Жаңа мінез-құлық әдеттерін қалыптастыру сатылары

Мінез-құлықты өзгертуге қажет психикалық компоненттерді адам өз мінез-құлығының ақауы туралы хабардарсыздықтан жаңа сау әдетті жасауға әкелетін, баспалдақтың сатылары бойынша жайлап көтеріліп алады (сур. 2.3).

Баспалдақтың ең төменгі деңгейі хабардарсыздық болып табылады: ақпараттың жоқ болуы немесе нақты проблемаға қатысты толық емес, бұрмаланған білімнің болуы (мысалы, жас ана бала тістерінің оған түнде шырынмен кеспе берген кезде бұзылатынын білмейді). Егер қандай да бір ішкі немесе сыртқы факторлар (бала тістерінің түсінің өзгеруі) адамның көңілін проблемаға аударса, онда қызығушылық туады – ол білімінің жетіспеушілігін күңгірт немесе анық сезінуі және өзінің білімсіздігін мойындауы мүмкін, бұл оны жаңа ақпарат қабылдауға дайындайды.

Бірінші сатыдан екіншіге ауысу – мәліметтілік сатысы - үйрету үрдісінде болады. Бұл сатының жетістігі ақпараттың сапасына және оны беру тәсіліне, сонымен қатар дәрігер мен науқастың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты. Екінші сатыда тұрған адам проблеманы біледі (ерте балалық тіс жегісі), оны шешудің принципті мүмкіншіліктері оған белгілі (басқа шаралармен қатар – түнгі қоректендіруден бас тарту), ол патологияның пайда болуын алдын-алатын сау мінез-құлық ережелері туралы дәрігердің сұрақтарына жауап бере алады (баланы түнде тамақтандыруға болмайды), бірақ бұл «абстрактты», «бөтен» білім, олар өмір салтына әсер етпейді.

7. Әдет

6. Ұғынылған әрекеттер

5. Еліктіру

4. Қызығушылық

3. Ақпараттың жеке маңыздылығы

2. Мәліметтілі

1. Хабардарсыздық

 

Сур. 2.3. Мінез-құлық әдеттерін қалыптастыру баспалдағы.

 

Баспалдақтың үшінші сатысы – жаңа фактілерге жеке маңыздылықты иемдену. Адам ұғынып немесе ұғынбай алынған ақпаратты өз өміріне жібереді, оны өз проблемаларына және мүмкіншіліктеріне жақындатады (ана әлі де кешкісін бөтелкеге шырын құяды, бірақ таңертен баласының тістеріне үрейлі қарайды).

Одан әрі адам төртінші деңгейге көтеріледі – қызығушылық сатысына. Енді адам жаңа ақпаратты қолдану және жаңа әрекеттерге кірісуді (анасы дәрігердің шырынға тыйым салғанын есте сақтаған, баласының алдында оның тістерінің бұзылғанына кінәсін сезінеді) қажет ететін жеке мақсаттарын анықтап таниды, бірақ әлі шешуші өзгерістерге дайын емес (анасы түннің барлық отбасы үшін ұйқысыз өтетінін біле тұра баласының шырынсыз қалуына тәуекел ете алмайды). Қазіргі заманғы психологтар әрекет етуді бастау шешімін қабылдау механизмдеріне, яғни сынақ әрекеттеріне оның дайындығына зор мән береді.

Сынақ әрекеттеріне тәуекел етуге адамға көмектесу үшін санитарлы-ағарту жобалары болуы қажет:

· науқас үшін қандай да бір өзгерістің жеке қажеттілігін сендіре дәлелдеу («қоректендіру рациональды болу керек» дегеннің орнына «қызыңыздың тістеріне қараңыз – түні бойы оның эмалі ериді»);

· әрекеттердің нақты бағдарламасы болуы («түнде оған шырын бермеңіз» дегеннің орнына «бөтелкеде тек су болуы қажет);

· әрбір қадамды нақты сияқты көрсету («баладан бөтелкені алыңыз» дегеннің орнына «бүгін шырынды жартылай сумен дайындаңыз, ертен шырынды төрт есе араластырыңыз – осылайша апта ішінде таза суға дейін жетесіз»).

Егер сынақ әрекеті болмаса – адам алдыңғы сатыға, яғни жеке маңыздылық пен қызығушылықтың қол жеткізген биіктерін жоғалта отырып, мәліметтілік деңгейіне қайтып келеді.

Егер сынақ әрекеті болса, онда науқас бесінші – еліктіру сатысына көтеріледі. Бұл сатыда адам белсендірілген, ол өзгерістер қажеттілігін сезінеді және мақсатқа жолды анық көреді, сондықтан қолайлы жағдайлар және эмоциональды қолдау болған кезде алынған ақпаратты қолдана бастайды. Бұл қозғалтқыш фаза, мінез-құлықтың жаңа үлгісі тәжірибемен сыннан өтеді (анасы баланың әкесінің қолдауын алып, бөтелкеге шырынның әдеттегі мөлшерінің жартысын құяды, суды қайнатады, оны суытады және бөтелкеге қажетті көлемге дейін қосады, балаға әдеттегі мәнерде ұсынады).

Егер нәтижелер уәде мен күтуді алдамаса, жеңіл қол жетілсе және кері жағымсыз әсерлер болмаса (бала ауыстырғанын байқамайды және жеңіл ұйықтайды), адам алтыншы деңгейге көтеріледі – мінез-құлықта ұғынылған өзгерістер сатысы, жаңа әрекетті өз өмір тәртібіне қосады және оны жүйелі түрде қайталайды. Бұл сатыда дәрігерлік қолдау өте маңызды, өйткені өзіне көмек көрсетудің кез келген процедурасы элементарлы бола бермейді (бала су қосылған шырыннан бас тартады және жылайды), ал жаңа мінез-құлықтан пайда бірден көріне бермейді (эмаль «өспейді», оның нығаюы ата-ана үшін айқын емес).

Егер мінез-құлықтың жаңа үлгісі өмір салты жүйесінде бекітілсе, онда жаңа мінез-құлық соқыр сезімдік сфераға өту және мінез-құлықтың жетінші, жоғарғы сатысын алу үшін жетіледі (баланы жатқызудан бұрын анасы таңдауға ойланбастан алдын-ала дайындалған суды бөтелкеге құяды).

Науқастың мінез-құлқының модификациясы бойынша жұмыстың басында дәрігер науқас қазіргі кезде баспалдақтың қандай сатысында тұрғанын анықтайды, өйткені бұл жолда шыңға төмен түсуге, сатыдан жоғары секіріп өтуге болмайды. Бір сатыдан басқаға өтуді жылдар бөлінуі мүмкін, үрдіс адамның ішкі немесе сыртқы мотивациясындағы оқиғалармен жандандырылуы мүмкін. Ішкі мотивацияның өзгеруі сыртқы әсерлер көмегімен (әңгімелесу, соның ішінде санитарлы тәрбиелеу және оқыту), немесе өз құндылықтары мен мінез-құлқын өзгертуге жеке адамның өзіндік жұмысы жолымен (өз мотивациясы) болуы мүмкін. Санитарлы-ағарту жұмысының ұйымдастырушысына ең маңызды ересек адамдар мен балалардың әңгімелесу, тәрбиелеу және оқытудың принциптерін қарастырайық.