Бұйымдарға арналған материалдарды конфекционерлеу туралы жалпы мәлімет.

Конфекционерлеу – тігін бұйымдарының пакетіне материалдарды жинақтауды, материалдарға қойылатын талаптар мен олардың ассортиментін оқып үйренетін ғылыми пән болып табылады.Жоғары сапалы кйім біріншіден қолданылатын материалдардың сапасына, оларды таңдап негіздеуіне, бұйымның моделі мен конструкциясын нақты ойластыруға, өңдіру технологиясына байланысты. Бұйымды дайындауға арналған материалдарды екі топқа бөлуге болады: тоқылған және тоқылмаған. Тоқыма материалдар – бұл иірілген, тоқылған және де басқа бұйымдар: маталар, трикотаж, беймата жаймалары, иірімжіп пен жіптер, жасанды былғары мен елтірі және комплексті материалдар.Тоқыма емес материалдарға – табиғи елтірі мен былғары, пленкалы материалдар, әртүрлі фурнитура және басқа да бұйымдар жатады. Әртүрлі материалдардың 90 %-тен жғарғы көлемін текстиль бұйымдары құрайды. Ассортимент (фр. –жинақтау, іріктеу) – материалдарды түріне, аталуына, тағайындалуына, сортына және қолданылған шикізатына байланысты іріктеу және материалдар тізімі болып табылады.Артикул – белгілі бір материалға, бұйымға тағайындалатын бұйымның типі, шартты номері.Конфекция (нем. – дайындау) – алғашқы қажетті бұйымдар, дайын киім, іш киім, жейделер, шалбар, свитерлер және жаппай өндірістегі басқа да бұйымдар.Конфекционерлеу – тігін өндірісінің технологиялық процессінің ерекшеліктерін және сән бағытын және материалдардың қасиеттерін ескере отырып, киім пакетіне немесе бұйымға материалдарды ғылыми түрде негіздеп, дұрыс іріктеу б.т. Киім пакеті – жағымсыз климаттық әсерлерден қорғайтын, эстетикалық функцияларды орындайтын адамның киетін бұйымдар жинағы. Ол киімдердің комплексінен тұрады: корсеттік бұйымдар, іш киімдер, жеңіл көйлек және жоғарғы бұйым, бас киімдер, аяқ киім, шұлық, қолғаптар. Бірге киілетін бұйымдардың мөлшері мерзімге және климаттық жағдайларға байланысты.Тігін өндірісінде киімді жаппай шығару кезінде модельдерді негізгі және астарлық матамен, фурнитурамен жинақтау немесе комплектеуді конфекционерлеу деп аталады. Мұндай комплектеудің негізіне материалдың органолептикалық бағалануы да жатады. Бірақ кейбір жағдайларда өндіріс орындарының қоймаларында материалдардың болуын да жатқызуға болады. Конфекционерлеу деген термин неміс тілінен «konfection»- дайын көйлек немесе көпшілік тұтынушылардың сән бағытын білдіреді. Ал латын сөзінен «confectio» өндіру деген сөзді білдіреді.

 

19. Жүн маталарының прейскурант бойынша жіктелуі.

Тоқыма өнеркәсібінде өндірілетін жүн маталары, құрылымы, тағайындалуы жэне сыртқы дайындамасы бойынша эртүрлілігімен снпатталады. Жүн маталарының ассортиментінің ерекшелігі болып, жылу сақтағыштық қасиеті есептелінеді, бұл оның жылы жэне қыстық кнімдерге арналуын айқындайды. Өңдеу тэсіліне жэне талшықтық кұрамына байланысты жүн маталарының ассортименті алты топқа бөлінеді: 1-тарақты таза жүнді, 2-тарақты жартылай жүнді, 3-жүқа щұғалы таза жүнді, 4-жұқа шүгалы жартылай жүнді, 5-дөрекі шұғалы таза жүнді, 6-дөрекі шұғалы жартылай жүнді.Шамамен жеке топтар топшаларга бөлінеді:1-көйлектік, 2-костюмді тегісбоялған, 3-костюмді ала шұбар жэне фасонлы, 4-шүға, 5-пальтолық, 6-драптар, 7-түктік, 8-жамылғы. Жүн маталары әр түрлі маталардың ішіндегі ең бағалы мата болып саналады. Олар әдемі, мықты, мыжылмайды және де жоғарғы жылу сақтағыш қасиетін атқарады. Бүкіл дүние жүзілік белгілі дизайнерлер жүн маталарын қолданады, оның сапасын, түрін, драпталынуын, жіңішкелігін, формасын жақсы бағалайды.Бұндай 100% жүннен жасалатын маталар сирек кездеседі. Жүнге, синтетикалық және жасанды талшықтардан, табиғи жүнге басқа талшықтарды араластырып түрлі маталарды алады. Қоспалар мынандай болады: жүнмен полиэстрилді, жүнмен полиамитті, жүнмен вискоза, жүнмен өзгергіштік қасиеті бар вискоза, жүнмен полиакрилонитрилді талшықтармен араластырылатын болады. Синтетикалық талшықтар жүнге жоғарғы беріктік пен пермопластикалық қасиет береді, ол жасанды вискоза талшықтары матаға қыртыстануға қарсы тұратын қасиет береді.Джерси – трикотажды төсем (полотно). Бұл жұмсақ және аз қыртыстанғандықтан костюмдік көйлек, көйлек, белдеме тігуге кең қолданылады. «Панама» текті маталар кенепті айқаспалармен, жүнмен полиакрилонитрилді, екі немесе оданда көп жіптердің арқауы бойынша, сол сияқты желісі бойынша өңделеді. Жіптердің санына байланысты келесі айқаспалар үлкен немесе кіші топтасулар пайда болады. Бұндай маталар костюмдік және көйлек сол сияқты ерлер киімдерін әзірлегенде пайдаланылады.«Елочка» матасы көбінесе сырты киімдерде қолданылады. Себебі өзі қалың болып келеді. Аты қиғаш сынған айқаспа болғандықтан осылай аталады.«Пипетка» - ұсақ төркөзді, түзу немесе айқышталған айқаспамен контраст түстерден (ақ және қара, қызыл және көк т.б.) өңделеді. Көйлектік маталар жұмсатығы мен аз қыртыстануы мен, жеңілділігімен ерекшеленеді, себебі олар күнделікті киюге арналған. Сондықтан эстетикалық келбетін бұзбау шарт.Көйлектік жүн маталары.Кашемир – жұқа және жұмсақ, бір түсті немес әртүрлі түсті (набивной) болуы мүмкін. Жоғарғы сапалы кашемирді сібірлік ешкі жүнінен алады. Креп – жұқа ауыр мата, түйіршікті бетті болып келеді. Крепті өндіру үшін қатты бұралған иірім жіпті пайдаланады. Әдетте сәндік, драпталуға қолайлы сәндік көйлектерді әзірлеуде пайдаланады. Поплин – жұқа кенепті мата, кездемелі айқаспалы. Көйлектік маталар ішінде айрықша ерекшеленеді (Woolmark – маркасы бар маталар эластикалық, гидроскопиялық және дапталу қасиетімен айқындалады).Көйлектік және костюмдік маталарда суды итергіштік, эластикалық және белгіленген деңгейдегі қалыңдықта болуы шарт. Ал егер қыстық көйлек тігуге арналса онда қосымша жылу сақтағыштық қасиеті мен беріктік қасиеті болуы ләзім.