Этнопсихологияның негізгі категориялары.

Этнопсихология білімдердің пәнаралық саласы ретінде

Этнопсихология ең тығыз бейнеде этнологиямен және этнографиямен байланысты. Этнология – халық туралы ғылым, американдық ғылымда осылай атау қабылданған. (грек. Этнос – халық, графо – жазамын ).

Этнография – халықтар туралы сипаттайтын ғылым. СССР де «этнография» термині қабылданған. Ол эмперикалық сияқты, халықтар туралы ғылымның теоретикалық бір бөлігі ретінде енгізілген. Этнология этнопсихологияның бір саласы болып табылады. Бұл ғылымдардың ұқсастығы сонша көп авторлар этнопсихологияны этнологияның бір бөлімі деп есептейді. Бұл ғылымдарға ортақ болып зерттеу объектісі – халықтар олардың генезисі, дамуы, өзара әсері т.б. табылады. Алайда: этнопсихологияның өзінің ерекше зерттеу пәні бар: бұл – халықтардың психологиялық ерекшеліктері – олардың психологиялық қоймасы, мінез-құлқы, өзіндік санасы, және басқа құбылыстардың бірқатары. Сондықтан да этнопсихология өзінің этнологиямен тығыз байланысына қарамастан, ерекше психологиялық ғылым болып табылады. Ол өз табиғатында білімнің пәнаралық аумағы, жалпы және әлеуметтік психологияға, антропологияға, лингвистикаға, тарихқа және т.б. ғылымдарға сүйенеді.

Әлеуметтік психологияның негізін қалаушылар Лацарус пен Штейнталь өздерінің алғашқы «Халықтар психологиясы және тіл білімі» журналында жарияланған мақалаларында – ақ этнопсихологиялық мәселелерді қамтыды.

Этнопсихологиялық сұрақтар атақты англиялық психолог Фредерико Бартлеттің жұмыстарында да қарастырылған.

1960ж. Бастап тарихи және мәдени контекстегі психологиялық мәселелерді қарастыру тенденцмясы күшейе түсті.

Антропология – этнопсихологияның осы ғылым базасында қарастырылған негізгі негізгі ғылым болып табылады. Бұл ғылым екі үлкен бөлімге бөлінеді: физикалық және мәдени антропология.

1960 ж. Бастап этнопсихологияның басқа пәндермен байланысы «Обозрение психологии народов» журналында кең талқыланды.

Этнопсихологияның негізгі категориялары.

Бүгінгі күнгі этнопсихологияның даму деңгейі толық категориялы аппаратты детерминациялау мүмкін емес, яғни ғылымның өзі құрылу стадиясында болғандықтан жүргізілмейді. Сондықтан этнопсихологиялық білімнің одан әрі дамуы этнопсихологиялық зерттеулердің актуализациясы бұл жаңа ғылымның аппаратын дамыту мен кеңейтуге мүмкіндік береді.

Теориялық түсініктеме негізінде этнопсихология категориясының мәселесінде этнопсихологияның толық категориялық аппараты қиын көп деңгейлі жүйені құрайды.

Бірінші деңгейлі жүйе оның пайда болу түсінігімен байланысты. Бұл этнос, ұлт, этностық топ тұлға деген түсініктер.

Екінші деңгей психологиялық, философиялық, әлеуметтік, мәдениеттану әдебиеттерінде жеткілікті деңгейде зерттелген.

«Этнос» категориясы негіз болғандықтан, ғылымда көп уақытқа дейін екі түсінік беріп келді. Нақты ғылымда біреуі ғана қаралды, оны Ю.В.Бролеев қарастыра отырып, этнос-әлеуметтік мәдени көрініс деп айтты. Оның ойынша этнос – белгілі территориядағы тарихи құрастырылған адам жиынтығы, яғни жалпы соған байланысты тіл ерекшелігі, мәдениеті мен психикасы сонымен қатар өзінің бірлігі мен басқаларға ұқсамайтын, саналы фиксацияланған түсінік деп айтты.

Л.Н.Гумилев биологиялық бірлік ретіндегі «биосфера феномені» деп түсіндірді. Оның ойынша этностар – биосфера шекарасы мен әлеуметсферасында жатқан арнайы жер биосферасын құруды көздеген құрылым. Этнос түсінігіне нақты дәлел жоқ. Тіл, пайда болу, салт, материалды мәдениет, идеология, ылғи анықтау болып тұра алмайды.

Ұлттық психологиялық ерекшелік түсінігі. Этнопсихологиялық сөздікте ұлттық психологиялық ерекшелік әлеуметтік-психологиялық көрініс ретінде анықтайды, яғни әртүрлі қоғамдағы сананың болуы.

Крыско Ресей халқының көп деңгейлі формасын көрсетуде және зерттеуде, олардың арасында мотивациялық-фонды интелектуалды-танымдық, эмоциональды-еріктік, коммуникативті-қимыл әрекеттік деп қарады.

Сонымен, мотивациялық-фонды ұлттық психологиялық ерекшелік нақты этностың қоғамдағы адамдардың іс-әрекет күшінің мінездемесінің ерекшелігін айқындайды, мотивациялық анықтайды және жұмыс қабілеттілігін ашады.

Интелектуалды-танымдық ерекшелік ұлттық психиканы тасымалдаушылардағы өзіндік қабылдау мен ойлауды танымдық және интелектуалды сапада специфика түрінде алмастырып, қоршаған шындықты өз ойымен қабылдап, бағалау мен түзету жүргізіу.

Эмоциональды-еріктік ұлттық психологиялық ерекшелігі нақты көрсетілген эмоционалды және еріктік сапалардың өзіндік функциялануының сезім динамикасында көрсете отырып, сезім ерекшелігін, сонымен қатар тұрақты және созылмалы еріктік күшпен көрсетіледі.

Коммуникативті-қимыл әрекет ұлттық-психологиялық ерекшелігі мағлұматтың және тұлғааралық қарым-қатынас спецификасын анықтай отырып, сол немесе басқа эт,ностық қоғамның адамдары арасындағы байланысын көрсетеді.

Этнопсихологияның маңызды категориясының бірі болып этностың өзіндік сана негізі дәстүрлі түрде этностық сананы екі деңгейде қарастырады: топтық деңгейінде және жеке деңгейінде көрінеді. Бірақ практика жүзінде нақты адамдарды құрайтын этностық топ.

Б.Ф.Старойвонтованың көзқарасы бойынша этностық өзіндік сананы «Адамның өзін этносқа көбірек қою». Оның ойынша, этностық өзіндік сана дәстүрлі-күнделікті қимыл таптаурын функциясын орындаудың кеш құрылымы, яғни олар көптеген қоғам қатысушыларын күнделікті өмірге қосу.

Т.У.Солдатованың айтуынша этностық өзіндік сана бұл - әлем қабылдаудың спецификалық жүйесі. Бұл белгілі әлеуметтік топтың «тномәдени шындыққа қатынасы, бұл өз халқына жататынын сезіну, өз халқының қызығын көру, мәдениет, тіл, территориясын елеу.

Этностық өзіндік сананың нақты түсінігін толықтырған Қ.Б.Жарықбаевтың айтуынша ұлттық өзіндік сана - өз түсінігіне жоғарыда аталғандарды көрсететін этнопсихологиялық феномен, сонымен қатар сол немесе басқа этностың дәстүрі, салты мен өмірлік бейнесі екенін айтты.

Қазіргі уақытта этнопсихология жақсы даму этабынан өтуде. Қазіргі кездегі авторлар өткен совет танымдылығының территориясының ерекшелігін зерттеудің стимулдау ерекшелігін этносаралық қатынастағы динамиканы, этностық идентификациялық трансформациясын және басқа да әлеуметтік-психологиялық мәселелерді зерттеуге көңіл бөлуде.

Сондықтан бүгінгі таңда этнопсихология саласының алдында «этностық негіздің жеке тұлға өмірі жайлы және бүкіл ел алдында өзіндік рөлін іздестіру мәселесі тұр».

 

3-лекция.Тақырыбы:Этнопсихологиялық зерттеулердің негізгі бағыттары

Ал 50-жылдардан бастап, осы бағыттағы зерттеулерге баса көңіл бөлінді. Негізінде олар төрт бағыттың: бихевиоризм, психоанализ, когнитивтік және интеракционизм төңірегінде топтасты (Андреева, Богомолова, Петровская, 1978, Шихирев, 1979).

Аталған төрт бағыттың үшеуі психологиялық ойлардың әлеуметтік - психологиялық нұсқасы болса, ал төртінші бағыт - интеракционизм әлеуметтік негізде еді.

Бихевиоризм қазіргі кезде необихевиористік бағытта дамуда. Негізінен топтағы процестер емес, екеу аралық (диадалық) қарым-қатынастар зерттеледі (К.Халл, Б.Скиннер, Н.Миллер, Д.Доллард, Дж.Гибо, Г.Келли, Д.Хоманс). Зерттеулердің басым бөлігі тек жануарларда жүргізілуі (А.Бандура зерттеулерінің көбісі адамдарда жүргізілді) бұл бағъптың негізгі кемшілігі. Топтық процестерді талдаудың жеткіліксіздігінен, әлеуметтік психологияның «әлеуметтік» түрі аз көрініс береді.

Психоанализ әлеуметтік психологияда бихевиоризм сияқты кең таралмаған. Мұнда да әлеуметтік - психологиялық теория тұрғызу талпыныстары бар.

Бүл орайда неофрейдистік тұрғы, әсіресе Э.Фромм мен Дж.Салливан еңбектері аталынады. Дегенмен классикалық Фрейдизм идеяларын әлеуметтік психологияға тікелей енгізетін теориялар да бар. Ондай теорияларға мысал ретіңде топтық процестер теорияларын: Л.Байон, В.Беннис, Г.Шепард, Л.Шутц атауға болады. Бихевиористерден өзгешелігі екеулік (диада) қарым-қатынастан гөрі көбірек адамдар қатысқан топтардағы процестерді қарастыру, осы бағытта Т-топтарда (тренинг топтары), адамдардың бір-біріне әсерінің әлеуметтік - психологиялық механизмдерін пайдалану тән. Психоанализді әлеуметтік психологияда қолдану жүйелі түрде емес, кейбір жағдайларын практикаға кіріктіру негізінде жүргізіледі. Осы тұрғыдан Т. Адорноның "Авторитарлы жеке түлға" еңбегін атауға болады (фашизмді тудыратын алғышарттар туралы).

Психоанализ психологиядағы жаңа ағымның гуманистік психология (А.Маслоу, К.Роджерс) туындауына себеп болды. Негізінен тренинг тобының теориясы мен практикасына сүйене отырып, түрліше тармақталған проблематикасы жасалынуда. Қазіргі кезде гуманистік психология жетекші ағымдардың біреуіне айналып келеді.

Когнитивизм гештальтпсихология мен К.Левиннің өрістер теориясынан бастау алады.

Бұл багыттағы көптеген теориялардың (Ф.Хайдер, Т.Ньюком, Л.Фестингер Ч.Озгуд, П.Танненбаум, американ зерттеушілері Д.Креч, Р.Крачфилд, С Аш) негізі - жеке тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқын түсіндіру. Адам санасында әлемнің тұтас, байланысқан идеалды көрінісін тұрғызу (қоршаған нақты әлемдегі қарама-қайшылықтарға байланыссыз) - бұл модельдің негізгі кемшілігі. Дегенмен бұл бағытта да іргелі проблемалар зерттелінуде (Трусов, 1983).

Интеракционизм әлеуметтік бағыттағы жалғыз теория ретінде Г.Мидтің символдық интеракционизм теориясынан бастау алады.

Қазіргі кезде бүл бағыт әлеуметтік психологияда Мидтің теориясынан басқа да теорияларды қамтиды: ролдер теориясы (Т.Сарбин), референтті топтар теориясы (Г.Хаймея, Р.Мертон). Э.Гофманның әлеуметтік драматургия теориясы. Бұл теорияда "өзара әсерлесу" ұғымы негізгі болғанымен де, қоғамдық қатынастардағы, қоғамның әлеуметтік құрылымына байланысты индивидке әсер ететін әлеуметтік себептерді қарастыру мәселелері шешілмеген.

Осы төрт бағытгың өзіндік негіздері болғанымен де, көбінесе бір-біріне араласып отырады.

Қазіргі кездегі, әсіресе, американдық әлеуметтік психологиядағы эксперименттік зерттеулерде бірнеше теориялық бағыттар аралас көрінеді. Осы да және әлі де эксперименттік болмағандықтан әлеуметтік - психологиялық зерттеулерде табысты түрде пайдаланыла бермеуі мүмкін.

 

4-лекция.Тақырыбы:Этнопсихологиялық ойлаудың қалыптасу және даму тарихы. Батыс ойшылдарының этнопсихологиялық идеялары

Этнопсихологияның ерекшеліктері тарихи негізі бар әлеуметтік процесс болып шықты. Оның қалыптасуы әрбір халықтың өмірімен біте қайнасып, әр-түрлі себеп салдар нәтижесінде туады. Сайып келгенде өнегелі қасиеттерімен қосыла қарама-қайшы психологиялық дағдыларда болды. Бұл айырмашылықтарды таптық негіз құрайды. Әрбір халықтың өмір сүрген географиялық ортасы, айналысқан шаруашылық дәстүрі мен оған бейімделген дағдысы бір-бірінен оқшау тұрады. Сонымен қатар түрлі халықтардың қарым қатынастық жағдайларында ескеруіміз қажет.

Ғылыми әдебиеттерде ұлттық психологияның табиғаты мен таптық мәні туралы түрлі пікір таластар жеткілікті. Осындай пікір айырмашылықтары оның анықтамасын беруде де кездеседі. Ұлттық психологияның ерекшеліктері дегеніміз-халықтардың тарихи дамуының өзгешілігі мен әлеуметтік-экономикалық, рухани өмірінің алғы шарттарына байланысты қалыптасатын және мәдениет пен тұрмыста, дәстүрлер менг әдет ғұрыптардан байқалатын ұлттық сезім-әрекеттің көрінісі.

Иконграфиялық жазба ескерткіштердегі этнопсихологиялық идеялар. Халықтар психологиясының табиғи факторлардан тәуелділігі туралы антикалық ғалымдардың (Аристотель, Платон, Страбон және т.б) пікірлері. Гиппократ халықтардың этнопсихологиялық ерекшеліктері туралы. Оның «ауа, су, жер туралы» еңбегінің мәні. Геродот, Тацит, Ксенофонт, т.б.этнографиялық очерктері және және оның этнопсихологиялық ойлардың дамуы үшін маңыздылығы.

М.Монтескье (1689-1755) географиялық детерминизм теориясының негізін салушы. Оның «Заң рухы туралы» еңбегінің этнопсихологиялық ой-пікірлердің дамуы үшін маңызы.

К.Гелвеций (1715-1771) халықтық мінездің елдің әлеуметтік-саяси тарихына тәуелді болатындығы. Оның «Ұлттық мінез туралы» кітабының маңызы.

М.Канттың (1724-1804) «халық », «ұлт», «халықтық мінез» ұғымдарына берген анықтамасы. М.Кант ұлттық мінез бен темперамент туралы.

И.Гердер (1744-1803) әр түрлі халықтар мәдениетінің ерекшеліктері, табиғат пен қоғам тарихы заңдылықтарының бірлігі туралы идеялары. Оның «Адамзат тарихы философиясына идеялар» атты еңбегінің мәні.

Сонымен Этнопсихологияның ерекшеліктері тарихи негізі бар әлеуметтік процесс болып шықты. Оның қалыптасуы әрбір халықтың өмірімен біте қайнасып, әр-түрлі себеп салдар нәтижесінде туады. Сайып келгенде өнегелі қасиеттерімен қосыла қарама-қайшы психологиялық дағдыларда болды. Бұл айырмашылықтарды таптық негіз құрайды. Әрбір халықтың өмір сүрген географиялық ортасы, айналысқан шаруашылық дәстүрі мен оған бейімделген дағдысы бір-бірінен оқшау тұрады. Сонымен қатар түрлі халықтардың қарым қатынастық жағдайларында ескеруіміз қажет.

Ұлттардың психологиясын өзгермейтін құбылыс деп қарауға болмайды. Қоғамдық дамуға, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты дамып, белгілі қасиеттерг жаңаланып отырады.. Оған мысал ретінде социализм құрылысы жылдарындағы қазақ халқының өміріндегі ұлттық психологияның өзгерісін айтсақ та жеткілікті.

Әлемдік псчихологиялық ой-пікірлердің дамму тарихы екі кезеңге бөлінеді. Мұның біріншісі шамамен 2400 жылдай уақытқа созылып, көш басы Аристотельден (348-322) басталатын ілкі тарихы.

Осынау, сан ғасырлық үлкен кезеңге әр кезде өмір сүрген ғұламалар, атап айтқанда, Герофил, Эразистрат, Гиппократ, Демокрит, Галек, Гераклит, Декарт, Гоббс, Спиноза, Лейбниц, Локк, Руссо, Дидро, Кант, Геккель т.б. ғұламаларп адамның жан дүниесінің сыры мен қыры туралы небір сындарлы пікілерп айтқан. Мәселер, Аристотель өзінің “Жан туралы трактатында” жан тәннің өмір сүру формасы екендігін, Мұның өзі ес, қиял, ойлау, эмоция секілді процестерге бөлінетіндігін айтса, келесі бір грек ғңалымы Деморит (460-370) жанды зеттың атомдары секілді өсіп, өшіп отыратын үнемі қозғалыста болатын қасиет деп түсіндірді.

Ал француз ғалымы Рене Декарт 1596-1650) жануар сыртқы ортаның әсеріне рефлекс (Жүйке жүйесінің қызметі) арқылы жауап береді десе, голланд ғұламасы Бенедикт Спиноза (1632-1667) адамның еркі мен эмоциясы (аффект, құмарлық т.б.) дене қызметиімен тығ,ыз байланыста болатындығы жайлы терең түйін айтқан.

Ұлттар психологиясы тұрғысындағы пікірлердің таласты таласты ойлар, тұжырымдар екендігін кезінде Густав Шпет өте орынды бағалаған еді. Ол этникалық психологияның шұғылданатын тиісті саласы мен мақсаттарын анықтап алуды қажет тапты. Бірақ ұлттар психологиясына талдау жасауды ұсынғанымен Г.Шпет өзін ің бір жақты мүддесіне ұзап шықпады. Оның пікірінше, ұлттық мінез құлық ұлттық қауымдасудың мүшелері болып есептелетін жеке адамдардың мінездерінің көріністері ғана. Кейін оның осы тұжырымдары ұлттық психологияда нәсілшілдердің қоныс тебуіне ыңғайлы жағдайлар туғызып, оларға сылтау болды.

 

5-лекция.Тақырыбы:ХІХ ғасырдың ортасындағы Германия халықтарының психологиясын зерттеу (Лацарус-Штейнталь, В. Вундт)

 

Неміс физигі Ф. Боас біршама уақытта америкалық этнографияда ұлттық мәдениетке қызыға отырып жаңа бағыттар ашты. Оның ойы бойынша, адамдардың психологиясын танып білмей, олардың мәдениетін, салт-дәстүрін, мінез-құлқын танып білу мүмкін емес және ол этнографиялық методологияның құралған анализі ретінде қарастырды.

Сөйте тұра Ф. Боас аккультурацияның қорытындысы деп, «психологияның динамикалық» мәдеиеті және «психологиялық өзгерістерді» зерттеу керектігін айтты.

Аккультурация – белгілі-бір өзара әсерлі, сонымен қатар көптеген мәдениеттердің бірі, алайда аз дамыған жаңа мәдини феномендердің пайда болуы немес басқа мәдениет элементтерін қабылдауы.

«Аккультурация» түсінігі этнопсихологияда мынадай белгілер бойынша қолданылады.

1. Бір этникалық ортақтыққа, яғни басқа мәдениетке, өмір үлгісіне, әдеттерге және салт-дәстүрлерге әлеуметтік-психологиялық бейімделу.

2. Ұлттық психологияның ерекшеліктерін басқа да ұлттық психологиялық мәдениетке әсер етуі.

Боас әрбір мәдениетті оның өзінің психологиялық және тарихи толық жүйе контексінде қарастырады. Ол тарихи дамудың негізі ретінде санай отырып, қалайда ол мәдениетті қандайда бір құрылымды құрайма, әлде жоқ па екеніне ешқандайда жауап іздемейді.

Боастың еңбектері американдық мектептің жалғастырушысы психиатр және мәдениеттанушы «Индивид и общество» (1945) деген еңбектің авторы А. Кардинер (1898-1962) болады. Ол батыстағы танымал концепцияны өңдеді, яғни ұлттық мәдениет этникалық топтарға, мінез-құлыққа, қарым-қатынас формасына, құндылықтар иерархиясына әсер ететініне келісті.

Кардинер айтқандай тұлғаның қалыптасуында шешуші рөл «проективті жүйелер» деп аталынатын механизім басты орынды алады. Кардинер «сыртқы шындық» жүйесі деп аталатын «проективті жүйелер» екеуінің өзара қарым-қатынас дәрежесінде мәдени орталықтың арасындағы айырмашылықтарын көрді.

Ол тұлғаның дамуына европалық мәдениеттің әсер ететіндігін зерттей отырып, ол мынадай қорытындығы келді: анасының ұзақ уақытылы эмоционалды қамқоры, оның табиғи және әлеуметтік ортада бейімделуіне қабілетсіздігін, немқұрайлылық және адекватты белсенсіздікті көрді. Кардинер соңғы қорытынды жасай отырып, мәдени ревмативизім идеясына келді, яғни психологиялық мәдени бірлеспеу, ортақтаспау.

Американың мәдени антрополог және шетелдегі белгілі «Модели культуры», «хризамтема и меч», «Роса: Наука и политика» деген еңбектің авторы Р. Бенедикт (1887-1948) көптеген жылдар бойы Солтүстік Америкадағы үнді халқында тұрған ұлттық туа біткен этноцентризмді азайтуға әкелген «трансмәдениетінің» алғышарттарын зерттеуді ұйымдастырды. Ол мәдениетті белгілі бір этникалық ортақтылықтың өкілдері үшін талап норма және олардың ұлттық мінезде, яғни іс-әрекетте және мінез-құлықта көрінетін процесс ретінде қарастырды.

Бенедикт, әрбір мәдениеттің өзі қайталанбас конфигурация, ал оның құралған бөлімдері бірлікке біріктірілген, бірақ бүтінділігімен ерекшеленеді. Әрбір адамдық қоғамның бір уақытта белгілі бір мәдени бағдарлары болады деп жазды ол. Бенедикт сол уақытта ұлттық мәдениеттің нақты қоғамға берілетін мінез-құлық түрлерінің жиынтығы жеткілікті дәрежеде шекті және оның нақтырақ білу оңай деп дәлелдеді.

Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде Бенедикт жапондықтардың ұлттық психологиялық ерекшеліктерін және мәдениетін зерттеп таныды. Бенедикт шығыс еврейліктердің және Россиядағы революцияға дейінгі Қытаи, Сирия, Польша, Чехославакия, Франция елдерінің мәдениетін салыстыра отырып зерттеп таныды.

Этнопсихологиялық мектеп, тарихи мектептер сияқты басқа да Американдық этнография бағыттарынан ерекшеленеді, айырмашылық «тұлға» және «мәдениет» деген түсінік категорияларында болды. Әрбір халықтың мәдениетін зерттеу үшін ең бірінші тұлғаны, индивидті танып білу қажет.

Сондықтан да бірінші Американдық этнопсихолотар «тұлға» түсінігін белгілі бір құрылымның негізгі компоненті ретінде көп көңіл бөлді. Екіншіден, олар тұлғаның қалыптасуына көп көңіл бөлді. Үшіншіден, Фрейдтің ғылымына яғни сексуалды сфераға да ерекше көңіл бөлді. Төртіншіден, кейбір этнопсихологтар психологиялық факторды әлеуметтік-экономикалықпен салыстыра отырып, оның рөлін асыра айтты.

XX ғасырдың 70-80 жылдарында АҚШ-та көптеген орталықтар этнопсихологиямен айналысы бастады. Эмори және Калифорниялық универистетінде жаңа университеттік орталықтар пайда болды. Жаңа әдістемелердің дамуына қарай этнопсихологиядағы дәстүрлік зерттеуде парадигмалар өзгерді.

Дж. Уайтинг тұлғаны биологиялық және әлеуметтік потенциал ретінде зерттеді. Осы уақытта «тұлға» мәдени жүйені ашып пассивті емес мәдениеттің «активті агенті» ретінде қарастырды. «Әлеуметтік әрекет» категориясына «тұлға» категориясының өтуі, «мотивация» түсінігі арқылы түсіндіріледі.

Т.Шварцтың ойы бойынша тұлғаны мәдениеттің түсінігінсіз оның психологиясын түсіну мүмкін емес деді. Т.Шварц мәдениетті процесс ретінде, индивид оны қоршаған әлеммен бірге тек қана бір-біріне әсер етіп қоймай, сонымен бірге, ол өзіне мәдени тәжірибені сіңіреді. Сол уақытта ол өзі де мәдени элементтерді өндіреді.

Сонымен Т.Шварц орталықтандырылған мәдени дәстүрлер бағытын дамытса, ал Дж. Уайтнг тұлғалық бағдарланған келістің негізгі идеясын дамытты.

XX ғасырда этнопсихологияның шетелде дамуына көптеген ғалымдардың, антропологтардың, мәдениет танушылардың, этнопсихологтардың және де т.б. ат салысқанын көрдік.

Шетелде этникалық мінез-құлықтың, әрекеттің, қарым-қатынасының көрінуі яғни тұлғаның балалық шағына байланысты екендігін кейбір этнопсихологтар айтып өтті.

Ал кейбіреуі «мәдениет» және «тұлға» деген екі категориясын байланыстыра отырып, тұлғаның дамуы оның қарым-қатынасы, мінез-құлқы, сол өзінің мәдени орталығына байланысты деді.

Қорытындылайтын болсақ, осы айтылған көзқарастарға келісуге. Шыныменде, адамның этникалық мінез-құлқы, іс-әрекеті оның бала кезінен бастап, қабылдаумен түсіндіріледі.

 

6-лекция.Тақырыбы: Ресейдегі этнопсихологиялық ойдың дамуы

Ресейдегі ең үлкен қызығушылық мемлекеттердегі халықтардың рухани өмірлерінің ұлттық және ұлтаралық аспектісі болды.

Ресейде этнопсихология ғылым ретінде шетелдегі М. Лацарус, Х. Штейнталь және В.Вундтың «халықтар психологиясы» теориясынан 10 жыл бұрын пайда болған. ХІХ аяғы мен ХХ ғасырдың басында этнопсихологиялық зерттеулер кең түрде болды. Батыста бұл бастау ХХ ғасырдың 30-40 жылдарына жатқызылады. Ресейде этнопсихология білмінің ең маңызды бөлімі болып саналады. Көп халықты мемлекеттің дәстүрлі, психологиялық ерекшеліктерін зерттеуге себеп болды. Этнопсихологиялық зерттеулердің практикалық мәнділігіне мемлекеттік ағартушылар Иван ІY, Петр І, Екатерина ІІ, П.А. Столыпин, орыс оқымыстылары мен публицистер М.В. Ломоносов, В.Н. Татищев, Н.Я. Данилевский, В.Г Белинский, А.И. Герцен, Н.Г. Чернышевский, жазушылар А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, Н.А. Некрасов, Л.Н. Толстой және басқалар аса назар аударды. Олар тұрмыста, салт-дәстүрлерде кездесетін әр ұлт өкілдерінің психологиялық ерекшеліктеріне көңіл бөліп, өз ойларын ұлт-аралық қатынастарды сипаттауға қолданды.

Филосов және публицист Н.Г. Чернышевский ( 1828-1889) ойынша, «әрбір халықта өз патриотизм психологиясы бар. Олар ұлт өкілдерінің нақты бір іс-әрекетінде көрінеді. Чернышевский халықтардың рухани өміріндегі ұлттық және әлеуметтік қатынастардың терең талдамын берген. Сондай-ақ, Чернышевский этнопсихология теориясын өңдеуге өз үлесін қосты. Оның ойынша, әрбір халық ақыл-ой, адамгершілік даму деңгейлері бойынша ұқсас адамдар бірлестігін құрайды. Ұлттық мінез, қандай да бір ұлт өкілінде көрінетін әр-түрлі қасиеттердің қорытынды суммасы, ал оның нәтижесі күнделікті болмыстағы тарихи дамуы мен формасы. Чернышевский ұлттық мінез құрылымына тілдің әр-түрлілігімен байланысты адамдардың ақыл-ой және адамгершілік ерекшеліктерін қосу керек дейді.

ХІХ ғасырдың 60 жылдарында публицист және социолог Н.Я. Данилевский (1822-1885) адамдардың этностық ерекшеліктерін анықтау мен жіктеуге арналған тұрғының өзіндік концепциясын батыс оқымыстыларына ұсынған еңбегі «Ресей және Европа» деп аталады. Оның ойынша, тарихи даму жолында пайда болған адамзат цивилизациясының он тарихи мәдени типі бар. Олар бір-бірінен үш негізгі сипатпен ерекшеленеді: 1) этнопсихологиялық ( Данилевский тілінде халықтардың психикалық құрылымында көрінеді.); 2) адамдарды нақты бір этникалық қауымдастықтарға біріктіретін тәрбиенің тарихи қалыптасқан формалары мен амалдарының айырмашылықтары; 3) Рухани бастаудағы айырмашылықтар ( психиканың діни ерекшеліктері).

Данилевский мәдени-тарихи типтердің бірі славяндар деп бөліп, негізгі сипаттамаларын қарастырған. Ол славяндарды европалық типтермен салыстырады. Ресейдегі этнопсихологияның дамуына ерекше үлес қосқандардың қатарына Н.И. Надеждинді, К.Д. Кавелинді және К.М. Бэрді жатқызуға болады.

Этнограф, тарихшы және әдебиетші Н.И. Надеждин (1804-1856) көптеген славян халықтарының этникалық сипаттарын берген еңбектерін ( Великая Россия, Венеды, Венды, Весь) жариялайды. Ол этностардың арасындағы айырмашылық табиғи жағдайлардың бірдей болмағанынан дейді. «Тропикалық ыстық күн, арабтың терісін күйдіре отырып, оның бойындағы қанды қайнатып, жалынды фантазиясын тұтатып, құлшындырды. Ал, атлантида суығы, лапландықтың шашын ағарғанша қатырып, қанын бірге қатырған, ақыл-ойы мен жүрегін де мұздатты. Биікте орналасқан тау адамдары қарапайым дала адамдарына қарағанда намысты болып келеді. Мұхит тұрғындары жер тұрғындарына қарағанда белсендірек, шапшаң және батыр. Табиғат әдемі және бай болған сайын, тайпа тұрғындары еріншек, құлшыныстары төмен, сезімдері жоғары керісінше, тіршілік үшін алысатын, жанталастырған жерде халық еңбексүйгіш, белсенді, шығармашыл».

Ресей оқымыстысының бұл позициясы Ресейдің басқа ғалым-де, Шетел ғалымдарымен да мойындалған. Шынымен-дағы, табиғи климат факторлары адамдардың ұлттық психологиялық ерекшеліктеріне әсер етеді, бірақ оларды абсалюттеуге болмайды.. өйткені, ол жалғыз емес, әлеуметтік саяси, экономикалық, және этнос дамуының мәдени жағдайлары әсер етеді.

Құқықтанушы және публицист К.Д. Кавелин (1818-1885) ұлттық психологияны тануға жеке психикалық сипаттамаларды олардың өзара байланысында тану керек деді. «Халық» - деді ол, жеке адам секілді, біртұтас органикалық жан. Егер оның жеке адамгершілігін, дәстүрін, түсінігін зерттей бастасаңыз, бір орында қалуыңыз мүмкін. Оларды өзара байланыстырып қарау керек. Толық халық организмі болу керек. Сонда ғана, бір халықты екіншіден айрықшалайтын айырмашылықты байқауға болады.

Кавелин әртүрлі қауымдастық өкілдерінің этникалық мінездемелерін ертедегі ескерткіштер, сенімдер, дәстүрлер арқылы зерттеу қажет дейді. Бірақ, ол кісі салыстырмалы әдісті бағалаған жоқ. Мысалы, орыс ұлтының кейбір салттарын еврейлерге, гректерге, индустарға ұқсастықтарын салыстырып, ұғым беруге қарсы болды.

Петербург Ғылым академиясының негізгі мүшесі К.М. Бэр (1792-1876) 1846 жылы наурыз айында орыс географиялық қоғамында «Ресейдегі және жалпы этнографиялық зерттеулер туралы» тақырыбында баяндама жасады. Бұл баяндама көптеген халық өкілдерінің этнопсихологиялық және этнографиялық сипаттамаларын зерттеу үшін бағдарлама болды. Оның ойынша, мұндағы басты міндет-халықтың әр-түрлі өмір сүру тәсілдерін, ақыл-ой ерекшеліктерін, дәстүрін тану болды.

ХХ ғас. психолог Г.И. Челпанов жинаған материалдарды әлеуметтік психология үшін жоғары бағалай отырып былай деді: Ресейде өте бай этнографиялық материал жиналды, бірақ батыс ғылымдарының орыс тілін білмеуі себебінен топ, ұжым психологиясы мақсаттарында қолданыла алған жоқ. Герберт, Спенсер орыс тілін білмеу оған әлеуметтік психология мақсатында орыс этнографиялық материалдарын меңгеру кедергі келтіргеніне өкініш білдіреді. 1911 жылы Вундт қолданылмаған материалдардың көлемін көріп, өкінішін білдірді,-дейді.

ХХ ғасырдың ортасынан бастап, Ресей қоғамының алдында өздерінің ұлттық-психологиялық ерекшеліктерін суреттеу сұрағы тұрды. Сол себептен, «Орыс жаны мен Орыс мінезі» зерттеулері пайда бола бастады. Ең алғашқы еңбектер орыс адамының жағымсыз, кері сипаттарына арналды, соның ішінде мыналарды атауға болады: логикасыздық, жүйесіздік, ойлаудың төменділігі, еркін және шығармашылық ойлауға қажеттіліктің болмауы, импульсивтілік, жалқаулық; Ғалымдар орыс ұлттық мінезінің әлсіз жақтарымен қатар, жағымды жақтарын да көрсетті. Олар сезім, моральдік дамуына, орыс халқының религиясына аса назар аударды. Өйткені, осы феномендер, олардың дүниетанымының негізін қалады. Жағымды мінез сипаттарына мыналар жатқызылады: мейірбандылық, жүректілік, ашықтық, т.с.с.

Орыс адамының психологиясын зерттеуге В.С. Соловьев, Н.А. Бердяев, В.О, Ключевский өз үлестерін қосты.

Филосов В.С. Соловьев (1853-1900) орыс адамының ұлттық мінезін түсіну үшін, басқа этникалық қауымдастықтың өкілдерінің мотивациясынан толығымен айрықшалайтын идеалдары мен құнды бағдарларын зерттеу керек. Оның ойынша, орыс халқының идеалы- басқа ұлттар үшін батырлықтың, күштің белгісі - билік емес; байлық, материалды жоғарлау емес( ағылшындар), әдемілік пен шулы атақ емес француздарға тән). Орыстар үшін ескі қала дәстүріне беріліп, өзіндік тұрмыстағы халық болудың өзі маңызды емес. Бұл мінез ағылшындарға тән, ал Ресейде ескілікке сенушілерде ғана кездеседі. Орыстарға «Адамгершілік – діни идеал» тән, оның ойынша, мұндай идеал тек Ресейге ғана емес, өйткені бұл дүниетаным негізінде жатқан құндылықтар мысалы индеецтерге де тән екен. Ұлттық идеал мен мінез ерекшеліктерін анықтауға арналған Соловьев тәсілі өте қарапайым. Оның логикасы мынада: егер қандай да бір халық өз ұлтын мақтағысы келсе, өзіне жақын болғаннан кейін, өзіне маңызды және мәнді болғаннан соң мақтайды, яғни, ұлттың ең негізгі қоғамдағы идеалдары мен құндылықтарын көрсетеді.

Философ және тарихшы Н.Б. Бердяев (1874-1948) орыс ұлты психологиясын түсіндіруге өте көп көңіл бөлді.

«Ресей жандары» ( Бердяев терминологиясы) ерекшелігі әр-түрлі көрінеді. Біріншіден, орыс халқы әлемдегі ең саясатсыз, әлемдегі мемлекетсіз халықтардың бірі.

Бірақ сол кезде, 1917 жылға дейін Ресейде халыққа рухани ерік беретін ең мықты мемлекеттік бюрократиялық машиналар пайда бола бастады. Бердяев, орыс ұлтының басқа халықтарға қатынасын ерекше көрсетті: орыс жаны іштей көп ұлтты, тіпті, күшті, жоғары ұлтты, («Россия самая нешовинистеческая страна в мире, миссия которой освобождать других».)

Орыс жанының тағы бір ерекше жағы Бердяев «тұрмыстық еркіндіктерді» атады ( өмір сүруге талпыныс, жеу, жерлерді бөлу, купецтер, чиновниктер туралы).

Тарихшы В.О. Ключевский ( 1841-1911) орыс адамының психологиясын табиғи, әлеуметтік, экономикалық жағдайларды ескермей, зерттеп, түсінуге болмайды дейді. Даму процесіндегі бұл факторлар ресейліктердің орыс ұлттық мінездеріне қарама-қайшы, сондай-ақ бірін-бірі толтыратын, жалғастыратын қасиеттер тудырды деді: тәуекел сезімі, бақытты сынауға бейімділік, сәттілікке үмітшілік, қырағылық, есептескіштік, өз күшіне сенуге іскерлік, мінез-құлықтың тұрақсыздығы.

Ресейдегі этнопсихологияның дамуына тіл білімі мен ұлттық фольклор теориясын өңдеу филолог-славист А.А. Потебня ( 1835-1891) өз үлесін қосты. Басқа зерттеушілердің бағытынан айырмашылығы, ол ойлаудың этнопсихологиялық ерекшелігінің қалыптасу механизмдерін түсіндіруге және ашуға талпынды. Оның негізгі еңбектері «Ой және тіл», сонымен қатар мақалалар «Халықтар тілі » және «Национализм туралы» интелектуалды танымдық, ұлттық психологиялық ерекшеліктерінің көрінуін және табиғатын түсінуге рұқсат беретін өте терең идеялар мен бақылаулардан тұрады.

Потебня ойынша, әр-бір этносқа тән белгі-тіл. Әлемдегі барлық тілдерді екі қасиет біріктіреді- бөлінулері мен ойды көрсетуге қызмет жасайтын символдардың барлық жүйесі. Ал, басқа сипаттары этностардың өзіндік бейнесі болып саналады, араларындағы ең бастысы – тілге айналған ойлау жүйесі. Потебня, тіл-дайын ойды білдірудің құралы емес деді. Егер тіл болса, онда қандай тілді қолдану маңызды болмас еді, оларды өзара ауыстыруға жеңіл болар еді. Бірақ, олай емес, өйткені тіл функциясы- дайын ойды білдіру емес, оны жасау болып табылады.

Өз ережесін дамыта отырып, Потебня маңызды қорытындыларға келеді:

 Өз тілін жоғалтқан халық ұлтсыздықпен теңеседі.

 Әр-түрлі ұлт өкілдері адекватты өзара түсінушілікке әрқашан қол жеткізе алмайды, өйткені этникааралық қатынастардың ерекшеліктері мен механизмдері әр-түрлі болып келеді.

 Білім беру мен мәдениет әр-ұлт өкілдерінің этностық ерекшеліктерін дамытып, күшейтеді.

 Этнопсихология психологиялық білімнің бөлімі болғандықтан, тұлғалық даму мен халықтық дамудың өзара қатынасын зерттей отырып, ұлттық ерекшеліктерінің анықтау мүмкіншілігін көрсетуге халық өмірінің жалпы заңдарының әсері ретінде тілдердің құрылымын көрсетуге болады.

Ол сол кезде В.Вундт және Г.Лебон берген, қолданған түсінік аппаратын сынайды «халық жаны», «халық сезімі», «халық рухы» туралы айта отырып, ол субъективизм көрсетті дейді. Бехтеревтің көзқарасы бойынша, адамдардың ұлттық-психологиялық ерекшеліктерін зерттеу мәселесімен, ерекше ғылым- «Ұжымдық рефлексология» айналысу керек дейді.

Этнопсихологияға және этнопсихологиялық зерттеулерге қызығушылық 1917ж Революциядан кейін де тоқтаған жоқ. Л.С. Выготский (1896-1934) - психолог, Ресей психологиясындағы мәдени тарихи мектептің негізін қалаушы. Ол адамның психикалық қызметі мәдени - тарихи дамуда еңбек қаруының әсерінен қалыптасып, ішкі мазмұнының құрылымын білдіреді. Этнопсихологияның негізгі әдісі ретінде ол инструменталды әдісті атады. Оның мәні – адамның мінез-құлқын тарихи, әлеуметтік – мәдени ұлттық даму тенденциялармен өзара байланыстыра отырып зерттеу. Этнопсихологияның объектісіне Выготский «халықтар психологиясын» жатқызды.

 

7-лекция.Тақырыбы:Қазақстандағы этнопсихологиялық көзқарастардың дамуы

 

VI ғасырда Жетісу, Алтай, Орта Азияны мекен еткен ру тайпалар бірігіп, Түрік қағанаты дейтін үлкен мемлекет құрды. Зерттеушілердің айтуынша «түрік» деген халықтың аты 542 жылдан белгілі болса керек. Түрік қағанатының қоғамдық-экономикалық, саяси-әлеуметтік өмірінде сол кездері жауапкершілік дәстүр маңызды орын алады.

Соңғы кездері қазақ психологиялық ой-пікір тарихы жаңа ғылыми деректермен толысып отыр Осыдан 500 жылдай бұрын ортағасырлық ғұлама-ғалым Өтебойдақ Тілеуқабылұлы «Шипагерлік баян» атты үлкен еңбек жазыпты. Мұнда шипагерлік (дәрігрлік) мәселесімен қатар қазақ тарихы, тіл, әдебиет, этнография, анатомия, фихиология, медицина, философия ғылымдарынан да мағлұмат берілді. Осынау еңбекте психология саласынан да көптегн қызықты деректер мол. XVIII ғасырда өмір сүрген Тауасарұлы Қазыбек бектің « Түп-тұқияннан өзіме шейін» атты еңбгі тек сол кездің рухани өмірін ашатын төл туынды ғана емес, ол сондай-ақ халқымыздың ұлттық психологиясынан көптегн тың мағлұматтар бертін кемел дүние. Бұл айтылғандарды зерттеп, жұртшылық кәдесіне жарату алдағы жердегі зерттеу жұмыстарының басты міндеттері болып отыр.

Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет, Ақтамберді, Бұқар Шал, Дулат, Мұрат,Махамбет т,б. Қазақтың күміс көмей, жез таңдай ақын-жырауларының әр түрлі өмір құбылыстары, адам мен қоғап, жан мен тән, өмірдің сан алуан қыр сыры туралы толғаныстарының, ақыл кеңес, өсиеттерінің қазіргі жастарымызға тәрбие беру үшін маңызы зор.

Әлемдік озық мәдениеттің шоқ жұлдыздары: Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты ғұлама ойшылдардың адамның жан-жүйесі жайлы мұраларының қазіргі ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі өз алдына бір төбе. Осы ғасырдың басында тәлімдік ой-пікірмен барша қазақ даласын дүр сілкіндірген Шәкәрім, Ахмет, Халел, Мағжан, Жүсіпбек, Мыржақыптардың ұлттық дәстүр, салт-сананы, өз туындыларының негізгі арқауы еткен психологиялық тұжырымдары қазіргі заман талабымен үндесетін өміршең дүниелер.

Халқымыздың жан сыры жайлы ұғым-түсініктері түрлі кезде жазылған ғылыми трактаттарда, діни қисындар, ауыз әдебиетінің асыл үлгілерінде (мақал-мәтел, айтыс, терме, жұмбақ, т.б) поэзия мен халық медицинасын қосарласа дамып келген.

Ұлттардың психологиясын өзгермейтін құбылыс деп қарауға болмайды. Қоғамдық дамуға, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты дамып, белгілі қасиеттерг жаңаланып отырады.. Оған мысал ретінде социализм құрылысы жылдарындағы қазақ халқының өміріндегі ұлттық психологияның өзгерісін айтсақ та жеткілікті.

Ғылыми әдебиеттерде ұлттық психологияның табиғаты мен таптық мәні туралы түрлі пікір таластар жеткілікті. Осындай пікір айырмашылықтары оның анықтамасын беруде де кездеседі. Ұлттық психологияның ерекшеліктері дегеніміз-халықтардың тарихи дамуының өзгешілігі мен әлеуметтік-экономикалық, рухани өмірінің алғы шарттарына байланысты қалыптасатын және мәдениет пен тұрмыста, дәстүрлер мен әдет ғұрыптардан байқалатын ұлттық сезім-әрекеттің көрінісі.

Қазақ халқының психологиялық ой-пікір мәдениетінің даму тарихы көне ғасырлар қойнауынан басталады. Халқымыздың жалпы дамуы тарихына сүйене отырып біз психологиялық ой-пікірлердің қалыптасуын басты үш кезеңге бөліп қарастырамыз.

Бірінші кезең – психологиялық ой-пікірлердің ілкі бастау, түп –төркіндері, басы VI-VII ғасырлардан басталатын қазіргі түркі тектес халықтардың бәріне ортақ қоғамдық психология-Орхон Енисей жазба ескерткіштері , Қорқыт-ата, Әл Фараби., Ж. Баласағұни т.б. ғұламалардың тағлымдары.

Екінші кезең- Қазақ хандығы дәуірінен басталып, Қазан төңкерісіне дейінгі психологиялық ой-пікірлердің даму жағдайаты.

Үшінші кезең –психологиялық ғылымның Қазақстанда Кеңес өкіметі жылдарында даму тарихы.

XI-XIIғ. Түркі ғұламаларының психологиялық идеялары.

XI-XIIғ Әмудария мен Сырдарияның төменгі ағысынан бастап, Шығысында Жетісу мен Қашқарға дейінгі кең өлкеде екі ғасыр бойына түрік тайпасының Қарахан мемелекеті өмір сүрді (астанасы Баласағұн қаласы) Алғашқы –феодалдық түрік мемлекетінде экономикалық , әлеуметтік , саяси мәдени, ғылым білім мәселелері жақсы жолға қойылған еді. Мұнда ақын жазушылар , ғұлама ғалымдар сәулетші құрылысшы лар сол кездегі түрік мәдениетінің дамуына зор үлес қосты.Осылардың арқасында бұрынғы Кеңес одағын мекендеген түркі тектес халықтардың тәлім- тәрбиелік пікірлерінің ілкі бастауы, түп төркіні болып табылатын рухани мұралардың ішіндегі қомақтысы-Жүсіп Баласағұнидің “құдатғу білік” атты шығармасы. Баласағұндық Жүсіптің моральдық этикалық психологиялық қағидалары ибн Сина мен Әл Фараби ілімімен сабақтасып жатады.

Осы кезеңдегі ұлы ойшылдардың көзқарастарына қысқаша шолу жасай келіп түйіндейтініміз: бүкіл Шығыс сондай ақ түркілік қоғамдық ой-пікір даму тарихына ежелден қалыптасқан дәстүр – бұл адамның ішкі жан дүниесін зерттеуге үңілу оның психологиялық мінез-құлықтық , адамгершілік , имандылық өнегелік қасиеттеріне ерекше назар аудару , моральдық жағынан тазарту, “тәубә”, “обал” “сауап”, “қанағат”секілді түсініктердің негізгі құндылықтар деп есептелетін, бұлардағы жұртты руханилыққа жетелейтін , яғни кезінде Шәкәрім қажы айтқан “ Мен жетелеп келемін ,өрге қарай қазақты” дегендей, бұл күні бүгінге дейін іргетасты мәселе болып жатыр.

XV-XIX бірінші жартысы қазақ халқының өз алдына хандық құрып , тайпалар бірлестігі мен феодалдық мемлекеттің нығая бастаған дәуірі еді. Осы кездері қазақтың өзіне тән рухани мәдениетінің өзіндік беті де айқындала бастады. Ол, әсіресе, халықтың тілімен жол- жоралғысы, салт-дәстүрінен айқын сезіледі . Мәселен , кейбір жазба ескерткіштердің де осы кезде таза қазақ тілінде жазылуы осының жақсы айғағы. Қазақтың кең өлкесі сол бір кездерде жасақ пен жортуылдың шаңына мықтап булыққан еді. Халқымыз жүздеген жылдар бойы жоңғарлар шабуылына тойтарыс беріп отырды. Осы кезеңде қазақ мәдениетінің біршама тоқырап , тірнектеп жинаған рухани байлығының біразынан айырылып қалуына да осы айтылған қиян-кескі соғыстар, жойқын шабуылдар мен жорықтар себеп болғаны хақ. Бұл айтылғандар жайсаң психологиямызға қолайсыз әсер етіп, жұртты мықты жан күйзелісіне ұшыратқаны белгілі.

 

8-лекция.Тақырыбы: Ш.Уәлихановтың қазақ этнопсихологиясын дамуына қосқан үлесі.

 

Психология тарихы жайлы сөз қозғағанда еске алар бір жәйт: жалпы әлемдік психологияның дамуында екі тарихтың бар екендігі . Оның бірі – басы Аристотельден басталатын психологиялық ой- пікірлер мен ілім білімдердің тарихы.; екіншісі өткен ғасырдың екінші жартысынан басталатын эскпирименттік психологияныңтарихы. Оның біріншісі –2400 жылдай уақытқа созылса, екіншісінің бар жоғы –115 жылдай ғана. Халқымыз осы тарихтың біріншісіне өлшеусіз үлес қосқан да, екінші кезеңінде ( мұның біразы кеңестік дәуірде) айтарлықтай іс бітіре алмаған. Әрине , мұның да түрлі себептері бар. Ежелгі ата бабаларымыздың күмбірлеген күміс көмейімен , сыбызғы үнімен , асқақтата салған әнімен ғашықтық , лироэпостық жырымен , мақал- мәтелімен , шешендік сөз, айтыс жырларымен сан ғасыр бойы өз ұрпағын сегіз қырлы , бір сырлы , өнегелі де өнерлі , имандылық – адамгершілік ар- ожданы жоғары , намысқор азамат етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық. Шығыс Аристотелі атанған ғұлама әл-Фараби бабамыздың да Қазақстан топырағында дүниеге келіп, артына ұлан-ғайыр тәліми мұра қалдырып кеткен ін бүгінгі ұрпақ зор мақтаныш тұтады. Түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ өшпес рухани мұра қалдырған орта ғасыр ойшылдары: Баласағұни, Қашқари, Жүйенки, Иассауи шығармалары, сондай ақ Алтын Орда дәуірінің ойшылдары: Хорезми, Сараи, Дулати, Жалайри, Әбілғазы, т.б. еңбектерінің қазіргі ұрпақ тәрбиесінен алар орны ерекше. Дала халқының сана сезімі ояна түскен осынау кезеңде қоғамдық аренаға халқымыздың аяулы перзенттері- ұлы демократ ойшылдары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин , А, Құнанбаев. Қазақ топырағында қоғамдық прогесс үшін ғылым- білімнің маңызын ерекше көре білген Ш. Уәлиханов бүкіл әлемдік өркениет қорынан мейлінше мол сусындаған , жан- жақты білімді озат ойлы , ерекше дарынды адам еді. Ол өзін терең тарихшы, ерінбес этнограф, батыл саяхатшы, талмас географ, білгір әдебиетші, шебер суретші , жалынды публицист, жан сырын ұққыш нәзік психолог ретінде көрсете білді. Небары отыз- ақ жыл өмір сүрген Шоқан аз ғұмырының ішінде білім ғылымның көптеген салаларына бағасын мәңгі жоймайтын үлес қосты. Шоқан туған әдет ғұрпының түрлі жақтарын талдай келіп , қазақ арасындағы кейбір жағымсыз әдеттерді де мейлінше сынап , олардың психологиялық астарларына үңіліп, осы айтылғандардың қазақ қауымын ілгері бастырмай келе жатқан мерездер деп қарады. Шоқанның психологиялық пікірлері осы айтылғандармен шектелмейді, оның мол рухани мұрасында жан сырлары туралы басқа да түйінді ойлар баршылық. Ы.Алтынсарин де Шокан сияқты арнаулы психологиялық еңбектер қалдырмаған кісі, әйтсе де оның сан алуан ойға толы шығармаларынан қоғамдық және педагогикалық психология мәселелеріне орайлас айтылған көптеген қызықты деректер табылады. Алтынсарин қазақ халқының аса малсақ , сонымен бірге мал бағу өнеріне аса жетік халық екенін айта келіп , оның ақыл ой парасыты да жоғары, және ежелгі мәдениеті бар ел екенін талай рет атап өтеді.Ыбырай қалың бұқараны , қазақ еңбекшілерін зор қадір тұтып , сыйлаушы еді. Ұшы-қиырсыз жазира дала тұрғындары өздерінің сан ғасырлар бойғы тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудің бай тәжірибесін жинақтап, ұлттың өзіндік салт-сана мен әдет-ғұрып, дәстүр рәсімдерін туғызды. Көшпелі халық өзі өмір сүрген қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, мәдениетіне, тарихына орайлас жас буынға тәлім-тәрбие берудің айрықша талап-тілектерін дүниеге әкелді. Мәселен, жас адамның жұртқа танымал моральдық-психологиялық өлшемі белгіленді, оның мәні сегіз қырлы, «бір сырлы» шынайы, отаншыл, азамат тәрбиелеу еді. Міне, осы қағида сан ғасырлық дала тұрғындарына қойылатын моральдық талаптарды айқындады. Ол талаптар көшпелі мал шаруашылығын жете игеру, еңбек сүйгіштік, қиыншылыққа төзе білу, ел намысын қорғау, жаудан беті қайтпау, ата тегін жадында сақтау, сөз асылын қадірлеу, тапқырлық пен алғырлық, ат құлағында ойнау, ата салтын бұзбау (жасы үлкенді, ата-ананы сыйлау, құдайы қонақтың бұйымтайын қайтармау, көрші хақын жемеу, қайырымды, ізгі жүректі, бауырмал болу, т.б.). Осындай қоғамдық қатынастарды кішкентайынан көріп-біліп өскен адамдарда мүдделестік, өмірге көзқарастың сәйкестігі кісілік қарым-қатынаста айқындалып, жеке бастың бұра тартуына мүмкіндігін қалдырмаған, психологиялық жағынан «бірауызды қауымдасқан жандар» үнемі өзінің рулық одағында етене сіңіскен салттар мен дәстүрлерді ұстанады. Ал бұл принцип ұлттық психология мен ұлт мәдениетінің сипатын айқындайтын факторлар болады. Дала халқының сана сезімі ояна түскен осынау кезеңде қоғамдық аренаға халқымыздың аяулы перзенттері- ұлы демократ ойшылдары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин , А, Құнанбаев. Қазақ топырағында қоғамдық прогесс үшін ғылым- білімнің маңызын ерекше көре білген Ш. Уәлиханов бүкіл әлемдік өркениет қорынан мейлінше мол сусындаған , жан- жақты білімді озат ойлы , ерекше дарынды адам еді. Ол өзін терең тарихшы, ерінбес этнограф, батыл саяхатшы, талмас географ, білгір әдебиетші, шебер суретші , жалынды публицист, жан сырын ұққыш нәзік психолог ретінде көрсете білді. Небары отыз- ақ жыл өмір сүрген Шоқан аз ғұмырының ішінде білім ғылымның көптеген салаларына бағасын мәңгі жоймайтын үлес қосты.