Сору қызметі және онымен байланысты оральды әдеттер

Сору рефлексі туа пайда болған болып табылады: ультрадыбыстық зерттеу анасының құрсағында дамудың 18-ші аптасынан бастап ұрық қолының бас бармағын соратынын көрсетеді. Туылғаннан кейін сору қызметі дамиды, өзінің максимумына өмірінің 3-6 айына таман жетеді, ал 6-айлық жастан бастап жоғала бастайды және 1 жасқа таман толық жойылу қажет.

Сору қызметінің негізгі физиологиялық ролі – нәрестенің табиғи (емшекпен) немесе жасанды (мүйізді) қоректендіруді қамтамасыз ететін тағамдық. Бұдан басқа, сору көмегімен бірқатар басқа міндеттер шешіледі. Сорудың айқын седативті әсері белгілі: ол балаға тыныштануға, ішкі және сыртқы проблемаларға бейімделуіне көмектеседі, рақаттылық береді. Психологтар бұл рефлекстің танымдық ролін атап көрсетеді: бір жасқа дейін оральды зона рецепторларға ең бай болып табылады деп есептейді, сондықтан бұл жастағы балалар жиі зерттелетін заттарды аузына салады. Қалыпты сору жақ-бет аймағы мускулатурасының дамуына септігін тигізеді, балалық ретрогения жағдайынан төменгі жақты шығаруға көмектеседі және тістесудің қалыпты дамуын анықтайды.

Сору қызметі кейбір маңызды жағдайларды орындау кезінде аталған міндеттерді тиімді шешеді. Бала емшек сүтін тиімді сору үшін оның мұрынмен тыныс алуын қамтамасыз ету қажет: алдын-ала мұрын жолдарын тазалау, қоректендіру кезінде сүт безін баланың мұрнын жаппау үшін ұстап тұру қажет. Жасанды қоректендіру кезінде тағамы бар бөтелкені баланың иегін баспайтындай ұстау қажет. Тістесуге сорудың жағымды әсері және оның седативті әсері сүтті алушы бала жеткілікті ұзақ уақыт мерзімінде (10-15 мин) айқын қолдан келетін қиыншылықтарды жеңу жағдайында жұзеге асырылады. Сондықтан, егер табиғи қоректендіру кезінде сүт бездің жолдарынан жеңіл ақса, бірінші, ең «бағалы» порцияларды ағызып алу қажет, қажет жағдайда қоректендірудің соңында оларды балаға бөтелкеден выпоить беру суару. Жасанды қоректендіру кезінде баланың сору қимылдарының қарқындылығы емізіктегі тесіктің санымен және мөлшерімен анықталады: 4-6 нүктелі тесіктері бар емізікті қолдану ұсынылады (егер олар үй жағдайында жасалса, онда ол үшін жұқа тігін қатты қыздырылған инені қолдану қажет).

Егер емшектегі бала сорудың седативті әсері басталғаннан бұрын тойса, онда «жетпейтін» 5-10 минутқа оған бос резеңке емізікті береді. Ортодонттардың белсенді қатысуымен бірнеше маңызды талаптарға сәйкес келетін «физиологиялық» бос резеңке емізіктің үлкен ассортименті шығарылды:

· емізіктер баланың жасына сәйкес мөлшері бойынша ажыратылады: «мини»-емізіктер жаңа туған нәрестелерге есептелген, орташалары 4 айдан 1 жасқа дейінгі балаларға арналған;

· мүйіз қоректендіру кезінде емшектің ұшының түріне сәйкес келеді және сондықтан шиеге немесе қиылған тамшыға ұқсас (соңғылары әсіресе жасанды қоректендірудегі және балалық ретрогения жағдайынан баяу шығатын балаларға жақсы, өйткені бала төменгі жақты алға жылжытуға мәжбүр);

· мүйіз иілгіш және серпінді (бірақ қатты емес!) болуы қажет, ол үшін оны латекстен немесе жұмсақ резинадан дайындайды, ал негізінде ауаны шығарушы клапан жасайды;

· арматураның пластмассалық бөліктері – бос резеңке емізіктің бекіткіштері мүйіздің ішіне шығып тұрмау қажет;

· бос резеңке емізіктің қалқаны баланың ауызмаңы аймағының контурларына сәйкес келуі қажет, яғни мүйіздің айналасында С-тәрізді қисайған болуы қажет.

Бірқатар жағдайда сору рефлексінің негізінде патологиялық оральды әдеттер (парафункциялар) пайда болады, олар тістесудің қалыптасуы кезінде жағымсыз роль атқаруы мүмкін. Ең кең таралған «бос резеңке емізікті» ұзақ сору, бірақ жиі олардың ролін тіл, еріндер, ұрт, қол мен аяқтың әр түрлі саусақтары, карандаш, қалам және т.б. атқарады. Бос резеңке емізікті немесе қолдың үлкен (жазылған) саусағын сору кезінде қалыптасушы сүйектерге ауытқулы факторлардың толық қатары әсер етеді:

· қатты таңдайдың аймағы тікелей қарқынды механикалық ынталандыруға ұшырайды, оның нәтижесі жақаралық сүйектің артық дамуы, жоғарғы жақ альвеолярлы доғасының кеңеюі және жоғарғы күрек тістердің протрузиясы болып табылады;

· еріндердің тонусы өзгереді: жоғарғы ерін босаңсиды, ал төменгі артық қатаяды, жоғарғы тістердің протрузиясына және төменгі күрек тістердің ретрузиясына әкеледі;

· жұтынудың ІІІ және фазаларында тіл үйреншікті тірегін таппайды және алға жылжиды, нәтижесінде патологиялық инфантильді жұтыну қалыптасады;

· ұрттың тонусы жоғарылаған, бұл альвеолярлы доғалардың бөлек бөліктеріне теріс қысым жасайды және олардың қалыпты дамуын тежейді – тіс доғаларының тарылуы байқалады;

· мұрын қуысы түбінің қалыпты төмендеуіне механикалық кедергілер жасалады, оның нәтижесі «готикалық» таңдайдың қалыптасуы болып табылады.

Бүгілген саусақтарды, карандаштарды және т.б. сору кезінде тістесу патологиясы жақтардың нақты бөліктеріне бұлшықеттермен, затпен көрсетілген механикалық қысымның сипатына байланысты қалыптасады. Осылайша, төменгі ерінді тістеу және сору төменгі доғаның алдыңғы бөлігінің ұлғаюына әкеледі (және күрек тістердің тығыз орналасуына) және жоғарғы күрек тістердің алға жылжуына . Жоғарғы ерінді сору жоғарғы жақ күрек тістерінің таңдайлық иілуіне септігін тигізеді. Ұртты сору тіс доғаларының бүйір бөліктерінде тарылуына әкеледі. Тілді сору және оны тістер арасына салу вертикальды жазықтықта бұзылыстарды тудыруы мүмкін, ашық тістесудің қалыптасу себебі болуы мүмкін. Тістесу бұзылысының айқындылық дәрежесі парафункция қайда (біріншілік немесе екіншілік шеміршектер зонасында), қашан (тістесу қалыптасуының қай кезеңінде), қашаннан және қандай қарқындылықта әсер етеді.

Патологиялық оральды әдеттер баланы ұзақ бақылаған кезде жеңіл анықталады, оған үйреншікті жағдайда, сондықтан балада парафункцияның болуы туралы ақпаратты стоматолог оның ата-анасынан, тәрбиешіден және т.б. сұрай алады. Балада оральды парафункцияның болуын стоматологиялық тексеру барысында кейбір ерекше (бірақ патогномониялық емес!) белгілер анықталғанда күдіктенуге болады: қысым жағына тістердің ығысуы немесе ауытқуы, тіс қатарларының қисаюы, тістер арасында саңылаулар болуы, төменгі жақтың ығысуы, қабыршықтары болумен еріннің құрғақтығы, саусақтар мен тырнақтар түрінің өзгеруі және т.б. Диагнозды дәлелдеуге қабылдау кезінде үзілістерде баланы жасырын бақылау көмектеседі, оған аузын жабуға және демалуға мүмкіндік беріледі.

Әр түрлі жас кезеңдерінде оральды парафункциялардың қалыптасу себептері ішінде ең мүмкіні келесілер:

· ашығу (ad libidum қоректендіру кезінде патология дамымайды деп есептейді);

· рефлекстің қанағаттанбауы (аса тез тою);

· Фрейдтың теориясына сәйкес эрогенді оральды зонаның қалыптасуына септігін тигізетін туа пайда болған сексуальды қажеттіліктер;

· қорқыныш, жабырқау, қауіп-қатер сезімі;

· ата-анасы көңілінің жетіспеушілігі (бала оны өзіне тыйым салатын мінез-құлық көрсетумен аударуға тырысады).

Жағымсыз оральды әдеттердің пайда болуын алдын-алу үшін қажетті жағдайлар баланы тамақтандыруды дұрыс ұйымдастыру болып табылады: ата-аналар емшекпен қоректендіру бойынша ұсыныстарды орындау қажет, қасықтан прикомды дер кезінде беру, баланы шыны аяқтан ішуге үйрету.

Баланың психикалық және физикалық дамуы үшін қалыпты жағдайлар жасау өте маңызды, сергек бала үнемі өзінің жасына сәйкес қызықты іспен айналысады. Ата-аналар мен педагогтар баланың ішінде және айналасында психологиялық комфортты жасау туралы ойлау қажет, оған тыныштануды парафункцияларда іздемеу үшін. Мысалы, кешкі немесе түнгі емізіксіз өтуге сергітуден ұйқыға біртіндеп «салттық» өтуді ұйымдастыру көмектеседі: соңғы коректендіруді ұйқыдан бір сағат бұрын өткізіп, қоректендіруден кейін баланы тыныш ойындармен алдандыру немесе онымен бірге жай серуенге шығу, ал содан кейін сүйікті ойыншықтарымен бірге ұйықтауға жатқызу, кешкі дәретхананы орындау, балаға бесін жырын айту кеңес береді. Мектепке дейінгі жаста балада қорқыныш, өзіне сенбеушілік сезімі және т.б. пайда болуының бірінші белгілерін дер кезінде байқау қажет және балаға олардан құтылуға көмектесу қажет.

Қалыптасқан жағымсыз әдеттерден баланы емдеу де этиотропты болуы қажет және сондықтан негізінен педагогикалық және психологиялық көмек шараларына . Бұрын танылған тыйым салатын шаралар (емізікті алу, қолына резиналы тікенектері бар қолғап кигізу, лангета көмегімен шынтақ буыны қимылсыз ету және т.б.), баланы оның әдеттерінен сирек құтқарды. Тасталған емізіктің немесе саусақтың орнына көрпенің бұрышы, тіл және т.б. келді, ата-ананың «жеңісі» жағдайында бала ауыр күйзелістік жағдайда түседі. Бүгін стоматологтардың көпшілігі өз науқастарының психологиялық проблемларына құрметпен қарайды, сондықтан баланы оральды әдеттері «бейбітшілік» жолмен жойылмаған жағдайда балалардың жағымсыз әдеттерден қатаң құтылу мерзімдері мектепке дейінгі жасқа шегіндіріледі. 5-7 жастағы бала түсіндіруді дұрыс қабылдауға қабілетті, оны өзін бақылауға жұмылдыруға болады (соның ішінде – күнделік жүргізу көмегімен), оған мадақтаудың қолайлы жүйесін жасау (жаза емес!) және т.б. Қажет жағдайда арнайы ортодонтиялық аппараттар қолданылуы мүмкін.

 

Шайнау қызметі

Бұл қызмет туа пайда болған болып саналмайды, ол біртіндеп баланы қоректендіру сипатымен тығыз байланыста қалыптасады.

Шайнау кезінде сүйектерге жұмсалатын шайнау бұлшықеттерінің күші мен қысымы тістесудің сапасын анықтайды. Мысалы, m.masseter әсерінен төменгі жақтың бұрышы біртіндеп өзгеретіні; m.temporalis төмендеген қызметі кезінде төменгі жақтың тәжді өсіндісінің қалыптасуы бұзылатыны, ал екіншілік адентия кезінде жақтардың тіссіз бөліктерінде альвеолярлы өсінділер атрофияланатыны белгілі. Шайнау жақ-бет аймағы тіндерінің қанмен қамтамасыз теілуне әсер етеді.

Педиатрлар мен стоматологтардың ұсыныстарына сәйкес өмірінің 3-4 айларынан бастап бала сұйық ботқа тәрізді азық (жемісті пюре, ірімшікті немесе желтковая қоспа), тістердің жарып шығуына байланысты – қаттылау тағам (қара наннан кептірілген нан) қабылдауы қажет, оны тістеу, ауыз қуысында біркелкі тарату, шайнау қажет. Бұл кезде балаға тағамды сумен ішуін ұсынуға болмайды. Бала тағамды еріндерін жымдастырып шайнауын қадағалау қажет.

Осы қарапайым ережелердің сақталмауы кезінде бала тағамды бөтелкеден 3-5 жасқа дейін талап етеді, онда патологиялық шайнаудың әлсіз түрі қалыптасады, бұл кезде шайнау (және жұтыну) фазалары бұзылады, шайнау қысымы біркелкі емес таралады, шайнау қимылдарының саны жоғарылайды, ал шайнау тұтас алғанда тиімсіз. Сирек патологиялық асығыс шайнау кездеседі: бала тез шайнайды, ерін мен ұрттың кілегей қабығын тістеп алады, тағамды жеткіліксіз шайнайды және ірі кесектерді жұтады. Тістердің бұзылысы кезінде әдеттегі патологиялық бір жақты шайнау және алдыңғы тістермен шайнау қалыптасуы мүмкін. Шайнаудың парафункциясы бруксизм немесе тістермен қайрау болып табылады – тағам қабылдағаннан тыс артық шайнау күші, жиі ұйқы кезінде.

Шайнау мускулатурасының функциональды белсенділігінің төмендеуі және дисбалансы кезінде жақтар қажетті дамымайды, тіс доғалары тарылған болып қалады, тістер тығыз орналасады. Шайнау патологиясының басқа нәтижесі уақытша тістердің табиғи қажалуының кідіруі (бруксизм кезінде – жылдамдауы) болып табылады, патологиялық тістесудің қалыптасуы мүмкін болады: дистальды, терең, айқасқан.

Шайнау патологиясын анықтау анамнез мәліметтеріне негізделеді. Баладан (немесе оның ата-анасынан) тағамдық әдеттері туралы сұрайды: бала ұсақталған алманы жақсы көреді ме, нанның қабығын қалдырмай ма, екінші тамақты компотпен бірге іше ме және т.б. Мектепке дейінгі балалар мекемелері жағдайында балаларды тексеру кезінде осындай мәліметтерді дәрігер түскі тамақ кезінде балаларды бақылай отыра алады. «Патологиялық шайнау» диагнозы тістесу бұзылысына тән белгілер анықталған жағдайда клиникалық дәлелденеді.

Шайнау қызметін қалпына келтіру үшін дәрігер алдымен патологияның негізгі себепші факторларын жою туралы ойлануы қажет: науқастың ауыз қуысын сауықтыру, тіс қатарлары ақауларын протездеу, тістесуді қалпына келтіру. Шайнау мускулатурасының тонусын арнайы миогимнастика көмегімен жоғарылатады. Қалыпты шайнаудың нейробұлшықеттік стереотипі ата-аналар және науқастың өзінің күштерімен тәрбиеленеді: аспаздық өңделуін шектей отырып үй тәртібіне баланың сүйікті тағамдарын енгізеді, сумен ішуге тыйым салынады, түскі столдың алдында баланың отыруын шектейді және т.б Ұсыныстардың тиімділігі жоғарылайды егер ата-аналар тағамдық күнделік жүргізіп, дәрігердің талабы бойынша ұсынылады.

 

Сөйлеу қызметі

Сөйлеу қызметі туа пайда болған болып саналмайды, сөйлеу ортасында болатын балада біртіндеп қалыптасады. Бұл үрдіс көбінесе 3-5 жасқа таман аяқталады. Ауыз қуысының мүшелері сөйлеу аппаратының маңызды бөлігі болып табылады, сондықтан клиникада өте жиі сөйлеу патологиясы (дисфония, дислалия) мен тістесудің бұзылысының өзара келісуін анықтайды. Ызың дыбыстарын айту үшін тілдің дұрыс емес, тісаралық орналасуы кезінде (тісаралық астигматизм деп аталатын) тістесу патологиясының қалыптасуы мүмкін, ол инфантильді жұтыну кезінде байқалады. Басқа жағынан, ашық тістесуі және тіс қатарларының тарылуы бар балаларда [ч], [с], [ш], [р] дыбыстарын айтуда ақаулар кездеседі. Аталған логопедтік проблемалар сонымен қатар тілдің қысқа үзбесімен, тіл бұлшықеттерінің төмен тонусымен байланысты болуы мүмкін.

Сөйлеу патологиясының біріншілік анықталуы баладан және оның ата-анасынан анамнез жинау үрдісінде жүргізіледі. Дыбыстардың қайсысы дұрыс емес қалыптасқанын баланы тестті сөздерді «сыр», «шишка», «рыба», «ложка» айтуын сұрау арқылы анықтайды. Дыбыстарды айту кезінде баланың тілінің ұшының орналасуын бақылау үшін стоматологиялық кресланы оның аузы дәрігердің көз деңгейінен сәл жоғары болатындай көтеру қажет.

Стоматологтың келесі міндеті – сөйлеу қызметі патологиясының қалыптасуы үшін себепші факторлар болып табылатын стоматологиялық проблемаларды анықтау. Тілдің қысқа, бірақ жіңішке және иілгіш үзбелері логопед ұйымдастыратын жүйелі жаттығулар көмегімен созуға тырысу қажет. Жетістіксіз болған кезде тілдің қысқа үзбелері пластикаға жатады, оны жалпы жансыздандыру кезінде стационарлы жағдайда жүргізеді. Тіл бұлшықеттері дискоординациясы және төмендеген тонусы проблемалары стоматологпен, немесе логопедпен ұйымдастырылған миогимнастиканы қолданумен шешеді. Егер дислалияның себебі тістесу патологиясы болса, онда ортодонтиялық емдеу кезінде тістесудің қалпына келуіне байланысты дұрыс нейробұлшықеттік сөйлеу стереотиптерін қалыптастыру қажет. Фонацияның ауыр бұзылыстары кезінде балалар стоматолог және логопедпен бірлесе құрылған жоспар бойынша кешенді емдеуден өту қажет. Осылайша, педиатр мен стоматолог болашақ және жас ата-аналарға тіс-жақ жүйесінің қызметтері қалыпты жағдайда қалай өтетінін және олардың жағдайын қалай бақылайтынын түсіндіру қажет. Қызметтің дұрыс емес өтуін анықтаған жағдайда ата-аналар патологияны тудырған себептерді жою үшін мамандарға қаралуы қажет (табл.7.2).

Жақ-бет аймағы қызметін дұрыстаудың негізгі тәсілдерінің бірі миогимнастика болып табылады, оның ұйымдастырылуы стоматологтың міндетінде болады.

Таблица 7.2