Тістесу жағдайын бағалау және емдеуге қажеттіліктер

Жақ-бет аймағы қызметтері мен тістесу жағдайын клиникалық зерттеудің негіздері бұрын талқыланды, ортодонтиялық тәжірибеде жақ мүсіндірінің, рентген суреттемелерінің математикалық талдауымен толықтырылады. Тістесу патологиясының ауырлығын, таралуын және ортодонтиялық емдеуге қажеттіліктерін эпидемиологиялық зерттеу үшін ДДҰ дентальды эстетикалық DAI индексін (Dental Aesthetic Index,1997)қолдануды ұсынады (табл. 7.1). Индекс тұрақты тістесуді бағалау үшін, көбінесе 12 жастан кейін қолданылады. Тістесу 10 позиция бойынша бағаланады, олар негізгі мүмкін болатын проблемаларды қамтиды: күлкі зонасында тістердің болмауы, күрек тістердің аномальды орналасуы (тығыз орналасуы, тремалар), фронтальды және бүйір бөлімдерде сияқты сагиттальды және вертикальды жазықтықтарда жоғарғы және төменгі жақ тістерінің дұрыс емес қатынасы.

Позициялар абсолютті сандарда, шартты баллдарда, миллиметрлерде бағаланады. Алынған сандық мәндерді қандай да бір позицияның клиникалық маңыздылығының дәрежесіне сәйкес өңдейді: жоқ тістер санын 6-ға, диастеманың мөлшерін – 3-ке, жоғарғы жақ жабылуының мөлшерін – 2-ге, төменгі жақ жабылуының мөлшерін – 4-ке, алдыңғы вертикальды саңылаудың мөлшерін – 4-ке, молярлардың алдыңғы-артқы қатынасының кодын – 3-ке көбейтеді; фронтальды сегменттерде тығыз орналасу мен ара қашықтықтардың кодтары, сонымен қатар екі жақтың алдыңғы бөлімдерінде ауытқудың мөлшерлері өзгертілмейді. Өңделген бағалардың жалпы мәні – индексі – мына түрде бағаланады:

· 25 баллдан төмен – проблемалардың минимальды деңгейі; емдеу қажет емес;

· 26-30 – проблемалар анық, орташа ауырлықта; емдеу таңдамалы жүргізіледі;

· 31-35 – ауыр патология; емдеу өте қажет;

· 36-дан жоғары - өте ауыр патология; емдеу міндетті түрде.

 

Таблица 7.1

DAI индексі

    Белгі   Бағалау принципі   Ескерту   DAI индексін есептеу үшін көрсеткішті өңдеу
Күлкі зонасында тістердің болмауы Жоқ күрек тістердің, ит тістердің және премолярлардың санын есептеу Тіс жоқ болып саналмайды, егер оның орны алдындағы уақытша тіспен, басқа тіспен немесе протезбен х6
Фронтальды бөлімде тістердің тығыз орналасуы 0 – тығыз орналасу жоқ; 1 – бір жақтың күрек тістерінің тығыз орналасуы; 2 – екі жақтың күрек тістерінің тығыз орналасуы Тығыз орналасу кезінде күрек тістер бұрылған немесе доғадан тыс орналасқан болуы мүмкін; күдік болғанда кіші кодты тіркейді -
Фронтальды бөлімде тістер арасында кеңістіктер 0 – кеңістік жоқ; 1 – бір жақтың күрек тістері арасында кеңістіктер; 2 – екі жақтың күрек тістері арасында кеңістіктер Күдік болғанда кіші кодты тіркейді -
Диастема Екі орталық күрек тістердің медиальды беткейлері арасындағы ара қашықтық (мм, бүтін сандар) Өлшеуді күрек тістер сауытының кез келген деңгейінде жүргізеді х3
Доғада жоғарғы жақ күрек тістерінің қалыпты жағдайдан ең үлкен ауытқуы Ауытқыған күрек тіс пен көрші күрек тістің вестибулярлы беткейлері арасындағы ара қашықтық (мм, бүтін сандар)   Өлшеуді периодонтальды зонд көмегімен күрек тістердің бұрылуы немесе олардың доғадан тыс орналасуы жағдайында жүргізеді -
Доғада төменгі жақ күрек тістерінің қалыпты жағдайдан ең үлкен ауытқуы Ауытқыған күрек тіс пен көрші күрек тістің вестибулярлы беткейлері арасындағы ара қашықтық (мм, бүтін сандар) Өлшеуді периодонтальды зонд көмегімен күрек тістердің бұрылуы немесе олардың доғадан тыс орналасуы жағдайында жүргізеді -
Алдыңғы жоғарғы жақтық жабылу Ең шығыңқы жоғарғы күрек тістің еріндік-кескіш жиегінен антагонист-төменгі күрек тістің еріндік беткейіне дейінгі ара қашықтық (мм, бүтін сандар)   Өлшеу орталық окклюзия жағдайында периодонтальды зонд көмегімен жүргізіледі х2
Алдыңғы төменгі жақтық жабылу Ең шығыңқы жоғарғы күрек тістің еріндік-кескіш жиегінен антагонист-төменгі күрек тістің еріндік беткейіне дейінгі ара қашықтық (мм, бүтін сандар)   Өлшеу күрек тістердің кері жабылуы жағдайында, периодонтальды зонд көмегімен орталық окклюзия жағдайында жүргізіледі х4
Вертикальды алдыңғы саңылау Жоғарғы және төменгі жақ күрек тістерінің кескіш жиектері арасындағы ара қашықтық (мм, бүтін сандар)     Өлшеуді ашық тістесу кезінде периодонтальды зонд көмегімен орталық окклюзия жағдайында жүргізеді х4
Молярлардың алдыңғы артқы қатынасы 0 – қалыпты     1 – қалыптыдан төмпешіктің ½-не ығысуы     2 – толық төмпешікке ығысуы     Жақтардың қатынасын зерттеуді орталық окклюзия жағдайында жүргізеді х3