Тақырып. Социумда әлеуметтік-педагогикалық қызмет.

Әлеуметтік педагогика адамның барлық өмір сүру мерзімінде әлеуметтік тәрбиені қарастырады.

Адам өмірінде әлеуметтік тәрбиенің орны мен ролін даму мен әлеуметтену үрдестермен аңықтауға болады. (бұны біз кәзір бөлімінде деп қарастырамыз).

Даму- адамның ішкі жан дуниесіндегі өзіндік ерекшеліктерін іс жүзіне асыру. Қоршаған ортаның ықпалымен әсері арқылы адамның дамуын оның процесі деп те жалпы аңықтама беруге болады. Яғни мәдени құндылықтармен әлеуметтік өлшемдерде қабылдау және жүзеге асыру, сондай-ақ өзі өмір сүріп отырған ортада өзіндік даму және өзін-өзі жетілдіру болып табылады.Әлеуметтену жүреді: а) адамның қоғаммен еркінен тыс өзара қарым-қатынас жасау үрдесінде және оның жан-жақты бағытталған әр қилы өміріне еріксіз әсер етуде; б) кейбір адамдардың өмірінің кезендеріне мемлекет тарапынан әсер ету үрдесінде; в) адамның дамуына,яғни тәрбиелеуге мақсатты бағытталған жағдай жасау үрдесінде; г) адамның өзіндік дамуында және өзін өзі тәрбиелеу үрдесінде.Сондықтан даму- бұл адам болып қалыптасудың жалпы үрдесі деп есептеуге болады. Әлеуметтену- нақты әлеуметтік жағдайларға негізделген даму.

Тәрбиені адамның әлеуметтену жолындағы әлеуметтік бақылаулы үрдіс деп те қарастыруға болады ) тәрбие туралы түсінікке аңықтама 1 тарауда беріледі).

Тәрбие отбасында жүзеге асады. Бұл жағдайда біз жеке немесе отбасылық тәрбие мен істес боламыз. Отбасылық объетісі педагогика объектісі тәрбие діни ұйымдарда жүзеге асады. Бұл жағдайда біз діни немесе құпия тәрбиемен істес боламыз: ол құпия- педагогика объектісі тәрбие қоғам мен мемлекет тарапынан осы үшін құрылған ұйымдарында жүзеге асады. Бұл жағдайда біз әлеуметтік немесе қоғамдық тәрбиемен істес боламыз. Ол әлеуметтік педагогиканы оқытудын объектісі. Тәрбие қылмыстық және саяси тоталитарлық, діни бурмалаушылық қоғамдарда жүзеге асады. Бұндай жағждайда біз әлеуметтік немесе әлеуметтікке қарама-қарсы тәрбиемен істес боламыз.

Әлеуметтік тәрбие ( отбасылық немесе қоғамдық болсын) әлеуметтендіру үрдісінің қоғамдық бөлігін құраса да, әлеуметтік педагогика оны әлеуметтендіру контекстіндеғана оқытса да, ол адамның тәрбиесіне қандай да болмасын тікелей немесе жанама түрде әлеуметтік жағдайлардың жер шарында, әлемде және оның өмір сүрген мекемнінде (аймақта, қала, ауыл, шағын ортада) қалай әсер ететінің, оның өмір сүруі мен тәрбиесінде қоғамдық ақпарат құралдарының, отбасының жан-жағындағы қоршаған адамдармен қарым-қатынас және басқа да факторлардың қандай роль атқаратындығын қарастырады.

Әлеуметтік педагогика қалай туды

Әлеуметтік педагогика терминнін неміс педаогы Фридриг Дистерверг 19 ғ. Ортасында ұсынған болатын, бірақ бұл белсенді түрде 20 ғ. Басында қолданыла бастады.

Педагогика бала тәрбиенің теориясы және әдісі ретінде оқу- тәрбие мекемелерінде туындапдами бастады. 18ғ. Соңында тұлғаның дамуында дербес кезең болып ерте жасөспірімдік жас бөлініп шыға бастаған кезде жасөспірімдер мен мен бойжеткендер педагогика объектісіне айналды.

19 ғ. 1-ші жартысында педагогика мен қоғамдық тәрбие жүйесіне тапсырыс кеңейе бастайды. Біріншіден, оған біртіндеп жатар мен ересек жастағы топтардың да тар мен ересек жастағы топтардың да тәрбиесі «қосылады». Екіншіден, барлық жастар өкілдерін бейімдеу және қайтадан тәрбиелеу ( бірінші кезекте әрине балалар, жасөспірімдер, жеткіншіктер), көбінесе оның қалыптасқан нормаларын бұзушылар.

Тапсырысты кеңейту Еуропа мен Америкада өткен әлеуметтік мәдени үрдестермен байланысты болып еді. Өндірістің дамуы ауыл тұрғындарының жаппай қалаға көшуін тұғызды, ал олардың көбі жаңаша жағдайда өмір сүруге деген бейімділігін жоқ, көбінесе толық отбасын құраалмағандықтың өріс алуына себеп болдыда, панасыздық, қаңғыбастық және қайық-ршылық негізгі көзі болды. Америкадағы жағдай Еуропаның нашар дамыған аймақтарынан жаппай қоңыс аударушылыққа байланысты шиерленісе түсті. Еуропадағы халық пен ірі өнеркәсіп орындарының ірі қалаларға шоғарлануы ұлттық мемлекеттің, құрылуымен тутас келді, ал солтүстік Америкада америка ұлтының қалыптасуымен тұтас келді. Екеуі де барлық әлеуметтік салаларда, барлық тұрғындардың жас ерекшелігінде ( жарияланған немесе ұлттық деп танылған) нақты құндылықтарды табындыруды талап етті.

Әдебиеттер тізімі: 1, 12, 13, 14, 15.