының жабылуына, ал тыныс алу кезінде кеңеюіне мүмкіндік жасайды.

Врисберг шеміршектері- ожау тәрізді шеміршектерді бөбешікпен жалғастыратын сіңілердің қалың жеріне орналасқан. Бұл шеміршектер (оларды кейде мүйізді деп те атайды)аталған сіңірді қатайтып, алмұрт тәрізді қуыс арқылы өтетін тағам түйінінің осы сіңірді жұтқыншақ саңылауына қарай итермеуін қамтамасыз етеді.

Санторини немесе сына тәрізді шеміршектер- әрбір ожау тәріздес шеміршектердің ұшында болады және олармен нағыз буындар арқылы байланысқан. Бұл кішігірім шеміршектерді амортизаторлар деп санайды. Олар бөбешік төмен қарай ауытқыған кезде ожау тәрізді шеміршектердің ұштарына түсетін қысымды азайтады.

Көмейдің бұлшықеттері.Бұлар да екі топқа бөлінеді:

1.Ұзын немесе сыртқы;

2.Қысқа немесе ішкі бұлшықеттер

Ұзын еттер – төс сүйек сабын тіласты сүйекпен, қалқанша шеміршекпен, сонымен қатар қалқанша шеміршекті тіласты сүйегімен жалғастырады.Осыған орай олар: төс-тіласты, төс- қалқанша және

қалқанша- тіласты бұлшықеттері деп аталад. Бұл еттер жұту мен дыбыс қалыптастыру кезінде көмейдің көтеріліп төмен түсуін қамтамасыз етеді.

Қысқа, ішкі бұлшықеттер- дауыс саңылауын кеңейтуші және тарылтушы болып екі топқа бөлінеді. Дауыс немесе тыныс алу саңылауларын бір ғана жұп бұлшықет кеңейтеді: артқы сақина – ожау тәрізді бұлшықет. Ол сақина тәрізді шеміршек «көзінің »артқы жағынан басталады да, басқа шетімен ожау тәрізді шеміршектің бұлшықет өскінімен жалғасады.

Дауыс саңылауын бірнеше бұлшықеттер тарылтып, жабады.

1. Сақина- ожау тәрізді бүйір бұлшықеттер. Сақина тәрізді шеміршектің бүйір жағынан басталады да, ожау тәрізді шеміршектің дауыс өскініне бекітіледі. Бұл еттер- артқы сақина – ожау тәрізді бұлшықетке қарама-қарсы (антогонист).

2. Көлденең ожау тәрізді бұлшықет, ожау тәрізді шеміршектің артқы беттерін жалғастырады. Дауыс саңылауын артқы бөлімдер де жабады.

3. Ожау тәрізді қиғаш бұлшықет, ожау тәрізді шеміршектің бірінің ұшынан келесісінің түбіне қарай жүреді. Ожау тәрізді шеміршектерді бір-біріне жақындастырады.

4. Дауыс бұлшықеттері. Дауыс қатпарларының негізін құрайды. Олар ожау тәрізді шеміршектердің дауыс өскіндерінен шығып, алға қарай бағытталып, қалқанша ойындысының астынан кадыктың ішкі жағына бекінеді.

5. Алдыңғы ожау- қалқанша бұлшықеттер. Ожау тәріздес шеміршек доғасының жоғарғы шетінен шығып қалқанша шеміршектің екі пластинкасның ішкі жағына бекіледі. Бұл еттердің жиырылуы тыныс алу саңылауын тарылтып қана қоймайды, сонымен қатар, көмейдің дыбыс қалыптастыруына мүмкіндік туғызады.

Көмейдің сіңір байламдары.1. Қалқанша- тіласты. Қалқанша шеміршектің жоғарғы шетінің кең перде түрінде тіласты сүйегінің мүйіздері мен денесіне қарай көтеріледі. Оның жоғарғы сыртқы бөлімінде тесік бар.Осы тесік арқылы көмей саңылауына, бұлшықеттердің шырыты қабықтарына тамырлар мен невтер келеді.

2.Ожау-бөбешік байламдары ожау тәрізді шеміршектің бүйір бетін бөбешікпен жалғастырады.

3.Конус тәрізді байлам сіңіраралық сызыққа орналасқан және сақина доғасын қалқанша шеміршектің астыңғы шетімен жалғастырады. Аталуына сай пішіні конустәріздес болады.

4. Сақинатәрізді шеміршекті кеңірдек сақинасымен байланстыратын сіңір. Көмей қуысын жауып жатқан шырышты қабық жұтқыншақтың шырышты қабығының жалғасы болып келеді. Аралық ожау тәрізді кеңістігіндегі дауыс қатпарлары мен бөбешіктің бос шетіндегі эпителий жазық келеді. Басқа жерлерде- кірпікшелі,көп қабатты. Шырыасты қабат әр бөлімдерде біркелкі жтілмеген. Оның көбірек шоғырланған жерлерінде (вестибулярлық, ожау- бөбешік қатпарлары, дауысасты кеңістік )көмейдің өмірге қатерлі ісіктері пайда болуы мүмкін. Осы аталған құрылымдар фронтальды кесіндіде жақсы көрінеді. Көмейді үш қабатқа бөліп қарастырады.

1.Жоғарғы- көмей кіреберісі, вестибуляр қатпарлары.

2. Дауыстың ортаңғы қатпарлары, дауыс саңылауы.

3. Төменгі (астыңғы)- қатпарасты немесе дауысасты кеңістік. Осылай бөліп қарастыру тек анатомиялық ерекшеліктерге емес, сонымен қатар көмейдің әртүрлі аурулары кезіндегі айрықша клиникалық белгілерге де байланысты.

Дауыс қатпарлары қалыпты жағдайда бозғылт түсті ал көмейдің басқа бөлімдері- қызғылт- сарғыш түсті болады.

Көмей жоғарғы қалқанша артериясы арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.Ол

1. Мойын тұсынан шығатын кезеген нервтің жоғарғы көмей нервісімен нервтенеді.Жоғарғы көмей нервінің екі: көмейдің шырышты қабығына келетін сезімтал және тек бір бұлшықетке келетін қозғалтқыш тармағы болады.

2. Кезеген нервтен шығатын (бірақ біраз төмен) көмейдің төменгі (астыңғы) нервісімен нервтенеді. Сол жақтағы нерв кеуде қуысында қолқа доғасын айналып мойынға қайтып келеді. Оң жақтағысы да бұғанаасты артерияны айналып мойынға көтеріледі. Олар көмейдің әкетуші және әкелуші бұлшықеттерін нервтендіреді. Тілшіктің алдыңғы жағы тіл- жұтқыншақ нерв тармақтарымен қамтамсыз етіледі.

Дауыстың жасалуы- тыныс алған кезде дауыс қатпарлары алшақтап, олардың жанынан өтетін ауа ешбір дыбыс жасай алмайды. Ал фонация кезінде бұлшықеттердің барлық топтарының жұмысына байланысты, ауа қатпарлары жан- жаққа ығысады, бірақ бұлшықеттр әсерінен қатпарлар қайтадан барынша жабысып қалады.Қабысу мен алшақтаудың мұндай кезектесіп отыруына сыртқа шығатын ауа қысымы әсер етеді, өйткені кеуде қуысы бұлшықеттері жоғары көтеріліп, дауысасты аймақты басады. (қысады). Дауыс желбезектернің қабысуы, ашылуы сыртқа шығатын ауа ағымының тезбесін туғызады.Біздің айналымызға жеткен осы толқындарды біз дауыс дыбыстары ретінде қабылдаймыз.

Сыбырлап сөйлеу дауыс саңылауының артқы бөлімдерді тарылтатын ожау тәрізді көлденең бұлшықеттердің қызметінсіз пайда болады. Дауыс қатпарлары өз салмағымен тербелмейді, бірақ ауа бөлшектерінің атап көрсетілген ұшбұрышты тесік шеттерімен үйкелісі – бізге сыбыр болып естілетін дыбыс береді.

Ерлердің әдеттен тыс жоғарғы дауысы – фальцет.Бұл жағдайда дауыс қатпарлары тек өзінің бос шеттерімен тербеледі. Сонымен қатар фальцетте (шыңғырып сөйлеуде )дауыс қатпарлары жабылмай, олардың арасындағы сопақ пішінді саңылау қалады.

Дауыс күші- ауа қысымы мөлшері тудыратын дауыс қатпарлары тербелісінің амплитудасына, яғни сыртқа шығатын ауаның күшіне байланысты болады.

Дауыс жоғарылығы:

1.дауыс қатпарларының ұзындығы мен көлденеңіне;

2.дауыс қатпарларына түскен күшке (зорлануына);

3.олардың тербеліс жиілігіне байланысты.

Мутация- «дауыстың сынуы »-ер балаларда көмейдің алдыңғы сыртқы көлемінің тез өсуінен болады.Мутация мезгілі оңтүстік облыстарда 10-12 жаста, солтүстік 14-15 жаста, Бұл кезеңде күтпеген жерде төменгі үннен жоғары үнге өту байқалады, дауыс қатпарлары қалыңдап, әрі қызарып тұрады.

Егер жыныс мүшелері дұрыс дамымаса- мутация болмайды. Сөйлеген сәтте біздің тыныс алуымыз өз параметрін 8-10 ретке дейін төмендеуіне, яғни екі есе сиреуіне байланысты. Демек, тыныс алу қозғалысының бүкіл циклі, жәй кездегі тыныс алумен салыстырғанда, 5-8 ретке ұзағырақ болады.

Көмейді зерттеу әдістері.Көмейді сырттай зерттеу әдісі, жаңа өскіндер пайда болған кезде, шеміршек ткані қабынған жағдайда,оның ассиметриясын анықтауға мүмкіндік береді. Көмейді сипалап басып қарау ең маңызды диагностикалық тәсіл болып табылады,әсәресе оның горизонтальды (жазық бойына)түрде жақсы жылжуы- шеміршектердің оның ауыстыру кезіндегі (ауыспалығындағы) сытырдың бар жоғын анықтауға мүмкіндік береді (жоқ болса – көмейдің қатерлі ісігі туралы күмән туады). Көмей қуысын қарау үшін тікелей және жанама ларингоскопия әдісін қолдануға тура келеді.

Жанама ларингоскопия- сабы бар көмей айнасы арқылы жүргізіледі, ал тікелей өзінен жарық сәуле беретін арнайы ларингоскопиялық құралдар арқылы жүргізіледі.

Жанама ларингоскопияда ауруды отырған жағдайда қарайды, ал жарық көзі- оның оң құлағы деңгейінде болады. Алдымен жарық сәулесін ұстап сонан кейін көмей айнасын сәл жылытып алу керек, ауруға тілін сыртқа шығару керектігін өтініп, тілдіорамалмен орап, сол қалпында өзгертпей ұстап тұру қажет. Ауру аузымен терең тыныс алуы керек, осы мезгілде төмен қаратылған айнаны ауыз қуысына жұмсақ таңдайға тигенінше енгізеді. Ауруға «Э» және «И» дыбыстарын айтқызады. Бұл көмейді тыныс алу және фонация кезінде қарап, тексеруге мүмкіндік береді. Көмейдің шырышты қабығының реңіне, дауыс қатпарларының түріне, олардың фонация кезіндегі қозғалғыштығы мен жабылғыштығына көңіл бөлінеді, қатпарлар қимылының симметриялығын анықтайды.

Рефлекс өте жоғары болған жағдайда жергілікті сезімсіздендіру үшін таңдайдың шырышты қабығына, жұтқыншақтың артқы қабырғасына, тіл түбіне дәрі бүркеді. Ол үшін мақталы зонды (түтікті аспапты) пайдалануға болады.

Ауру түріне диагноз қоюда жанама ларингоскопия толық мәлімет бере алмайды. Мұндай жағдайларда наркоз беру арқылы арнайы микроскоптың көмегімен тікелей микроларингоскопия жасау қажет.

Диагнозды дәлелдей түсу үшін көмейді рентгенографиялық жолмен зерттеудің маңызы үлкен, әсірісе фронтальды жазықтықта жасалатын томографиялық зерттеудің орны ерекше.Бұл көмейдің барлық бөлімдерінің қал-күйін анықтауға мүмкіндік береді.

 

Лекция

Тақырып:Сөйлеу мүшелердің физиологиясы:

Жоспар:

1.тыныс алудың кезеңдері, түрлері,

2.тыныс алу мүшелердің қызметі- тыныс алу, фонация, артикуляция

 

Кілт сөздер:тыныс алу, фонация, артикудляция

Тыныс алу жүйесінің маңызы.Адам организмі өзін қоршаған сыртқы ортамен қатты, сұйық жөне газ түріндегі заттармен алмаспай өмір сүре алмайды. Адам үнемі сыртқы ортадан қоректік заттарды, суды және оттегін алады. Адам организмінде қорекгік заттардың қоры болады, сондықтан 25-30 тәулік аштықты өлместен көтере алады. Сусыз адам бірнеше апта өмір сүре алады, ал оттегінсіз бірнеше минөттің ішінде өліп қалады. Тыныс алу мүшелері оттегі мен көмір қышқыл газын таситын негізгі міндеттерінен басқа да қызмет атқарады.

Тыныс мүшелері мұрыннан басталады Тыныс жоддары екіге бөлінеді: а) дем алғанда және дем шығарғанда ауаның жылжитын қуыстары; ө) ауа мен қанның арасында газдардың алмасатын орыны - өкпе альвеолалары (лат.альвеолус — ойма қуыс, науа).

Тыныс алуға қатысатын мүшелер тыныс алу жүйесін құрады. Бүл жүйенің мүшелерін екіге бөледі: тыныс жолдары жөне басты тыныс алу мүшесі - өкпе.

Ауа сырттан өкпеге жөне өкпеден сыртқа қозғалатын қуыстар - тыныс жолдарына мұрын қуысы, көмей, кеңірдек, жөне бронхылар жатады. Дегенмен, тыныс жолдарының қызметі ауаны өткізу ғана емес. Мұрын қуысында, көмейде, кеңірдекте жөне бронхыларда дем алғанда ішке кіретін ауа шаңнан, микробтардан тазартылып, тыныс жолдары мен өкпе қуысының шырышты қабаты кеуіп қалмау үшін ылғалдандырылып, өкпені суық ауаның есерінен сақтау үшін жылытылады.

Ауа танау арқылы мұрын қуысына кіреді. Мұрын қуысы кеңсірік шеміршегі арқылы оң жөне сол жақ бөліктерге бөлініп, жұп танау тесіктері арқылы сыртқа ашылады да ішкі жағы хоан тесігі арқылы жұтқыншақпен қосылады. Мұрын қуысы шырышты қабатпен қапталған. Сонымен қатар, мұрын қуысында иіс рецепторлары орналасқан, жұтқыншақ - ас қорыту жүйесінің мүшесі, ал көмей — сөйлеу мүшесі.

Тыныс алу жүйесінің маңызды бөлігі - ө к п е. Бұл бронхылардың ұсақ тармақтарының қуыстарынан жасалған альвеолалар мен серпімді дәнекер ұлпалардан тұратын жұп мүше. Альвеолалар немесе өкпе қуыстары өте ұсақ, шар төрізді домалақ, оларды микроскоп арқылы ғана көруге болады. Олардың қабырғалары жұқа, кептеген қан тамырларының капиллярларымен қоршалған. Өкпе альвеолаларының жалпы ауданы 200 м2.

Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі адамның жасына, жынысына және жеке басының ерекшелігіне байланысты.

Жаңа туған сәбидің өкпесінің ұлпасы нашар дамыған, бірақ қан тамырларына өте бай болады. Алғашқы 3 айлық өмірінде және жыныстық жетілу шағында өкпе қарқынды өседі.

Тыныс алудың нервтік және гуморальдық реттелуі.Тыныс алу мүшелерінің қызметінің реттелуі әр дережедегі реттеу жолдарымен іске асады.

Төменгі дәрежелі тыныс орталығы сопақша мида орналасқан. Ол бір-бірімен тығыз байланыстағы дем алу мен дем шығаруға жауапты екі бөлімнен түрады.

Тыныс орталығының нейрондарының қозғыштығы көмір қышқыл газьшың концещрациясына байланысты, яғни гуморальдық реттеу жолы. Оның андағы концентрациясы артқанда тыныс орталығының нейрондарының қозғыштығы күшейеді де, тыныс мүшелерінің қызметіне қозғау салады. Көмір қышқыл газэшың тыныс орталығьша өсері екі түрлі жолмен іске асады:

а) нейрондарды қоректеңдіретія қанның құрамының тікелей әсері;

б) рефлекторлы жолмен көмірқышқыл газының арнайы хеморецепторларға әсері.

Лекция

Тақырып:Сөйлеу мүшелердің патологиясы

Жоспар:

1. Сөйлеу мүшелердің ақаулары, зақымдануы

2. Сөйлеу мүшелердің қабынуы, созылмалы аурулары.

Кілт сөздер:ринит, фарингит, ангина, ларингит, атрезия

Жетілудегі ауытқулар.Мұрынның туа болған кемтарлығынан оның толық болмауы,мұрын сүйектерінің болмауы, қосмұрын, мұрын ұшының айырланып бітуі, мұрын ортасының жыланкөзі, жоғары жақ сүйегінің маңдай өсіндісінің жетіспеушілігі, мұрын түбінің саңылауы, кемістігі кездеседі.

Осы ауытқушылықтардың бәрінің негізінде ұрықтың эмбриональды дамуының бұзылуы жатады.

Экзема.Мұрын алды экземасы бет, құлақ, бас экземасынмен бірге лимфаденит және жиі коньюнктивитпен қоса жүреді. Мұрынның кіреберіс экземасының жіті түрінде қызарып, ісіп, теріде күлдіректер пайда болады.Мұрынның кіреберіс бұрышындағы тері сыдырылады.Созылмалы түрінде мұрын тесіктер, перденің басталар бөлігі және мұрын қуысы түбінің бір бөлігі қалың қабыршақтармен және іріңдіктермен жабылады. Кейінірек мұрын қанаты мен жоғарғы ерінде инфильтраттар пайда болады, кейде терінің түлеуі байқалады.

Мұрын шиқаны.бездері мен түк қалтасына микробтартүсуіден болды.Көбіне диабетте, зат алмасуы бұзылғанда байқалады. Шиқан мұрынның кіреберісінде көбінесе алдыңғы жоғарғы бұрышында немесе жоғарғы ерінмен шектес жерде болады. Шиқанның дамуында өте қатты ауыру сезімі пайда болады. Мұрын ұшының немесе қанатының терісі қатты қызарып саусақпен басқанда ауырады. Мұрын кіреберісінің ішкі бетін тексергенде сүйірленіп келген, қызыл, шекарасы айқын бүртіктерді көруге болады, олардың ұшы кейде ағарып тұрады. Бірнеше күннен кейін шиқан іріндеп жарылады.

Сикоз ( шаш түбінің қабынуы )-паразиттік және паразиттік емес болуы мүмкін. Паразиттік емес сикозда мұрынның кіреберісінің түк қабы қабынады.Ауырудың алдында түк тамырында сарғыш көпіршіктер пайда болады. Кейін олар ашылып ішіндегі заты қабыршақтарға айналады. Сырқат мұрын алдының қышып қабыршықтар пайда болатынына шағым айтады.

Мұрын атрезиясы (мұрын тесігінің бітуі) туа пайда болған немесе жүре пайда болған, алдыңғы немесе артқы болуы мүмкін. Туа болған алдыңғы атрезия сирек кездеседі, олар жарғақты болады. Көбіне жүре пайда болған алдыңғы атрезия кездеседі, ол сифилис кезіндегі жараның, волчанканың, сүзектің әсерінде, күйгенде немесе жарақаттанғанда болады.Диагноз қою қиын емес. Толық атрезия болмаған жағдайда оны зондпен анықтауға болады.

Хоанальды атрезия туа болған және жүре пайда болған, бір немесе екі жақты, толық немесе әр жерде болады. Атрезияның пайда болуында мұрын қуысы бөлімінің немесе мұрын- жұтқыншақтың әртүрлі жаралары себеп болады.

Атрезия жарғақты немесе сүйекті болуы мүмкін. Екі жақты атрезия мұрынмен дем алудың, иіс сезудің жоқтығымен (аносмия), мыңқылдап сөйлеумен және төменгі мұрын жолында созылмалы шырыштың жиналуымен сипатталады. Біржақты атрезияда кішкентай балалардың төменгі мұрын жолында ақшыл жабысқақ шырыш жиналады. Ересек балалар ауыратын жағымды сіңбіре алмайды. Осы жақтағы мұрыннан кіргізген зонд диафрагмаға барып тіреледі, ал сау жақтан ол тереңге мұрын- жұтқыншаққа жетеді, яғни оның жолы ұзағырақ болады.