Профилактика, реабилитация, сараптама

Кемақылдықпен науқастар жүріс-тұрысының коррекциясына, олардың адаптациялық мүмкiншiлiктерiн жоғарылатуға үлкен мән беріледі.

Әлеуметтiк реабилитация мақсаты - олигофренияның жеңiл дәрежесiмен (дебильдiк) зардап шегетін адамдардың бiршама бөлігін қоғамдық пайдалы өмiрге араластыру.

Реабилитациялық жұмыстарды таңдағанда ақыл кемдігінің ауырлық дәрежесiмен қатар дефект типі де ескеріледі, реабилитацияға эмоцоинальды салмақты, адекватты әлеуметтiк түсініктері бар науқастар жақсы икемделеді.

Сот - психиатриялық сараптама жүргiзген кезде олигофренияның айқын дәрежесi - идиотия және имбицильдiк – қабілетсіздікті білдіреді.

Дебильдiк кезіндегі қабілетсіздік интеллектуальды ақау дәрежесiне тәуелдi болады. Бұл кезде тек интеллектуальды ақау ғана емес, сонымен қатар аффективтi, еріктік үрдістер ескеріледі. Ұғымдар мен сын көзқарас деңгейін анықтауға аса зор көңіл бөлінеді.

 

Психиатрия және наркология бойынша өз білім деңгейін бақылауға арналған тестілік тапсырмалар (жауап эталондарымен)

1. 30 жастағы ер адам, қандай-да бір халықаралық ұйым «оны әртүрлі әрекеттер жасауға мәжбүрлейтінін, өз ойларын оның басына салатынын, үнемі аңдып, оны басқаратынын» сеніммен айтады

Төменде аталған синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?

А) галлюцинаторлы

Б) сандырақтық

Г паранойяльды

Г) психикалық автоматизм

Д) парафренді

 

2. Криминальды жүріс-тұрыспен 20 жасар бозбалада, транквилизаторларға, кокаинге және героинге компульсивті құштарлық бақыланады.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы дәлірек?

А) наркомания

Б) психопатия тәрізді синдром

Г физикалық тәуелділік

Г) токсикомания

Д) полинаркомания

 

3. 19 жасар бозбалаға бүкіл денесі үлкейіп бара жатқандай, басы шар тәрізді дөңгеленіп, үрленіп, дәп қазір жарылатындай болады. Осы сезімдерін көзбен көріп тексергенде өз денесінде ешқандай-да өзгерістің болмағанына көзі жетеді.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

А) метаморфопсия

Б) деперсонализация

В) аутопсихикалық галлюцинация

Г) егіздер сандырағы

Д) дереализация

 

4. 18 жасар бозбала өз бетінің «ұсқынсыздығына» шағымданады. Мұрынының, құлақтарының “ақауын” түзету мақсатында косметикалық операция жасауды талап етеді. Көндіруге келмейді. Көмек көрсетілмесе өзіне қол жұмсаймын деп қорқытады.

Төменде аталған синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?

А) нигилисттік сандырақ

Б) дене схемасының бұзылысы

В) депрессивті сандырақ

Г) дисморфомания

Д) ипохондриялық сандырақ

 

5. Қандай ауру кезінде толеранттылықтың аса жоғарылауы бақыланады?

А) алкоголизмде

Б) апиындық наркоманияда

В) гашишизмде

Г) темекі тартуда

Д) токсикоманияда

 

6. 27 жастағы әйел қоршаған ортаның бөтенденуі, өзгеруі, шынайылығын жоғалту сезіміне шағымданады.

Төменде аталған синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?

А) сахналау сандырағы

Б) метаморфопсия

В) көру иллюзиясы

Г) дереализация

Д) деперсонализация

 

7. Рибо заңы бойынша жады бұзылысының қандай формасы дамиды?

А) антероградты амнезия

Б) фиксациялық амнезия

В) ретроградты амнезия

Г) үдемелі амнезия

Д) конградты амнезия

 

8. Ауыр жұқпалы аурумен науқастанған 30 жасар ер адамда, интоксикация нәтижесінде, кеңістік пен уақыт бойынша бағдарлау бұзылды. Кешкі уақытқа қарай үрей, мазасыздық күшейе түседі, науқастың жүріс-тұрысына әсер ететін сахна тәрізді галлюцинациялар ағыны бақыланады. Ұйықтамайды, мазасыз, медициналық персоналдың үнемі бақылауын қажет етеді. Күндізгі уақытта жүріс-тұрысы түзеледі, бірақ кешке қарай қайта мазасызданады.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы дәлірек?

А) бұзылған сана синдромы

Б) психомоторлы қозу

В) аментивті синдром

Г) делириозды синдром

Д) галлюцинаторлы синдром

 

9. Реккурентті шизофрения ұстамасының алдын-алу үшін қандай медикаментозды терапия тағайындаған дұрыс?

А) фенотиазин туындылары

Б) бутирофенон туындылары

В) калий тұздары

Г) литий тұздары

Д) антидепрессанттар

 

10. Шизофрения үшін сана бұзылысының қандай формасы аса тән?

А) аментивті синдром

Б) онейроидты синдром

В) сананың күңгірттенген жағдайы

Г) делириозды синдром

Д) сана шатасуы

 

11. 18 жасар бозбала мақал-мәтелдердің астарын түсінбейді. Ойы аса қарапайымдылықпен сипатталады.

Төменде аталған синдромдардың қайсысы дәлірек келеді?

А) дементті

Б) психоорганикалық

В) ақыл кемістігі (слабоумие)

Г) эйфориялық

Д) ақыл аздығы (малоумие)

 

12. 27 жасар ер адам өзінің артынан адамдарды көретініне шағымданады, олардың әрекеттерін сипаттайды.

Төменде аталған қабылдау бұзылысының қайсысына сәйкес келеді?

А) гипногогиялық галлюцинациялар

Б) көру иллюзиялары