Тақырып. Жас өспірімдік психикалық жас.

1. 15-18 жас жас өспірім кезең деп есептелген мен оларды үлкендермен салыстырғанда әліде кішкеньай, ал жеткіншектен үлкен болып есептелінеді. Яғни бала мен үлкендердің екі арасында. Себебі осы жастағылар куәлік алып кәмелетке толғанымен де өзінің қажеттілігін қамтамасыз ете алмайды. Есеу деген түсінікке дене күш ақыл ой байлығы ғана жатпайды. Бұған жас өспірім өзгелермен қарым қатнасы қиын жағдайда өз бетімен шешім қабылдау қиыншылықтардан бас тартпау жатады. Бұл қасиеттер әлеуметтер ортаның нәтижесінде пайда болып. Бұрынғы ескі дәуірде қазіргі жеткіншек жастағыларды осы жас қатарына жатқызған, яғни есеудің өзі баланың жасына ғана тәуелді емес, қоғам дәуірінің талабына да байланысты. Осыған байланысты жігіт не бойжеткен қыз жасы жөнінде елдер арасында түрлі аңыз әңгімелер жырлар кең тараған. Ауыз әдебиетінің негізгі тақырыбы жас өспірімнің батырлығы, жаумен күресе алуы, махаббатқа беріктігі сияқты қасиеті жатады. Қазіргі дәуірде жас өспірім үлкендердің қатарына толық жетпегенімен жеткіншек жастағы балалық әдетін қойып яғни бір нәрсеге тез өкпелеудегі тәртіп бұзудан көбінесе аулақ болады және үлкендермен туған туысқандарын дұрыс қатнаста болады. Сырттай қарағанда өздерін мәдениетті ұстайды. Үлкендермен кездескенде алдымен амандасады. Жеткіншек кезенде жолдастаарымен ойнап, берген тапсырманы ұмытып кетсе, ал жас өспірім кезде оқуға салмақты қарап, болашақта қандай мамандыққа ие болғысы келетіні туралы ойлана бастайды. Осының нәтижесінде оқуға деген ынта жігері бұрынғысынан да өзгереді. Жақсы оқымасы кейін қалаған оқу орнына түсе алмайтының сезініп сабаққа үнемі қатысуға және тапсырманы дұрыс орындауға тырысады. Ақыл ой қабілеті дами бастайды, өзінің пікірін дәлелдей алады. Өзінің жасаған іс әрекетіне талдау жасай алады. Жас өспірімнің негізгі әрекеті оқу мен еңбек. Еңбектің неше түрлері мен соның ішінде мектептің жұмысымен айналысады. Жас өспірімнің көпшілігі 11 жылдық мектепте оқыса кей біреулері техникумдарда оқиды. Бұндай оқу орындарын да оқитын жас өспірім мектептердің жас өспірімдеріне қарағанда ерте есейеді. Себебі мұнда оқитындардың негізгі мақсаты белгілі маман иесі болу. Олар осы жөнінде үнемі ойланып өз бетімен туған туысқандардың көмегісіз өмір сүру, ешкімге бағынышты болғысы келмейді. Жас өспірім жеткіншекке қарағанда жауапкершілік қасиеті көбейеді.

1. Қоғамдық мәні бар ірі тапсырмаларды орындап осының нәтижесінде өзінің кім екенің біліп өздерінің жағдайымен де санасуға үйренеді.

2. Жас өспірім мектеп тарапынан жауапты тапсырмаларды орындауға қатысып және төменгі сыныптарға көмектесіп отырады.

Жас өспірімнің денесінің дамуы жеткіншек жастағыдай бойының тез өсуін тоқтата бастайды. Бірақ кеудесі, қолы, аяғының бұлшық еттері мойының өсуі тоқтамайды. Қыздардың бойы 17 жасқа дейін, ұлдардың 18 жасқа дейін өседі. Егер жеткіншек кезде қыздардың салмағының бойы ұлдардан басым келсе, ал жоғары сыныпта ұлдар қыздардың бойын қуып жетеді. Жас өспірімнің физиологиялық дамуы әр организімде әр түрлі жүреді. Жас өспірім жаста пситхиканың дамуының негізгі ерекшелігі - ашулану, өкпелеу, баланың жыныс процесінің дамуына байланысты. Психологтар осы жыныс мәселе жөнінде әр түрлі пікірлерде. Сондықтанда жыныс факторының жас өспірімнің психикасына тигізетін ықпалы көп. Жыныс процесінің дамуы бір күнде болмайды, мұның өзі мұнадай үш кезенне тұрады.

1. Даярлық кезені (жеткіншек жастағы)

2. Жыныс процесінің даму кезеңі (қыздарда 13-15, ұлдарда 14-16)

3. Жыныс процесінің толық дәрежесіне жеткен кезі. Бұл кезендер психологтардың пікірі бойынша жалпы жорамал мен алынып отыр. Өйткені бұл процесс әркімге әртүрліше кездеседі.

2.Азамат деген термин «личность» деген мағынада қолданылады. Бұл терминді бастауыш сыныптарға қолдануға болмайды. Сондықтанда бұл ұғым жеткіншек жастағыларды ерекше тән азамат деген терминнің психология ғылымындағы өзіндік сипаты ерекше мағнада айтылады. Мысалы: психология жағынан мүгедектерді немесе өз бетілігі жоқ жағымпаз адамдарды психолог «личность» деген ұғымға жатқызбайды. Сондықтанда осы ұғымның «азамат» деген термин мен байланыста болады. Яғни өзінің көзқарасы бар, біреудің нұсқауынсыз шешімге келетін адамды жатқызуға болады. Азамат дегеніміз қоғам қатнасының жемісі, яғни өз мақсаты қиыншылықты жеңе алуы, берген уәдесінде тұруы қиын сәттерінде біреуге көмектесуі азаматтық деп есептелінеді. Азамат деген ұғым адамның жекелігі, яғни әр адамның өзіне тән ерекшелігі, өзіне тән қасиеттері, әр адамда әр түрлі болады. Себебі жеке тәрбие мен тұқым қуалаушылық белгілері арқылы беріліп отырады. Азаматтық қасиетке жас өспірім тек өзі жөнінде ойланып қоймай басқалардың да яғни ұжымның мүдесін ойлай білуде жатады. Егер тәрбие жұмысының нашарлығынан жас өспірім өзін көмектесетін жоғары қоятын болса мұндай оқушыны азамат қатарына жатқызуға болмайды.

Азаматтық белгісінің бір белгісі жас өспірім мінез құлқының және іс әрекетінің моральдық нормаға сай келуі. «моральдық» сөзінің мағнасы ұят немесе ар дегенді білдіреді. Егер бала жастайынан ары ұяты болып өзінің жеке басын көпшілік алдында өзін жақсы жағынан көрсетіп ой мен пікірінің дұрыс екенің дәлелдей алса баланың азамат дәрежесіне жеткенінің белгісі. Осы қасиетінің моральға жас өспірімнің өзбеттілігі. Бұл қасиетке ұмтылу жеткіншек жастан басталады. Қиыншылықтан бас тартпау қасиеті жақсы дамиды. Себебі осы жаста еңбек және оқу қиыншылығынан қорықпай алға ұмтылып мақтаншақтық немесе өзін көрсету деп аталады. Азаматтық қасиетін негізгісі жас өспірім берген уәдесінде тұрды. Егер жас өспірім біреуді алдап кеттіп берген уәдесінде тұрмаса бұл азаматтық қасиетке жатпайды. Себбі біреуді алдап кетсен онда екінші рет ешкім сезбейтін болады. Сондықтанда жас өспірім уәдесінде тұруы оның азаматтық қатарына қосылғаның белгісі.

3. «мен» деген мағнаны кейбір психологтар адам өзімен өзі тең екенің білу деп анықтама береді. Жас өспірім айнаның алдыңда өзінің бет әлпетін көріп мынау «мен бе ?» деген ойда қалада. Бұл адамның өзінің баға беруінің қарапайым түрі. Жас өспірім жастағы кейбір қыздар айнадан өзін ажарын көріп бұрынғысынан өзгергенің сезіп қатты ойланады. Бұл ойлану бет әлпетінің өзгергеніне емес, өзінің денесінің өзгеше болғанына риза болмай қапалануы. Мысалға қыздың бойшан келсе, бұны үлкен кемістік деп көпке дейін уаымдап жүреді, ал ұлдардың бойы тым биік болса, бұл жақсы қасиет болып саналады. Жас өспірімнің осы туралы ойлануы жас ерекшелігіне тән қасиет. Өйткені әр бір жас өспірім өзіне дос таңдап өзінен ұнағандармен жүргісі келеді. Олар өзінің және басқалардың түрінің әдемі болып дамуын адамның ішкі жан дүниесі әсем деп байлауының белгісі. Бұл жасөспірімнің жасына талабына түсінігі. Олар өзіне құрбы дос іздеп қана қоймай жұбайлық өмір жөнінде де ойланады. Осының нәтижесінде өзінің денесін және бет әлпетінің әдемі болып дамуына күш салады. Жас өспірімнің өзінің мен деген қасиетін іс әрекетімен мінез құлқымен байланысады. Кішкентай бала кезінде өз іс әрекетіне баға бере алмайды. Себебі өзі жөнінде бірдене айту ыңғайсыз деп санайды. Ол әлі жас болғандықтан өз денесін бет әлпетін және іс әрекетінің болашақта жақсартам деп ойлайды. Жасөспірім өзөзінің бағалауының мынадай екі тәсілі бар.1) олар өзі туралы алдың ала көздеген мақсатын жүзеге асырған мен оны салыстырғанда осы мақсаты туралы ойлары басқалардың қойған бағасы мен дәл келсе оны үлкен жетістіктеп ойлайды, ал егерде оны мақсаты жөнінде пікірлерді дұрыс емес деп басқа адам баға берсе жасөспірім бұны көніліне қатты алады.Соның нәтижесінде уаымға салынуы мүмкін бірақта ол өз қатесін түзеуге тырысады. 2) жас өспірім өзі жөнінде басқалардың пікірін жинап салыстыру арқылы өзінің жіберген қателіктерін түсінеді. Мұнадай жағдайда жасөспірімнің достық, жолдастық деген терминге үлкен мән беореді. Мысалы: жасөспірім жиналыста өзінің досының кемшілігін сынға алмай жасырып қалса оны жақсы қасиет деп есептейді. Ал үлкен адамдар бұл қасиетті жағымсыз деп жасөспірім ескерту жасау керек. Алдағы іс әрекетіне мінез құлқына дұрыс көзқараста кеңес беру керек. «мен» деген ұғым әр адамда біреу ақ болғаны мен ол тиісті жағдайда байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы: 1) мен шынында кіммін ? 2) мен өзімді басқа адамдар қалай бағаласын деп ойлар едім ? 3) мен тілегім бойынша қандай болғым келеді ? 4) мен кеклешекте кім болғым келеді?

2. «менің» әр жағдайға байланысты түрлері жөнінде жасөспірім қатты ойланып іс әрекет үстінде өзін көпшілік алдыңда қандай баға алатының бағалап және оны басқалардың берген бағасымен салыстырып «мен» деген қасиетін одан әрі дамиды. Өйткені адамға өзі ісіне баға беру қиын басқа бір бар келесі адам біір үшін ойына қызмет ету атқарады, яғни өзінің кемшілігін басқа адамға қарап бағады. «Мен» деген қасиет әлеуметтік ортамызда қалыптасады. Жас өспірім өзіне тән негізгі ерекшелігі оның бұрын болып келген бірінші «меніне» екінші «менің» қосылуы. Екінші «мен» дегеніміз оның ойында айтысып отыратын екінші адамның бейнесі. Осы екінші «мен» жасөспірімнің өзіне баға беріп, ақыл кеңес беріп отырады. Егер біз үлкен дауға ұшырасақ жатарда ұйықтай алмай екінші «менмен» әңгімелесеміз. Қалай істесем дұрыс болады деген сұраққа жауап іздейміз. Бұны психология ғылымында үнсіз айтыс деп атайды. Осы айтыстың жас өспірім үшін пайдасы өте үлкен. Себебі бір істі бастамас бұрын соған талдау жасап, дұрыс па қате ме соны анықтайды. Үнсіз айтыс арқылы «мен» деген қасиетін күшті жағын немесе осал жағтарын біліп, екінші «мен» оған көмекке келеді. Жас өспірім осы «мен» қасиеті арқылы ақыл ойын дамытады.

3. Жасөспірім үлкендермен қарым – қатнас жеткіншек жасқа қарағанда түзіліп қалпына келе бастайды. Бұлай өзгерудің себебі, егер жеткіншектің үлкендермен келіспеушілігі мынадай жағдайлардан туады, яғни жеткіншек өзін ешкімнің аңдымауын қамқорлық жасауын билікті өзіне ғана беруін қалайды. Ал жасөспірім мұның қате екенің түсініп үлкендермен қарым қатнасын өзгерте бастайды. Сонымен қатар жасөспірім есейген сайын ақыл ойы толысады. Соның нәтижесінде үлкендер мен туған туысқандарының арасында түсініспеушілік жойылып қарым қатнасы түзіле бастайды. Жас өспірім өзбеттілік қасиеті, төмендемейді, бірақта есеюдің мазмұны өзгереді. Жас өспірім үлкендер сияқты қызмет ету үшін көп оқып еңбектену қажет екенің, яғни өз бетімен өмір сүруі қиын екенің түсіне бастайды және одан шығудың жолдарын іздейді. Ал кейбір жасөспірім 20-25 жасқа жеткенше әке шешесіне әр нәрсені алып бер деп мазалайтындар да кездеседі. Себебі:1. олар өз балалардың үлкейгенге дейін еркелетуге мүмкіндік жоқ. 2. Мұндай жан ұяда балалар еңбекке ерте жасынан араласып ата – анасына көмектесуге тырысады.

Жасөспірім құрбыларымен қарым қатнас жеткіншек жасқа қарағанда үлкен өзгеріске ұшырайды. Жас өспірім жолдас жоралары достары көп болады. Олар құрбыларымен бірге уақытты бос өткізбей көбінесе оқу мақсатын көздейді және болашақ өмір жөнінде әңгімелер жүргізеді. Жас өспірім өзіне дос таңдарда 1-ші оның қандай салада не білетіндігі 2-ші оқуға ұқыптылығы қандай соңы еске алады. Себебі жас өспірім білімнің тек сабақта қалыптаспай өзгелермен қарым – қанас жасап пікір алысу үстінде дамитының түсінеді. Осының нәтижесінде олар бірінің білмегенің басқа біреуден естіп білімін байыта алады. Үй тапсырмасына дайындалу үшін кейбір жасөспірім достарының үйіне келіп бірге дайындалады. Осылай дайындалу мектептегі сабаққа қарағанда нәтижелі. Себебі оқушы бірденені білмегені үшін сыныптарының алдыңда ұялмайды. Сондықтан ұялмай кеңес алады. 2. Бір бірін жақсы түсінеді және сабаққа даярлану кезінде әңгімелесіп те отырады. Мұның өзі сабаққа қарағанда оқушыны жалықтырмайды. Жас өспірім құрбыларымен қарым қатнас оның жағдайымен санасады. Жағдайы мен санасу дегеніміз сол адамды өзінше адамзат деп бағалап оның түсінуін айтады. Осындай қасиеті гуманистік қатнас деп атайды. Яғни бір адамның өзгелерге мейірімді келіп оның жағдайымен санаса білуін гуманистік психикалық зерттеуінде.