Жас ұстаздың типтік қателері

Бірнеше педагогтардың зертеуінше жаңа бастаған ұстаздың педагогикалық техникадағы типтік қателерін көрсетеді.

Көбінесе мұндай қателер, осындай педагогта, оқушылар мен оның ата-аналарымен, ұстамды немесе ұстамсыздығын көрсету және олармен тіл табыса алмау.

Дауыс ырғағының негізгі жетіспеушілік біркелкі ие болу сөздің жансыздығы, мәнерлеп оқу дағдысын білмеуі. Сөйлеу мәнінде көп жеке кемістіктердің болуы, дикцияның анық еместігі. Педагогқа осы барлық қателер оқушыларға тиімді қолдануға кедергі жасайды. ЖОО-да оқыту процесінде оларды жою – ең маңызды тапсырма мұғалімді оқу-тәрбиелік процесін басқаруға дайындау.

Техника іс–шарасы – сөз және іс- әрекет іс–шарасынан тұрады. Педагогикалық техника түсініктемесі 2 топ компонентінен тұрады:

· мұғалім өзінің іс-әрекетін бақылауына байланысты. Олар өзінің мимика, пантомимикасын басқару. өзінің көңіл – күй, эмоциясын басқару әлеуметтік персевтивтік қабілеті (назары, бақылағыштығы, қиялы)

· жеке тұлғамен ұжымға әсер етумен қатар, оқу – тәрбие техникасын аша білу, педагогикалық қарым – қатынасты басқару, ұжымның шығармашылығын ұйымдастыру.

Педагогикалық іс - әрекетте еңбек субъектісі мұғалім болады.

Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіндік сипаттары – ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Осыған байланысты, білім «сананың бір тұтас объектісі» болып есептелуі керек. Мұғалімнің іс-әрекеті, оның білім және тәжірибесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық.

Мұғалім іс-әрекетінің объектісін оқып үйрену тұтас педагогикалық процестің мәнін анықтау керектігін қажет етеді. Диалектикалық материализмнің ұстанымына – мән бұл ең басты ішкі, біршама заттың тұрақты жағы. Мән заттың табиғатын анықтайды, одан барлық қасиеттері мен белгілері шығады.

Педагогикалық процестің мәні туралы қалыптасқан түсініктердің сыртында мұғалім үшін өте маңызды бірқатар мәселелер қалды, ол: не себепті біртұтас педагогикалық процесс оқыту мен тәрбиенің бірлігі; оның оқыту, даму және тәрбиелік қызметтерінің бірлігі қалайша қамтамасыз етіледі, оқушылардың өзара әрекетінің ерекшеліктері қалай анықталады; өзара әрекет тек қана оқудан тыс уақытқа тән бола ма; тұтас педагогикалық процестің қандай ерекшеліктерін білу оның бағытты дамуының мәселелерін шешуге көмектеседі және қызмет істеулерін басқару т.б. Пайда болған сұрақтарға жауап басқа кеңістікте жатыр - ол біртұтас педагогикалық процестің барлық сапалары мен қасиеттерін сипаттау. Тұлғаны қалыптастыру ұзақ процесс, ол қарама-қайшылықтарды шешумен бұл іс-әрекеттегі ересектердің мәдениеттердің заттық өзгерілген формасын субъектінің әрекеттік қабілеттеріне өзгерту мен көзқарас формасындағы адамзаттың әрекет күшиері мен қабілеттерінің заттық формаға ауысуының бірлігі. Демек, егер педагогикалық процестің түпкі мақсаты адамның тұлға ретінде қалыптасуы болса, онда педагогикалық процестің элементар бірлігі, оның «кереге көзі» бастапқы абстракция болып «қалыптасудың қас қағым сәті».

Тұлғаның қалыптасуы даму барысында негізгі қайшылықтарды жеңуде жүзеге асады. Бірақ бұл үшін, бөліну болған жөн – ересектер (ата–ана, ұстаздар), яғни әлеуметтік тәжірибеде алынған іс- әрекет тәсілдерін айқындаушы. Сонымен бірге қозғалыс формаларындағы адамзаттың әрекет күштері мен қабілеттерінің заттық формаға ауысуы жүзеге асады. Тұлғаның іс- әрекет субъектісіне алмасу, оқушының даму процесінде қалай болатындығы көрінеді.

Барлық мәдени байлықтарды және іс- әрекеттер түрлерін меңгеруді пәндік оқыту арқылы жүргізген тиімді. Бұнымен тағы бір жүйенің пайда болуына байланысты, оған мұғалім «сынып ұстаздары» элементі ретінде кіреді. Сынып ұстаздарының балалардың бастапқы ұжымы мен өзара әрекекттері барысында жоғары деңгейдегі жүйе «сынып ұстаздары» «сынып оқушылары» пайда болады. Педагогикалық процесс ұстаздардың қатысуымен және басшылығымен жүзеге асатын оқушылардың бірлескен іс- әрекеті, ол әлеуметтік тәжірибені меңгеруге және әрбір оқушы дамуға және өзін еңбекте, қоғамдық өмірде жүзеге асыруға дайын тұлғасын қалыптастыруға бағытталған.

Педагогикалық поцестің сапалары мен касиеттері қызмет ету жағдайларын объективті талап етеді. Сонымен педагогикалық процесс, өзін біртұтастық ретінде субъектілердің өзара әрекеттегі арнайы ұйымдастырылған іс - әрекеттерін бөле көрсете алады. Егер әрбір субъектінің жетістіктері болса, онда «ұстаздар - оқушылар» жүйесінің тұрақтылығымен өзін - өзі дамыту мәселесі шешіледі.

Педагогикалық процесс статикалық емес, ол «ұстаздар- оқушылар» жүйе жағдайының үздіксіз өзгеруі болады. Ал жағдай жақсы жаққа да, жаман жаққа да өзгеруі мүмкін. Оның барлығы ұстаздың белгілі бағытта қажетті жағдай жасай алу дайындығына байланысты. Бірақ бұл деген процестің дамуына әсер ету, даму барысындағы процеске тән қарама-қайшылықтардың яғни оның қозғаушы күштерінің мәніні түсінбейінше ол мүмкін емес дегенді білдіреді.

Педагогикалық процестің мақсаты оқушылар тұлғасын қалыптастыру болады. Демек, бірінші және негізгі қарама-қайшылықтар тобы - бұл даму үстіндегі тұлғаның қарама-қайшылықтары.

Тұлға дамуындағы қайшылықтарды білу жеткілікті дәрежеде педагогикалық әрекеттің жұмыс жемісін жасауға мүмкіндік береді, ол оқушыларға дербес тәуелсіздікке, өз орнын табуға ұмтылушылдықтағы оның формалары мен әдістерін табуға көмектеседі.(Г.К.Костюк). Дұрыс педагогикалық басшылық жасай алынбаса қайшылық шешілмейді, тұйыққа әкеледі, ол бұл әдетте қатты дау жанжалға әкеледі, дамуда тоқырауларға әкелетін кейбір үзілістер пайда болады. Бір құбылыстың ішінде пайда болған қайшылық оның өз ішінде шешілмейді, басқа жоғары деңгейдегі құбылыстармен байланыстары арқылы, яғни жаңа, өте күрделі даму формасы құрылуы арқылы жүзеге асады. (Э.В.Ильенков). Қайшылық дегеніміз қарама – қарсылықтардың бірлігі. Егер субъектінің іс - әрекеті арқылы қарама – қарсылықтардың бірі басқаға сәйкес келсе онда қайшылық шешіледі деген сөз. Бұл деректі анықтау қозғаушы күштерге ықпал ету әдістемесіне оқытумен тікелей байланысты.

Ұстаз көрсетілген жүйенің бір бөлігі ретінде өзінің міндеті етіп оқушыға пайда болған танымдық міндеттер мен оның өзінің ойлау тәсілдерінің және іс - әрекеттері арасындағы, қайшылықтарды оны оқушы пайда болған қиыншылық ретінде субъективті қабылдайды және жеңуге көмектеседі. Бұл қайшылық әлеуметтік тәжірибенің әртүрлі саласына қатысты болғандықтан, мұғалім оқушыға әртүрлі іс - әрекеттер түрлерінің тәсілдерін меңгеруге көмектеседі, олармен көптеген ұрпақтар бойы әлеуметтік тәжірибе жасалады. Негізінен, мұғалім нақтылы кезеңдегі қайшылықтың анықталған ерекшелігіне байланысты оқушыларға (педагогикалық басшылықтың мәні міне осында) өз орнын табуға керекті тәсілдерін меңгеруге көмектеседі.

Қайшылық оқушылар ұжымы жүйесінде пайда болғанымен оларды шешу одан жоғары деңгейдегі «сынып ұстаздары – сол сыныптың оқушылар ұжымы» жүйеде шешілуі мүмкін. Сонымен бірге қайшылықтардың бір бөлігі пән мұғалімдерінің оқушылардың коллективтік танымдық іс - әрекеттерін ұйымдастыру барысындағы күш жұмсауы барысында шешілуі мүмкін.

Мұғалім мақсатты педагогикалық процестің дамуына ықпал еткісі келсе «ұстаздар – оқушылар» жүйесіне тән бірнеше қайшылықтар топтары және олардың өзара байланысты болатындығын, ал оларды шешу педагогикалық процесс субъектілерінің іс- әрекеттерін қайта құру арқылы болатындығын ескеруі керек.

Қайшылықтардың бағыттылықпен шешілуі педагогикалық процестің табиғатына сай дұрыс қызмет істеуіне әкеледі. Мұғалімнің алатын негізгі нәтижесі оқушылардың оқу және оқудан тыс кеңістікте белсенді түрде іс - әрекет тәсілдерін меңгере түсуімен байланысты, мұнсыз олардың әрекетінің дамуы мүмкін емес.

 

 

6. Дәрісбаян (3 сағат)

1) Өзін-өзі билеудегі педагогтың шеберлігі.

2) Өзін-өзі реттеу техникасының негіздері, өз психофизикалық күйін басқару техникасы.

3) Педагогтың сырт келбеті: киімі, коммуникацияның вербалды емес құралдары.

ҰСТАЗДЫҚ ӘДЕП. Нұрлы болашағымызға лайыкты тәрбиелі азаматтарды тәрбиелеуде, оқытуда әрбір ұстаздың тәрбиелі, білімді, иманды болуы аса қажет. Оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарында ұстаз бен шәкірт арасындағы күнделікті әңгімелесу, пікір алмасу, түсініктеме беру, дәріс оқу, т.б. іс-әрекеттердің бәрінде тәрбие мен білім беруде үлгі-өнеге көрсететіндей дәрежеде ұстаздық әдеп болуы, оны орындауы қолдауды мақұлдауды керек етеді.

Әрбір адамға тән ізгілікті қасиет - әдепті болу. Ұстаздық әдеп - мұғалімнің кәсіптік қасиеттерінің бірі, оның біліктілігінің, шеберлігінің құрамдас бөлігі. Ол - мұғалімнің жеке қасиеттерінің бірден-бір саналы көрсеткіші. Әдептілік ұстаздың балаларға сүйіспеншілігімен, оларға ізет, құрметпен қарап, оқушылар болашағынан мол үміт күтетіндігін байқатады. Мұғалімнің іс-әрекетіндегі, тәртібіндегі кез келген ауытқулар кері әсер туғызады, атап айтқанда, мұғалім шектен тыс қатал болса оқушыға қадірсіз болады, босаңдық жасаса - оқушы «басынып» алады. Әділетсіздіктен- алалаушылықтар, теңсіздік туындатады. Шәкірттің жеке басының тәрбиелілігіне, тіршілік әрекеттері мен сөйлеу мәдениетінің деңгейіне қатысты көзқарас жасырын ойдан салқындыққа дейін, жұмсақтықтан қаталдыққа ауыса салады. Егерде ұстаз әдепті, әділетті болса, өз пікірін тек тәртібіне, жасаған іс-әрекетіне байланысты ғана өзгертеді, дегенмен назар аударып, қамқорлық, жасап, қайырымдылықпен, ізеттілікпен, кешіріммен түсінуден таймайды.

Әдепті ұстаз ақылға салып, шәкірттің жасын ескеріп, өскен ортасын біліп, ата-анасын үлгі етсе, оқу үлгерімінің жақсы жақтарын, тәрбиелі, еңбекшіл қасиеттерін айтып, дем береді, мүмкіндігінше қамқорлық жасайды. «Ашу-дұшпан, ақыл-дос, ақылыңа-ақыл қос» демекші - мұғалімнің өзі қиын, күрделі жағдайдың өзінде де ұстамды болып, өзін-өзі сабырлылықпен, асығыс шешім шығармай, негізсіз ой айтпай, талдау жасап, оң және теріс ойларды мән беріп, айқындап, айыптаулар мен ақтауларды әділетті таразылау ар-ожданды қастерлей түседі.

Оқушының ар-ұятына тимей, нұқсан келтірмей, реті келсе, әрбір оң қадамына сай ойлы пікір айтып, қанаттандыру - оқушының ынтыға оқуына дем береді. «Жақсы сөз - жарым ырыс» демекші, мұғалім шәкіртке сеніммен барынша қолдау жасаса, ол өз еңбегіне ризашылықпен қарауға мойын ұсынады.

Оқушылардың білімін бағалаған кезде ұстаздың әдеппен өз жүріс-тұрысына, сөйлеу мәдениетіне ерекше назар аударып, ілтипатты болуға ұмтылуы қажет, яғни шәкірттің жауабын мұкият тыңдап, жауаптарындағы кейбір қателіктерін, олқылы0тарды жай ғана елеусіз түзету арқылы ойын үзбей, тыңдай білу де табысқа қол жеткізетін қасиетті қылық.

Ұстаз әдептілігі тәрбиеленеді, шеберлікпен ұласып, жетіледі, оны мұғалім тәжірибелі және абырой-атаққа ие бол5ан еңбекшіл жандардан, мейірімді, иманды адамдардан үйренеді.

Әрбір азаматтың еңбекшіл, білімді, тәрбиелі, иманды, ізетті болуы, қоғам үшін, ұжым үшін, ел үшін қажетті де пайдалы екенін сөзбен де, іспен де - өмірдің өзі дәлелдеуде. XXI ғасырда еліміздің тағдырын шешетін жас буынды оқытып, тәрбиелеу және дамыту міндеті жүктелгенін жақсы түсініп, жеткіншек ұрпақтың нәзік жан-дүниесін ұға біліп, ұстаздық әдеп биігінен көріну үшін жалықпай еңбек ете беру - басты мұрат