Тақырып. Адам және қоғам философиясы

Антропологияадам туралы ілім. Адам проблемасы философия ғылымымен құрдас десе де болады. Бұдан философияның өзі сонау көне замандардағы ойшылардың адам жөніндегі, оның дүниеде атқаратын қызметі мен алатын орны жөніндегі ой – толғауларынан туғаны дәлел болады. Бір нәрсенің сырын ашып, білу үшін алдымен адам бұл туралы ештеңе білмейтінін түсініп, соны іште де болса мойындау қажет. Біздің білуімізше, философияның мәселесі – бұл сананың, рухтың табиғатқа, материяға, субъективтің (адамның ) ішкі дүниесінің объективтікке (сыртқы дүниеге) қатынасы. Бұдан шығатын қорытынды: адамның сана – сезімі мен ақыл – ойының, тіл мен дүниетанымының және оны өзгерту қабілетінің өзін қоршаған ортаға қатысы қандай, табиғат пен қоғамның адамға, оның ішкі рухани дүниесіне тигізетін әсері қандай – оның бәрі философияның ең түбірлі және түбегейлі мәселелері болып табылыды. Материяны, табиғатты алғашқы, сананы олардың туындысы, бейнесі болғандықтан соңғы, деп қарастыратын материалистер ұшін де, рух пен сананы – алғашқы материямен табиғат бұлардың сыртында өмір сүре алмайды, сондықтан да олар соңғы деп қарайтын идеалистер үшін де адамның проблемасынсыз философия жоқ.

Ертедегі атақты Шығыс ойшылдарының көбі алдыңғы тарауларда айтылғандай, өздерінің философия жүйелерінің негізгі өзегі етіп тікелей

адам проблемаларын алған.

Этикалық ілім ретінде дүниеге келген Үндістанның буддизм философиясы өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды мақсат етіп қойды. Егер бұған дейінгі брахманизм деп аталатын діни – философиялық ілім адамның азап шегуін бұрынғы күнәсі үшін тартатын жазасы, одан құтылудың жалғыз жолы – құдайға құлшылық етіп, табына білу деп білсе, буддизм, керісінше, өмірдің өзі тек азап шегуден тұрады, бұл дүниеде (сансарда ) одан адамды азат ету құдайлардың қолынан келмейді, азаптан құтылудың бір ғана жолы бар, ол адамның өзіне байланысты: сансардан кету, безіну деп санады.

Платон философиясының өте маңызды бөлімі – адамның арманынан шығатын “Мемлекет” туралы ілім. Дүниедегі бірден – бір әділетті мемлекет қандай болуы керек – философ осыны кескіндеп, бейнелеп беруді өзіне мақсат етіп қойған. Мұндай мінсіз мемлекетті ең ақылды, білімді адам, яғни, Платонның ойлауынша, философ басқаруға тиіс.

Адам проблемаларына Аристотель де ерекше көңіл бөлген. Әсіресе, ол философияның “Этика” бөлімінде түгелдей сол проблемаларды қарастырып, оларға тиісті талдау жасады. Аристотельдің айтуынша, мемлекет басындағы заң шығарушының міндеті – азаматтарды жақсы қылықтарға, ізгі ниеттілікке үйретіп оларды тек игілікті істерден ғана дәрежеге жеткізу. Оның “Алтын аралық”деп аталатын моральдық доктринасы адамның жан дүниесінің сырын ашуға бағытталған. Жоғары мінез-құлық қасиеттерінің әрқайсысы біріне—бірі қарсы екі түрлі ұшқары қылықтың аралығы болып табылады. Дегенмен Аристотель де өз заманына сай ойлайды.Құлдарды ол адамға санаған жоқ,“сөйлей білетін құлдар”деп атады.Құл иесі құлға қайырымды болуы да міндетті емес,өйткені ,ол оның меншігі болып есептеледі, ал баланың әкеге қайырымды болуы міндетті, себебі, әкесіз бала дүниеге келмейді.

Адамның ой-сезімін, мінез-құлқын тәрбиелеп, жетілдіру арқылы оны бақыт жолына салу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған орта ғасырдағы Шығыстың ойшыл философы, біздің әйгілі жерлесіміз Әл-Фараби болды. Әл-Фарабидің айтуынша,бақыт-әр адамның көздейтін мақсаты,үлкен игілік. Сол мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін адамда үш түрлі тамаша табиғи қабілет болады: а)ерекше жасаған дене құрылысы; ә)жан құмарлықтары;б)ой-парасаты.

Адамның ақыл – ой құдіретінен туатын іскерлік, белсенділік қабілеттеріне 18 – ғасырдағы француз ағартушылары мен марериалистерінің философиялық ілімінде де ерекше көңіл бөледі. Бұл дәстүр белгілі бір мағынада француздардан 19 – ғасырдағы неміс философиясына ауысты.

Канттың адам проблемасына арналған негізгі принципті - әрбір жеке адамның өз алдында мақсатты нысана ретінде қарау қажеттігі. Бұл оның адам мүддесі жөніндегі ілімінің басты мәселесі болды. Адам деген жүрек жылылығын ол теорияға сүйенген салқын ақылдың бұйрықтарына қарсы қойып отырады.

Философиялық антропологияның материалистік концепциясын ұсынған Фейербахтың айтуынша, жеке – дара, жалғыз өзі ғана өмір сүре алатын адамның болуы мүмкін емес. “Менің” болуымның міндетті шартты - “сенің”болуың, басқалардың болуы. Адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығуының негізгі өмір сүру ортасын өз еңбегімен өзгерту, қайта жасау әдісін, ол үшін еңбек құралын оның ең жабайы түрінен бастап, бірте – бірте жетілдіру жолын меңгеру қабілеті болған. Тек еңбек процесінде ғана адамдар қатысу, байланыс жасаудың қабілеттігін үйренеді. Бара–бара адам еңбегі бүкіл материалдық еңбегі мартериалдық және рухани мәдениет дүниесінің жасаушы болып шықты.

Осыларды еске ала отырып, адам дегеніміз – еңбек әрекетімен шұғылдана алатын әлеуметтік қатынастар жасайтын, өзара байланыс жасауға толық қабілетті тіршілік иесі деп анықтама беруге болады.

Соңғы аталған екі бөлімнің бір – біріне ауысу мүмкіндігінің адамда негізі бар. Оның мәні мынада: түйсік, елестету, зейін қою, ес сияқты психологиялық құбылыстар – адамның сезім мүшелері арқылы мида қалыптасатын сыртқы дүние бейнелері.

Адамның жеке басының қалпын сипаттағанда оның өзі өмір сүретін қоғамдық ортаның әсерімен қалыптасқан ерекшеліктерімен қасиеттері есепке алынады.

Таза биологиялық көзқарастың қарсылықтары, негізінен гуманитарлық ғылымдардың өкілдері адам табиғатының әлеуметтік құрамдас бөліктерінің ерекше маңызын баса көрсетуге тырысады.

Адамның биологиялық және әлеуметтік өлшемдерінің өзара диалектикалық байланыстығын, бір – біріне тәуелділігін сөз еткенде еске алатын тағы бір жай бар. Хайуанаттар дүниесінен жаңа ғана бөлініп шыға бастаған алғашқы адамның табиғи биологиялық – физиологиялық қажеттерін қанағаттандыру тәсілдері жағынан тағы бір жануарлардан айырмасы көп болмаған.

Адам дегеніміз – жаңа сапалы, индивидтің өзімен бірге іштен тумаған, белгілі тарихи – мәдени ортада өтетін өмір барысында қалыптасатын әлеуметтік – психологиялық және моральдық қасиеттер қосындылардың иесі, ақиқатты, болмысты тануға және өзгертуге бағытталған жасампаз әрекет субъектісі. Басқаша айтқанда, ол – қоғамның өмір тәрбиесін бойына сіңіріп, байыған жетілген адам.

Қоғам табиғаттың ұзақ эволюциялық дамудың нәтижесі, басқаша айтқанда, қоғамның пайда болуы – материя қозғалысының жоғары, әлеуметтік түріне көшуі деген сөз.

Бұл жерде мынандай бір заңды сұрақ тууы мүмкін. Табиғатқа, оның өзгеруіне адам ғана емес, жануарлар да ықпал етеді. Ендеше, бұл ретте адам әрекетінің сапалық өзгешелігі неде? Біріншіден, жануарлар да ықпал етеді.

Ендеше, бұл ретте адам болса табиғатты нысаналы түрде өзгертеді, оны қоғам игілігіне қызмет істеуге бағындырады. Екіншіден, жануарлар табиғатпен қарым – қатынас барысында өздерінің дене мүшелерін, яғни тісін, мүйізін, тұяғын, т.б. пайдаланады. Ал адам еңбек құралын қолданады. Ең бастысы – ол оны өзі жасайды. Үшіншіден, жануарлардың әрекеті таза биологиялық қажеттерден туындайды, хайуандық сипат алады, ал адам еңбегі әуел бастан-ақ қоғамдық, ұжымдық сипатқа ие, мақсатқа сай жүзеге асырылады.

Адамның ақыл – есі, ой – санасы, өзін өзге дүниеден бөліп қарай алатын, өзінің ішкі дүниесін танып білуге қабілетті, қоғамнан, ұжымнан жырақ өмір сүре алмайтын әлеуметтік құбылыс екенін айырамыз. Алдыңғы ұрпақтан қалған мәдени мұраға ие болып, оларды жетілдіріп отыратын қасиет тек адамға ғана тән. Басқаша айтқанда, табиғат барлық уақытта да адамзаттың өмір сүретін ортасы, тіршіліктің қайнар көзі болған және солай болып қала бермек.

Бұл жерде мынандай бір заңды сұрақ тууы мүмкін. Табиғатқа, оның өзгеруіне адам ғана емес, жануарлар да ықпал етеді. Ендеше, бұл ретте адам әрекетінің сапалық өзгешелігі неде? Біріншіден, жануарлар да ықпал етеді. Ендеше, бұл ретте адам болса, табиғатты нысаналы түрде өзгертеді, оны қоғам игілігіне қызмет істеуге бағындырады. Екіншіден, жануарлар табиғатпен қарым – қатынас барысында өздерінің дене мүшелерін, яғни тісін, мүйізін, тұяғын, т.б. пайдаланады. Ал адам еңбек құралын қолданады. Ең бастысы – ол оны өзі жасайды. Үшіншіден, жануарлардың әрекеті таза биологиялық қажеттерден туындайды, хайуандық сипат алады, ал адам еңбегі әуел бастан-ақ қоғамдық, ұжымдық сипатқа ие, мақсатқа сай жүзеге асырылады.

Адамның ақыл – есі, ой – санасы, өзін өзге дүниеден бөліп қарай алатын, өзінің ішкі дүниесін танып білуге қабілетті, қоғамнан, ұжымнан жырақ өмір сүре алмайтын әлеуметтік құбылыс екенін айырамыз. Алдыңғы ұрпақтан қалған мәдени мұраға ие болып, оларды жетілдіріп отыратын қасиет тек адамға ғана тән. Басқаша айтқанда, табиғат барлық уақытта да адамзаттың өмір сүретін ортасы, тіршіліктің қайнар көзі болған және солай болып қала бермек.

Әлеуметтік философия қоғамның, оның дамуының философиялық-методологиялық теориясы болып табылады. Философиялық теория ретінде ол қоғамдық құбылыстарды, процесстерді зерттеп-талдағанда оның негізгі мәселесін шешу тұрғысынан қарайды. Ал социологиялық теория ретінде ол қоғамдық құбылыстарды, процестерді зерттеп-талдағанда оның негізгі мәселесін шешу тұрғысынан қарайды. Ал социологиялық теория дегенде қоғамды зерттеп, талдау біртұтас ыңғай, бүтін бір құбылыс, белгілі бір жүйе, өзін-өзі қозғаушы, өзін-өзі дамытушы ретінде де оның нақты салаларын, бөлшектерін талдап, арнайы қарауды да айтамыз. Біріншіден, қоғамдағы іс-әрекет, қызметтің субъектісі - нақтылы адам, ол өзінің материалдық және рухани қажеттері мен мұқтаждарын тек қоғамда ғана қанағаттандырады. Қоғам дамуының екінші бір маңызды алғышарты - қоғамдағы адамдардың енжар емес, керісінше, белсенді болып, қоғамда болған жағдайды жайбарақат қабылдамауы. Егер адамдар қоғамда жағымсыз жағдайды байқаса, олар оны белсенді іс-әрекетті, саналы қызметі арқылы өзгертіп, өздеріне тиімді, ыңғайлы жағдай жасайды. Үшіншіден, қоғам дамуындағы алғы шарт - әрбір дара адамның өзіне тән потенциалдық күш-жігері, қасиеті, жағдай мен ортада өзара байланыста ғана дамиды. Өйткені, бұл болмаса, қоғам да адам да болмайды. Адамның мәнін қоғамнан тыс, еңбек құралсыз, материалдық өндіріссіз танып білу мүмкін емес. Төртіншіден, методологиялық алғы шарт - қоғам жеке адамдардың жай ғана механикалық жиынтығы емес, ол өзгеше бір тұтас әлеуметтік жүйе, олардың бірімен-бірі тығыз байланыста болатын қоғамдық қатынасы. Қоғамды зерттеп, талдаудағы ақырғы методологиялық алғы шарт - қоғам біртұтас бөлінбейтін әлеуметтік өмір, бір-бірінен ажырамас, бір-біріне әсер ететін екі фактордан, яғни адамдардың белгілі бір қызмет әдісінен және әлеуметтік фактордан тұрады. Олар адамдардың материалдық, рухани өндірісті дамытудағы тарихи қызметі арқылы пайда болады.

Әлеуметтік философияның обектісі қоғамды тану болып табылады, яғни әлеуметтік шындықты танумен айналысады.

Бұл білім саласы адамдардың дүние мен дүниедегі өз орнын түсінудегі қызығушылығы жайлы мәселені қозғағанмен, әлеуметтік философияны анықтау күрделі.

Әлеуметтік философия өз бастауын Антикалық кезеңнен алады. Оның пайда болуын, яғни қоғам және жеке салалары туралы философиялық пайымдауды алғаш қарастырған Сократ пен Платон есімдерімен байланыстырамыз.

Платон өзінің «Мемлекет» және «Заңдар» атты шығармаларында ежелгі қоғамның логикалық – түсініктік сараптамасын жүзеге асырады, ал Аристотель «Саясат» атты шығармасында өз кезіндегі қоғамның әлеуметтік мәселелеріне эмпирикалық-ғылыми зерттеу жасайды.

Антикалық заманнан бері қоғамның мемлекеттік-құқықтық және саяси құрылымының теориясы мен тарихының, әділетті қоғам мен билік туралы ілімдерінің маңызы арта түсті.

Ортағасырлық тарихнама мен Тарихтың қоғамдық санасына заттардың әдеттегі тәртібін төңкеріп, ескімен салыстыруға келмейтіндей жаңа әлем жасайтын жалпы әлемдік маңызды дәуірлік оқиға түсініктері енді.

Дәл осы ортағасырлардан бастап тарих философиясы «тарих даналығына құштарлық» ретінде қалыптаса бастады. Өйткені, даналық қана Құдаймен байланысты кәсіп ретінде түсіндірілді.

Қоғам мен адам туралы философиялық ілімдер дамуының ішкі логикасы Жаңа заман мен Ағартушылық дәуірінде ерекше қырынан көрініп, әлеуметтік философияның ішкі ядросын құрайтын философиялық-тарихи білімдер негізі қаланды.

Гегель бойынша «сыншыл тарихнама» Жаңа заман мен Ағартушылық дәуірінде қалыптасты. Бұл – философия мен гуманитарлық ой тарихының ғұлама білгірі негіздеген ескертпе еді. Бұл тұрғыдағы көрнекі мысал ретінде Вольтердің тарихи ғылымға көзқарасын алуға болады. Философиялық білім тарихында ол алғаш рет «тарих философиясы», «мәдениет» және көбіне «прогресс» ұғымдарын айналымға енгізгендігімен белгілі.

Қоғамдық өмірді тануды алғаш жаратылыстану принциптерімен байланыстырған француз утопияшыл соцалисі - Клод Анри де Сен-Симон(1768-1825) болды.

Сен-Симон француз материалистерін қолдай отырып, деизм мен идеализмге қарсы шықты, оларға «физицизмді», яғни табиғатты зерттеуді қарсы қойды. Детерменизмді үзілді-кесілді қорғай отырып, оны адамзат қоғамының дамуына қолданды және тарихи заңдылық идеясын баянды етуге ерекше көңіл бөлді. Тарих, оның айтуынша табиғаттану сияқты орнықты ғылым болуы керек. Әрбір қоғамдық жүйе, Сен-Симонның пікірінше, тарихтағы алға басқан қадам болып табылады.

Тарихқа идеалистік тұрғыда қарағанымен қоғамдық прогрестің объектілігі, қоғам дамуындағы жеке меншік пен таптардың ролі туралы болжамдары Сен-Симонның үлкен жетістігі болып табылады.

Сен-Симон социологиялық ілімі өткен тарихтың заңды нәтижесі – жаңа қоғамдық құрылыстың орнауын тарих қажеттілігіне негіздеу мақсатына арналды.

Вебер Макс (1864-1920) - атақты неміс экономисі, әлеуметтанушы, философ, тарихшы және мәдениеттанушы. В. «идеалды типтер» теориясын қалыптастырды. Идеалды типтер - деректемелік материалдарды ұғымды түрде ретке келтіруге мүмкіндік беретін үлгілер, схемалар, бітімдер. Вебер оларды өзінің нақтылы зерттеулері мен өмірлік тәжірибе қисындарын жүйелендіру мақсатында қолдана алады. Мысалы, антиктік, феодализм, капитализм ұғымдары осындай үлгілерге жатады. Алайда идеалды типтер нақтылы өмір байлығын және күрделілігін толық қамти алмайды. Сол себептен ғалым олардың шектілігін де аңғаруы керек деген пікірде. Мәдениеттану тұрғысынан Вебердің екі еңбегін: «Протестанттық этика және капитализм рухы» (1904-1905) және «Әлемдік діндердің шаруашылық этикасы» (1905) атап өтуге болады. Бұл еңбектердің басты идеясы - әр елдердегі экономикалық өмір оларда қалыптасқан діни-әдептік нормаларға тікелей байланысты өтеді. Данилевский, Шпенглер және А. Тойнбиге тән өркениеттерді биологияландырған деп қарау ұстанымдарына қарсы шығып, Вебер жаңа ғылымды - ғылым социологиясын жасады. Оны П. Сорокин мәдениет социологиясымен теңестірді. Әлемдік тарихты экономика шешеді деген Маркстен өзгеше, Вебер адамдар дүниесінде тұтыну емес, ақиқат, ізгілік және әсемдік билеуі керек деді. Адамдық қауымдастықтардың мәдени тағдырына биліктің тигізетін ықпалы зор. Вебер 3 түрлі бағындыру тәсілі мен билікті атап өтеді: «жария» немесе рационалды тип (демократия, парламентшілдік); дәстүрлі тип (әдетте, монархия); харизматикалық тип (әдетте, диктатура мен «көсемшілдік»), Вебер бойынша, нақтылы әлеуметтік жағдай мен заман талаптарына сай рационалдылық, дәстүрдің және харизманың бірлігі қоғамдық өмірдің орнықтылығын қамтамасыз ете алады.