Капилляр қабырғасы

Дәріс кешені

Пән: Фармакотерапия

Коды: FT - 3220

Мамандығы: 051103 «Фармация»

Сағат саны: 135 (3 кредит)

Ж.

КРЕДИТ № 1

Дәріс №1

1. Тақырыбы:Фармакотерапия пәні. Міндеттері. Фармакологиялық комитеті, құрылымы, міндеттері, функциялары. Емдеу стандарттары.Дәлелдерге негізделген медицинаның негізгі принциптері. Дәрілердің үнемді қолданылуы. Дәрілік формуляр. Фармакоэкономика.

2. Мақсаты.Студенттерді фармакотерапия пәнімен, міндеттерімен, фармакологиялық комитетімен, құрылымымен, міндеттерімен, функцияларымен, емдеу стандарттарымен,дәлелдерге негізделген медицинаның негізгі принциптерімен, дәрілердің үнемді қолданылуымен, дәрілік формулярмен, фармакоэкономикамен таныстыру.

Дәріс тезистері.

Фармакотерапия– дәрілерді клиникалық қолдануда зерттейтін пән. Фармакотерапияның негізгі міндетіауруды емдеу, асқынуды басу, алдын-алу немесе симптоматикалық көмекті көрсету болып табылады.

Фармакотерапияның келесі түрлері бар:

· Этиотропты (ауру себебін жою).

· Патогенетикалық (ауру патогенезіне, оның даму механизміне әсер ету). Оның түрі – орынбасушы терапия (ағзада өмірлік маңызды заттардың жетіспеушілігін орнын толтыру).

· Симптоматикалық (аурудың жекеленген синдромдарымен симптомдарын жою).

· Профилактикалық (жедел үрдістің дамуын немесе созылмалының асқынуын алдын-алу).

· Жалпықуаттандырғыш (ағзаның адаптациялық жүйенің бұзылған үзбелерін алдын-алу).

Патология жағдайында адам ағзасына дәрілік заттардың әсер етуін клиникалық фармакология зерттейді.

Пәннің мақсаты:ең тиімді және қауіпсіз дәрілерді таңдау әдістемесін немесе дәрілердің фармакодинамикасын және фармакокинетикасын, фармакогенетикасын, фармакоэкономикасын, бір-бірімен әсерлесу білімін ескере отырып, олардың қиыстырылуын жағымсыз дәрілік реакцияларын, дәлелді пән ұстанымдарын үйрету.

Пәнніңміндеттері:

· фармакотерапиямен клиникалық фармакологияның жалпы ұстанымдарын үйрету;

· дәрілердің фармакокинетикалық параметрлерін бағалауды үйрету;

· дәрілердің фармакодинамикалық әсерлерінің әдістемесін үйрету;

· дәрілердің жанама эффектілерін болжауды және бағалауды үйрету;

· дәрілердің фармакокинетикасымен фармакодинамикасының бір-бірімен қарым-қатынасымен бір-бірімен қамтылуын түсінуді үйрету;

· дәрілік препараттардың бір-бірімен болуы мүмкін әсерлесуін бағалауды үйрету;

· әртүрлі жасты топтарда (қарт, жас бала және жасөспірім жас), сонымен бірге жүкті әйелдерде қолданатын дәрілердің фармакокинетикасын және фармакодинамикасын бағалауды үйрету.

Жаңа дәрілік заттар жасап шығру және сынақтан өткізу процесінде мынандай этаптардан өтеді: биологиялық активті заттарды іздеу және жасап шығару, оның фармакологиялық белсенділігімен улылығын зерттеу жолымен анықтау, дайын дәрілік түрді жасап шығару және сынақтан өткізу, клиникалық сынаулар жүргізу және тиісті денсаулық сақтау мүшелерімен бекітілуі.

Сараптама мүшесі, дәрілік, диагностикалық және профилактикалық мақсатта қолданатын заттардың сынақтан өтуіне және қолданылуына жауап беретін фармакологиялық комитет болып табылады.

Фармакологиялық комитеттің құрамына медицинаның әртүрлі саласындағы жоғары мамандырылған мамандар, сонымен бірге басқа да аралас фармация, химия, биология ғылым қызметкерлері кіреді.

Фармакологиялық комитеттің негізгі мәселеллері:

- жаңа фармакологиялық заттардың мүмкіншіліктерімен клиникалық сынақтан өту жарамдылығына рұқсат алуын анықтау мақсатымен эксперименттік зерттеулер қорытындысына баға беру

- клиникалық зерттеулерді ұйымдастыру

- сынақтан өткізілетін препараттың медициналық практикада қолданылуы керек болатындығын анықтау үшін жүргізілетін клиникалық сынақтардың қорытындысына баға беру

- тиімділігі аз және улы дәрілік заттарды Мемлекеттік реестрден шығарып тастау мақсатында дәрілік заттардың номенклатурасын қайта қарау

Фармакотерапияны экономикалық бағалаудың міндеттері:

- емдеу профилактикалық мекемелерінде әртүрлі ауруларды емдеуде дәрілік заттарды қолдану тиімділігімен сапасының анализі

- дәрілердің өзара әсерлесуін ескере отырып, тиімділігімен қауіпсіздігін бағалау критерийлерінің оптимальды –клиникалық және экономикалық жолын өңдеу

- ауруларға хаттамалар жүргізу (емдеу стандарттары). Өмірге маңызды дәрілер тізімімен емдеу профилактикалық мекемелерінің дәрілік заттар формулярын құрастыру үшін дәрілік заттарды таңдауда оптимизациялау тұжырымдамасы

- Денсаулық сақтауда стандартизация жүйесінің нормативтік құжаттарын актуализациялаудың фармакоэкономикалық тұжырымдамасы

- медициналық қызметтің экономикалық сипаттамасымен сапа көрсеткіштерін бірдей өзара байланысты бағалауды өңдеу тұжырымдамасы

ΧΧ ғасырдың 90 жылдарының басында ұсынылған дәлелдерге негізделген медицинаны нақты науқасты емдеуді таңдау үшін клиникалық зерттеулердің нақты нәтижелерін адалдылықпен, дәл орнықты қолдануды негіздейді. Бұл жол дәрігерлер қателік санын азайтуға, практикалық дәрігерлер, емдеу мекемелердің басқамаларымен заңгерлер үшін шешімді қабылдау процесін жеңілдетуге, сонымен бірге денсаулықсақтауға шығынын азайтуға мүмкіндік береді.

Фармакоэкономика әдісіне жатады:

· минимальды шығын анализі

· шығынның пайдасының анализі

· шығын мен шешімінің анализі

· шығын эффектісінің анализі

Формулярлы жүйе – бар ресустарды оптимальды қолдану жәнемедициналық көмекпен максимальды жоғары сапада қамтамасыз ету мақсатында дәрілерді қолданумен қамту үнемді әдістерін қолдануды қамтамасыз ететін денсаулықсақтаудағы басқару әдістемелерінің кешені.

Формулярлы жүйені қолданудың тиімділігі:қауіпсіз және әсері жоқ дәрілерді алып тастау болып табылады.

4. Иллюстрациялы материалдар (ұсынылады)

5. Әдебиет:

Негізгі:

1. Орманов Н.Ж., Орманова Л.Н.Фармакотерапия 1 и 2 том. Шымкент,2012 г.

2. Орманов Н.Ж., Егизбаев М.К. Фармакотерапия в кардиологии, Шымкент, 2012г.

3. Орманов Н.Ж., Садырханова Г.Ж., Орманова Л.Н., Мусахова М.О., Фармакотерапия в пульмонологии, Шымкент, 2012г.

4. Орманов Н.Ж., Егизбаев М.К., Орманова Л.Н., Сарманова Н.М., Фармакотерапия в ревматологии, Шымкент, 2013г.

5. Орманов Н.Ж., Орманов Т.Н., Садырханова Г.Ж., Фармакотерапия болезней органов пищеварения, Шымкент, 2013г.

6. Гузева В.И., Михайлов И.Б. Фармакотерапия нервных болезней у взрослых и детей. – М. Медицина 2002.

7. Шток В. Фармакотерапия в неврологии. – М. Медицина, 2005.

8. Клиническая фармакология / Под ред. В.Г. Кукеса. – М.: Изд-во Моск. Мед. академия, 2008.

9. Клиническая фармакология . Национальное руководство + СД / под ред. Ю.Б. Белоусова, В.Г. Кукеса, В.И. Петрова, В.К. Лепахина, Л.Е. Зиганшиной. – М., «Геотар – Медиа», 2008.- 1000 с. Электронные ресурсы.

10. Клиническая фармакология. Консультант врача. Электронная информационно –образовательная система на СД.- М., «Геотар – Медиа», 2008.

11. Белоусов Ю.Б. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002.

12. Белоусов Ю.Б., с соавт Клиническая фармакология и фармакотерапия. – М.: Медицина, 2001.

Қосымша:

1. Орманов Н.Ж., Орманова Л.Н. Фармакология кесте мен сызбада, Шымкент,2011 жыл.

2. Орманов Т.Н. Дәрілердің өзара әсерлесуінің белсенділіктері,Шымкент, 2013 жыл.

3. Федюкович Н.И. Справочник по лекарственным препаратам. Минск, 2001.

4. Лепахин В.К. с соавт. Клиническая фармакология с международной номенклатурой лекарств. – М.: ГОЭТАР, 2002

5. Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н. Клиническая фармакология. – пер с англ. В 2-х т., М.: Медицина, 2002.

6. Середенин С.Б. Лекции по фармакогенетике. Учебное пособие. М., 2004.

7. Филипенко Н.Г., Поветкин С.В. Клиническая фармакология и фармакотерапия в таблицах, схемах и алгоритмах.- М., «Медицина», 2004-116 с.

8. Машковский М.Д. Лекарственные средства . пособие для врачей. М., 2005.

9. Крылова Ю.Ф. Взаимодействие лекарственных средств.М., 2005.

10. Волошин П.В., Тайцин В.И. Лечение сосудистых заболеваний головного и спинного мозга. – М., «МЕД-пресс-информ», 2005.

11. Дополнительное лекарственное обеспечение ( ДЛО) . Консультант врача. Электронно – информационная образовательная система для практикующих врачей на СД. Версия 2. – М., «Геотар – Медиа», 2007

12. Перевод с английского Левина О. Фармакотерапия в неврологии и психиатрии. М., 2007.

13. Левин О.С. Современные подходы к диагностике и лечению боли в спине. – Москва, 2008.

14. Клиническая фармакогенетика : уч. пособие / под ред. Н. П. Бочкова, В.Г. Кукеса – М, «Геотар-Медиа», 2007 – 248 с.

15. Ф.Леманн-Хокрн, А.Лудольф. Лечение заболеваний нервной системы. – Москва. МЕДпресс-информ. – М., 2004.

16. Штрибель Х.В. Терапия хронической боли. Практическое руководство. «ГЭО-ТАР - Медиа», 2006.

17. Эни С.Д., Койл Дж.Т. Фармакотерапия в неврологии и психиатрии. – М.: МИА, 2007.

18. Михайлов И.Б. Основы фармакотерапии детей и взрослых, руководство для врачей. М.: АСТ, СПб.: Сова, 2005.

19. Гудман Г., Гилман Г. Клдиническая фармакология по Гудману и Гилману. Перевод 10-го издания. – М.? «Практика», 2006г. – 1648с.

20. Клиническая фармакология / Под ред. В.Г.Кукеса, А.К. Стародубцева /- М.: Изд.дом «ГЭОТАР-МЕД», 2006.-640с.

21. Белоусов Ю.Б., Гуревич К.Г. Клиническая фармакокинетика. – М.: Изд.дом «ГЭОТАР-МЕД», 2005.-288с.

22. Мартынов А.И., Мухин Н.А. Внутренние болезни.- М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2005.

23. Мухин Н.А., Моисеев В.С. Пропедевтика внутренних болезней. – М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2004.

5. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

1. Фармакотерапия пәніне түсініктеме беру.

2. Фармакологиялық комитет терминіне түсініктеме беру

3. Дәлелдерге негізделген медицина терминіне түсініктеме беру

4. Дәрілік формуляр терминіне түсініктеме беру

5. Фармакоэкономика терминіне түсініктеме беру

Кредит № 1

Дәріс №2

1. Тақырыбы:Фармакодинамикамен фармакокинетиканың клиникалық аспектілері.

2. Мақсаты.Студенттерді фармакодинамикамен фармакокинетиканың клиникалық аспектілерімен таныстыру.

Лекцияның жоспары:

1. Фармакокинетиканың мақсатымен міндеттері

2. Фармакокинетиканың негізгі параметрлары

3. Фармакокинетиканың әдістері

4. Фармакокинетиканың негізгі принциптері

5. Дәрілердің фармакокинетиканың қасиеттерін зерттеу әдістері.

Дәріс тезистері.

Фармакологияны жалпы және жеке фармакологияға бөледі. Жалпы фармакологиядәрілік заттардың тірі ағзалармен байланыстығының жалпы заңдарын зерттейді. Жеке фармакологияда фармакологиялық топтар мен жеке препараттар талқыланады. Екі бөлімде де негізгі назар фармакокинетика мен фармакодинамикаға аударылады. Фармакокинетиказаттардың сіңірілуін, ағзада таралуын, метаболизмін және шығарылуын зерттейтін фармакологияның бір бөлімі. Фармакодинамиказаттардың биологиялық эффектілерін, оладың жинақталуын, әсер ету механизмін, рецепторлермен байланысуын зерттейтін бөлім.

Дәрілердің емдеу немесе алдын-алу мақсатымен қолдануы оларды ағзаға енгізуден басталады. Енгізу жолына эффектінің даму жылдамдығы, оның ұзақтығы байланысты болады.

Енгізу жолдарын екі түрге бөледі: 1) энтеральды жол (ас қорыту трактысы арқылы) 2) парентеральды жол (ас қорыту трактісінен тыс).

Энтеральды жолдарға: ауыз қуысы арқылы, тіл астына, он екі елі ішекке және тік ішекке (ректальды) енгізу жолдары жатады.

Кейбір заттардың сіңірілуі (абсорбциясы)ас қазанда өтеді, бірақ көбінесе дәрілік заттар аш ішектен сіңіріледі.

Сіңірілу механизмдері: 1) Пассивті диффузия – жасуша мембранасы арқылы өтуі. Ол концентрация градиентіне байланысты болады. Бұл жолмен липофильді заттар өтеді; 2) Фильтрация – мембрана түтікшілері арқылы өтуі. Ол гидростатикалық және осмостық қысымға байланысты болады. Бұл жолмен су, иондар және ұзақ гидрофильді молекулалар өтеді; 3) Активті транспорт – заттарды таңдаумен, екі заттың бір тасымалдаушы механизмге бәсекелесуімен, концентрация градиентіне қарсы тасуымен және энергияның шығындауымен сипатталынады. Бұл жолмен гидрофильді молекулалар, бейорганикалық иондар, қанттар, аминқышқылдары өтеді; 4) Пиноцитоз – жасуша мембранасының инвагинациясы болып, көпіршік немесе вакуоль түзіледі. Ол көпіршіктің ішінде сұйықтықта араласқан дәрілік заттар болады. Көпіршік цитоплазмадан өтіп, жасуша ішіне экзоцитоз арқылы заттарды босатады.

Биотиімділікпрепараттың алғашқы дозасына байланысты өзгермеген заттың мөлшерін көрсетеді. Энтеральды енгізу кезіндегі биотиімділік – заттың ас қорыту трактысынен сіңірілуімен, бауыр бөгеті арқылы өкенде жоғалуымен байланысты болады. Күре тамырға енгізгенде биотиімділік 100 % деп алынады.

Парентеральды жолдарға:тері астына, бұлшық етке, күре тамырға, артерия ішіне, интерстирнальды (төске), құрсақ ішіне, ингаляциялық, ми қабаттарына жатады.

Ағзада дәрілік заттардың таралуы қанға сіңіріліп болғаннан кейін немесе қанға тікелей енгізгеннен соң дәрілік зат ағзаның су фазасында таралады, мұнда қан жасушасының сырты және жасуша ішілік су (дене массасының 70%) кіреді. Балаларда ағзадағы судың көп болуына байланысты, жүрек гликозиді дигоксиннің, холиноблокатор атропиннің, антибиотиктер- аминогликозидтердің таралу көлемі жоғарылайды. Егде жаста су мөлшері 10-15%-ға төмендейді, патологиялық сусыздануда дәрілік заттардың таралу көлемі олардың концентрациясы өскен сайын және фармакологиялық әсерлері күшейген сайын азая түседі. Тамырға енгізгенде дәрілік заттардың ең көп мөлшері қанмен жақсы қамтамассыз етілген мүшелерде- бас миында, жүректе, бауырда, бүйректе, өкпеде, эндокринді бездерде түзіледі. 6-10 минут өткеннен соң дәрі қанмен аз қамтамассыз етілетін мүшелерге- қаңқа бұлшық еттері және май ұлпасына таралады. Ішке енгізгенде, бұлшық етке және тері астына енгізгенде сорылу және таралу процестері бірдей жүреді.

Лпа қан қорғанысы

Қаннан дәрілік зат мүшелерге түседі, гистогенетикалық қорғаныстардан өтіп, капилляр қабырғасына, гематоэкуефалалық, гематофтолмалогиялық және қағанақ қорғаныстарға түседі.

Капилляр қабырғасы

Капилляр дәрілік заттар үшін оңай өткізгіштік қасиетке ие. Майда ерігіш препараттар эндотелий және базальды қабықша арқылы енеді, суда ерігіштері гиалурон қышқылы немесе кең саңылаулар арқылы енеді. Капиллярлық саңылау бойынша тасымалдану инсулин массасынан үлкен емес. 5-6 кДА молекулалық салмағы бар қосылыстар үшін мүмкін. Қабыну процестерінде және сәуле ауруында гиалуронидазаның белсенділігі күшейеді, бұл капиллярдың өткізгіштігін жоғарылатады.