Бұйымның сапасына қойлатын талаптар

Конфекционирлеуді белгілі бір бұйымға материалдар пакетін негіздейтін өзара байланысты процесс ретінде ғана түсінбей, сонымен қатар оның сапасын анықтауға және қасиеттерін болжамдауға мүмкіндік беретін процесс ретінде түсіну керек. Бұл процесс "адам - киім - қоршаған орта" сияқты көп функционалды жүйеде қолайлы шешімдерді іздеуде барынша көп факторлар есебін жобалайды.

Киім пакетіне материалдарды конфекционирлеу ұстанымдары киімдерге қойылатын ортақ талаптармен анықталады (п.1.3.2.). Киімге қойылатын талаптар мен оның негізгі қасиеттері бұйымның түріне (пальто, костюм, көйлек т.б.) және оның тағайындалуына (ерлердің пальтосы, әйелдердің немесе балалардың, қыстық немесе жаздық, әйелдердің немесе балалардың көйлектері т.б.).

Дене кеңістігінің және киімнің үздіксіз өзара байланысы кезінде адамда жылу, салқын, суық, бұлшықетқызуы, ыңғайлық сезімдері байқалады. Киім тек адамды жағымсыз климаттан қорғайтын құрал ғана емес, сонымен қатар дене айналасында жасанды реттелген микроклимат құратын құрал. Осындай микроклиматтың негізгі мінездемелері - температура, ауаның салыстырмалы ылғалдығы және көміртегінің құрамы ( тері тынысының қалыпты деңгейі). Әсіресе бұл мінездемелер киімге қойылатын физиолого-гигиеналық талаптарды қамтамасыз етеді.

Киінген адамның дене кеңістігіндегі ауаның қолайлы температурасы оның физикалық дамуының интенсивтілігіне байланысты. Гигиена ғалымдары адамның тыныштық күйіндегі дене кеңістігінің температурасы 30-35ºС болу керек деп есептейді (ауыр, жұмыс жасайтын адам үшін 15ºС-қа дейін).

Мұндай дененің температура адам ағзасы мен қоршаған орта арасындағы жылулық тепе-теңдік нәтижесінде орнатылады, адам ағзасындағы жылудың өңдіру мөлшері - жылуөнімі - жылу қайтаруына сәйкес келеді. Сыртқы ортаға қиім арқылы жылу бөлу жылуөткізгіштікпен, конвекциямен, радияциямен, булану арқылы жүзеге асады. Жылубөлудің әр түрінің қатынасы тұрақты емес және де ол қоршаған ортаның ауасының және температураның өзгеруіне, адамның жұмысының түріне байланысты. Киімнің материалынан жылуөткізу арқылы жылу бөлінеді, ауа қабаттарында,сонымен қатар киімнің сыртқы кеңістігінде конвекцияның және сәулеленудің жылубөлуі жүреді. Жоғарғы сыртқы температурада, сонымен қатар ауыр жұмыс жасағанда булану арқылы жылубөліну өседі. Киім астындағы ауаның салыстырмалы ылғалдығы (адамның дене қабаты мен төменгі материалдар пакетінің қабатының арасында 35-60%. Терінің беті арқылы ылғал үнемі сыртқа шығады. Адамның қолайлы жағдайдағы жұмысы мен тыныштық күйіндегі ауаның тиісті температурада денеден шығатын ылғал материалға сіңеді, содан кейін сыртқа шығады да, дене құрғақ болып қалады. Киімнің материалы мен конструкциясы әр түрлі температурада киім астында тиісті ылғалдылықты, қоршаған ортаның ауа ылғалдығы мен терінің тиісті тер бөлу деңгейін қамтамасыз етуі қажет. Тері арқылы үздіксіз көміртегі бөлініп, оттегі сіңдіріледі ( бұл терінің тынысы деп аталады). Адам терісінің қалыпты тынысының деңгейі оның қалыпты өмір сүру жағдайына әсер етеді.

Киім астындағы ауа қабатындағы көміртегінің мөлшері 0,8 %-тен аспауы керек, өйткені адамның көңіл-күйіне жағымсыз әсер етеді.

Сыртқы ауаның жоғары температураларында, интенсивті жұмыс істегенде, тез жүргенде немесе жүгіргенде, сонымен қатар тым жылы киім кигенде дене қызып, теріден тер ғана емес, сонымен бірге тамшылы-сұйық ылғал бөлінеді. Дене үстінен ылғалды жою үшін киімнің материалдарының гигроскопиялық қасиеті жоғары болу керек. Әртүрлі жағдай үшін микроклиматтың жақсы көрсеткіштері бар киімді жасау үшін оны жобалауда, оның көп тер бөлуін ескеру қажет. Бұдан шығатын жайт, материалдарға қойылатын басты талаптары қалыпты жылу, ауа және адам ағзасының қоршаған ортамен газалмасуын, дененің қалыпты температурасын, тері ылғалдылығын, тері тынысын қамтамасыз етуге бағытталған. Жылуға қарсылыстық, гигроскопиялықғ буөткізгіштік, ауа өткізгіштік т.б. сияқты қолайлы көрсеткішті қасиеттері бар киімге арналған материалдарды қолдануда бұл талаптар орындалуы мүмкін. Олар адамның тіршілік жағдайына және киілетін жеріне, климаттық зонасына байланысты дифференцияланады. Бұл материалдардың негізгі қасиеттері, киімге қойылатын гигиеналық талаптар мен оның эргономикалығының сипаты келесі кестеде келтірілген. Киімнің жылу сақтағыш функциялары адамды суықтан, ыстықтан қорғауға негізделген. Күн сәулесінің радиация кезіндегі температурасы +25ºС жоғары болса, онда адам ағзасын қызынудан қорғайтын киім керек. Киім арқылы ультракүлгін радиациясының ағынын реттеуге болады:дененің кейбір участкелерін жалаңаштау арқылы - мойын, қол, аяқ және міндетті түрде тиісті қасиеттерге иематаларды таңдау. Гигиенистердің мәліметтері бойынша зығыр маталары аз қыздыратын қасиетке ие, ал күнсәулесін өткізетін ең төмен қабілетті зығыр және тығыз мақтақағазды маталар (6-8%), ең көбі - жібек және штапель маталары (30-38 %-ке дейін). Қоршаған ортаның төмен температурасы кезінде киім қорғаныс функциясын орындап, сыртқы ортаға жылу бөлуін қадағалау керек. Жоғары жылусақтағыш қасиеттері бар маталарды қолданған дұрыс.

Киімнің қажетті жылулық қарсыластығының есебі адамның жұмсайтын энергиясымен, берілген метеорлогилық жағдайда оның болуының уақытына, қоршаған ортаның температурасына, желдің жылдамдығы мен киімнің ауа өткізгіштігіне байланысты.

Материалдардың басқа киімдерге арналған көлемдік массасына, кеуектігіне, қалыңдығынақатысты маталар мен басқа материалдардың жылулық қарсыластығы кеуектермен талшықтардағы жылжымайтын ауаның мөлшерімен анықталады.Неғұрлым материалдар қалың, кеуекті болып, көлемдік массасы аз болса, соғұрлым мата жылусақтауы жақсы болады.

Әртүрлі климаттық зоналардағы қысқы айлардың орташа тәуліктік температурасында қолданылатын киімнің жылуға қарсыластық көрсеткіштері келесі кестеде келтірілген.

Әртүрлі климаттық зоналарда 1 сағат ішіндегі адамға қалыпты жылулықты қамтамасыз ету үшін қажетті киімнің жылуға қарсыластығы.

7. Бұйымдар мен материалдарға қойылатын жалпы талаптар. Конфекционирлеуді белгілі бір бұйымға материалдар пакетін негіздейтін өзара байланысты процесс ретінде ғана түсінбей, сонымен қатар оның сапасын анықтауға және қасиеттерін болжамдауға мүмкіндік беретін процесс ретінде түсіну керек. Бұл процесс "адам - киім - қоршаған орта" сияқты көп функционалды жүйеде қолайлы шешімдерді іздеуде барынша көп факторлар есебін жобалайды.Киім пакетіне материалдарды конфекционирлеу ұстанымдары киімдерге қойылатын ортақ талаптармен анықталады (п.1.3.2.). Киімге қойылатын талаптар мен оның негізгі қасиеттері бұйымның түріне (пальто, костюм, көйлек т.б.) және оның тағайындалуына (ерлердің пальтосы, әйелдердің немесе балалардың, қыстық немесе жаздық, әйелдердің немесе балалардың көйлектері т.б.).Дене кеңістігінің және киімнің үздіксіз өзара байланысы кезінде адамда жылу, салқын, суық, бұлшықетқызуы, ыңғайлық сезімдері байқалады. Киім тек адамды жағымсыз климаттан қорғайтын құрал ғана емес, сонымен қатар дене айналасында жасанды реттелген микроклимат құратын құрал. Осындай микроклиматтың негізгі мінездемелері - температура, ауаның салыстырмалы ылғалдығы және көміртегінің құрамы ( тері тынысының қалыпты деңгейі). Әсіресе бұл мінездемелер киімге қойылатын физиолого-гигиеналық талаптарды қамтамасыз етеді. Сыртқы ортаға қиім арқылы жылу бөлу жылуөткізгіштікпен, конвекциямен, радияциямен, булану арқылы жүзеге асады. Жылубөлудің әр түрінің қатынасы тұрақты емес және де ол қоршаған ортаның ауасының және температураның өзгеруіне, адамның жұмысының түріне байланысты. Киімнің материалынан жылуөткізу арқылы жылу бөлінеді, ауа қабаттарында,сонымен қатар киімнің сыртқы кеңістігінде конвекцияның және сәулеленудің жылубөлуі жүреді. Жоғарғы сыртқы температурада, сонымен қатар ауыр жұмыс жасағанда булану арқылы жылубөліну өседі. Киім астындағы ауаның салыстырмалы ылғалдығы (адамның дене қабаты мен төменгі материалдар пакетінің қабатының арасында 35-60%. Терінің беті арқылы ылғал үнемі сыртқа шығады. Адамның қолайлы жағдайдағы жұмысы мен тыныштық күйіндегі ауаның тиісті температурада денеден шығатын ылғал материалға сіңеді, содан кейін сыртқа шығады да, дене құрғақ болып қалады. Киімнің материалы мен конструкциясы әр түрлі температурада киім астында тиісті ылғалдылықты, қоршаған ортаның ауа ылғалдығы мен терінің тиісті тер бөлу деңгейін қамтамасыз етуі қажет.Тері арқылы үздіксіз көміртегі бөлініп, оттегі сіңдіріледі ( бұл терінің тынысы деп аталады). Адам терісінің қалыпты тынысының деңгейі оның қалыпты өмір сүру жағдайына әсер етеді. Киім астындағы ауа қабатындағы көміртегінің мөлшері 0,8 %-тен аспауы керек, өйткені адамның көңіл-күйіне жағымсыз әсер етеді.Сыртқы ауаның жоғары температураларында, интенсивті жұмыс істегенде, тез жүргенде немесе жүгіргенде, сонымен қатар тым жылы киім кигенде дене қызып, теріден тер ғана емес, сонымен бірге тамшылы-сұйық ылғал бөлінеді. Дене үстінен ылғалды жою үшін киімнің материалдарының гигроскопиялық қасиеті жоғары болу керек. Әртүрлі жағдай үшін микроклиматтың жақсы көрсеткіштері бар киімді жасау үшін оны жобалауда, оның көп тер бөлуін ескеру қажет. Қоршаған ортаның төмен температурасы кезінде киім қорғаныс функциясын орындап, сыртқы ортаға жылу бөлуін қадағалау керек. Жоғары жылусақтағыш қасиеттері бар маталарды қолданған дұрыс.Киім пакетін негіздеуде белгілі бір киімнің жылуға қарсылығы 0,08-ден (жазғы көйлектер) 0,95 м2ºС/Вт дейінгі шамасындағы көрсеткіштерді қолдануға болады.Костюм мен плащтың орташа жылуға қарсыластығы 0,23-0,25, маусымдық пальто - 0,3-0,4, қыстық пальто - 0,45-0,78 м2ºС/Вт (пальто пакетінің материалдарының қалыңдығы 9-17 мм). Р.Ф.Афанасьеваның мәліметтері бойынша қыстық пальто пакетінің қалыңдығы 20 мм болу керек. Адамның физиологиялық талаптарын қанағаттандыруда және киімнің ыңғайлылығын құруда бұйымның массасы мен оның элементтері маңызды. киімнің артық массасы адамның қосымша энергияжұмсауына әкеліп оның белсенді қимылдауына кедергі болады. Мұндай киімде адам тез шаршайды, әсіресе, балалар мен қарт кісілер. Киім массасының артуы ең жылусақтағыш қасиетімен қамтамасыз еті мақсатына байланысты, (бір қалыпты климаттық жағдайда қыстық киімнің массасы 8-10 кг, 12-14% адам массасынан, Таяу Солтүстікте 15-16 кг, яғни 18%-ға дейін).Текстиль маталарының ең басты сапалық көрсеткіші негізінде сызықтық өлшемімен (ылғалды өңдеу кезінде) химиялық тазалауда – отыруы болып табылады. Негізінде сызықтық өлшемінің өзгеруі (эксплуатация кезінде) сәтсіз, өйткені ол киімнің түрі мен формасын нашарлатады. Бұл көрсеткіш МеСТтермен нормаланады

8. Бұйымдарды жөндеу және жаңарту кезінде материалдарды конфекционерлеу.

Бұйымдарды жаңарту және жөндеу кезінде материалдарға қойылатын талаптарды сол бұйымды шығаратын тігін орындары орындайды.Талаптардың мұндай түрлері бұйымның негізгі функциясына,оның тағайындалуына,бұйымның сапасына қарай тұтынушылар санына және оның пайдалану мерзіміне байланысты қайта қарастырылады.Бұйымның жаңаруы заманауи сән үлгісіне емес өзінің бұрыңғы үлгісіне қарай жылжиды, бірақ материалдың қосымша мықтылығы оның жасалғанына байланысты болып келеді.Оның бірнеше әдісі бар:а) Ассортименттің өзгеруі, толық немесе майда бөлшектің қарастырылуы,в) Ассортименттің өзгеруінсіз қосымша материалдардың,толық немесе майда бөлшектің қарастырылуы. Бұйымды жаңарту кезінде материалды таңдау оның орындалуы әдісіне қатысты болады. Бұйымның жаңару әдісі - силуэттік формасына,заманауи үлгіге бағытталуына және тұтынушының талабына байланысты. Бұйымды жөндеу тұтынушының талабына байланысты,бұйымның толықтай өзгеруіне алып келеді. Өзгеруі кезінде физика химиялық,механикалық және биологиялық факторлар қайта қарастырлады.Сонымен қатар бүкпелер сызығы,өңін шеті,жаға,қалта және т.б өзгеруіне алып келеді. Бұйымды жөндеу кезінде материал таңдау бұйымның жөндейтін жеріне физика-механикалық, физика-химиялық талаптар сақталу әдісіне байланысты. Материалдың ассортиментінің өзгеруі әдісі материалдың құрамына,силуэттік формасының жаңаруына және оған кететін астарлық материалға байланысты шешіледі. Жоғарғы киімнің жаңаруы кезінде материалдың сапасы қосымша түрлі сурет басылған материалдан қолданылады. Бұл әдісті қолдану кезінде материалдың физика механикалық тұрғыдан сонымен қатар басқада метариалдық пакеттер қатаң сақталу қажет. Материалдың ассортименті өзгермейтін әдісін таңдау кезінде әрлеуіш материалдарды іріктеу әрлеуіш бөлшектерін дайындау бұйымның көлемінің өзгеруіне алып келеді.Сонымен қатар бұйымның жаңаруының жалпы талаптарына және оның тағайындалуына байланысты.Ассортименті өзгермейтін материалдың толық және майда астарлық материалдар және фурнитуралар таңдалады.Бұйымның жаңаруы кезінде фурнитураны оның функционалдық тағайындалуына,және модельдің композициялық шешілуіне байлынысты таңдалады.