Маркетингтік ақпарат жүйесі

Маркетингтік ақпарат жүйесі – адамдардың өзара әрекетінің, алға қойған міндеттерді табысты орындауға бағытталған ақпаратты алу, жоспарлау және өңдеудің әдістемелік тәсілдері мен техникалық құралдарының тұрақты жұмыс істейтін жүйесі.

Маркетингтік зерттеулердің мақсаты: кәсіпорынның мақсатына қол жеткізу үшін маркетингтік ақпарат арқылы өндірушілер мен тұтынушыларды байланыстыру.

Біріншілік маркетингтік ақпарат – бұл тікелей зерттеу мақсатына сәйкес жиналатын ақпарат.

Екіншілік маркетингтік ақпарат – бұл бұрын осы фирманың немесе басқа ұйымдардың басқа мақсатта жинаған және өңдеген ақпараттары.

Маркетингтік зерттеудің ыңғайлары:

· теориялық;

· сипаттайтын-аналитикалық;

· зерттеу.
Зерттеу әдістері:

· байқау;

· сұрау;

· эксперимент
Зерттеу құралдары:

· сауалнама (анкета)

· арнайы құрылғылар

Тенденциялары:

· жеке дүкендерде сатудан қызметтің ауқымды түрлеріне көшу;

· мұқтаждықтан қажеттілікке көшу;

· бәсекелестіктің бағалық әдістерінен бағалық емес әдістеріне көшу.

Осы тенденцияларға байланысты кәсіпорынға қосымша ақпараттар қажет.

Маркетингтік ақпарат жүйесі – бұл маркетингтік операцияларды жоспарлауды жетілдіру, жүзеге асыру және қолданылуына бақылау жасау мақсатымен маркетинг сферасындағы бөлушілер қолдану үшін маңызды және дәл ақпаратты жинауға, жіктеуге, талдауға, бағалауға және таратуға арналған әдістемелік тәсілдердің, құрал-жабдықтардың және адамдардың өзара әрекетінің тұрақты жүйесі

1. Ішкі есеп беру жүйесі - күнделікті сату көрсеткіштерін, шығын сомасын, материалды қорлардың көлемін, нақты ақшаның қозғалысынн, дебиторлық және кредиторлық қарыздар туралы мәліметтерді көрсетеді.

2. Күнделікті және сыртқы ақпаратты жинау жүйесі (соңғы оқиғалар туралы ақпарат) – коммерциялық ортада болып жатқан оқиғалар туралы жетекшілер күнделікті ақпаратты алып отыратын әдістемелік тәсілдер мен ақпарат көздерінің жиынтығы.

3. Маркетингтік зерттеулер жүйесі – фирма алдында тұрған маркетингтік жағдайға байланысты қажетті белгілі бір мәліметтердің жүйелі анықтамасы, оларды жинау, талдау және нәтижелері туралы есеп беру.

4. Маркетингтік ақпаратты талдау жүйесі – маркетинг мәселесі мен маркетингтік мәліметтерді талдау әдістерінің жиынтығы.

Әрбір маркетингтік ақпарат жүйесінің негізін келесілер құрайды:

· Статистикалық банк – ақпаратты статистикалық өңдеудің заман талабына сай әдістерінің жиынтығы, ол мәліметтердің статистикалық сенімділігінің дәредесін белгілейді және мәліметтерді жинау барысында олардың өзара байланыстылығын толық ашуға мүмкіндік береді (оған регрессиялық, корреляциялық талдаулар жатады).

· Адамдар банкі – нарық қызметкерлерімен оптимальды маркетингтік шешімдерді қабылдауға мүмкіндік жасайтын математикалық модельдер жиынтығы (баға түзу жүйесіні, бағаны есептеу, орналасуын таңдау әдістемелерінің моделі).

ӘДЕБИЕТ

Негізгі:

1. Котлер Ф. Основы маркетинга. – Москва: Ростинтэр, 1996.

2. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004.

3. Манн И. Маркетинг на 100%. – Санкт-Петербург, 2003.

4. Хруцкий В.Е., Корнеева И.В., Автухова Е.Э. Современный маркетинг. – Москва, изд. 3-е. – 2003.

5. Стоун, Дейвкс, Бонд. Прямой маркетинг. – Минск, 2003.

6. Наумова. Прикладной маркетинг в деятельности фирмы: Учебное пособие. – Москва, 2004.

7. Эриашвили, Ховард, Ципкин. Маркетинг: Учебно-методическое пособие для вузов. – Москва, 2003.

8. Соловьев. Стратегический маркетинг. – Новосибирск – Ростов-на-Дону, 2002.

Қосымша:

1. Галкин, Двойников, Павлов, Поляков, Уваров. Маркетинг. Лизинг. Логистика в здравоохранении. – Самара – Санкт-Петербург, 1998.

СҰРАҚТАР БОЙЫНША БАҚЫЛАУ

Вариант 1

1. Маркетингтік зертеулер.

2. Маркетингтік зерттеулер жүйесінің мазмұны.

Вариант 2

1. Нарықты зерттеу.

2. Маркети нгтік ақпараттың түрлері.

Вариант 3

1. Тұтынушыларды зерттеу.

2. Маркетингтік ақпарат жүйесі.

Вариант 4

1. Бәсекелестерді зерттеу.

2. Зерттеудің жұмысшы құралы.

Вариант 5

1. Нарықтың фирмалық құрылымын зерттеу.

2. Жұмысшы гипотезасы.

Вариант 6

1. Бағаны зерттеу.

2. Маркетингтік зерттеу процедурасы.

Вариант 7

1. Тауарды жылжыту мен сатуды зерттеу.

2. Маркети нгтік зерттеу ережесі мен процедурасы.

Вариант 8

1. Өтім мен жарнамаға дем беру жүйесін зерттеу.

2. Функционалдық*құндық талдау және модельдеу әдісі.

Вариант 9

1. Ішкі ортаны зерттеу.

2. Ықтималдық теориясы және желілік жоспарлау әдісі.

Вариант 10

1. Маркетингті зерттеудің әдістемелік негіздері.

2. Маркетингтік зерттеулер жүйесінің мазмұны.

Вариант 11

1. Сызықтық бағдарлау әдісі.

2. Маркетингтік ақпарат түрлері.

Вариант 12

1. Нарықты зерттеу.

2. Маркетингтік зерттеу процедурасы.

 


ТАҚЫРЫП:МАРКЕТИНГТІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ.