Конфликтінің тереңдігін анықтайтын экспрес-диагностикасы

(А.М.Бандурк, С.И.Бочарев, Е.В.Земянская)

Бұл әдіс конфликтілі жағдайды және оны шешетін басқарушының мінез-құлық сипатын бағалау үшін арналған.

Инструкция:

Бұл әдісте конфликтілік жағдайға тікелей қатысты 8 позициялар ұсынылған. Сіздің міндетіңіз әр фактордың айқындылығын 5-баллдық өлшеумен бағалау болып табылады. Сол жақ факторлардың айқындылығы 1 баллмен бағаланса, оң жақта 5 баллмен бағаланады.

 

Конфликт тереңділігі шкаласы

Екі жақ конфликтінің себебін саналы түрде түсінеді 1 2 3 4 5 Екі жақ конфликтінің себебін саналы түрде түсінбейді
Конфликт себебінің эмоционалды сипаты бар 1 2 3 4 5 Конфликт себебінің материалдық сипаты бар
Конфликт мақсаты әлеуметтік әділеттікке бағытталған 1 2 3 4 5 Дау-дамаушылардың мақсаты жеңілдіктерді алу
Барлықтары жеткісі келетін бір ортақ мақсат бар 1 2 3 4 5 Ортақ мақсат жоқ
Жақындасу аумағы айқын 1 2 3 4 5 Жақындасу аумағы айқын емес
Жақындасу аумағы эмоционалды проблемалармен байланысты 1 2 3 4 5 Жақындасу аумағы материалдық проблемалармен байланысты
Қарама-қарсы ойлардың лидерлері болмайды 1 2 3 4 5 Қарама-қарсы ойлардың лидерлері болады
Қарым-қатынас процесінде оппоненттер мінез-құлық нормаларын сақтайды 1 2 3 4 5 Қарым-қатынас процесінде оппоненттер мінез-құлық нормаларын сақтамайды

 

Мәліметтердің өңделуі және интерпретациясы

Әрбір позицияны бағалағаннан кейін конфликтінің тереңділігін көрсетіп тұратын баллдардың жалпы санын санау керек.

35-40 балл болса дау-дамаушылардың бір-біріне күшті конфронтациялық қатынаста екенін көруге болады. Бұл жағдайда басқарушы өзіне айыптаушы ролін алып, әкімшілікті әсер ету шараларын атқаруы тиіс.

25-34 балл дау-дамаушылардың қарым-қатынасы тұрақсыз екенін білдіреді. Басқарушы негізінен психологиялық шараларды қолдана отырып кеңес беруші ролінде болуы мүмкін.

25 баллдан төмен конфликтінің кездейсоқ пайда болғанын білдіреді. Басқарушыға тәрбиелеуші қызметін атқарып, педагогикалық әсер еткен жөн.

 

Гімелесушімен өзарақатынас

 

Кейбір адамдарға өзіне сырттан қарау өте қиын болады. Кейбіреулері өзін жақсы әңгімелесуші деп санайды. Шын мәнісінде біз адамның сезімдерін бағаламай, өзіміз байқап қалмай дөрекі сөздер айтатын кездер де болады.

Нақты жағдайды еске түсере отырып, әр сөйлемді 4-баллдық шкала бойынша бағалаңыз.

 

  1. Менің әңгімелесушім қыңыр емес, заттарға кең қарайды.
  2. Ол мені құрметтейді.
  3. Әр түрлі көзқарастарды талқылай отырып, біз мәселенің түп негізіне қараймыз. Ұсақ-түйектер бізді алаңдатпайды.
  4. Әңгімелесуші менің жақсы қарам-қатынасқа бағытталғананымды түсінеді.
  5. Ол әрдайым менің айтқанымды жоғары бағалайды.
  6. Әңгімелесу барысында ол қашан тыңдау, қашан сөйлеу керектігін сезіп отырады.
  7. Дау-дамалық жағдайды талқылаған кезде мен өзімді ұстамды ұстаймын.
  8. Менің ақпаратым қашан қызықты болатынын мен сезіп отырамын.
  9. Маған уақытты әңгімелесумен өткізуге ұнайды.
  10. Біз келісімге келгенде екеуміз әрқайсымызға не істеу қажеттігін жақсы білеміз.
  11. Егер керек болса, менің әңгімелесушім талқылауды жалғастыруға дайын.
  12. Мен оның өтініштерімен келісуге тырысамын.
  13. Мен оның уәделеріне сенемін.
  14. Біз бір бірімен көңіл табуға тырысамыз.
  15. Менің әңгімелесушім әдетте тек негізгілерін айтып және артық сөзсіз сөйлейді.

16.Әртүрлі көзқаратарды талқылап біткен соң, бұл маған пайдалы екенін түсінемін.

17.Кез келген жағдайда мен дөрекі сөздер айтпауға тырысамын.

18.Мен әңгімелесушіні шын жүрекпен түсінуге тырысамын.

19.Мен оның адалдығына сене аламын.

20.Менің ойымша, жақсы қарым-қатынас екеуіне де байланысты.

21.Жағымсыз әңгімлесуден кейін біз ренжісті тез ұмытып, бір бірімізге көңіл бөлуге тырысамыз.

 

Баллдарды санап болған соң, сіз үш нәтиже аласыз.

 

Өзара қолдау - №2, 5, 9, 12, 14, 18, 20 жол баллдарының суммасы.

Қарым-қатынаста тәртіптің болуы - №1, 4, 6, 8, 11, 15, 19.

Дау-дамайды шешу - №3, 7, 10, 13, 16, 17, 21.

 

Егер өзара қолдауға балл жетпейтін болса, онда сізге әңгімелесушіге көбірек көңіл бөлу керек. Қарым-қатынаста төмен тәртіптілік қарым-қатынас жағымсыз жағдайда, мысалы асығыс жағдайда болғанын білдіреді. Ал егер сізде дау-дамауды шешумен байланысты қиындықтар болып жатса, онда сізге өзара түсінушілікті орнату жолдарын белсендірек іздеу керек.