Негізг іұғымдар: Салықтық құқықтық нормалар, гипотеза, диспозиция, санкция

1.Негізінде құқықтық нормалар деп, құрамындағы әмірлі нұсқамаларының сақталуы мемлекеттік мәжбүрлеу шараларымен қамтамасыз етілген, өзінің заңи күші таралатын ауқымындағы нормативтік-регламенттеу жағдайының темірдей құрсауына түсетін барлық тұлғаларға қатысты нақты айқындалған міндеттер мен құқықтар белгілейтін, сан мәрте қолдану мақсатында ұзақ мерзімді көздей отырып тиісті нормативтік құқықтық актілерде қалыптастырылған жалпыға міндетті жүріп-тұру (міндеттерін атқару және (немесе) құқықтарын пайдалану) қағидаларын айтамыз.

Салықтық құқықтық нормалар мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында туындайтын мемлекеттік қаржылық қатынастарды реттеуге атсалысатын көптеген қаржылық құқықтық қатынастардың ішінен айрықша дараланып, мемлекеттің қаржы жүйесіне кең арналы транзиттік қаражаттар ағымын бағыттап, бұруды мақсаттайтын әрі күнделікті жүзеге асыратын, көбінесе императивті-әмірлі, сонымен бірге қажетті кездерді диспозитивті-икемді, мемлекет пен қоғам тарапынан әрдайым шексіз әлеуметтік үмітартылып және мол материалдық мүдде жүктелінетін құқықтық нормалар болып табылады.

Сонымен, салықтық құқықтық нормалар деп, мемлекеттің салықтық қызметінің процесінде туындайтын салықтық қатынастардың қатысушылары үшін жүріп-тұру қағидаларын белгілейтін құқықтық нормаларды айтамыз.

Қаржылық құқықтық нормалардың айрықша түрі ретінде ерекшеленетін салықтық құқықтық нормалар:

1) уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан белгіленеді және мемлекеттік биліктік-әмірлі сипатта болады;

2) салықтық қатынастардың қатысушыларына субъективтік құқықтар беру және заңи міндеттер жүктеу арқылы олардың салық салу аясындағы тиісті іс-қимылдарына тікелей ықпал етіп отырады;

3) салықтық заңнамалық актілерін қабылдау жолымен белгіленеді;

4) мемлекеттің салық салу аясындағы салықтық қатынастарды реттеу шегінде (шеңберінде) заңдықтың берік режимін орнатуға және салықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуге ат салысады;

5) салық салуға байланысты жағдайлар мен мән-жайларды мұқият сипаттауларымен, диспозицияларын құру кезіндегі жан-жақты нақтыландырылуымен және баяндап, жазуға қатысты тіл ерекшелігімен көріністабады;

6) өздерінін жүйесіндегі императивтік, құзыреттік және есептеу нормаларымен ерекшеленеді;

7) өздерінің құрамындағы нормалардың көбінесе мемлекеттің материалдық мүдделерін көздеулеріне орай, сондай-ақ салық салу аясындағы құқықтар мен міндеттердін біркелкі белгіленбеуіне байланысты қатысушы тараптардың арасында заңи теңсіздік туындатады;

8) өздерінің мән-жайына және бағыт-бағдарына қарай әрқашанда тиісті субъектілердің мемлекет алдындағы нақты салық­тык міндеттемелерін айқындап көрсете отырып, сол міндеттемелердің туындауын негіздейді.

2.Салықтық құқықтық нормалардың құрылымы өзінің құрамдас элементтері мен ішкі құрылысын көрсетеді.

Салықтык құқықтық нормалардың элементтері ретінде гипотезаны, диспозицияны және санкцияны айтамыз.

Гипотезада осы норманың ауқымындағы тұлғалардың шеңбері айқындалып, норманың іске асырылуына орай жағдайлар сипатталынады.

Диспозиция – тараптардың нақты міндеттері мен құқықтарын айқындау арқылы көрініс табатын тиісті мінез-құлық, іс-қимыл қағидаларынан тұрады. Демек, бұл әмірлі бұйрық, тыйым салу немесе рұқсат беру негізінде, көбінесе жүктелген міндеттерді бұлжытпай атқару түрінде жүзеге асырылатын іс-әрекеттерді нақтыландыратын қағида болып табылады.

Санкция–салықтық құқықтық нормалардың сақталуын, олардың бұзылмауын және бұзылған құқықты қалпына келтіруді көздей отырып жүзеге асырылатын мәжбүрлеуді колдану жөніндегі мемлекеттің әлеуметтік қабілетін көрсетеді. Салық­тық құқықтық санкцияның: тек ақшалай сипатта болуы; тек мемлекет кірісіне түсуі; оны тек мемлекет мүддесін көздейтін субъектінің қолдануы; әрқашанда салық төлеушілерге бағытталуы сияқты өзіне тән белгілері болады.

Мазмұн-бағыттары мен аяларына, жай-күйлері мен заңи мән-жайларына қарай әр түрге бөлінетін салықтық құқықтық нормалардың ішіндегі аса қажеттісі - реттеуші салықтык құқықтық нормалар болып табылады.

Реттеуші салықтық құқықтық нормалар өздерінін заңи мәніне байланысты:

1. Міндет жүктейтін салықтык құқықтық нормалар;

2. Тыйым салатын салықтык құқықтық нормалар;

3.Рұқсат беретін салықтық құқықтық нормалар болыпбөлінеді.

Салық салу аясында қолданылатын құқықтық реттеу әдістеріне байланысты салықтық-құқықтық нормалар императивтік және диспозитивтік, сондай-ақсалықтыққұқықтық реттеу пәніне орай материалдық және ұйымдастырусалықтыққұқықтық нормалары болып бөлінеді.