Жалпы мағлұматтар

Электронды осциллограф дегеніміз зерттеліп отырған электрлік сигналдардың формасын сырттай бақылауға арналған өлшеу аспабы. Олардың көмегімен электрлік сигналдардың жиілігін, периодын, амплитудасын және фазалық ығысу бұрышын өлшеуге болады.

Электронды осциллографтың негізгі элементі – электронды-сәулелі түтікше (1 сурет).

1 сурет - Электронды-сәулелі түтікше құрылысы

 

Түтікше экранының ішкі беті электрондар соққан кезде жарық бөліп шығаратын зат – люминоформмен қапталған. Электрондар ағыны неғұрлым көп және екпінді болса, олардың соққан бөліктері де соғұрлым көп жарықталынады. Электрондар ағыны экранға қарама-қарсы түтікшенің екінші бөлігінде орналасқан электронды зеңбіректен ( электронная пушка) шығады. Ол қыздырғыш элементтен (1) және катодтан (2) құралады. Электронды зеңбірек пен экран арасында экранға қарай ұшып келе жатқан электрондар ағынын реттеуге арналған модулятор (3), электрондарды жинақтап электрондар шоғына айналдыратын және оларға қажетті үдеу беретін фокустағыш (4) және үдеткіш (5) анодтар, сонымен қатар электрондар шоғы ағынының горизонталь Y және вертикаль X осьтер бойындағы координаталарын өзгертуге арналған (6) көлденең және (7) тік ауытқыту пластиналарының жұбы орналасқан.

Электорнды сәулелі түтікше келесі ретпен жұмыс жасайды:

Қыздырғыш элемент ұштарына айнымалы кернеу, модуляторға тұрақты кернеу ал анодтарға катодқа қарағанда қарағанда кері бағытпен оң кернеу береміз, сондай-ақ бірінші анодқа (фокустаушы) берілген кернеу екінші анодтағыға (үдетуші) қарағанда айтарлықтай жоғары. Ауытқытушы пластиналарға электрондар шоғын экранның ортасына қарағанда кез-келген бағытта жылжытуға мүмкіндік беретін тұрақты кернеу мен қатар зерттеліп отырған сигалдардың формасын белгілі бір ұзындыққа жазбалайтын айнымалы кернеуде беріледі.

Зерттеліп отырған сигналдың экранда қалай кескінделеті-нін түсіну үшін экранды шеңбер тәрізді (2 сурет) деп алып оның ішіне ауытқытушы пластиналарды орналастырамыз. Егер гаризонталь (Пх) ауытқытушы пластиналарға ара тісі тәрізді (Ux) кернеу беретін болсақ, онда экран бетінде жазбалаушы сызық немесе жазбалаушы деп аталатын – жарық горизонталь сызық пайда болады. Бұл сызықтың ұзындығы ара тісі кернеудің амплитудасына байланысты.

Егер Пх- пластиналарына ара тісі тәрізді кернеу берген кезде вертикаль (Пу) ауытқытушы пластиналарға формасы сину-соидалы айнымалы (Uy) кернеу беретін болсақ, онда жазбалаушы сызық осы тербеліс формасына сәйкес қисық түрге ие болады. Ара тісі тәрізді кернеу мен синусоидалы кернеудің периодтары бір-бірімен теңескен кезде экран бетінде зерттеліп отырған сигналдың бір периодына сай келетін кескін пайда болады.

2 сурет. Осциллограф экранында сигнал кескінінің пайда болуы