Негізгі ұғымдар:Салық, алым, төлемақы, мемлекттік баж.

 

1. ҚР Конституциясының 35-бабында «Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы, әрі міндеті болып табылады»деп көрсетілген.

Салықтар мемлекеттің саяси және экономикалық қызметтерін қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады.

Салықтар – тауарлы өндіріс пен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болды.

Салықтың экономикалық мәні – шаруашылық субъектілерінен, азаматтардан ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынастардың бір бөлігі болып табылатындығында.

Салықтар мемлекетің өмір сүруінің негізі болып саналады.

Салықтар кез-келген өркениетті мемлекет кірістерінің негізгі қайнар көзі.

Қазақстан Республикасының 2008жылғы 10 желтоқсандағы Салық Кодексіне сәйкес «Салықтар – мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде жүргізілетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын, бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер».

Салықты материалдық тұрғыданалсақ – бұл салық төлеушінің белгілі бір мерзімде және белгіленген тәртіпте мемлекетке беретін ақша сомасы.

Эконономикалық категория тұрғысынан қарағанда салық – салық төлеушілерден мемлекетке қарай белгілі бір мөлшерде, белгілі бір мерзімде және белгіленген тәртіпте бір бағыттағы ақшаның қозғалысы.

Құқықтық тұрғыдан қарайтын болсақ, бұл мемлекеттік бекітілім, яғни тұлғалардың мемлекетке белгілі бір ақша сомасын беруін төлеуді көздейтін міндеттеме.

Салық мазмұны:

1) Материалдық категория жағынан – бұл белгілі бір ақша сомасы.

2) Экономикалық категория ретінде – бұл мемлекеттің табысы

3) Заңдық категория ретінде – бұл заң жүзінде белгіленген міндеттеме болып табылуы.

Салықтың экономикалық белгілері:

1) Салық – мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі.

2) Салық – ақшалай нысанда төленеді.

3) Салық – қайтарылмайтын төлем.

4) Салық – баламасыз сипатта болады.

5) Салықты төлеген кезде меншік нысандары айқындалады.

6) Салық – тұрақты экономикалық қатынас туғызады.

Салықтың құқықтық белгілері:

1) Салықты тек мемлекет қана белгілейді.

2) Салық құқықтық нысанда жүзеге асады.

3) Салық мем-ң бір нақты белгіленімі болып табылады.

4) Салықты белгілеу арқ. салық міндеттемесі туындайды

5) Салық мәжбүрлеме сипатты болып табылады

6) Салық төлеу арқылы ақшаны алу құқықтық сипатта жүзеге асырылады.

2.Салық дегеніміз –белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлем.

Салықты басқа да төлемдерден ажырата білуіміз керек. Себебі, салық белгілі бір объектілерден (табыс, мүлік, тауар, жер, көлік, мұра) төленеді. Сонымен қатар, салықты төлеудің өзіндік бір мерзімі болады (салық кезеңі – бір күндік, он күндік, айлық, тоқсандақ, жылдық) және белгілі бір көлемде немесе мөлшерде (салық ставкасы) алынады.

Алымдар – салық төлеушілерге белгілі бір құқықтық мәртебе берілгенде немессе белгілі бір қызмет түрін бастар алдында төленеді. Алым да төлем болып табылады.

Алымдардың салықтардан айырмашылығы:

1) Алым мемлекеттік аппараттың шығындарын жабады, яғни, мемлекет заңды іс-әрекет түрінде тұлғаларға қызмет ұсына отырып, сол қызметіне төлем қабылдайды, ал, салықтар мемлекетті толығымен қаржыландыруға жұмсалады;

2) Салықтың өтеусіз және баламасыз белгілері болады. Ал, алым баламалы төлем болып саналады, яғни алымды төлеу арқылы мемлекеттен белгілі бір құқық, мәртебе немесе рұқсат алынады.

3) Алым бір жолғы төлем блып табылады, яғни бір рет қана төленеді. Ал, салық ұзақ мерзімді және тұрақты түрде төленіп отырады, қашан салық міндеттемесі тоқтағанға дейін жалғаса береді;

4)Салық төлеуде күштеу әдісі қолданылады, яғни салық төлеуші салық міндеттемесін орындамаған жағдайда, мәжбүрлі түрде өндіріп алу іс-шараларын қолданылады. Салық төлеуші алымды ерікті түрде төлеп отырады. Мысалы: Бір тұлға мемлекеттік органға келіп, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға өтініш береді. Берілген рұқсат негізінде кез келген қызмет түрімен айналысуға құқылы. Бұл жерде тұлға алымды өз еркімен төлейді.