CӨЖ-дің күнтізбелік-тақырыптық жоспары

 

Тапсырмалардың мазмұны Сағат саны Тапсыру мезгілі Бақылау түрі
    1. Корпорациялық табыс салығын құқықтық реттеу. Жеке табыс салығын құқықтық реттеу. Қосылған құн салығы: ұғымы, даму тарихы.   4-апта   1.Қысқаша конспект 2. Слайд жасау 3. Эссе жазу 4. Кесте құрастыру    
2.Акциздер: салық салу ережелері мен тәртібі.
3.Жер койнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтарын құқыктық реттеу.
4.Жанама салық салуды құқықтық реттеу. Әлеуметтік салықты құқықтық реттеу. Жер салығын құқықтық реттеу.  
2. 1.Көлік құралдарына салынатын салықты құқықтық реттеу. Салық салудың оңайлатылған режимі,оны қолдану мән-жайлары.     7-апта       1.Қысқаша конспект 2.Баяндама 3.Слайд жасау
2.Алымдар мен төлемақылардың сипаттамасы, салық салу тәртібі. Мемлекеттік баж. Кедендік төлемдер: түрлері, есептеу және төлеу тәртібі.
3.Салық салу аясындағы мемлекеттік мәжбүрледің ұғымы және шаралары. ҚР Салық заңнамасын бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік: ұғымы, негіздері, түрлері.  
  3. 1.Салықтық құқықтық бұзушылық: ұғымы, топтастырылуы. Салықтық құқық бұзушылы үшін қаржылық құқықтық жауапкершіліктің жалпы сипаттамасы.     11-апта     1. Реферат 2.Ауызша тапсыру 3. Эссе жазу 4. Слайд жасау
2.Салықтық құқық бұзушылық үшін әкімшілік құқықтық жауапкершіліктің жалпы сипаттамасы.
3.Әкімшілік теріс қылық жауапкершілік негізі ретінде, оның құрамы.
4.Салық салу аясындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар.
4.     1.Әкімшілік жауапкершілікті жетілдіру проблемалары.   14-апта   1. Реферат 2. Конспект жасау 3. Кесте құрастыру  
2.Салық заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік.
3.Салық төлеушілердің мінез-құлықтарынын іс-кимылдарыңың моделдері.
  Барлығы    

Глоссарий

Салықтар- мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізілетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын, бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер.

Салық агенті - төлем көзінен ұсталатын салықты есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет жүктелетін дара кәсіпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, заңды тұлға, оның ішінде резидент емес заңды тұлға.

Салық берешегі - бересі сомасы, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдардың төленбеген сомасы. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген өсімпұлдар сомасы, сондай-ақ әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалу кезеңінде шағым жасалу бөлігінде көрсетілген айыппұлдар сомасы салық берешегіне қосылмайды.

Салық режимі - осы Кодексте белгіленген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі барлық салық міндеттемелерін есептеу кезінде салық төлеуші қолданатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасы нормаларының жиынтығы.

Салық төлеуші - салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуші болып табылатын адам.

Келісімшарттық қызмет - жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың ережелеріне сәйкес жүзеге асырылатын қызметі.

Келісімшарттан тыс қызмет- жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың ережелерінде тікелей көзделмеген кез келген өзге қызметі.

Консультациялық қызметтер көрсету - басқарушылық, экономикалық, қаржылық, инвестициялық мәселелерді, оның ішінде стратегиялық жоспарлау, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен жүргізу, персоналды басқару мәселелерін шешу мақсатында проблемаларды және (немесе) тұлғаның мүмкіндіктерін айқындау мен (немесе) бағалауды қоса алғанда, түсіндірмелер, ұсынымдар, кеңестер және өзге де нысандағы консультациялар беру жөнінде көрсетілетін қызметтер.

Жер – белгілі бір өлшемдегі пайдалану мүмкіндігі орасан зор табиғи байлық.

Роялти— пайдалы қазбаларды өндіру және техногендік қүрылымдарды қайта өңдеу процесінде жер қойнауын пайдалану құқығы үшін төленетін төлем. Ақша немесе заттай нысанда төленеді.

Коммерциялық табукелісімшарт аумағы шегінде ашылған,өндіру үшін экономикалық жағынан тиімді пайдалы қазбалардың белгілі бір түрінің қорлары.

Коммерциялық табу бонусы - келісімшарт аумағында әрбір ком-мерциялық табу үшін, соның ішінде кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысында, бастапқы анықталған алынатын қорды арттыруға жеткізетін пайдалы қазбалардың табылғаны үшін белгіленеді.

Жер қойнауын пайдаланушылар – ҚР-ның аумағында мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды ҚР-ның заң актілеріне сәйкес жүзее асыратын жеке және заңды тұлғалар.

Акциздер бағаға қосылатын және сатып алушы төлейтін тауарларға салынатын салық.

Арнаулы салық режимі - салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін белгіленетін және жекелеген салық түрлері мен жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін табыс етудің оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтін бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі.

Бағалы қағаздар - акциялар, борыштық бағалы қағаздар, депозитарлық қолхаттар, пайлық инвестициялық қорлардың пайлары, ислам бағалы қағаздары.

Басқа да міндетті төлемдер –ҚР Салық және бюджетке төленетін баска да міндетті төлемдер кодексінде белгіленген мөлшерде және жағдайларда жүргізілетін кедендік төлемдерін қоспағанда, бюджетке төлемақылар, алымдар, баждар түріндегі міндетті ақша аударымдары.

Борыштық бағалы қағаздар - мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, облигациялар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес борыштық бағалы қағаздар болып танылған басқа да бағалы қағаздар;

Борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт - борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құны мен бастапқы орналастырылу (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып алыну (купон есепке алынбаған) құны арасындағы айырма;

Борыштық бағалы қағаздар бойынша купон (бұдан әрі - купон) - шығарылым шарттарына сәйкес эмитент борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құнының үстінен төлейтін (төленуге жататын) сома;

Борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы - шығарылым шарттары бойынша купон төлеу көзделетін борыштық бағалы қағаздардың бастапқы орналастырылу (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып алыну (купон есепке алынбаған) құны мен номиналдық құнының арасындағы айырма;

Гуманитарлық көмек - халықтың өмірі мен тұрмыс жағдайларын жақсарту үшін, сондай-ақ соғыс, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшін шет елдерден және халықаралық ұйымдардан жіберілген азық-түлік, халық тұтынатын тауарлар, техника, құрал-жарақтар, жабдықтар, медициналық құралдар және дәрі-дәрмектер, өзге де заттар түрінде Қазақстан Республикасына өтеусіз берілетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті ұйымдар арқылы бөлетін мүлік.

Демеушілік көмек - осы көмекті көрсететін тұлға туралы ақпаратты тарату мақсатында өтеусіз негізде: жеке тұлғаларға жарыстарға, конкурстарға, көрмелерге, байқауларға қатысу үшін және шығармашылық, ғылыми, ғылыми-техникалық, өнертапқыштық қызметтерін дамыту, білім және спорт шеберлігі деңгейін арттыру үшін қаржылық (әлеуметтіктен басқа) қолдау түрінде; коммерциялық емес ұйымдарға өздерінің жарғылық мақсаттарын іске асыру үшін берілетін мүлік.

Бересі - салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалу кезеңінде шағым жасалатын бөлігінде көрсетілген соманы қоспағанда, есептелген, есепке жазылған және мерзімінде төленбеген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдердің сомасы.

Инвестициялық алтын - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген, сәйкестікті растау жөніндегі орган немесе сынақ зертханасы берген, мұндай алтынның ұлттық немесе халықаралық сапа стандартына сәйкестігін растау жөніндегі сертификаты немесе өзге де құжаты бар алтын.

Ислам бағалы қағаздары - ислам жалдау сертификаттары мен ислам қатысу сертификаттары.

Жеке табыс салығы жеке тұлғалардың ең бірінші кезекте төлейтін салығы болып табылады.

Шегерімдер – шегерiмге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, салық төлеушiнiң табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстары.

Корпорациялық табыс салығы – салық салу объектілері бар заңды тұлғалардың табыстарыныан төлейтін салық түрі.

Камералдық бақылау салық төлеушi (салық агенті) табыс еткен салық есептiлiгiн, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу мен талдау негiзiнде салық қызметі органдары жүзеге асыратын бақылау.

Бақылау– кез келген басқару процесінің ажырамас бірбөлігі ретінде басқару объектісінің тиісті қызмет етуін қамтамасыз етуге арналған құрал.

Салық төлеушінің электрондық құжаты - белгіленген электрондық форматта берілген, қабылданғаннан және бірдейлігі расталғаннан кейін салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат.

Салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дәйектілігін, оның салық төлеушіге тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық нышандардың реттілігі.