Бастауыш сынып оқушысының ерікті әрекетер сипатының бірі - зейінділікке дамыту жолдары.

Бастауыш сыныптағы балалар зейінің ерекшелігі олардың нерв жүйесінің дамуына байланысты. Бастауыш сынып оқушыларының үлкен мисыңарлары қыртысында болатын қозу мен тежелу процестерінің ауысуы біршама жылдам өтеді. Балалар сырт әсерлерге өте сезімтал келеді, әрбір тітіркендіргіштерге зейінінің тез ауып кетуі де осыдан. Сондықтан мидың қыртысында пайда болған жаңа қозу алабы, баланың бұрын жасап отырған нәрсесінен көңілін аудартып жібереді. Зейіннің өздігінен бір нәрседен екіншіге еріксіз ауысуы оның аздап тұрақсыздығын байқатады. Бұған күшті дамыған барлау рефлексі себепкер болады.

Баланың сезімталдығы мынаған саяды: бейнелі, жарқын, көрнекі оқу материалдары мен тартымды, әсерлі баяндау төменгі сынып оқушыларының зейінін туғызады.

Бала мектепте оқи бастаған алғашқы айларында әр түрлі жұмыстарға біркелкі зейін қояды, өйткені оны көбірек қызықтыратын оқу материалының мазмұны емес, жалпы оқу процесі ғана.

Бірте - бірте оның зейіні кейбір пәнді өту кезінде немесе оқу жұмысының бір түрімен көбірек айналысқан уақытында шоғырлана түседі. Бұл оқушының дифференциациялық қызығуының дамуына байланысты.

Сонымен балалардың ырықсыз зейіні үлкен роль атқарғандығы мен, мектепке дейінгі жасында ақ олардың ерікті зейіні дами бастайды. Бұл тәрбиенің, балалардың ересектермен араласуының, олармен бірге жасаған іс әрекетінің нәтижесі.

Балаларға ерікті зейінді ұстай білу көбінесе қиынға түседі, бұл оның өз еркіне күш сала білмейтіндігінен емес: асықпай сабырмен жұмыс істей білу деген әлі оларда жоқ. Бұл әсіресе балалар есептің шарттарына зер салғанда байқалады. Егер бала көңіл аударып үңілмесе, оқу тапсырмалары сыныпта болсын, үйде болсын орындалмай қалады. Балалар бірте бірте зейін қойып еңбектенуге дағдыланады, сөйтіп оның үйреншікті зейіні дами бастайды.

Кіші оқушының зейіні әдетте, ерікті және еріксіз түрлерге бөлінеді. Бала не қызық соған мән беретін екендігінен оның еріксіз зейіні алғашқы кезде ерікті зейінінен басым келеді. Оның еріксіз зейіні әсем бояулар не заттар немесе ұйқастырып айтқан сөздер өзіне тартқыш келетінінен мұғалім мүмкіндігінше сабақты қызықтыруға барлық күшін салады. Осы бөтен болмағанымен, сабақтын барлық жағын қызықтырамын деп баланы осыған әдеттендірсе, оның ерікті зейінін қалыптастыруға кедеогі жасайды. Кіші оқушыда 2-3 сыныптарда ерікті зейін пайда бола бастайды: ол қызық емес, бірақ қажет деген сабақтың бөлшектеріне зейінді бола алады. Баланың ерікті зейінін дамыту үшін оның істейтін жұмысын нақты етіп түсіндіріп, тапсырманы қалай орындаудың жоспарын көрсетіп отыру қажет. Тек сонда ғана ол осындай нұсқауды орындауда зейінді болуға ұмтылады. Мұның солай екені мынадан: зейінсіз болудың өзі берілген тапсырманы қалай орындауды білмеуден кездеседі. Әдетте, еріксіз зейін сыртқы обьектіге байланысты болып келсе, ерікті зейін баланың іштей іске ұмтылуына пайда болады. Бұл жерде іштей ұмтылу деп отырғанымыз баланың оқу үстінде өзін өзі меңгере алуы. Кіші оқушы өзін өзі іштей меңгере алуы әлі жөнді дамымағанынан, өзін өзі күштен обьектіге еркіті зейін қоюы онша дамымаған.

Кіші оқушының зейінінің көлемінің және бір мезгілде бірнеше іске зейінін бөле алуының оқу үшін үлкен маңызы бар. Мысалы: оқушы тексті оқып отырғанда өзінің соны қалай оқып отырғанына және құрбылары сол кезде оның оқуын тындап отырғанына бір нәрсе жөнінде жасаған өзіне деген ескертулерін естіп, өзінің қатесін дер кезінде түзете алады. Төменгі сынып оқушыларының мұндай тәжірибесі өте аз. Сондықтан да балалар бірнеше обьектіні назарында ұстай алмайды. Төменгі сыныптағыларға оқу ісінде бірнеше санды қосып одан шыққан қорытындыны тексеру қиынға соғады, мысалы 4+3+2. 2 санын 7- ге қосқанда, 7 нің қайдан келгені оның есінен шығып кетеді, өйткені ол үшін санның үшеуіне бірдей зейінін бөле алмайды. Есепті екі амалмен шығарғанда да әлгідей болады. Есептің шартын ол қайталай алады, ал бірақ екі амалды бірдей зейінінде ұстау алғашқы кезде оған қиынға соғады. Әсіресе 7 жасар балаларда байқалатын зейін көлемінің тарлығы мектепке келіп, мағлұматы молая бастағанда, тез жойылады.

Зейіннің бөлінушілігі 1 сынып оқушыларында жеткілікті түрде дами қоймаған. Егер оқушы тапсырманың жауабын тапса болады, өзінің тәртібін қадағаламай орнынан атап тұрып, қолын жоғары көтереді, олай істеуге болмайтынын ұмытып кетеді. Дәл осылайша, жазу тұсында дұрыс отыру оған қиын: ал оның сөз жазу процесіне өте ұқыпты болуы керек, өз жұмысының мазмұнына қарап өз дәптері қалай жатыр, қаламсапты қалай ұстап отыр, өзі қандай қалыпта отыр, партаға кеудесімен жатып алған жоқ па, осылай отырған жөн бе ?т. б. қадағалауы керек. Сондықтанда мұғалімнің мектептегі оқушыны жазу кезінде дұрыс отыруға үйретуі үшін, біршама күш пен уақытын кетіруге тұра келеді.

Баланың, зейінін бөле білмегендігін, педагог кейде оқушының алаң болушылығы немесе тәртіпсіздігі деп қате ұғынады. Егер әнгімені одан әрі оқып жалғастыруға шақырылған бала жолдасының тоқтаған жерін тез тауып ала алмаған жағдайда, мұғалім ол баланы бөтен бірдеңемен айналысқан екен ғой деп ойлайды. Ал расында мектеп оқушысына өз ішінен оқып және жодасының не оқып жатқаның қадағалап отыруы қиынға соғады. Бұл аз да болса зейіннің бөлінуін талап етеді.