Азақ және Араб саяси философиясының әкесі Әбу-Наср әл Фараби, Ибн Цина, Ибн Рушд, Ибн Халдун, Низами Гянджеви, Ә. Навои.

Орта ғасырлық араб философиясында саясат, мемлекет және билік пен құқық туралы ойлар Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950 жж) еңбектерінде жан-жақты талқыланды. Саясат, мемлекет және билік арасындағы айырмашылықтарға көңіл бөлмеген араб философы бұл ұғымдарды синонимдер ретінде бағалап саясат пен саяси ілімнің басқа варианттарын ұсынды. Саяси мәселелерді қарастыруда араб-мұсылман философы көп жағдайда грек ойшылдары Аристотель және Платонның еңбектріне сүйенді. Саясат. Ол үшін өзі «қайырымды қала» деп ат қойған идеалды мемлекет істері туралы ғылым болып саналады. Мұндай қалалар ретінде бірге тұрған, мақсаттары бір, бір басшылыққа бағынған шағын қауымнан бастап Араб халифатына дейінгі адамдар қауымдастығын түсінді.

Әл-Фараби «Қарапайым қала тұрғындарының көзқарастары туралы» трактатында қала тұрғындарын бес топқа бөледі. Оның ойынша, «қала бес түрлі адамдар тобынан құралады: ең құрметті адамдардан, шешендерден, өлшеушілерден, жауынгерлерден, және байлардан». Әл-Фараби ең құрметті адамдарға ақылдыларды, пайымдағыш адамдарды, маңызды істерде беделге ие болған адамдарды жатқызады. Екінші топтағы шешендерге – діни қызметкерлерді, ақындарды, музыканттарды, хатшыларды және шығармашылық жұмыспен айналысатындарды, ал өлшеушілерге – есепшілерді, дәрігерлерді, астрологтарды, математиканы оқытушыларды қосады. Байлар дегеніміз- қалада байлық табатындар, егіншілер, мал өсірушілер, саудагерлер, қол өнершілер.

Әл-Фараби қайырымды қала басшысында алты түрлі қасиет болу керек деп есептеген. Олар: даналық, асқан пайымдылық, сенімділік, ойлау қабылетінің жоғары болуы, соғыс өнерін жетік білуі, денсаулығының мықты болуы. «Осының бәрін өз бойында ұштастыратын адам барлық уақытта кімге еліктеу керек екенін, кімнің айтқан сөзі мен ақылына құлақ қою керек екенін көрсететін үлгі болады. Мұндай адам мемлекетті өзінің қалауынша басқара алады».

Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси идеялар: Н. Макиавелли. Ж.Боден. Т.Мор и Т. Камнанела.ХV және ХVI ғасырлар аралығы Батыс Европада «қайта өрлеу дәуiрi» деген атқа ие. Қайта өрлеу дәуiрiнiң саяси ойының жарқын жұлдызының бiрi италияндық Н. Макиавелли (1469-1527ж.ж.) болып табылады. Оның «Патша» (1513ж.), «Тита Ливлийдiң бiрiншi декадасы туралы ой толғаныстар» (1519ж.), «Флоренция тарихы» (1532ж.) т.б. атты құнды еңбектерi бар. Н. Макиавеллидiң саяси iлiм тарихы дамуына қосқан үлестерi:

1 схоластиканы бұзып, рационализм мен реализм негiзiн салды;

2 саясаттану ғылымының негiзiн салды және саяси өңдеуді енгізді;

3 феодалдық бытыраңқылыққа қарсы шығып, Италияда бiр орталықтанған, тұтас монархияның абсолюттiк формасын қалыптастыру үшiн күрестi;

4 «мемлекет» және «республика» ұғымдарын ендiрiп, оларға қазiргi заманғы мән бердi;

5 папалық тақ пен шiркеудi әшкерледi;

6 «мақсат әрбiр тәсiлдi ақтайды» қағидасы бойынша қалайда мақсатқа жетуге шақырды.

XVII ғасырдағы Голландия және Англиядағы саяси ілімдер: Г.Гроций, Баруха (Бенедикт) Спиноза, Т. Гоббс және Дж.Локк.Табиғи құқық мектебiнiң iрi теоретигi нидерланд ғалымы Г. Гроций (1585-1645ж.ж.) «Соғыс пен бейбiтшiлiк туралы құқық. Үш кiтап» (1625ж.) атты трактатында халықаралық құқықтың өзектi мәселелерiн шешу мақсатын қойды. Соғыс пен бейбiтшiлiктiң теориялық мәселелерiн шешу құқық, әдiлеттiлiк, олардың көздерi, өмiр сүру формасы, зерттеу әдiстерi сияқты жалпы мәселелердi қарастыруды қажет еттi. Нәтижесiнде Г. Гроций жаңа методологияға негiзделген құқық пен мемлекеттiң жалпы мәселелерiн тиiмдi шешушi саяси-құқықтық доктринаны қалыптастырды. Оның iлiмiнiң бастама бөлiмi – адам табиғаты, адамның әлеуметтiк сапасы.

Г. Гроций пiкiрiнше «табиғи жағдай» бiр кездерде болған, онда мемлекет те, жеке меншiк те болмаған. Адамзаттың дамуы, алғашқы қарапайымдылығын жоғалтуы, адамдардың қарым-қатынасқа талпынуы, ақылмен басқаруға деген қабiлетi мемлекеттi құруда келiсiмге келуге итермеледi. Бұл мемлекет шығуының қоғамдық келiсiм теориясы едi. Г. Гроций «мемлекет дегенiмiз құқық пен ортақ игiлiктi сақтау үшiн құрылған, жетiлген адамдар одағы» – деп анықтама бердi. Оның пiкiрi бойынша мемлекеттiң белгiсi жоғарғы билiк, атрибуты – заң шығару, сот, лауазымды қызметке тағайындау, салық жинау, соғыс және бейбiтшiлiк мәселелерiн талдау, халықаралық келiсiмге келу.

Б.Спиноза(1632-1677 ж.ж.) голландиялық философ-материалист. «Этика, геометриялық тәртiпте дәлелдеген», «Дiни-саяси толғау», «Декарт философиясының қағидалары» атты еңбектердiң авторы.

Б.Спиноза табиғи жағдай теориясына қарсы болды. Ол қоғамдық келiсiм теориясын жақтады, бiрақ оны өзiнше түсiндiрдi. Мемлекет пен заңдарға деген қажеттiлiк табиғи себептерге негiзделген- құмарлық пен ақыл-ой қарама-қайшылығында. Адам тек ақылға арқа сүйегенде тәуелсiз әрi күштi, бiрақ көпшiлiк адамдар ақымақ әрекеттерге барады. Мiне осылар құқық пен мемлекет қажеттiлiгiн тудырды. «Егер адамдар табиғатынан ақиқат санасы көрсетiп отырғандардан басқаны қаламаса, онда қоғам ешқандай заңды қажет етпеген болар едi. Бiрақ адам табиғаты басқаша құрылған. Әрбiр адам өз пайдасына, табысына ұмтылады, әрi көпшiлiк ақыл- ойға емес, қызығушылығына арқа сүйейдi. Сондықтан ешбiр қоғам билiк пен күштеусiз өмiр сүре алмайды, әрi заңсыз адамдар құмарлығы қызығушылығын ұстап тұра алмайды».

Заңды түзу монархқа, жекелеген адамдарға сенiп тапсырылмайды, онда олар табиғатының әлсiз жағын қанағаттандырумен айналысып кетедi. Заң көпшiлiк жиынымен қабылдануы тиiс. Ең саналы, әрi күштi, берiк мемлекет республика, әсiресе демократиялық. Ол абсолюттi монархияны сынады. Спиноза монархияны өкiлдiлiк мекеме басқаруы арқылы шектеу мүмкiндiгiн айтты. Демократия ерекшелiгi билiк пен заңдар халыққа қарсы емес, оның бостандығын шектемейдi және әркiмге берген еркiндiктi қамтамасыз етедi деп санаған.

Т. Гоббс(1588-1679ж.ж.) еңбектерi «Левиафан, немесе материя, мемлекет формасы мен билiгi», «Азамат жөнiнде», «Дене туралы», «Адам туралы».

Мемлекет пен құқық туралы iлiмдi Т. Гоббс геометрия сияқты тиянақты ғылымға айналдыруға тырысты. Ол өз iлiмiн адам табиғаты мен құмарлығын зерттеуге арнады. Т. Гоббстың адам табиғаты мен құмарлығы туралы ойлары писсимистiк болды. Оның ойынша адамға бақталастық (байлыққа құмарлық), даңқ құмарлық, сенiмсiздiк (қауiпсiздiкке талпыныс) тән. Бұл құмарлықтар адамдарды жауластырады, «барлығының барлығына соғыс жағдайын» тудырады. Бұл адамдарды табиғи жағдайды қысқарту жолын iздестiруге итермелейдi, соңында табиғи құқықтан бас тарту адамдарды мемлекетке әкеледi. Т. Гоббс мемлекеттiң үш формасын монархия, демократия, аристократияны атайды, олардың iшiнен шексiз монархияны қолдайды.

Еуропалык Ағарту кезеңіндегі саяси идеялар: М.А. Вольтер. Ж.Ж. Руссо, Ш. Монтескье. Ш.Л. Монтескье (1689-1679жж.) француз ағартушысы, заңгер, саяси ойшыл. Оның «Парсы жазбалары» (1721ж.), «Римдiктердiң қуаттылығы мен құлауының себептерi туралы пiкiрлер» (1734ж.), «Заңдар рухы туралы» еңбектерi бар. Оның негiзгi идеялары:

· саяси бостандық, оны қамтамасыз етудiң шарты ретiнде әдiл заң мен мемлекеттiк құрылыстың тиiмдi жұмыс iстеуiн ұсынды;

· заң шығуына байланысты әр халықта өзiндiк сипаттардың барлығын түсiндiруi;

· билiктi бөлу идеясын дамытты, оны бөлудегi мақсат билiктi терiс пайдалануға жол бермеу деп санады;

· бостандық – заң мен ерiк берiлген нәрсенiң барлығын iстеу құқығы.

Ж.Ж. Руссо (1712-1778жж.) саяси iлiмдер тарихындағы жарық жұлдыздардың бiрi. «Адамдар арасында теңсiздiктiң пайда болуы мен негiздемесi туралы ойлар», «Саяси экономия туралы», «Мәңгi әлем туралы ойлар», «Қоғамдық келiсiм немесе саяси құқық принциптерi туралы» еңбектерi бар.

Ол табиғи жағдайда жеке меншiк болмайды, барлық адам еркiн және тең деп санады. Жеке меншiк пен әлеуметтiк теңсiздiктiң пайда болуынан табиғи теңдiк бұзылды, байлар мен кедейлер арасында күрес басталды деп жазды. Ж.Ж. Руссо халықтар мен билеушiлер арасындағы нағыз келiсiм, саяси организм құру концепциясын ұсынды. Бұл концепция бойынша әркiм өзiнiң жеке мүддесi мен тұлғасын, өзiнiң барлық күшiн жалпы игiлiкке бере отырып, тұтастың бөлiнбес бөлiгiне айналады. Ж.Ж. Руссо қоғамдық шарт концепциясында теңдiк пен меншiк мәселелерiндегi қайшылықтарды шешудiң жолдарын iздестiредi.

Атқарушы билiктi кiмнiң атқаруына қарай Ж.Ж. Руссо басқарудың демократиялық, аристократиялық, монархиялық түрлерiн ұсынады. Барлығында егемендiк пен заң шығару халықтың қолында болады. Ж.Ж. Руссо демократиялық басқару шағын мемлекеттер үшiн, аристократиялық басқару орта мемлекет үшiн, монархия iрi мемлекеттер үшiн тиiмдi басқару формасы деп санады.